Ұлттық ТƏрбие бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#6956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Е.Мұханғалиев –
тарихшы
ТƏЛІМ-ТƏРБИЕНІ ЖАҢҒЫРТУ
Адам 
тумысынан 
адамгершілік 
қасиетке  ие  болып  тумайды,  ол  адам 
бойына  тəрбие  арқылы  дариды.  Ендеше, 
адамның  жақсы  не  жаман  болып  өсуі 
тəрбиеге      байланысты  екен.  Сондықтан 
да, ата-ана үшін, қоғам үшін жақсы адам 
тəрбиелеп  өсіру  басты  міндет.  Бірақ  та, 
бұл айтуға оңай болғанмен оны іске асыру 
өте қиын, себебі уақыт, орта, заман адамға 
өз əсерін тигізеді. Яғни, бізге ең алдымен 
адам қандай қоғамда, қандай өмір салты-
мен  өмір  сүретінін  жақсы  білуіміз  керек 
екен.
Қазақ 
халқы 
соңғы 
ғасырларда 
тəрбиенің екі түрін басынан өткерді деуге 
болады. Оның біріншісі, Қазан төңкерісіне 
дейінгі  ұлттық  тəлім-тəрбие  болса, 
екіншісі, төңкерістен кейінгі коммунистік 
тəрбие. Қазір біз осы екі үлгіні бір-бірімен 
салыстыру  арқылы:  қайсысының  қандай 
артықшылығы 
болғанын 
білуімізге 
мүмкіншілігіміз бар.

35
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Қазақтың  ұлттық  тəрбиесі  негізінде 
Ислам  дінінің  қағидаларына  негізделген 
имандылық жолы болатын, сондықтан да 
олар рухани құндылықтарды материалдық 
құндылықтан  жоғары  қойған.  Оған 
қазақтың  «Малым  жанымның  садағасы, 
жаным 
арымның 
садағасы» 
неме-
се  «Жарлы  болсаң  да,  арлы  бол»  деген 
мақал-мəтелдері  дəлел.  Ал,  комунистік 
тəрбие  болса,  олар  атеистік  саясат 
жүргізіп  дінді  «бас  қатыратын  апиын» 
деп,  коммунизмнің  негізгі  принципін 
«əркімнің  қабілетіне  қарай,  əркімнің 
қажетіне қарай» немесе «сананы болмыс 
билейді» деген ұрандармен, материалдық 
құндылықты 
рухани 
құндылықтан 
жоғары  қойып  келді.  Соның  кесірінен 
адамдар құдайға да сенбей, заңды да сый-
ламай,  өмірдегі  басты  мақсат – тірлікте 
ішіп-жеп,  бұл  дүниенің  рахатын  көріп 
қалу  деп  ұқты.  Мұндай  тəрбие,  ақыр 
аяғында адамдарды имандылық жолынан 
тайдырып,  моралдық  азғындыққа  алып 
келді. 
Коммунистер 
адамдарды 
тапқа 
бөліп,  оларды  бір-біріне  қарсы  қойды. 
Кедейшілікті  мақтап,  байлықты  даттап, 
адамдар  қалай  еңбек  етсе  де,  жалақыны 
бəріне  бірдей  төлеп,  адамдардың  жұмыс 
істеуіне  деген  ынтасын  жойды.  Бұл 
ақыр  аяғында  қоғамның  құлдырауына 
киліктіріп,  коммунистік  алып  империя 
өз-өзінен  ыдырап  тынды.  Коммунистік 
тəрбиенің  басты  мақсаты – адамдар-
ды  жеке  адамгершілік  қасиетінен  айы-
рып,  айтқанға  көніп,  айдағанға  жүретін 
тобырға  айналдыру  еді.  Олардың  негізгі 
саясаты  алып  империяның  мүддесін 
қорғай отырып, сол арқылы бүкіл дүние 
жүзіне  өзінің  үстемдігін  орнату  болды. 
Олардың  идеялық-саяси,  патриоттық, 
интернационалдық,  атеистік,  этикалық, 
эстетикалық, құқықтық, дүниетанымдық 
тəрбиесінің 
бəрі 
саяси 
мақсатқа 
бағытталған болатын.
Біз  саяси  тəуелсіздігімізді  алғаннан 
бері ұлттық тəрбие жөнінде аз айтылып, 
аз  жазылып  жүрген  жоқ.  Бірақ  бала-
лар  бақшасында,  орта  жəне  жоғары  оқу 
орындарында  білім,  тəрбие  жұмысы  сол 
бұрынғы Кеңес заманы кезіндегі жүйемен 
жүргізілуде.  Ондағы  бір  үлкен  қателік, 
жастарға  білім  беру  (ол  қандай  білім 
екені  өз  алдына  бөлек  əңгіме)  бірінші 
кезекке  қойылады  да,  тəрбие  жұмысына 
онша  көңіл  бөлінбейді.  Соның  кесірінен 
жасөспірімдер  мектеп  қабырғасынан 
темекі тарту, арақ ішу, нашақорлық сияқты 
теріс  қылықтарға  үйір  болып,  оның 
аяғы ұрлық жасау, адам тонау, əйелдерді 
зорлау  сияқты  қылмыс  жасаумен,  ең 
соңында  түрмеге  түсумен  аяқталады. 
Мұндай  тəрбие  алған  жастардың  бойы-
нан патриоттық сезім, ата-анасына деген 
құрмет,  адамдарға  деген  ізгі  ниетті  табу 
қиын.  Бүгінгі  күні  біз  жастарымызды 
ұлттық үрдісте тəрбиелеп жатырмыз деп 
айта алмаймыз. Қайта керісінше, ақпарат 
құралдарының 
əсерімен 
батыстың 
«Көпшілік  мəдениеті»  деген  ешқандай 
эстетикалық,  этикалық,  дүниетанымдық 
мəні  жоқ  алдамшы  əн-күйге,  ойын-
сауыққа  əуейіленіп,  өзінің  ұлттық  руха-
ни  мəдениетінен  қол  үзіп  барады.  Бұдан 
əрі  мұндай  жағдайға  төзуге  болмайды. 
Сондықтан да, біз бодандықтан құтылып, 
тəуелсіздігімізді  алған  егеменді  ел 
ретінде,  Отанымыздың  болашақ  қожасы 
– жасөспірімдерді дұрыс тəрбиелеп, сапа-
лы білім беріп, жан-жақты дамыған, сана-
лы  азамат  болып  өсуіне  жағдай  жасауға 
тиіспіз. Бұл – біздің міндетіміз. Ол үшін 
халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған 
мол  тəжірибесіне  сүйене  отырып  жəне 
осы  мəселе  жөнінде  адамзат  баласының 
қол  жеткізген  табыстарын  басшылыққа 
алып,  қазіргі  заман  талабына  сай,  жаңа 
өмір салтымызды орнатуымыз керек. 
Біз  ұлттық  идеологиямызды  өмір  сал-
тынан,  оның  ішінде  тəлім-тəрбиеден 
бастауға  тиіспіз.  Ол  үшін  көп  со-
збай,  елімізде  «Салауатты  өмір  салты» 
қоғамын  құрып,  сол  арқылы  адамдарды, 
соның  ішінде  жастарды  ұлттық  руха-

36
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ни  мəдениетке  үйретіп,  халық  арасында 
ағарту жұмысын жүргізу қажет.
Əрине,  біз  қазір  ХХІ  ғасырда  тəуелсіз 
мемлекетімізде өмір сүріп отырғандықтан, 
бізге  өткен  ғасырлардың  өмір  салты  жа-
рамайды. Біз тек солардың ішінен ұлттық 
мүддемізге сай келетін асылдарын таңдап 
алып,  жаңа  өмір  салтымызды  құруымыз 
керек. Жаңа өмір салтымызда ұстанатын 
басты  қағида:  жанұяда  сүйіспеншілік, 
ұжымда  сыйластық,  ал  қоғамда  заңның 
үстемдік  етуі.  Сонда  ғана  адамдар  ара-
сында  түсінушілік,  əлеуметтік  ортада 
əділеттілік, қоғамда тыныштық болмақ.
Жастарды əдептілікке баулу
Əдептілік – адамгершіліктің  ба-
сты  белгісі,  оның  бірінші  шарты.  Ол 
имандылыққа,  ар-ұятқа  байланысты. 
Қазақта “жақсы адам”, “жаман адам” де-
ген  ұғым  бар.  Жақсы  адам – мəдениетті, 
кішіпейіл,  сыпайы,  ал  жаман  адам – ар-
сыз,  дөрекі,  менменшіл  деген  мағынаны 
білдіреді. “Əдептің  не  екенін,  əдепсіз 
адамды  көргенде  білерсің”  дейді  дана 
халық.
Əдеп  сақтау,  ол  қоғам  мүшелерін  ата-
бабадан  қалған,  бұрыннан  қалыптасқан 
əдептілік ережелерін бұзбауға міндеттейді. 
Əдепті  бұзған  адамға  қауым  мүшелері 
кінə тағып, оған моральдық талап қоюға 
құқылы, себебі, əдепті сақтау – əлеуметтік 
дəстүріміздің 
негізі, 
халқымыздың 
ғасырлар  бойы  тəжірибе  арқылы  жиған 
қадір-қасиетінің өлшемі.
Адам 
болмысынан 
жүз 
пай-
ыз  жақсы  не  жаман  болып  жаратыл-
майды.  Олар  күнделікті  өмірде  көру, 
есту,  сезу  арқылы  олардың  санасы 
қалыптасып, 
дүниетанымы, 
өмірге 
көзқарасы,  мінез-құлқы      пайда  бола-
ды.  Осы  қасиеттер  арқылы  адамның 
ішкі жан дүниесі бір жүйеге келіп, оның 
өмірдегі  құндылықтары,  идеалы,  наны-
мы қалыптасады. Яғни, əрбір адам əдепті, 
не  əдепсіз  болып  тумайды,  оған  отба-
сы,  балабақша,  мектеп,  қоршаған  орта, 
қоғамдық институттар əсер етеді. 
Қазақ 
халқында 
бұрын 
ресми 
қабылданған Конституция немесе Заңдар 
кодексі,  болмаса  қылмыс  жасаған  адам-
дарды жауып қоятын түрмесі болған жоқ. 
Бірақ  та,  қоғамдық  тəртіпті  бұзушылық 
қазіргі кезге қарағанда əлдеқайда аз бол-
ды. Оның себебі, адамдарды жас кезінен 
дəстүрлі  əдепке  тəрбиелеу  өте  жақсы 
жолға  қойылды.  Адам  үшін  ар-ұятты 
сақтау,  намысшыл  болу  əр  адамның 
адамгершілік  қасиеті  болып  саналды. 
Қазақ  халқын  осындай  əдет-ғұрыпқа 
тəрбиелеуде  мұсылман  дінінің  атқарған 
рөлі  өте  зор  болды.  Мысалы,  Мұхаммед 
(с.ғ.с)  пайғамбарымыздың  хадисінде  бы-
лай  делінген: “...Əдетте  ынсап,  рахым, 
əдеп  болмаса,  адамның  өзге  хайуаннан 
артықшылығы болмас еді. ... Əдеп – діннің 
жаршысы. Əдепті кісіде ұят бар, ұяты бар 
кісіде иман бар”, – дейді. Яғни, əдептілік 
адамның ар-ұятына, имандылығына бай-
ланысты екен.
Адамдарды 
атам 
заманнан 
бері 
толғандырып  келе  жатқан  басты  мəселе, 
ол – адамдар қалай дұрыс өмір сүруі ке-
рек деген сұрақ. Бұл, əрине, тəрбиеге бай-
ланысты. Егер де жастарға дұрыс тəрбие 
беріп, оларға ерте бастан жақсылық деген 
не, жамандық деген не, адамдардың өзара 
қарым-қатынасы  қандай  болуы  керек, 
адам  өзінің  іс-əрекетінде  қандай  идея-
ларды басшылыққа алуы керектігін ерте 
түсіндіре  білсек,  сол  құрлы  тəрбиенің 
жемісті болары анық. 
Игілікті  іс-əрекеттер  көп  қайталанып 
əдетке  айналса,  ол  адам  өміріне  сіңісіп, 
тұрмыста  қалыптасып,  бара-бара  əдет-
ғұрыпқа айналады.
Адамдардың  күнделікті  өмірі  өзара 
сан-салалы  байланыстар  мен  қарым-
қатынастарға  толы.  Əркез  адамға  əуелі 
ой  келеді,  сосын  ол  сөз  арқылы  айты-
лып,  əрекет  арқылы  іске  асып  отыра-
ды.  Егер  де  осы  байланыстарды  тал-
дап,  саралар  болсақ,  олар  адамдардың 

37
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
əр  түрлі  жағдайларда  өзін-өзі  ұстауы, 
мінез-құлық  пен  іс-əрекет  қағидаларын 
сақтау тəртібіне, яғни, əдепті болуға бау-
лиды. Біз атеистік қоғамда өмір сүргенде   
адамгершілік 
қасиет 
қаншалықты 
құнсызданып,  адамдардың  моральдық 
азғындыққа қалай түскенін көзіміз көрді. 
Сол  кездегі  солақай  идеологияның  зар-
дабын  осы  кезге  дейін  тартып  келеміз. 
Оның себебі, қазіргі билік басындағы сая-
си  элитамыздың  көбі  интернационалдық 
рухта  тəрбиеленген,  ұлттық  санасы-
нан,  мəдениетінен,  тілінен,  мақұрым 
қалған,  былайша  айтқанда,  мəңгүрттер. 
Олар  өздерінің  қарақан  басының  қамы 
үшін  сол  бұрынғы  Кеңес  заманындағы 
идеология,  сол  кездегі  өмірге  көзқарас, 
дүниетаным  баяғыша  қала  бергенін  ка-
лайды. Егер де қазақ халқының бодандық 
дəуірде жоғалтқан ұлттық құндылықтары 
қайта қалпына келтірілетін болса, оларға 
жəне  олардың  балаларына  қазақтың 
мəдениетін,  тілін,  дəстүрін  үйренуге 
тура келеді. Сол себепті, олар қазір билік 
қолында  тұрғанда,  бар  күш-жігерімен 
қазақтың  төл  мəдениетінің  дамуына 
кедергі  келтіруге  тырысады.  Бірақ  та, 
түптің түбінде əділеттілік жеңетіні сөзсіз, 
оған бірнеше объективтік себептер бар. 
Біріншіден,  Қазақстан  тəуелсіз  мем-
лекет,  сондықтан  да  қазақ  халқымен  бір 
мезгілде тəуелсіздік алған басқа халықтар 
өздерінің  ұлттық  мəдениетін  дамыту-
да  қандай  жетістіктерге  қол  жеткізгенін 
көргеннен  кейін,  қазақ  халқы  да  сондай 
болуға ұмтылады. 
Екіншіден, тотолитарлық дəуірде қазақ 
халқының  мəдениетінің  құлдырауына 
демографиялық жағдай себеп болса, қазір 
қазақтардың  саны  Қазақстанда  көбейіп 
келеді.
Үшіншіден,  бұрын  қазақтар  ауылдық 
жерде  тұрып,  қала  мəдениетінен  шет 
қалып  келсе,  енді  алдағы  уақытта 
урбанизациялануға байланысты қазақтар 
қалаға  шоғырланып,  жаңа  өмір  салтын 
қалыптастырып, 
ұлттық 
мəдениетін 
дамытуға  қолайлы  жағдай  тумақ.  Сол 
себепті,  қазіргі  саяси  элита  қанша 
қарсылық көрсетсе де, олардың бұл ниеті 
сəтсіздікке ұшырайтыны анық. 
Біз  болашақ  ұрпағымыздың  əдепті 
азамат  болып  өсуі  үшін  не  істеуіміз  ке-
рек?  Əрине,  əдептілік – күнделікті  өмір 
салтымыздағы  тəлім-тəрбиенің  жемісі. 
Сондықтан  да,  біз  күнделікті  өмір  сал-
тымызды  дұрыс  қалыптастыра  білуге 
тиістіміз.  Ол  үшін  “өмір  салты”  деген 
сөздің мəні мен мағынасын жақсы ұғынып, 
дұрыс түсіне білуіміз керек. Егер де əрбір 
ересек  адам  күнделікті  өмірде  əдептілік 
сақтап, əдепсіз қылықтардан аулақ болуға 
тырысса,  оларды  көріп  өскен  жастар  да 
солардан үлгі алуға ұмтылары сөзсіз. 
Сол себепті, жастарымыз əдепті азамат 
болып өсуі үшін оларды дұрыс тəрбиелей 
білуіміз  керек,  ал  тəрбиенің  отбасынан 
басталатыны  белгілі.  Олай  болса,  əрбір 
отбасы  күнделікті  тұрмыста  салауатты 
өмір сүруге тиіс. 
Бұрын  қазақтың  отбасы  мүшелерінің 
əдепті  болып  өсуіне  сол  əулеттің  жасы 
үлкен ақсақалы жауапты болған. Егер де 
отбасы  мүшелерінің  бірі  əдепсіз  қылық 
істесе немесе қылмыс жасаса, ол тек сол 
отбасына  емес,  оның  бүкіл  ауылдаста-
рына  жəне  аталас,  рулас  елге  салынған 
қара  таңба  болып  саналған.  Сол  себепті, 
əрбір  адамның  əдепті  болып,  отбасына, 
туысқандарына,  ауылдастарына  жама-
нат  келтірмеуі  үшін  жастардың  тəлім-
тəрбиесіне  бүкіл  ауыл-аймақ  болып 
атсалысқан. Жастардың ата-анасын, туған-
туысқандарын,  ауылдың  ақсақалдарын 
сыйлап,  көрген  жерде  сəлем  беруі  əрбір 
жастың  міндеті  болатын.  Егер  де  жасы 
үлкен  ақсақалға  жастар  бірінші  болып 
сəлем  беріп,  дұрыстап  амандаспаса,  оны 
“тəрбие  көрмеген  көргенсіз”  деп  сөккен. 
Ал,  қазақ  үшін  “көргенсіз”  сөзі  намысқа 
тиетін, өліммен тең сөз болып саналады. 
Қазақ  халқы  тəрбиені  адамның  жасы-
на, жынысына, туыстық қатынасына бай-
ланысты ата салты, ене салты, əке салты, 

38
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
жігіт салты, қыз-келін салты деп бірнеше 
категорияларға  бөлген  жəне  олардың 
өздеріне  лайықты  міндеттері  болған. 
Мысалы,  ата  салтына – бата  беру,  ақыл 
айту,  билік  жүргізу,  енші  беру,  ат  қою; 
ене салтына – отбасылық, тəлімгерлік, ақ 
босаға, ісмерлік, алтын қазық; əке салты-
на – мұрагерлік, отағасылық, кəсіпкерлік, 
еңбекқорлық,  кəдегерлік;  жігіт  салтына 
–  сарбаздық,  атбегілік,  құсбегілік,  сал-
серілік,  өнерпаздық;  қыз-келіншек  сал-
тына – инабаттылық, сұлулық, ақ босаға, 
талбесік, іскерлік. Қазақтың өмір салтын-
да əрбір адам өзінің қоғамдағы əлеуметтік 
рөлін осындай тəсілдермен атқаруға тиіс 
болған. Мұның бəрі жастар үшін ғибадат, 
тəжірибе, үлгі болып табылады. 
Қазіргі кезде мектептерде əдептану пəні 
оқытылып жүр жəне оны этика сөзінің ба-
ламасы ретінде түсіндіреді. Бірақ та, бұл 
шындыққа  онша  келіңкіремейді,  себебі, 
этика  сөзі  ежелгі  гректің  “этос” – салт, 
мінез-құлық  деген  мағынаны  білдіреді. 
Этика – ғылым  ретінде  адамдардың 
қоғамдағы моральдық сапасын зерттейді. 
Ал, қазақтың əдептілік сөзі бұл – көреген, 
тəртіпті, кішіпейіл деген мағынада, яғни 
орыстың – вежливый,  тактичный  деген 
сөздерінің  баламасы  ретінде  айтылады. 
Сол себепті, халықаралық термин сөз бо-
лып  кеткен  этика  сөзін  аудармай-ақ,  өз 
орнында қолданғанымыз дұрыс.
Қалай дегенмен де, адамның əдепті бо-
луы бірінші кезекте оның өзіне, яғни, оның 
нанымына,  сеніміне,  дүниетанымына 
байланысты. Адамның əдепті болуы үшін 
оның ар-ұяты, намысы болуға тиіс, ал ар-
ұят  бұл  адамға  туа  бітетін  биологиялық 
қасиет деуге болады. Өмірде бір отбасын-
да  тəрбиеленген  ағайынды  адамдардың 
өсе  келе  санасының,  мінезінің,  əдетінің 
əр  түрлі  болып  қалыптасуы – осының 
дəлелі.
Сонымен, 
əдептілік 
адамның 
адамгершілік  қасиетінің  басты  белгісі 
екен, олай болса əрбір саналы, əрі өзін сый-
лай білетін адам əдепті болуға ұмтылуы 
–  табиғи  қажеттілік.  Оның  үстіне  оны 
қоршаған  орта,  ол  өмір  сүретін  қоғам, 
оның  тəрбиеленген  отбасы  да  адамнан 
əдептілікті  талап  етеді.  Бірақ  та,  əдепсіз 
адамды  əркез  кездестіруге  болады,  сол 
себепті адамды əдептілікке тəрбиелеу еш 
уақытта  қоғамның  күн  тəртібінен  түсіп 
көрген жоқ. Оның себебі, дүниеге келген 
жаңа ұрпақ өзінің өскен ортасынан руха-
ни  тəрбие  алып,  соған  бейімделіп  өседі. 
Олай  болса,  біз  болашақ  ұрпағымызды 
əдепті, кішіпейіл, қайырымды адам етіп, 
тəрбиелеуіміз  үшін  қазірден  салауатты 
өмір салты қоғамын орнатуға тиіспіз.
Ізгілік – адамгершіліктің салдары
Адам 
ұғымында 
ізгілік 
жəне 
зұлымдық  деген  түсінік  бар.  Егер  де, 
ізгілікті – қайырымдылық,  мейірімділік, 
қамқорлық  деп  түсінсек,  зұлымдық 
осы  ұғымға  қарама-қарсы  зорлық, 
қастық, жауыздық болып саналады. Осы 
айтылған  қасиеттердің  бəрі  де  адамның 
бойынан  табылады.  Алла-Тағала  адам 
баласын  пенде  етіп  жаратқанда,  оның 
бойына  қарама-қайшылықтарды  бірге 
жаратқан.  Жəне  адамның  мінез-құлқын 
да толық жетілдірмеген. Сол себепті, адам 
мінезінің  жағымды-жағымсыз  жақтары 
болуы  мүмкін.  Адам  саналы  тіршілік 
иесі  ретінде  жағымсыз  əдеттерді  жеңіп, 
жағымды  əдеттерге  ұмтылуы  керек. 
Бірақ, мұны іске асыру оңай шаруа емес. 
Себебі,  осы  жағымды  немесе  жағымсыз 
əдеттер  сол  адамның  өз  бойынан,  яғни, 
оның  санасынан,  ниетінен,  мінезінен 
табылады.  Адамның  бойында  жақсы 
əдеттерді  қалыптастыру  үшін  оған  жас 
кезінен ненің жақсы, ненің жаман екенін, 
айыра білетіндей етіп, дұрыс тəрбие беру 
ата-ананың, оқу орындарының, қоғамның 
міндеті.
Жастарды  тəрбиелегенде  оған  өне 
бойы сөз жүзінде уағыз айту жеткіліксіз. 
Бала  тəрбиесінің  көбін  күнделікті  өмір 
салтынан  көру,  есту,  сезу  арқылы  өзінің 

39
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
бойына  сіңіріп  отырады.  Сол  арқылы 
оның  дүниетанымы,  өмірге  көзқарасы, 
моральдық құндылықтары қалыптасады. 
Егер де ол күнделікті өмірде өз ортасынан 
жақсы істер мен қылықтарды көрсе, соған 
еліктейді.  Ал,  жаман  əдеттерді  көрсе 
жəне  тəрбиешісінің  айтқан  сөздері  мен 
оның  істеген  ісі  бір-біріне  қайшы  келсе, 
оның  көңілінде  сенімсіздік  қалыптасып, 
мінезінде екіжүзділік пайда болады. Сол 
себепті,  үлкендер  жастарға  құр  уағыз 
айтып  қоймай, “мың  естігеннен  бір 
көрген  артық”  дегендей  жақсы  əдеттерді 
өздерінің  күнделікті  іс-əрекеттерімен 
үлгі-өнеге  ретінде  көрсетіп  отырулары 
қажет. Ол үшін əрбір адам салауатты өмір 
сүруге тиіс. Сонда ғана бүкіл қоғам сала-
уаттанып, адамдарға өмір сүру жеңілірек 
болады.
Біз  əлі  күнге  дейін  салауатты  өмір 
салтының  шын  мəніндегі  мағынасын 
дұрыс  түсініп,  дұрыс  ұға  алмай  келеміз. 
Қазіргі ресми айтылып жүрген,  “салауат-
ты өмір салты” сөзі бұл тек денсаулыққа 
байланысты. Ал, шын мəнісінде салауатты 
сөзінің ұғымы кең мағынада жеке адамнан 
бастап, бүкіл қоғамның ой-санасын, мінез-
құлқын, іс-əрекетін жан-жақты қамтитын 
парасатты ұғым. Оны дұрыс түсіну үшін 
қоғамдық ғылымдардың барлық саласын 
терең зерттеп, оның əрқайсысының адам 
өмірінде атқаратын рөлін жақсы білу ке-
рек. 
Адамдарды  ізгілікке  тəрбиелеу – 
мұсылман дінінің басты қағидасы. Құран-
Кəрімнің  аяттары,  Мұхаммед  (с.ғ.с.) 
Пайғамбарымыздың хадистері бастан-аяқ 
адамдарды  имандылыққа,  əдептілікке, 
ізеттелікке  шақырады.  Мысалы,  Құран-
Кəрімнің  Бақара  сүресінің 177-аятында: 
“Ізгілік  деген  тек  жүздеріңді  шығысқа 
не  батысқа  қаратып,  құлшылық  ету 
ғана  емес.  Ол  Аллаға,  қиямет-қайымға, 
періштелерге,  кітапқа,  пайғамбарларға 
сену,  иман  келтіру.  Сонан  соң  олардың 
кім  екеніне  қарамастан,  жақындарға, 
жетімдерге, 
міскіндерге, 
мүсəпір 
жолаушыға,  қайыршыға  жəне  құлдарды 
азат  етуге  шын  ниеттерімен  көмегін 
аямағандар, намаз оқу, зекет беру, уəдеде 
тұру,  кедейлікке,  кемтарлыққа  жəне 
(Құдай  үшін)  күреске  шыдау,  міне,  осы-
лар  нағыз  ізгілік.  Тақуа  деп,  міне,  осын-
дайларды айтады” делінген. 
Егер  де  біз  Құран  сөзін  Құдай  сөзі 
деп  сенсек  жəне  əр  уақытта  осы  аятта 
айтылған  қағидаларды  орындап  жүруге 
тырыссақ,  біздер  Құдай  алдындағы 
адамның 
адамгершілік 
парызының 
тең  жартысын  орындаған  болар  едік. 
Ал,  егер  де  Құранда  алты  мыңнан  аса 
аят  бар  екенін  жəне  барлық  аяттардың 
негізгі мақсаты адамдарды имандылыққа 
тəрбиелеу  екенін  ескерсек,  онда  діннің 
адам  баласын  тəрбиелеуде  атқаратын 
рөлінің  қаншалықты  зор  екеніне  біздің 
көзіміз анық жетеді. Олай болса, бұрынғы 
қазақтардың 
адамгершілікті 
жоғары 
бағалап, жастарды əдептілікке тəрбиелеуде 
зор табыстарға жетуінің сыры осы ислам 
дінінің əсері деп білу керек. 
Кеңес 
заманында 
коммунистік 
идеологияның  атеистік  саясатының  сал-
дарынан  адамдар  діннен  қол  үзіп,  оның 
негізгі қағидаларының мəнін дұрыс түсіне 
алмайтын  халге  жетті.  Енді  қазір  дінге 
бостандық берілгеннен кейін көп адамдар 
дінге  сенудің  мəні  құдайға  құлшылық 
етіп, намаз оқып, ораза ұстап, садақа беру 
екен  деп  түсінеді.  Бірақ  та  діннің  шын 
мəнісі  жоғарыдағы  аятта  айтылғандай, 
Алла-Тағалаға  шын  жүректен  иман 
келтіріп, басқа кемтар мүгедек адамдарға 
шама-шарқынша  қайырымдылық  жасау. 
Əрине, əрбір адам еңбек етіп өзіне, отба-
сына, қоғамға пайда келтіруі керек. Бірақ 
та,  кейбір  адамдар  түрлі  себептермен 
ауруға  ұшырап,  мүгедек  болып  қалуы 
немесе жас сəбилердің жетім қалуы, бол-
маса  кəрі  адамдар  асыраушысы  болмай, 
мұқтаждыққа  ұшырауы  мүмкін.  Міне, 
осындай  адамдарға  қол  ұшын  беріп, 
жағдайы  келгенінше  көмектесу  дені  сау, 
еңбек ететін, табысы бар адамдардың па-

40
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
рызы.
Бұрынғы  қазақ  қоғамында  жетім  ба-
лалар  немесе  қарттар  үйі  болмаған, 
қазіргідей көше кезіп қайыр сұраушылар 
да  өте  аз  болған.  Оның  себебі,  қазақтар 
мұсылман  қағидасымен  өмір  сүріп, 
өздерінің  отбасына,  ата-анасына,  туған-
туысқандарына көмектесіп, оларды əркез 
қамқорлыққа  алып  отырған.  Осындай 
имандылықтың  арқасында  қылмыс  жа-
саушылар,  соның  ішінде  нашақорлық, 
маскүнемдік,  жезөкшелік  дегендер  аты-
мен болмаған.
Əрине,  адамның  адамға  ізгілік  жа-
сауы,  бұл – адамгершіліктің  белгісі,  ал 
адамгершілігі  жоғары  адам,  ол  иманды 
адам. Имандылық адамның санасы арқылы 
оның ар-намысын оятып, оның жүрегінде 
мейірімділік отын тұтатады. Яғни, əр адам 
өзінің  бойындағы  имандылық  қасиетті 
сақтап, оны əрі қарай жетілдіру бұл əрбір 
адамның өмірдегі алдына қойған мақсаты 
болуға тиіс. 
Егер де адамдардың бəрі осыны жақсы 
түсініп  жəне  соған  жетуге  құлшыныс 
білдірсе,  жер  бетінде  əділеттілік  ор-
нап,  салауатты  өмір  салтының  салтанат 
құруы  арманнан  ақиқатқа  айналған  бо-
лар  еді.  Олай  болса,  негізгі  мақсат  адам-
ды имандылыққа тəрбиелеу болмақ жəне 
мұнда  бірінші  кезекте  мұсылман  дінінің 
атқаратын  рөлі  өте  зор.  Егер  де  жеке 
адамнан бастап, бүкіл қоғам осы қағидаға 
сүйеніп, соны алға мақсат етіп қойса, көп 
жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Қазір  елімізде  жыл  сайын  мешіттер 
көбейіп жəне оған баратын адамдардың да 
саны артып келеді, соның ішінде жастар 
да көптеп баруда. Тек бір кемшілігі, сон-
да уағыз айтып, адамдарды имандылыққа 
тəрбиелейтін  молдалардың  сауатының 
аздығы. Олардың көбінің айтатыны бүгінгі 
күнделікті  өмірге  онша  келіңкіремейтін, 
айтыла-айтыла  догмаға  айналып  кет-
кен  схолостикалық  əңгімелер.  Қазіргі 
кезде  адамдардың  көбі  жоғары  білімді, 
сондықтан да, оларды жəй ертегіге ұқсас 
əңгімелермен иландыру қиын.
Қазақ  халқының  рухани  мəдениеті, 
соның  ішінде  салт-дəстүрі,  əдет-ғұрпы, 
ырым-жоралары  осының  бəрі  ислам 
дінінің қағидаларымен біте қайнасып жа-
тыр.  Сол  себепті,  біз  өмір  салтымызды 
қазіргі  заманымызға  лайық  етіп,  қайта 
жаңғыртқымыз  келсе,  ислам  дінінің 
қағидаларын қазіргі өмір шындығына сай 
жақындатып, оны догмаға айналдырмай, 
ұлттық рухта қабылдауымыз керек.
Біз  егер  адамдарды  имандылыққа, 
ізгілікке, қайырымдылыққа тəрбиелегіміз 
келсе,  оны  тек  мұсылман  діні  арқылы 
ғана іске асыруға болады. Себебі, қандай 
мəдениет  болмасын,  ол  тек  діннің 
негізінде өркендей алады, ал ислам дінінің 
уағыздары  бұл  адамды  адамгершілікке 
тəрбиелейтін əділ дін.
Егер  де  өткен  адамзат  тарихына  көз 
жүгіртетін  болсақ,  одан  біз  адамдардың 
бұрынғы  тағылық  қалыптан  біртіндеп 
арылып,  олардың  кемелденіп,  жетілу 
үстінде екенін көреміз. Соның арқасында 
адамдардың зұлымдық іс-əрекеттері азай-
ып,  оның  орнына  ізгілік  істері  көбеюде. 
Бұл 
адамзат 
баласының 
біртіндеп 
эволюциялық жолмен даму үстінде екенін 
көрсетеді. 
Себебі,  қазіргі  кезде  жаһандану 
дəуірінің  салдарынан  мемлекеттер  мен 
халықтардың арасындағы интеграциялық 
процесс жылдан-жылға артып, байланыс 
пен  қатынас  дамып,  адам  құқығы  мен 
демократия  идеясы  адамдардың  санасын 
билеп,  бірте-бірте  зұлымдықтың  орны-
на  ізгілік  салтанат  құруда.  Осы  процесс 
бұдан  əрі  жалғаса  берсе,  түптің  түбінде 
адамзат  баласы  қазіргідей  түрлі  ұлтқа, 
нəсілге, дінге, тілге, мəдениетке бөлінбей, 
бір  ортақ  салауатты  өмір  салтымен  өмір 
сүрері анық.
Қазірдің  өзінде  өркениетті  елдердің 
көбінде  өзінің  экономикалық,  қаржылық 
мүмкіндігіне 
қарай 
мүгедектерге, 
қарттарға, 
жетім 
балаларға 
көп 
көңіл  бөлініп,  олардың  жағдайына 

41
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
көмектесуде.
Кейбір дамыған мемлекеттер басқа ел-
дерге немесе халықтарға қайырымдылық 
жəне  гуманитарлық  көмек  көрсетуде. 
Мұндай  игі  істерге  мемлекеттік  емес 
қоғамдық  ұйымдар  да  атсалысып,  өзінің 
мол  үлесін  қосып  келеді.  Азаматтардың 
басқа  əлсіз,  қорғансыз  адамдардың 
қайғысына ортақтасып, қиын жағдайларда 
оларға  қол  ұшын  беруі,  бұл  адамдардың 
адамгершілік 
қасиеттерінің 
жетіліп, 
өркениетке аяқ басқанын көрсетеді.
Əрине, 
адамдардың 
бəрі 
бірдей 
емес,  кейбір  адамдар  өзінің  рухани 
қажеттілігінен  гөрі  материалдық  жəне 
тəн  қажеттілігін  бірінші  қатарға  қояды. 
Олардың  бар  мақсаты  дəмді  тамақ  ішіп, 
жақсы киініп, материалдық молшылықта 
өмір  сүргенді  қалайды.  Бірақ  та,  адам 
толыққанды  өмір  сүруі  үшін  ол  өзінің 
ішкі  жан  дүниесінің  қажеттілігін  ойлап, 
рухани бай болуға ұмтылуы керек.
Адамның  адамгершілігінің  жоғары 
болуы,  оның  ақылы  мен  мінезіне  байла-
нысты.  Адамның  бойындағы  даналық, 
зеректік,  естілік  оған  оқу  білім  арқылы 
дарыса, мінездегі жақсы əдеттер тəжірибе 
арқылы келеді. Əділетті іс істеу арқылы – 
əділ, саналы іс істеу арқылы  саналы, ерлік 
іс істеу арқылы  ер болып қалыптасады.
Адамның  ар-ұяты  онан  əр  уақытта 
ізгілікті  іс  істеп,  зұлымдыққа  қарсы 
тұрып,  өзінің  абыройы  мен  намысын 
қорғауды  талап  етеді.  Бірақ  та  кейбір 
жағдайда  оның  нəпсісі  жеңіп,  зұлымдық 
жасауға  мəжбүрлеп,  оны  күнəға  батыра-
ды.  Сол  себепті,  адамды  тəрбиелегенде, 
оның рухының жоғары, əрі мықты болу-
ына баса көңіл бөлуіміз керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет