Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Е.Мұханғалиев
тарихшы
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІ ЖАҢҒЫРТУ
Адам 
тумысынан 
адамгершілік 
қасиетке  ие  болып  тумайды,  ол  адам 
бойына  тәрбие  арқылы  дариды.  Ендеше, 
адамның  жақсы  не  жаман  болып  өсуі 
тәрбиеге      байланысты  екен.  Сондықтан 
да, ата-ана үшін, қоғам үшін жақсы адам 
тәрбиелеп  өсіру  басты  міндет.  Бірақ  та, 
бұл айтуға оңай болғанмен оны іске асыру 
өте қиын, себебі уақыт, орта, заман адамға 
өз әсерін тигізеді. Яғни, бізге ең алдымен 
адам қандай қоғамда, қандай өмір салты-
мен өмір сүретінін жақсы білуіміз керек 
екен.
Қазақ  халқы  соңғы  ғасырларда 
тәрбиенің екі түрін басынан өткерді деуге 
болады. Оның біріншісі, Қазан төңкерісіне 
дейінгі  ұлттық  тәлім-тәрбие  болса, 
екіншісі, төңкерістен кейінгі коммунистік 
тәрбие. Қазір біз осы екі үлгіні бір-бірімен 
салыстыру  арқылы:  қайсысының  қандай 
артықшылығы  болғанын  білуімізге 
мүмкіншілігіміз бар.

35
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Қазақтың  ұлттық  тәрбиесі  негізінде 
Ислам  дінінің  қағидаларына  негізделген 
имандылық жолы болатын, сондықтан да 
олар рухани құндылықтарды материалдық 
құндылықтан  жоғары  қойған.  Оған 
қазақтың  «Малым  жанымның  садағасы, 
жаным  арымның  садағасы»  неме-
се  «Жарлы  болсаң  да,  арлы  бол»  деген 
мақал-мәтелдері  дәлел.  Ал,  комунистік 
тәрбие  болса,  олар  атеистік  саясат 
жүргізіп  дінді  «бас  қатыратын  апиын» 
деп,  коммунизмнің  негізгі  принципін 
«әркімнің  қабілетіне  қарай,  әркімнің 
қажетіне қарай» немесе «сананы болмыс 
билейді» деген ұрандармен, материалдық 
құндылықты 
рухани 
құндылықтан 
жоғары  қойып  келді.  Соның  кесірінен 
адамдар құдайға да сенбей, заңды да сый-
ламай,  өмірдегі  басты  мақсат  –  тірлікте 
ішіп-жеп,  бұл  дүниенің  рахатын  көріп 
қалу  деп  ұқты.  Мұндай  тәрбие,  ақыр 
аяғында адамдарды имандылық жолынан 
тайдырып,  моралдық  азғындыққа  алып 
келді. 
Коммунистер 
адамдарды 
тапқа 
бөліп,  оларды  бір-біріне  қарсы  қойды. 
Кедейшілікті  мақтап,  байлықты  даттап, 
адамдар  қалай  еңбек  етсе  де,  жалақыны 
бәріне  бірдей  төлеп,  адамдардың  жұмыс 
істеуіне  деген  ынтасын  жойды.  Бұл 
ақыр  аяғында  қоғамның  құлдырауына 
киліктіріп,  коммунистік  алып  империя 
өз-өзінен  ыдырап  тынды.  Коммунистік 
тәрбиенің  басты  мақсаты  –  адамдар-
ды  жеке  адамгершілік  қасиетінен  айы-
рып,  айтқанға  көніп,  айдағанға  жүретін 
тобырға  айналдыру  еді.  Олардың  негізгі 
саясаты  алып  империяның  мүддесін 
қорғай отырып, сол арқылы бүкіл дүние 
жүзіне  өзінің  үстемдігін  орнату  болды. 
Олардың  идеялық-саяси,  патриоттық, 
интернационалдық,  атеистік,  этикалық, 
эстетикалық, құқықтық, дүниетанымдық 
тәрбиесінің 
бәрі 
саяси 
мақсатқа 
бағытталған болатын.
Біз  саяси  тәуелсіздігімізді  алғаннан 
бері ұлттық тәрбие жөнінде аз айтылып, 
аз  жазылып  жүрген  жоқ.  Бірақ  бала-
лар  бақшасында,  орта  және  жоғары  оқу 
орындарында  білім,  тәрбие  жұмысы  сол 
бұрынғы Кеңес заманы кезіндегі жүйемен 
жүргізілуде.  Ондағы  бір  үлкен  қателік, 
жастарға  білім  беру  (ол  қандай  білім 
екені  өз  алдына  бөлек  әңгіме)  бірінші 
кезекке  қойылады  да,  тәрбие  жұмысына 
онша  көңіл  бөлінбейді.  Соның  кесірінен 
жасөспірімдер  мектеп  қабырғасынан 
темекі тарту, арақ ішу, нашақорлық сияқты 
теріс  қылықтарға  үйір  болып,  оның 
аяғы ұрлық жасау, адам тонау, әйелдерді 
зорлау  сияқты  қылмыс  жасаумен,  ең 
соңында  түрмеге  түсумен  аяқталады. 
Мұндай  тәрбие  алған  жастардың  бойы-
нан патриоттық сезім, ата-анасына деген 
құрмет,  адамдарға  деген  ізгі  ниетті  табу 
қиын.  Бүгінгі  күні  біз  жастарымызды 
ұлттық үрдісте тәрбиелеп жатырмыз деп 
айта алмаймыз. Қайта керісінше, ақпарат 
құралдарының 
әсерімен 
батыстың 
«Көпшілік  мәдениеті»  деген  ешқандай 
эстетикалық,  этикалық,  дүниетанымдық 
мәні  жоқ  алдамшы  ән-күйге,  ойын-
сауыққа  әуейіленіп,  өзінің  ұлттық  руха-
ни  мәдениетінен  қол  үзіп  барады.  Бұдан 
әрі  мұндай  жағдайға  төзуге  болмайды. 
Сондықтан да, біз бодандықтан құтылып, 
тәуелсіздігімізді  алған  егеменді  ел 
ретінде,  Отанымыздың  болашақ  қожасы 
– жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеп, сапа-
лы білім беріп, жан-жақты дамыған, сана-
лы  азамат  болып  өсуіне  жағдай  жасауға 
тиіспіз. Бұл – біздің міндетіміз. Ол үшін 
халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған 
мол  тәжірибесіне  сүйене  отырып  және 
осы  мәселе  жөнінде  адамзат  баласының 
қол  жеткізген  табыстарын  басшылыққа 
алып,  қазіргі  заман  талабына  сай,  жаңа 
өмір салтымызды орнатуымыз керек. 
Біз ұлттық идеологиямызды өмір сал-
тынан,  оның  ішінде  тәлім-тәрбиеден 
бастауға  тиіспіз.  Ол  үшін  көп  со-
збай,  елімізде  «Салауатты  өмір  салты» 
қоғамын құрып, сол арқылы адамдарды, 
соның  ішінде  жастарды  ұлттық  руха-

36
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
ни  мәдениетке  үйретіп,  халық  арасында 
ағарту жұмысын жүргізу қажет.
Әрине,  біз  қазір  ХХІ  ғасырда  тәуелсіз 
мемлекетімізде өмір сүріп отырғандықтан, 
бізге  өткен  ғасырлардың  өмір  салты  жа-
рамайды. Біз тек солардың ішінен ұлттық 
мүддемізге сай келетін асылдарын таңдап 
алып, жаңа өмір салтымызды құруымыз 
керек. Жаңа өмір салтымызда ұстанатын 
басты  қағида:  жанұяда  сүйіспеншілік, 
ұжымда  сыйластық,  ал  қоғамда  заңның 
үстемдік  етуі.  Сонда  ғана  адамдар  ара-
сында  түсінушілік,  әлеуметтік  ортада 
әділеттілік, қоғамда тыныштық болмақ.
Жастарды әдептілікке баулу
Әдептілік  –  адамгершіліктің  ба-
сты  белгісі,  оның  бірінші  шарты.  Ол 
имандылыққа,  ар-ұятқа  байланысты. 
Қазақта “жақсы адам”, “жаман адам” де-
ген ұғым бар. Жақсы адам – мәдениетті, 
кішіпейіл,  сыпайы,  ал  жаман  адам  –  ар-
сыз,  дөрекі,  менменшіл  деген  мағынаны 
білдіреді.  “Әдептің  не  екенін,  әдепсіз 
адамды  көргенде  білерсің”  дейді  дана 
халық.
Әдеп  сақтау,  ол  қоғам  мүшелерін  ата-
бабадан  қалған,  бұрыннан  қалыптасқан 
әдептілік ережелерін бұзбауға міндеттейді. 
Әдепті  бұзған  адамға  қауым  мүшелері 
кінә тағып, оған моральдық талап қоюға 
құқылы, себебі, әдепті сақтау – әлеуметтік 
дәстүріміздің 
негізі, 
халқымыздың 
ғасырлар  бойы  тәжірибе  арқылы  жиған 
қадір-қасиетінің өлшемі.
Адам 
болмысынан 
жүз 
пай-
ыз  жақсы  не  жаман  болып  жаратыл-
майды.  Олар  күнделікті  өмірде  көру, 
есту,  сезу  арқылы  олардың  санасы 
қалыптасып, 
дүниетанымы, 
өмірге 
көзқарасы,  мінез-құлқы      пайда  бола-
ды.  Осы  қасиеттер  арқылы  адамның 
ішкі жан дүниесі бір жүйеге келіп, оның 
өмірдегі  құндылықтары,  идеалы,  наны-
мы қалыптасады. Яғни, әрбір адам әдепті, 
не  әдепсіз  болып  тумайды,  оған  отба-
сы,  балабақша,  мектеп,  қоршаған  орта, 
қоғамдық институттар әсер етеді. 
Қазақ 
халқында 
бұрын 
ресми 
қабылданған Конституция немесе Заңдар 
кодексі,  болмаса  қылмыс  жасаған  адам-
дарды жауып қоятын түрмесі болған жоқ. 
Бірақ  та,  қоғамдық  тәртіпті  бұзушылық 
қазіргі кезге қарағанда әлдеқайда аз бол-
ды. Оның себебі, адамдарды жас кезінен 
дәстүрлі  әдепке  тәрбиелеу  өте  жақсы 
жолға  қойылды.  Адам  үшін  ар-ұятты 
сақтау,  намысшыл  болу  әр  адамның 
адамгершілік  қасиеті  болып  саналды. 
Қазақ  халқын  осындай  әдет-ғұрыпқа 
тәрбиелеуде  мұсылман  дінінің  атқарған 
рөлі өте зор болды. Мысалы, Мұхаммед 
(с.ғ.с)  пайғамбарымыздың  хадисінде  бы-
лай  делінген:  “...Әдетте  ынсап,  рахым, 
әдеп  болмаса,  адамның  өзге  хайуаннан 
артықшылығы болмас еді. ... Әдеп – діннің 
жаршысы. Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар 
кісіде иман бар”, – дейді. Яғни, әдептілік 
адамның ар-ұятына, имандылығына бай-
ланысты екен.
Адамдарды  атам  заманнан  бері 
толғандырып  келе  жатқан  басты  мәселе, 
ол – адамдар қалай дұрыс өмір сүруі ке-
рек деген сұрақ. Бұл, әрине, тәрбиеге бай-
ланысты. Егер де жастарға дұрыс тәрбие 
беріп, оларға ерте бастан жақсылық деген 
не, жамандық деген не, адамдардың өзара 
қарым-қатынасы  қандай  болуы  керек, 
адам  өзінің  іс-әрекетінде  қандай  идея-
ларды басшылыққа алуы керектігін ерте 
түсіндіре  білсек,  сол  құрлы  тәрбиенің 
жемісті болары анық. 
Игілікті  іс-әрекеттер  көп  қайталанып 
әдетке  айналса,  ол  адам  өміріне  сіңісіп, 
тұрмыста  қалыптасып,  бара-бара  әдет-
ғұрыпқа айналады.
Адамдардың  күнделікті  өмірі  өзара 
сан-салалы  байланыстар  мен  қарым-
қатынастарға  толы.  Әркез  адамға  әуелі 
ой  келеді,  сосын  ол  сөз  арқылы  айты-
лып,  әрекет  арқылы  іске  асып  отыра-
ды.  Егер  де  осы  байланыстарды  тал-
дап,  саралар  болсақ,  олар  адамдардың 

37
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
әр  түрлі  жағдайларда  өзін-өзі  ұстауы, 
мінез-құлық  пен  іс-әрекет  қағидаларын 
сақтау тәртібіне, яғни, әдепті болуға бау-
лиды. Біз атеистік қоғамда өмір сүргенде   
адамгершілік 
қасиет 
қаншалықты 
құнсызданып,  адамдардың  моральдық 
азғындыққа қалай түскенін көзіміз көрді. 
Сол  кездегі  солақай  идеологияның  зар-
дабын  осы  кезге  дейін  тартып  келеміз. 
Оның себебі, қазіргі билік басындағы сая-
си элитамыздың көбі интернационалдық 
рухта  тәрбиеленген,  ұлттық  санасы-
нан,  мәдениетінен,  тілінен,  мақұрым 
қалған,  былайша  айтқанда,  мәңгүрттер. 
Олар  өздерінің  қарақан  басының  қамы 
үшін  сол  бұрынғы  Кеңес  заманындағы 
идеология,  сол  кездегі  өмірге  көзқарас, 
дүниетаным  баяғыша  қала  бергенін  ка-
лайды. Егер де қазақ халқының бодандық 
дәуірде жоғалтқан ұлттық құндылықтары 
қайта қалпына келтірілетін болса, оларға 
және  олардың  балаларына  қазақтың 
мәдениетін,  тілін,  дәстүрін  үйренуге 
тура келеді. Сол себепті, олар қазір билік 
қолында  тұрғанда,  бар  күш-жігерімен 
қазақтың  төл  мәдениетінің  дамуына 
кедергі  келтіруге  тырысады.  Бірақ  та, 
түптің түбінде әділеттілік жеңетіні сөзсіз, 
оған бірнеше объективтік себептер бар. 
Біріншіден,  Қазақстан  тәуелсіз  мем-
лекет,  сондықтан  да  қазақ  халқымен  бір 
мезгілде тәуелсіздік алған басқа халықтар 
өздерінің  ұлттық  мәдениетін  дамыту-
да  қандай  жетістіктерге  қол  жеткізгенін 
көргеннен  кейін,  қазақ  халқы  да  сондай 
болуға ұмтылады. 
Екіншіден, тотолитарлық дәуірде қазақ 
халқының  мәдениетінің  құлдырауына 
демографиялық жағдай себеп болса, қазір 
қазақтардың  саны  Қазақстанда  көбейіп 
келеді.
Үшіншіден,  бұрын  қазақтар  ауылдық 
жерде  тұрып,  қала  мәдениетінен  шет 
қалып  келсе,  енді  алдағы  уақытта 
урбанизациялануға байланысты қазақтар 
қалаға  шоғырланып,  жаңа  өмір  салтын 
қалыптастырып,  ұлттық  мәдениетін 
дамытуға  қолайлы  жағдай  тумақ.  Сол 
себепті,  қазіргі  саяси  элита  қанша 
қарсылық көрсетсе де, олардың бұл ниеті 
сәтсіздікке ұшырайтыны анық. 
Біз  болашақ  ұрпағымыздың  әдепті 
азамат  болып  өсуі  үшін  не  істеуіміз  ке-
рек?  Әрине,  әдептілік  –  күнделікті  өмір 
салтымыздағы  тәлім-тәрбиенің  жемісі. 
Сондықтан  да,  біз  күнделікті  өмір  сал-
тымызды  дұрыс  қалыптастыра  білуге 
тиістіміз.  Ол  үшін  “өмір  салты”  деген 
сөздің мәні мен мағынасын жақсы ұғынып, 
дұрыс түсіне білуіміз керек. Егер де әрбір 
ересек  адам  күнделікті  өмірде  әдептілік 
сақтап, әдепсіз қылықтардан аулақ болуға 
тырысса,  оларды  көріп  өскен  жастар  да 
солардан үлгі алуға ұмтылары сөзсіз. 
Сол себепті, жастарымыз әдепті азамат 
болып өсуі үшін оларды дұрыс тәрбиелей 
білуіміз  керек,  ал  тәрбиенің  отбасынан 
басталатыны  белгілі.  Олай  болса,  әрбір 
отбасы  күнделікті  тұрмыста  салауатты 
өмір сүруге тиіс. 
Бұрын  қазақтың  отбасы  мүшелерінің 
әдепті  болып  өсуіне  сол  әулеттің  жасы 
үлкен ақсақалы жауапты болған. Егер де 
отбасы  мүшелерінің  бірі  әдепсіз  қылық 
істесе немесе қылмыс жасаса, ол тек сол 
отбасына  емес,  оның  бүкіл  ауылдаста-
рына  және  аталас,  рулас  елге  салынған 
қара таңба болып саналған. Сол себепті, 
әрбір  адамның  әдепті  болып,  отбасына, 
туысқандарына,  ауылдастарына  жама-
нат  келтірмеуі  үшін  жастардың  тәлім-
тәрбиесіне  бүкіл  ауыл-аймақ  болып 
атсалысқан. Жастардың ата-анасын, туған-
туысқандарын,  ауылдың  ақсақалдарын 
сыйлап,  көрген  жерде  сәлем  беруі  әрбір 
жастың  міндеті  болатын.  Егер  де  жасы 
үлкен  ақсақалға  жастар  бірінші  болып 
сәлем  беріп,  дұрыстап  амандаспаса,  оны 
“тәрбие  көрмеген  көргенсіз”  деп  сөккен. 
Ал,  қазақ  үшін  “көргенсіз”  сөзі  намысқа 
тиетін, өліммен тең сөз болып саналады. 
Қазақ  халқы  тәрбиені  адамның  жасы-
на, жынысына, туыстық қатынасына бай-
ланысты ата салты, ене салты, әке салты, 

38
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
жігіт салты, қыз-келін салты деп бірнеше 
категорияларға  бөлген  және  олардың 
өздеріне  лайықты  міндеттері  болған. 
Мысалы,  ата  салтына  –  бата  беру,  ақыл 
айту,  билік  жүргізу,  енші  беру,  ат  қою; 
ене салтына – отбасылық, тәлімгерлік, ақ 
босаға, ісмерлік, алтын қазық; әке салты-
на – мұрагерлік, отағасылық, кәсіпкерлік, 
еңбекқорлық,  кәдегерлік;  жігіт  салтына 
–  сарбаздық,  атбегілік,  құсбегілік,  сал-
серілік,  өнерпаздық;  қыз-келіншек  сал-
тына – инабаттылық, сұлулық, ақ босаға, 
талбесік, іскерлік. Қазақтың өмір салтын-
да әрбір адам өзінің қоғамдағы әлеуметтік 
рөлін осындай тәсілдермен атқаруға тиіс 
болған. Мұның бәрі жастар үшін ғибадат, 
тәжірибе, үлгі болып табылады. 
Қазіргі кезде мектептерде әдептану пәні 
оқытылып жүр және оны этика сөзінің ба-
ламасы ретінде түсіндіреді. Бірақ та, бұл 
шындыққа  онша  келіңкіремейді,  себебі, 
этика  сөзі  ежелгі  гректің  “этос”  –  салт, 
мінез-құлық  деген  мағынаны  білдіреді. 
Этика  –  ғылым  ретінде  адамдардың 
қоғамдағы моральдық сапасын зерттейді. 
Ал, қазақтың әдептілік сөзі бұл – көреген, 
тәртіпті, кішіпейіл деген мағынада, яғни 
орыстың  –  вежливый,  тактичный  деген 
сөздерінің  баламасы  ретінде  айтылады. 
Сол себепті, халықаралық термин сөз бо-
лып  кеткен  этика  сөзін  аудармай-ақ,  өз 
орнында қолданғанымыз дұрыс.
Қалай дегенмен де, адамның әдепті бо-
луы бірінші кезекте оның өзіне, яғни, оның 
нанымына,  сеніміне,  дүниетанымына 
байланысты. Адамның әдепті болуы үшін 
оның ар-ұяты, намысы болуға тиіс, ал ар-
ұят  бұл  адамға  туа  бітетін  биологиялық 
қасиет деуге болады. Өмірде бір отбасын-
да  тәрбиеленген  ағайынды  адамдардың 
өсе  келе  санасының,  мінезінің,  әдетінің 
әр  түрлі  болып  қалыптасуы  –  осының 
дәлелі.
Сонымен, 
әдептілік 
адамның 
адамгершілік  қасиетінің  басты  белгісі 
екен, олай болса әрбір саналы, әрі өзін сый-
лай білетін адам әдепті болуға ұмтылуы 
–  табиғи  қажеттілік.  Оның  үстіне  оны 
қоршаған  орта,  ол  өмір  сүретін  қоғам, 
оның  тәрбиеленген  отбасы  да  адамнан 
әдептілікті  талап  етеді.  Бірақ  та,  әдепсіз 
адамды  әркез  кездестіруге  болады,  сол 
себепті адамды әдептілікке тәрбиелеу еш 
уақытта  қоғамның  күн  тәртібінен  түсіп 
көрген жоқ. Оның себебі, дүниеге келген 
жаңа ұрпақ өзінің өскен ортасынан руха-
ни  тәрбие  алып,  соған  бейімделіп  өседі. 
Олай  болса,  біз  болашақ  ұрпағымызды 
әдепті, кішіпейіл, қайырымды адам етіп, 
тәрбиелеуіміз  үшін  қазірден  салауатты 
өмір салты қоғамын орнатуға тиіспіз.
Ізгілік – адамгершіліктің салдары
Адам 
ұғымында 
ізгілік 
және 
зұлымдық  деген  түсінік  бар.  Егер  де, 
ізгілікті  –  қайырымдылық,  мейірімділік, 
қамқорлық  деп  түсінсек,  зұлымдық 
осы  ұғымға  қарама-қарсы  зорлық, 
қастық, жауыздық болып саналады. Осы 
айтылған  қасиеттердің  бәрі  де  адамның 
бойынан  табылады.  Алла-Тағала  адам 
баласын  пенде  етіп  жаратқанда,  оның 
бойына  қарама-қайшылықтарды  бірге 
жаратқан.  Және  адамның  мінез-құлқын 
да толық жетілдірмеген. Сол себепті, адам 
мінезінің  жағымды-жағымсыз  жақтары 
болуы  мүмкін.  Адам  саналы  тіршілік 
иесі  ретінде  жағымсыз  әдеттерді  жеңіп, 
жағымды  әдеттерге  ұмтылуы  керек. 
Бірақ, мұны іске асыру оңай шаруа емес. 
Себебі,  осы  жағымды  немесе  жағымсыз 
әдеттер  сол  адамның  өз  бойынан,  яғни, 
оның  санасынан,  ниетінен,  мінезінен 
табылады.  Адамның  бойында  жақсы 
әдеттерді  қалыптастыру  үшін  оған  жас 
кезінен ненің жақсы, ненің жаман екенін, 
айыра білетіндей етіп, дұрыс тәрбие беру 
ата-ананың, оқу орындарының, қоғамның 
міндеті.
Жастарды  тәрбиелегенде  оған  өне 
бойы сөз жүзінде уағыз айту жеткіліксіз. 
Бала  тәрбиесінің  көбін  күнделікті  өмір 
салтынан  көру,  есту,  сезу  арқылы  өзінің 

39
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
бойына  сіңіріп  отырады.  Сол  арқылы 
оның  дүниетанымы,  өмірге  көзқарасы, 
моральдық құндылықтары қалыптасады. 
Егер де ол күнделікті өмірде өз ортасынан 
жақсы істер мен қылықтарды көрсе, соған 
еліктейді.  Ал,  жаман  әдеттерді  көрсе 
және  тәрбиешісінің  айтқан  сөздері  мен 
оның  істеген  ісі  бір-біріне  қайшы  келсе, 
оның  көңілінде  сенімсіздік  қалыптасып, 
мінезінде екіжүзділік пайда болады. Сол 
себепті,  үлкендер  жастарға  құр  уағыз 
айтып  қоймай,  “мың  естігеннен  бір 
көрген артық” дегендей жақсы әдеттерді 
өздерінің  күнделікті  іс-әрекеттерімен 
үлгі-өнеге  ретінде  көрсетіп  отырулары 
қажет. Ол үшін әрбір адам салауатты өмір 
сүруге тиіс. Сонда ғана бүкіл қоғам сала-
уаттанып, адамдарға өмір сүру жеңілірек 
болады.
Біз  әлі  күнге  дейін  салауатты  өмір 
салтының  шын  мәніндегі  мағынасын 
дұрыс  түсініп,  дұрыс  ұға  алмай  келеміз. 
Қазіргі ресми айтылып жүрген,  “салауат-
ты өмір салты” сөзі бұл тек денсаулыққа 
байланысты. Ал, шын мәнісінде салауатты 
сөзінің ұғымы кең мағынада жеке адамнан 
бастап, бүкіл қоғамның ой-санасын, мінез-
құлқын, іс-әрекетін жан-жақты қамтитын 
парасатты ұғым. Оны дұрыс түсіну үшін 
қоғамдық ғылымдардың барлық саласын 
терең зерттеп, оның әрқайсысының адам 
өмірінде атқаратын рөлін жақсы білу ке-
рек. 
Адамдарды  ізгілікке  тәрбиелеу  – 
мұсылман дінінің басты қағидасы. Құран-
Кәрімнің  аяттары,  Мұхаммед  (с.ғ.с.) 
Пайғамбарымыздың хадистері бастан-аяқ 
адамдарды  имандылыққа,  әдептілікке, 
ізеттелікке  шақырады.  Мысалы,  Құран-
Кәрімнің  Бақара  сүресінің  177-аятында: 
“Ізгілік  деген  тек  жүздеріңді  шығысқа 
не  батысқа  қаратып,  құлшылық  ету 
ғана  емес.  Ол  Аллаға,  қиямет-қайымға, 
періштелерге,  кітапқа,  пайғамбарларға 
сену,  иман  келтіру.  Сонан  соң  олардың 
кім  екеніне  қарамастан,  жақындарға, 
жетімдерге, 
міскіндерге, 
мүсәпір 
жолаушыға,  қайыршыға  және  құлдарды 
азат  етуге  шын  ниеттерімен  көмегін 
аямағандар, намаз оқу, зекет беру, уәдеде 
тұру,  кедейлікке,  кемтарлыққа  және 
(Құдай  үшін)  күреске  шыдау,  міне,  осы-
лар  нағыз  ізгілік.  Тақуа  деп,  міне,  осын-
дайларды айтады” делінген. 
Егер  де  біз  Құран  сөзін  Құдай  сөзі 
деп  сенсек  және  әр  уақытта  осы  аятта 
айтылған  қағидаларды  орындап  жүруге 
тырыссақ,  біздер  Құдай  алдындағы 
адамның 
адамгершілік 
парызының 
тең  жартысын  орындаған  болар  едік. 
Ал,  егер  де  Құранда  алты  мыңнан  аса 
аят  бар  екенін  және  барлық  аяттардың 
негізгі мақсаты адамдарды имандылыққа 
тәрбиелеу  екенін  ескерсек,  онда  діннің 
адам  баласын  тәрбиелеуде  атқаратын 
рөлінің  қаншалықты  зор  екеніне  біздің 
көзіміз анық жетеді. Олай болса, бұрынғы 
қазақтардың  адамгершілікті  жоғары 
бағалап, жастарды әдептілікке тәрбиелеуде 
зор табыстарға жетуінің сыры осы ислам 
дінінің әсері деп білу керек. 
Кеңес 
заманында 
коммунистік 
идеологияның  атеистік  саясатының  сал-
дарынан  адамдар  діннен  қол  үзіп,  оның 
негізгі қағидаларының мәнін дұрыс түсіне 
алмайтын  халге  жетті.  Енді  қазір  дінге 
бостандық берілгеннен кейін көп адамдар 
дінге  сенудің  мәні  құдайға  құлшылық 
етіп, намаз оқып, ораза ұстап, садақа беру 
екен  деп  түсінеді.  Бірақ  та  діннің  шын 
мәнісі  жоғарыдағы  аятта  айтылғандай, 
Алла-Тағалаға  шын  жүректен  иман 
келтіріп, басқа кемтар мүгедек адамдарға 
шама-шарқынша  қайырымдылық  жасау. 
Әрине, әрбір адам еңбек етіп өзіне, отба-
сына, қоғамға пайда келтіруі керек. Бірақ 
та,  кейбір  адамдар  түрлі  себептермен 
ауруға  ұшырап,  мүгедек  болып  қалуы 
немесе жас сәбилердің жетім қалуы, бол-
маса  кәрі  адамдар  асыраушысы  болмай, 
мұқтаждыққа  ұшырауы  мүмкін.  Міне, 
осындай  адамдарға  қол  ұшын  беріп, 
жағдайы  келгенінше  көмектесу  дені  сау, 
еңбек ететін, табысы бар адамдардың па-

40
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
рызы.
Бұрынғы  қазақ  қоғамында  жетім  ба-
лалар  немесе  қарттар  үйі  болмаған, 
қазіргідей көше кезіп қайыр сұраушылар 
да  өте  аз  болған.  Оның  себебі,  қазақтар 
мұсылман  қағидасымен  өмір  сүріп, 
өздерінің  отбасына,  ата-анасына,  туған-
туысқандарына көмектесіп, оларды әркез 
қамқорлыққа  алып  отырған.  Осындай 
имандылықтың  арқасында  қылмыс  жа-
саушылар,  соның  ішінде  нашақорлық, 
маскүнемдік,  жезөкшелік  дегендер  аты-
мен болмаған.
Әрине,  адамның  адамға  ізгілік  жа-
сауы,  бұл  –  адамгершіліктің  белгісі,  ал 
адамгершілігі  жоғары  адам,  ол  иманды 
адам. Имандылық адамның санасы арқылы 
оның ар-намысын оятып, оның жүрегінде 
мейірімділік отын тұтатады. Яғни, әр адам 
өзінің  бойындағы  имандылық  қасиетті 
сақтап, оны әрі қарай жетілдіру бұл әрбір 
адамның өмірдегі алдына қойған мақсаты 
болуға тиіс. 
Егер де адамдардың бәрі осыны жақсы 
түсініп  және  соған  жетуге  құлшыныс 
білдірсе,  жер  бетінде  әділеттілік  ор-
нап,  салауатты  өмір  салтының  салтанат 
құруы  арманнан  ақиқатқа  айналған  бо-
лар еді. Олай болса, негізгі мақсат адам-
ды имандылыққа тәрбиелеу болмақ және 
мұнда  бірінші  кезекте  мұсылман  дінінің 
атқаратын  рөлі  өте  зор.  Егер  де  жеке 
адамнан бастап, бүкіл қоғам осы қағидаға 
сүйеніп, соны алға мақсат етіп қойса, көп 
жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Қазір  елімізде  жыл  сайын  мешіттер 
көбейіп және оған баратын адамдардың да 
саны артып келеді, соның ішінде жастар 
да көптеп баруда. Тек бір кемшілігі, сон-
да уағыз айтып, адамдарды имандылыққа 
тәрбиелейтін  молдалардың  сауатының 
аздығы. Олардың көбінің айтатыны бүгінгі 
күнделікті  өмірге  онша  келіңкіремейтін, 
айтыла-айтыла  догмаға  айналып  кет-
кен  схолостикалық  әңгімелер.  Қазіргі 
кезде  адамдардың  көбі  жоғары  білімді, 
сондықтан да, оларды жәй ертегіге ұқсас 
әңгімелермен иландыру қиын.
Қазақ  халқының  рухани  мәдениеті, 
соның  ішінде  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпы, 
ырым-жоралары  осының  бәрі  ислам 
дінінің қағидаларымен біте қайнасып жа-
тыр.  Сол  себепті,  біз  өмір  салтымызды 
қазіргі  заманымызға  лайық  етіп,  қайта 
жаңғыртқымыз  келсе,  ислам  дінінің 
қағидаларын қазіргі өмір шындығына сай 
жақындатып, оны догмаға айналдырмай, 
ұлттық рухта қабылдауымыз керек.
Біз  егер  адамдарды  имандылыққа, 
ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелегіміз 
келсе,  оны  тек  мұсылман  діні  арқылы 
ғана іске асыруға болады. Себебі, қандай 
мәдениет  болмасын,  ол  тек  діннің 
негізінде өркендей алады, ал ислам дінінің 
уағыздары  бұл  адамды  адамгершілікке 
тәрбиелейтін әділ дін.
Егер  де  өткен  адамзат  тарихына  көз 
жүгіртетін  болсақ,  одан  біз  адамдардың 
бұрынғы  тағылық  қалыптан  біртіндеп 
арылып,  олардың  кемелденіп,  жетілу 
үстінде екенін көреміз. Соның арқасында 
адамдардың зұлымдық іс-әрекеттері азай-
ып,  оның  орнына  ізгілік  істері  көбеюде. 
Бұл  адамзат  баласының  біртіндеп 
эволюциялық жолмен даму үстінде екенін 
көрсетеді. 
Себебі,  қазіргі  кезде  жаһандану 
дәуірінің  салдарынан  мемлекеттер  мен 
халықтардың арасындағы интеграциялық 
процесс жылдан-жылға артып, байланыс 
пен  қатынас  дамып,  адам  құқығы  мен 
демократия  идеясы  адамдардың  санасын 
билеп,  бірте-бірте  зұлымдықтың  орны-
на  ізгілік  салтанат  құруда.  Осы  процесс 
бұдан  әрі  жалғаса  берсе,  түптің  түбінде 
адамзат  баласы  қазіргідей  түрлі  ұлтқа, 
нәсілге, дінге, тілге, мәдениетке бөлінбей, 
бір  ортақ  салауатты  өмір  салтымен  өмір 
сүрері анық.
Қазірдің  өзінде  өркениетті  елдердің 
көбінде өзінің экономикалық, қаржылық 
мүмкіндігіне 
қарай 
мүгедектерге, 
қарттарға, 
жетім 
балаларға 
көп 
көңіл  бөлініп,  олардың  жағдайына 

41
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
көмектесуде.
Кейбір дамыған мемлекеттер басқа ел-
дерге немесе халықтарға қайырымдылық 
және  гуманитарлық  көмек  көрсетуде. 
Мұндай  игі  істерге  мемлекеттік  емес 
қоғамдық ұйымдар да атсалысып, өзінің 
мол  үлесін  қосып  келеді.  Азаматтардың 
басқа  әлсіз,  қорғансыз  адамдардың 
қайғысына ортақтасып, қиын жағдайларда 
оларға қол ұшын беруі, бұл адамдардың 
адамгершілік  қасиеттерінің  жетіліп, 
өркениетке аяқ басқанын көрсетеді.
Әрине,  адамдардың  бәрі  бірдей 
емес,  кейбір  адамдар  өзінің  рухани 
қажеттілігінен  гөрі  материалдық  және 
тән  қажеттілігін  бірінші  қатарға  қояды. 
Олардың  бар  мақсаты  дәмді  тамақ  ішіп, 
жақсы киініп, материалдық молшылықта 
өмір  сүргенді  қалайды.  Бірақ  та,  адам 
толыққанды  өмір  сүруі  үшін  ол  өзінің 
ішкі  жан  дүниесінің  қажеттілігін  ойлап, 
рухани бай болуға ұмтылуы керек.
Адамның  адамгершілігінің  жоғары 
болуы,  оның  ақылы  мен  мінезіне  байла-
нысты.  Адамның  бойындағы  даналық, 
зеректік,  естілік  оған  оқу  білім  арқылы 
дарыса, мінездегі жақсы әдеттер тәжірибе 
арқылы келеді. Әділетті іс істеу арқылы – 
әділ, саналы іс істеу арқылы  саналы, ерлік 
іс істеу арқылы  ер болып қалыптасады.
Адамның  ар-ұяты  онан  әр  уақытта 
ізгілікті  іс  істеп,  зұлымдыққа  қарсы 
тұрып,  өзінің  абыройы  мен  намысын 
қорғауды  талап  етеді.  Бірақ  та  кейбір 
жағдайда  оның  нәпсісі  жеңіп,  зұлымдық 
жасауға  мәжбүрлеп,  оны  күнәға  батыра-
ды.  Сол  себепті,  адамды  тәрбиелегенде, 
оның рухының жоғары, әрі мықты болу-
ына баса көңіл бөлуіміз керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет