Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Үлкенді сыйлау – өзіңді сыйлау



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Үлкенді сыйлау – өзіңді сыйлау
Үлкендер  дегеніміз  пайғамбар  жа-
сына  жеткен  ақсақалды  аталар  мен  ақ 
шашты  әжелер.  Олардың  өмірде  көргені 
мен  түйгені  көп,  күнделікті  тұрмыста 
мол  тәжірибе  жинаған  дана  адамдар. 
Үлкендер бұрын сол байлықтарын өткен 
ата-бабалардан  қалған  мұра  ретінде 
келер  ұрпаққа,  яғни  немерелері  мен 
шөберелеріне аманат етіп беріп отырған. 
Ертеде  ауыл  ақсақалдарының  қазақ 
қоғамында  атқаратын  рөлі  өте  жоғары 
болған.  Олар  өздерінің  отбасынан  ба-
стап, әулеті мен руына басшылық жасап, 
күнделікті өмір салтында әдет-ғұрыптар 
мен ырым-жоралардың уақытында дұрыс 
орындалуын  қадағалап  отырған.  Ауыл 
жастарын тәрбиелеуді негізінен үлкендер 
атқарған.  Олар  жастардан  қоғамымызда 
ғасырлар  бойы  қалыптасып,  дамып  кел-
ген  ұлттық  салт-дәстүрімізді  мүлтіксіз 
орындап  отыруды  талап  еткен.  Жастар 
оны жазылмаған Заң ретінде қабылдаған, 
сол  себепті,  ол  кезде  имандылық  пен 
қайырымдылық  және  ізгілік  қазіргі  кез-
ден әлдеқайда жоғары болған.
Адамзат  қоғамында  бір  уақытта 
бірнеше  ұрпақтың  өкілдері  өмір  сүреді, 
сол  себепті  олардың  арасындағы  өзара 
қатынас қандай да бір жүйеге келтірілген 
Заңдылыққа  бағынуға  тиіс,  оны  қазақ 
қоғамында  салт-дәстүр  деп  атаған.  Осы 
салт-дәстүр бойынша үлкендер жастарға 
өзінің  өмір  тәжірибесінен  үлгі-өнеге 
көрсетіп,  оларға  дұрыс  өмір  сүрудің 
қыр-сырларын  үйрететін  болған.  Қазақ 
қауымында  ауыл  ақсақалдары  өздерінен 
кейінгі  ұрпақтарына  шежіре  айтып, 
шыққан  тегінен  мағлұматтар  беріп,  жеті 
атасын үйретіп отырған. 
Қоғамдағы  әрбір  әлеуметтік  топтың 
өзінің атқаратын міндеті бар. Егер де ауыл 
ақсақалдары  жастарды  имандылыққа    
баулып, ақыл айтып, батасын беріп отыр-
са, орта жастағы жігіт ағалары жастарға 
мал  бағуды,  жер  өңдеуді,  аң  аулауды 
үйреткен. Ал, ақ шашты аналар болса, қыз-
келіншектерге  инабаттылық,  әдептілік, 
ізеттілік туралы тәлім-тәрбие беріп, олар-
ды үй шаруасына, қол өнеріне, былайша 
айтқанда – ою-өрнек салуға, кесте тоқуға, 
жүннен,  теріден  түрлі  киім-кешек  тігіп, 
тұрмысқа  қажетті  бұйымдарды  жасауға 

42
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
баулыған. 
Ата  ардақты  тұлға.  “Әкеден  ұл  туса 
игі,  ата  жолын  қуса  игі“  деп,  халық 
ұрпаққа  атаның  мұрасын  жалғастыруды 
уағыздаған. Ата ұрпағының қайырымды, 
мейірімді,  іскер  болуын  тілеп,  соған 
қамқорлық  жасап,  өнеге  көрсеткен.  Ата-
бабаларымыз болашақ жастарға иманды, 
инабатты,  ізетті  болып  өсуі  үшін  өсиет 
айтып, бата беріп, тілек тілеген. 
Қазақ  халқының  салты  бойынша  ата-
бабасының  айтқан  өсиеттерін  ардақтап, 
оны ерекше құрметпен есте сақтау әдетке 
айналған.  Үлкендерді  қадірлеп,  оларға 
бірінші  болып  сәлем  беру,  қариялармен 
ақылдасу,  үйге  келген  қарт  кісіні  төрге 
шығару,  қарт  адамдарға  сыбаға  сақтап, 
сый-сияпатын  көрсету,  олардың  бата-
сын  алу,  үлкен  адамдарға  қамқорлық 
жасау  халқымыздың  салтқа  айналған 
дәстүрлерінің бірі.
«Жауынмен  жер  көгерер,  батамен  ел 
көгерер» деген қазақтың мақалы бар. Яғни, 
бата дегеніміз адамдарға жақсылық тілеп, 
олардың  алға  қойған  мақсат-мұратына 
жетуі  үшін  айтылатын  адал  ниет.  Сол 
себепті,  алдына  үлкен  мақсат  қойған 
кейбір  жастар  қариялардан  бата  алуды 
өзіне  міндет  санаған.  Халық  ұғымында 
бата киелі сөз болып есептеледі және оны 
жастарға жадында сақтап әр уақытта еске 
алып отыруды міндеттейді. Бата алудың, 
бата  сұраудың,  бата  қылудың  өзіне  тән 
көп рәсімдері бар. Мысалы, дастархан ба-
сында, ас соңында қариялар сол үй иесінің 
сый-құрметіне  ризашылығын  білдіріп, 
дастарханға бата беруіне болады.
Ата-бабамыздың  арттағы  ұрпағына 
ақыл-парасатымен,  сөзімен,  ісімен  үлгі-
өнеге етіп қалдырған мұрасын қастерлеп, 
әркез  олардың  аруағын  сыйлап  отыру 
қазіргі  ұрпақ  үшін  міндет.  Біздің  салт-
дәстүріміз  бірнеше  ғасырға  созылған 
бодандықтың 
зардабынан 
ұлттық 
қасиетін  әлсіретіп,  сырттан  күшпен 
таңылған  басқа  мәдениеттің  ықпалына 
беріліп,  үлкен  өзгеріске  ұшырады.  Енді 
қазір егемендігімізді алып, өз алдымызға 
тәуелсіз ел болғаннан кейін, сол бұрынғы 
салт-дәстүрімізді  қалпына  келтіріп, 
ұлттық  өмір  салтымызды  орнату  біздің 
парызымыз.
Әрине  уақыт  өткен  сайын  заман 
өзгеріп,  бұрынғы  салт-дәстүріміздің 
кейбірі қазіргі уақыт талабына сай келмеуі 
мүмкін.  Сондықтан  да,  біз  қазақтың 
бұрынғы  өмір  салтын  терең  зерттеп, 
оның ішінен қазіргі заманға сай асылда-
рын  таңдап  алып,  күнделікті  өмірімізге 
батыл ендіруіміз керек.
Біз  жоғарыда  қазақтың  дербес  ел  бо-
лып  өзінің  төл  өмір  салтымен,  өмір 
сүріп  тұрғандағы  қалыптасқан  салт-
дәстүрі  туралы  сөз  қозғадық.  Мұның 
бәрі  Ресейге  отар  болмай  тұрғандағы 
қазақ  қоғамындағы  әдет-ғұрыптар  бо-
латын.  Ресейге  бодан  болғаннан  кейін, 
әсіресе  Кеңес  заманында  қазақтарды 
бұрынғы  көшпелі  өмір  салтынан  айы-
рып,  отырықшылдыққа  және  кеңшар 
мен  ұжымшарға  ұйымдастыруына  бай-
ланысты  қазақтың  өмірі  көп  өзгеріске 
ұшырады.  Оның  үстіне  коммунистік 
идеология  қазақтың  бұрынғы  өмір  сал-
тын, ескінің сарқыншағы деп, оны жоққа 
шығарып,  советтік  өмір  салтымен  өмір 
сүруге  үгіттеді.  Осындай  объективті 
және  субъективті  жағдайларға  байланы-
сты халқымыздың ұлттық санасы тоқсан 
градусқа  өзгеріп,  көп  адамдарымыз, 
соның  ішінде  жастарымыз  мәңгүрттікке 
ұшырады.
Енді  қазіргі  ұлттық  менталитетімізге 
көз жүгіртсек, бұрынғы қазақтың үлкенді 
сыйлау дәстүрінен ештеңе қалмады деуге 
болады. Оның басты себебі, жастарымызға 
ұлттық  тәрбие  бере  алмауымыз  және 
күнделікті  өмір  салтымыздың  ұлттық 
мән-мазмұнын 
жоғалтып, 
орыстың 
болмаса  батыстың  өмір  салтына  көзсіз 
еліктеуіміз. 
Қазір  көп  адамдар  Батыс  елдерін 
мәдениеті  жоғары  дамыған,  экономика-
сы қарқындап өскен, құқықтық мемлекет 

43
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
құрған  өркениетті  ел,  ал  Шығыс  елдері 
болса  барлық  жағынан  артта  қалған, 
сондықтан да Батыс елдерінен үлгі алып, 
солардың қатарына қосылуымыз керек деп 
ойлайды. Бір қарағанда, олардың да уәжі 
дұрыс сияқты. Бірақ та мәселеге тереңірек 
үңілсек,  шындықтың  басқаша  екеніне 
көзіміз  жетеді.  Өмірде  материалдық 
және  рухани  құндылық  деген  ұғым 
бар.  Егер  де  материалдық  құндылықты 
алып  қарасақ,  Батыстың  ол  жөнінен  көп 
нәрсеге  қол  жеткізгені  тарихи  шындық. 
Соның  арқасында  адамдардың  тұрмысы 
жақсарып,  фәни  дүниедегі  өмірдің  ра-
хатын көріп жүр деуге болады. Бірақ та, 
батыстың  бір  кемшілігі  материалдық 
құндылыққа  көп  көңіл  бөліп,  рухани 
құндылықты  әлсіретіп  алды.  Ал  шығыс 
елдері  болса,  тарихи  даму  барысын-
да  әр  түрлі  себептермен  материалдық 
байлықты  жасауда  батыс  елдерінен  көп 
кейін  қалды.  Оның  ең  басты  себебі,  бұл 
елдердің  бірнеше  ғасырлар  бойы  батыс 
елдерінің отары болып, басында билігінің 
болмауы. 
Қазір  бұл  елдер  саяси  тәуелсіздігін 
алғаннан  кейін  өздерінің  экономикасын 
дамытуға күш салып жатыр және кейбір 
шығыс  елдері  осы  жолда  айтарлықтай 
табысқа  қол  жеткізуде.  Бірақ  та,  батыс 
елдері  оларды  бұрынғыдай  өздеріне 
қажетті  шикізат  өндіретін  аймақ  етіп 
қалдыру  үшін  олардың  дамуына  түрлі 
айла-шарғылармен 
кедергі 
келтіріп 
бағуда.
Шығыс  елдері  болса,  материалдық 
байлықты  жасауда  батыстан  кейін 
қалса  да,  рухани  құндылықтарын 
сақтап,  өздерінің  дәстүрлі  мәдениетімен 
өмір  сүруде.  Дәстүрлі  мәдениеттің 
бір  артықшылығы  сол,  олар  рухани 
құндылықты материалдық құндылықтан 
жоғары  қояды.  Қазақтардың  бұрынғы 
үлкендерді  сыйлап,  оларға  қамқорлық 
көрсетуі осы дәстүрлі мәдениетке жатады. 
Егер де біз осы дәстүрімізді жаңғыртып, 
оны  қазіргі  жастарымыздың  санасы-
на  жеткізе  білсек,  олар  имандылыққа 
бет  бұрып,  адамгершілік  қасиеттері 
жетілген  болар  еді.  Адам  адам  болып 
жаратылғаннан кейін оның адамгершілік 
қасиетті қадірлеп, оны бәрінен де жоғары 
қоюы  әр  адамның  парызы.  Оның  үстіне 
қазақтың  «Өгіздің  басына  түскен  күн, 
бұзаудың  да  басына  келеді»  дегендей 
адамдардың  қартайып,  күш-қуатының 
азайып,  басқаларға  күнінің  түсетіні 
табиғи  заңдылық.  Сондықтан  да,  әрбір 
адам өзінің ертеңін ойлап, бұл дүниедегі 
ең  басты  құндылық  –  ол  адамдардың 
бірін-бірі сыйлап, құрмет көрсетуі екенін 
әр уақытта естен шығармағаны дұрыс.
Қазақ        халқы    өзінің  тәуелсіздігін 
жаңадан  алып,  өзінің  ұлттық  руха-
ни  мәдениетін    өркендетуге  енді-енді 
аяқ  басып  келеді.  Рухани  мәдениет, 
бұл  күнделікті  өмір  салты  арқылы 
қалыптасады.  Сол  себепті,  біз  ең  әуелі 
болашақта  қандай  өмір  салтымен  өмір 
сүретінімізді  ойлап,  соның  жаңа  үлгісін 
жасауымыз керек. Ол өмір салты меніңше 
«Салауатты өмір салты» болуға тиіс.
Резюме
Автор статьи сравнивает методы воспитания советского и современного периодов.
Summary
Author of the article compares the methods of education of the Soviet and early modern periods.

44
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
Т.Қ.Әуелғазина– 
саяси ғылымдарының докторы,
Магистратура және PhD докторантура институтының 
 «Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық
 пәндер» кафедрасының профессоры, Абай атындағы ҚазҰПУ
ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ
Адам – қоғамның ажырамас бөлшегі. Ал, 
отбасы – қоғамдық құрылымның алғашқы 
ұясы  болып  табылады.  Іс  жүзінде  отба-
сы  қоғамдық  іс-тәжірибе  сұраныстарына 
сәйкес бала тәрбиесін жүзеге асыратын ең 
алғашқы  ұжым.  Ата-ана  мен  отбасының 
өзге  мүшелері  қоғамның  мақсат-мүддесі 
мен  қажеттіліктерін,  құндылықтары  мен 
бағыт-бағдарын  білдіретін  белгілі  бір 
әлеуметтік  топқа  жатады.  Адам  баласы 
тәрбиенің ең алғашқы бастауын өз отба-
сында  сезінеді.  Әрине,  адамды  отбасы-
нан  тыс  қоғамдық  орта  да  тәрбиелейтіні 
рас,  алайда  ата-ананың  жан  дүниесінің 
ізгі  ниеті  мен  баласына  арнаған  махаб-
баты  ерекше.  Адам  баласы  туғанда  өзге 
тірі организмдерге қарағанда өте әлсіз әрі 
нәзік болып келеді. Соған орай, ата-анасы 
баласының адам болып жетілуі үшін бағып-
қағып,  қамқорлық  жасап,  өсіп-дамуына 
жәрдемдеседі.  Бұл  туралы  көрнекті 
қазақ  ақыны,  көптеген  педагогикалық 
еңбектердің  авторы  М.Жұмабаев  былай 
деп атап көрсеткен: «Жер жүзіндегі басқа 
жан  иелерімен  салыстырғанда,  адам  ба-
ласы туғанда өте әлсіз, зағып, осал болып 
туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. 
Тауықтың балапаны жұмыртқадан жары-
лысымен жүгіріп кетеді. Ал, адам баласы 
туғанда  іңгәлаған  айқайы  мол  бір  кесек 
ет.  Ақылы-есі  жоқ.  Мінекей,  адам  бала-
сы  осылай  өте  әлсіз  боп  туып,  аса  баяу 
өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық 
беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни, оған 
тәрбие қылмай болмайды» [1]. Осылайша, 
бізге адам баласының дүниеге ақ қағаздай 
таза, қоршаған ортада болып жатқан түрлі 
құбылыстардан хабарсыз болып туатыны 
мәлім.  Адам  нақтылы  бір  табиғи  және 
әлеуметтік  ортада  өмір  сүріп,  жетіледі. 
Яғни,  ол  –  қоғамдық  дамудың  нәтижесі 
болып табылады. 
Отбасы  адам  өмірінде  маңызды 
әлеуметтік  қызметті  орындап,  оны 
тәрбиелі де тәлімді етіп қалыптастыруда 
ерекше рөл атқарады. Өз кезегінде қазақ 
халқының ұлттық сананы қалыптастыруға 
бағытталған ұлттық тәрбие тағылымының 
орны  ерекше.  Халқымыздың  «Үлкенге 
құрмет,  кішіге  ізет»  көрсете  отырып, 
парасаттылық танытуы қай ұлтты болсын 
таң қалдырады. Сондықтан, бүгінгі таңда 
өсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақтың  бойына 
ғасырдан  ғасырға  жалғасып  келе  жатқан 
халықтық  тәрбиенің  озық  та  өнегелі 
дәстүрлерін сіңірсек нұр үстіне нұр болар 
еді.
Сонымен, бала тәрбиесiнде отбасының 
орны  ерекше.  Оны  қоғамдық  тәрбиенiң 
қандай саласы болса да алмастыра алмай-
ды.  Отбасының  негiзгi  қызметі  баланы 
өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне 
заманнан  келе  жатқан  ұлттық  тәрбиенің 
әдеп-тағылымдарын  қабылдату  мен  аға 
ұрпақтың  тәжiрибесiн  сiңiру,  қоғамға 
пайдалы  жеке  тұлға  етiп  тәрбиелеу  бо-
лып  табылады.  Ата-ананың  өз  боры-
шын  мүлтiксiз  орындауы  –  үлкен  тәрбие 
мектебi.  Осылайша,  адамға  тән  адами 
сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамыту 
ең алдымен отбасынан бастау алады. Бұл 
ретте «Халқым ел болам десең, бесігіңді 
түзе» деп қазақ халқының ұлы жазушысы 
М.Әуезов айтып кеткендей, отбасындағы 
тәрбиенің  бесік  жырынан  нәр  алуының 
маңызы  айрықша.  Осыған  орай  әр  ата-

45
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
ананың  баласына  ертегі,  аңыз,  әңгіме, 
жыр-дастандарды айту арқылы, оның ой-
лау, қиялдау, тыңдай білушілік пен арман-
дау қабілетін ұштай білуі аса зор мәнге ие 
екендігі даусыз жайт. 
Бала 
мінез-құлқының 
негізін 
қалыптастыруда, 
оның 
бойына 
адамгершілік  сезімін,  инабаттылық, 
әділеттілік, шыншылдық тәрізді адамдық 
абзал  қасиеттерді  егуде  отбасы  ең 
алғашқы және басты рөлді атқарады. Нақ 
осы  жағымды  қасиеттерді  жас  ұрпақтың 
бойына дарыту, ең алдымен, отбасындағы 
тәрбие 
арқылы 
жүзеге 
асатыны 
белгілі.  Осымен  байланысты  «Тәрбие  – 
табалдырықтан  басталады»,  «Тәрбие  – 
тәлімнен» деген нақылдардың өзі өмірден 
алынған  шындық.  Жас  ұрпақтың  жады-
на  адамгершілік  сезімін  дарыту  отба-
сында  ең  алдымен  ата-анасының  ыстық 
махаббаты  мен  мейірімінен,  шынайы 
қамқорлығынан басталады. Яғни, адамға, 
қоршаған  ортаға,  Отанға  деген  қымбат 
қасиет  бала  жүрегінде  отбасы,  ошақ 
қасында  бүршік  атып,  бұтағын  жаяды. 
Сондықтан да мұны «Отан отбасынан ба-
сталады» деп түйіндейді халық даналығы. 
Ал, бала кезінде ата-ана немесе тәрбиеші 
тарапынан  жылылық,  бауырмалдық, 
жанашырлық  сияқты  сезімдерді  көріп 
өспеген  баланың  кейін  мейірімді  азамат 
болып  өсуі  екіталай.  Көбінесе  мұндай 
балалар 
бойынан 
қайырымсыздық, 
қатыгездік,  тұйықтық  тәрізді  жағымсыз 
қылықтарды  көруге  болады.  Осымен 
байланысты  ата-аналар  мен  отбасының 
өзге ересек мүшелері баланы өзімшілдік, 
қыңырлық,  жағымпаздық,  қатыгездік, 
жеке басының мүддесін жоғары қоюшылық 
сияқты және т.б. келеңсіз мінез түрлерінен 
қашықтатумен  айналысады.  Себебі,  бала 
бойындағы жат қылықтардың алдын алма-
са, болашақта ондай адамның Отан үшін, 
халқының  қамы  үшін  адал  қызмет  етуі, 
сонымен қатар қоғамдық жүйеде жоғары 
дәрежеде әлеуметтік белсенділік танытуы 
күмәнді. Сәйкесінше, жас балдырғандарға 
адамгершілік  пен  борыштың,  арлылық 
пен  намыстың  мәнін  жете  ұғындырудың 
маңызы зор. 
Осымен байланысты ұлы ойшыл, ғұлама 
ғалым  Әбу  Насыр  әл-Фараби  адамның 
бойына  кішіпейілділік,  қайырымдылық, 
шешендік,  қанағаттылық,  жомарттық 
және т.б. ізгі қасиеттерді негіздеуде тәрбие 
мәселесіне  зор  мән  берген.  Бұл  ретте  ол 
«Тәрбиелеу  дегеніміз  –  халықтардың 
бойына  білімге  негізделген  этикалық 
ізгіліктер  мен  өнерлерді  дарыту  де-
ген  сөз…  Тәрбиелеу  кезінде  халықтар 
мен  қалалықтарға  білімге  негізделген 
қасиеттерден  туатын  іс-әрекет  жасау 
дағдысы  сіңіріледі,  олар  осындай  іс-
әрекетке  жігерлендіріледі..,  сөйтіп,  осы 
қасиеттер  және  бұлармен  байланысты 
әрекеттер адамдардың жан дүниесін бау-
рап  алатындай  және  адамдарды  осыған 
жан-тәнімен  құштар  ететіндей  болуы 
көзделеді»,  –  деп  тұжырым  жасайды  [2. 
343 б]. Сонымен қатар, ұлы ойшылдың жас 
ұрпақты жеке тұлға етіп қалыптастыруда 
адамгершілік  тәрбиесін  негіз  етіп 
алудың  маңыздылығы  турасындағы  ой-
пікірлерінің  орны  айрықша.  Соған  орай 
ұлы ойшыл: «Енді біз жақсы адамгершілік 
сапалар  туралы,  сондай-ақ,  осылардың 
негізінде  туатын  және  мораль  саласында 
ең абзалы болып табылатын нәрсеге қарай 
ойымызды  сілтейтін  мінез-құлық  норма-
лары туралы әңгімелегеніміз жөн», – дейді 
[3].  Сондай-ақ,  әл-Фараби  әр  адамның 
қоғамның  саяси-әлеуметтік  жеке-дара 
тұлғасы  болып  қалыптасуы  үшін  екі 
әдісті – ерікті түрде және күштеу арқылы 
тәрбиелеуді  ұштастыра  қолдануды  та-
лап  етеді.  Яғни,  ол:  «Күштеу  арқылы 
тәрбиелеу  және  ерікті  түрде  тәрбиелеу 
тәлім-тәрбие алушы адамдар болмысының 
мәніне  байланысты,  бұлар  өзінің  аумағы 
мен  күшіне  қарай  дараланып  отырады… 
Ерікті  түрде  тәрбиелеу  өнері  өте-мөте 
көп күшті керек етеді. Күштеп тәрбиелеу 

46
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
өнері жөнінде де осыны айтуға болады, ал 
мұның  мәнісі,  басқасын  былай  қойғанда 
адамның өмірдегі арманы болып табыла-
тын  бақытқа  жеткізерлік  белгілі  бір  іс-
әрекет  жасау…  деген  сөз»,  –  деп  пайым-
дайды [2. 347 б].
Өз кезегінде әйгілі түрік ойшылы Жүсіп 
Баласағұн «Құтты білік» шығармасында: 
«Сәбиінде көкірекке түйгені
Өлгенінше санасында жүреді!
Ұяда не көрсе, соны іледі,
Сүтпен  сіңген  өле-өлгенше  жүреді!» 
[4.  175  б],  –  деп,  бала  өмірінің  алғашқы 
жылдарынан-ақ  адамгершілік  негізін 
қалыптастырып,  өмір  есігін  енді  ғана 
ашқан  жас  ұрпақты  отбасында  және 
қоғамдық  ортада  тәрбиелеуге  айрықша 
мән  беру  қажеттігін  тұжырымдайды. 
Міне, сонда әрбір бала ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  ізгі  қасиеттерді, 
ұлттық  тәрбие  тағылымдары  мен  әдеп 
ережелерін  өз  өміріне  серік  етіп  өседі 
дейді.  Ойшылдың  бәйіттері  «Сүтпен 
біткен  мінез,  сүйекпен  кетеді»  деген 
мақалмен үндес.
Халық  тәрбиесi  –  отбасы  тәрбиесiнiң 
негiзгi  бастауы.    Өз  кезегінде  жас  ұрпақ 
өкілдеріне  отбасында  тәрбие  беруде 
ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп 
келе  жатқан  ұлттық  тәлім-тәрбиенің, 
халықтық  педагогиканың  маңызы  ора-
сан.  Халықтық  педагогиканың  негізінде 
ұлттық 
сана-сезімді, 
ар-ожданды, 
ұлтжандылықты, 
отансүйгіштікті, 
қоғамдық  жүйедегі  ережелер  мен 
ұстанымдарды,  ұлттық  рухты  ұрпақ  жа-
дына тоқыту жүзеге асырылады. Осыған 
орай белгілі педагог-ғалым К.Оразбекова 
«Иман  және  инабат»  еңбегінде:  «Халық 
педагогикасының  негізгі  көздер  мақсаты 
–  бай  тарихи  тәжірибеге  сүйене  оты-
рып,  келер  ұрпақты  еңбекке,  өнер-білім 
машықтарын  меңгеруге,  отбасы,  ауыл-
аймақтың, елдің ар-намысын қорғауға тағы 
басқа ізгі қасиеттерге баулу, яғни, адамның 
белсенді  бет-бағдарын  қалыптастыру» 
[5.  29  б],  –  деп  тұжырым  жасайды.  Осы-
лайша,  халықтық  педагогиканың  тәлім-
тәрбиелік негізі ретінде  ата-ананы, үлкенді 
құрметтеу,  кішіге  қамқор  болу,  жағдайы 
төмен  адамдарға  қайыр  қылу,  әдептілік, 
парасаттылық,  адалдық,  шыншылдық, 
тектілік  сияқты  және  т.б.  қасиеттер  кең 
байтақ өлкемізде ғасырлар бойы буыннан 
буынға жалғасын табуда. Сонымен бірге, 
ұлттық  құндылықтар  мен  ұстанымдар 
жайлы  отбасында  қалыптасқан  көзқарас 
пен  көңіл-күй  көп  жағдайда  баланың 
есінде өмір бойына сақталынады. Сондай-
ақ, өсе келе оның мінез-құлқында көрініс 
тауып,  өмірлік  ұстанатын  бағытына  ай-
налуы да мүмкін. Бұған қазақ халқының 
ауыз  әдебиетіндегі  «Отан  –  қуат,  отбасы 
– шуақ», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны 
ілесің» және т.б. нақылдар дәлел.
Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  – 
объективті процесс. Ол әр адамның бала 
кезінен  бастау  алуы  қажет.  Баланың  да-
муы  және  жеке  тұлға  болып  қалыптасу 
процесі отбасында негізделеді. Отбасында 
ата-анасы  және  өзге  де  отбасы  мүшелері 
баланың  тәлімді  де  тәрбиелі  болып 
өсуіне  ерекше  назар  аударатыны  анық. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  баланың  бойына 
жас  кезінен  ұлттық  тәрбие  мұраларын 
орнықтырудың  маңызы  өте  зор.  Себебі, 
бала  жасынан  қалыптасқан  мінез,  тәлім-
тәрбие, 
қарым-қатынас 
қағидалары 
көбінесе  есейгенде  де  сақталынады. 
Сондықтан  әр  адам  өзінің  ар-намысын, 
қадір-қасиетін  жоғары  ұстап,  өзін-өзі 
тәрбиелей білуі керек. Өзін-өзі тәрбиелеуге  
әр  адамның  жақсы  қасиет  пен  талғамға 
үйренуінің негізінде өз бойындағы бағалы 
ізгі  қасиеттерін  жетілдіруі  жатады.  Олай 
болса,  «моральдың  негізгі  міндеті  – 
адамның  мінез-құлқын  тәрбиелеу,  осы 
арқылы  олардың  бойында  адамгершілік, 
әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, 
сөйтіп  адам  мен  қоғам  арасындағы 
қатынасты  реттеу  болып  саналады» 
[5.  23  б].  Сөйтіп,  адамның  жеке  тұлға 

47
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
ретінде  қалыптасып,  даму  процесінде 
отбасының  рөлі  ерекше.  Отбасында 
тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалып, 
баланың  мінез-құлқының  негізі,  сондай-
ақ, оның еңбекке, қоғамдық-саяси ортаға, 
адамгершілік, идеялық-саяси және рухани 
құндылықтарға деген қарым-қатынасы да-
мып, жетіледі. Демек, адамның қоғамдық-
саяси жүйеге еніп, қатынасқа түсуі отба-
сынан бастау алады.  
Баланы оқыту мен қоғамдық жағынан 
тәрбиелеуде  де  отбасының  рөлі  ора-
сан  зор.  Өйткені,  жас  ұрпақ  өкілдерін 
терең  білімді,  жоғары  саналы,  биік 
адамгершілікті  болашақ  жеке  тұлға 
ретінде  қалыптастыруда  отбасындағы 
берілген  тәлім  мен  тәрбиенің  маңызы 
ерекше.  Отбасында  ата-аналар  балаларға 
өнегелі  іс-әрекеттерімен  үлгі  көрсетумен 
қатар,  оларды  өз  халқын,  барлық  адам-
зат  дүниесін  сүюге,  ана  тілін,  ұлттық 
және  жалпыадамзаттық  рәміздер  мен 
құндылықтарды біліп, маңызын түсінуге, 
қазақстандық отаншылдыққа, мемлекеттік 
рәміздердің  мәнін  ұғынуға  тәрбиелейді. 
Мұнымен қоса ата-аналар баласының са-
насы  мен  көзқарасын  қалыптастыруға, 
бағыт-бағдары 
мен 
ұстанымдарын 
жетілдіруге атсалысады. Бұл ретте қазақ 
зиялысы М. Арын: «Грек ғұламаларының 
айтуына  қарағанда,  адамның  белгілі  бір 
ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну 
үшін бес түрлі шартқа толық жауап беруі 
тиіс. Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы 
білуі қажет. Екіншіден, сол ұлттың дінін 
терең  меңгергені  жөн.  Үшіншіден,  сол 
ұлттың  дәстүрін  толық  бойына  сіңіруі 
тиіс.  Төртіншіден,  сол  ұлттың  тарихын 
бес саусағындай білгені абзал. Бесіншіден, 
сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын 
жақсы  білуі  парыз.  Осындай  бес  си-
паттаманы  бойына  дарытқан  адам  ғана 
сол  ұлттың  толық  қанды  өкілімін  деу-
ге  құқылы  дейді  грек  ойшылдары...  Де-
мек, өзіңді өзің білгің келсе, өз ұлтыңды 
тереңнен  танығың  келсе,  онда  жоғарыда 
тізбелеген  бес  шартты,  бес  анықты 
жақсы  білуің  керек.  Бұларды  дұрыстап 
түсініп,  парызға  балап,  баршамыз  бүге-
шігесіне дейін білуге ұмтылсақ, оның өзі 
бір  құдірет  болар  еді»,  –  деген  ұйғарым 
жасаған [6. 13, 14 б]. Білікті ғалым өз пай-
ымдамасын одан әрі былайша түйіндеген: 
«Адам  дүниені  тануды,  өмірді  тану-
ды,  ең  алдымен,  өзінен  бастауы  керек... 
Бұлар  туралы  әңгімелеп  отырғандағы 
мақсатымыз  –  ұлттық  қасиеттерімізді 
осы  бес  сипат  арқылы  танып-білу.  Тану 
дегеніміз  аяқталатын  процесс  емес. 
Өзімізді  өзіміз  танығанда  өзімізді  таны-
ту  үшін  тануымыз  керек.  Біздің  жақсы 
жақтарымыз  да  бар,  осал  тұстарымыз 
да  жеткілікті.  Соның  күшті  жақтарын, 
яғни  ұлттық  қасиеттердің  бүгінгі  та-
лаптарына  сәйкес  келетіндерін  түгелдей 
іріктеп  алып,  соны  байытып,  дамытып, 
басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық 
деңгейімізді көтере білу. Өзіміздің жақсы 
қасиеттерімізді басқаларға танытқан кез-
де жетіспей жататын тұстары болса, онда 
басқа  ұлттардың  тамаша  қасиеттерін 
бойымызға  сіңіру  үшін  де  өзімізді  та-
нуымыз  керек.  Бұл  –  үлкен  мақсат»  [6. 
54  б].  Міне,  осылайша  отбасында  жас 
жеткіншектердің  адами  бет-бейнесін, 
адамгершілік  қалпы  мен  жеке  тұлғалық 
болмысын  қалыптастыруға  жан-жақты 
негіз  салынады.  Осы  орайда  өсіп  келе 
жатқан  жас  ұрпақты  қазақ  қоғамындағы 
Майқы  бидің  «Түгел  сөзі»,  Әз  Жәнібек 
ханның 
«Әдет-ғұрыптары», 
Қасым 
ханның «қасқа жолы», Есім ханның «Ескі 
жолы» мен Тәуке ханның «Жеті жарғысы» 
сияқты мемлекет атынан заң дәрежесінде 
қолданылатын  маңызды  ережелерге 
сүйене  отырып  тәрбиелеудің  маңызы 
айрықша. «Жеті жарғы» – бұл құқықтық, 
әдет-ғұрып ережелері жинақталған заңдар 
жүйесі. Онда қоғамның саяси-әлеуметтік 
құрылымындағы  басқару,  билік,  мүлік 
заңы,  қылмыс  заңы,  елшілік,  әскери, 
жұртшылық  заңы,  жер  дауы,  құн  дауы 

48
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
жайындағы қарым-қатынастар мәселелері 
қарастырылған.  Яғни,  «Жеті  жарғы»  – 
қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы. 
Қазақ қоғамында түбегейлі өзгерістерді 
жүзеге  асырушы  ірі  реформатор  –  Тәуке 
хан  (1680-1718  ж.ж.)  болды.  Ол  «Халық 
кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты ор-
ган  ретінде  қалыптастырып,  олардың 
мемлекеттік  құрылымдағы    рөлін  арт-
тырды.  Сөйтіп,  адам  мен  қоғамның  ара 
қатынасының  негізгі  ұстанымдарын 
айқындады.  Қазақ  елінің  ғасырдан 
ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік 
билігінің  даму  тарихында,  ұлттық 
тәрбиеге  негізделген  ел  басқаруда  билер 
институтының  алатын  орны  ерекше.  Би-
лер институты –шынайы  халықтық үлгіде 
құрылып,  ежелден  елдік  әдет-ғұрыпқа 
негізделген  дәстүрлі  құқық  нормаларын 
берік  ұстанған  тәуелсіз  сот  жүйесі.  Би  – 
халыққа  сот  төрелігін  турашылдықпен 
жүзеге асыруда әділ билігімен танылған, 
соттық  функцияны  атқаратын  қызметші. 
Қазақтардың дәстүрлі саяси өмірінде жеке 
тұлғаны күштеп басқару жүйелері, яғни, 
түрмелер  мен  азаптау  орындарының, 
сондай-ақ,  қатаң  бақылауға  негізделген 
мемлекеттік  биліктің  болмағаны  белгілі. 
Қазақ  қоғамында  өлім  жазасы  өте  си-
рек қолданылып, негізінен жазалау айып 
салу  тұрғысында  жүзеге  асырылған. 
Жалпы көшпелі қазақ тіршілік әрекетінде 
басқа  адамдарға  қарағанда,  қоршаған 
ортаға  тәуелді  болып  келді.  Сондықтан 
да  бостандық,  жеке  бастың  еркіндігі, 
өзіндік  қадір-қасиетін  жоғары  ұстау 
сезімі  оның  табиғи  тұрмыстық  болмысы 
мен  көзқарасында  орныққан.  Осылайша, 
Қазақ  хандығының  саяси  құрылымында 
басқа  ұлт  аймақтарына  қарағанда  дала 
демократиясы  қалыптасқан.  Бұл  жайт 
қазақ  халқының  қатал  билік  жүйелеріне 
тәуелсіздігінен,  адамға  жеке  тұлға 
ретінде  түсіністікпен  қарым-қатынас  жа-
саудан,  жеке  билікке  бағынушылықтың 
болмауынан  көрінеді.  Бұған  қоса  қазақ 
қоғамындағы кез келген қоғам мүшесінің 
билеуші  топтың  алдында  өз  ой-пікірін 
еркін  білдіру  құқығы  баянды  етілген. 
Мәселен, «бас кеспек болса да, тіл кеспек 
жоқ» деген қазақ нақылы осының дәлелі.  
Яғни,  қазақтардың  дәстүрге  негізделген 
саяси  өміріндегі  билер  соты  өзіндік 
мәні  бар,  дәйекті  әрі  әділетті  шешімдер 
қабылдаған институт болған. 
Айта кетерлік маңызды жайт, бұрынғы 
билер  бүгінгі  мемлекеттік  биліктің 
функциясын  атқаруға  қатысып,  заң 
шығарушылық,  билік  айтып,  ел  басқару 
қызметінің  барлық  түрлеріне  араласқан. 
Олар  қазақ  еліндегі  түрлі  ұлыстар  мен 
ру-тайпаларды  басқару  мен  оларды  би-
леуде, ел мүддесі мен бірлігін қамтамасыз 
етуде  көшелі  іс,  даналық  ойларымен 
хан,  сұлтандар  мен  бектерге  түзу  бағыт 
беріп  отырған.  Ұлттық  идеологияны 
қалыптастыруда, ел басқаруда туындаған 
шиеленістерді  ақыл-парасатпен  шешуде, 
ұрпақ  бойында  ұлттық  қасиеттерімізді 
егуде  және  халықты  отаншылдық  рухта 
тәрбиелеуде шешен-билердің зор маңызға 
ие болғандығы даусыз жайт. Билер ел басы-
на қиыншылық туған кезеңдерде халыққа 
пана  болып,  қорғаушы  әрі  қолдаушы 
қызметін  де  абыроймен  атқара  білген. 
Бұған  халық  жадында  сақталған  «Елге 
бай құт емес, би – құт», «Қабырғадан қар 
жауса,  атан  менен  нарға  күш,  Ел  шетіне 
жау  келсе,  қабырғалы  биге  күш»,  «Би  – 
хан  біткеннің  қазығы,  бұқара  жұрттың 
азығы»  деген  даналық  сөздер  дәлел.  Со-
нымен,  қазақ  қоғамындағы  билер  инсти-
туты  –  мемлекеттік  мүдде  үшін  ежелгі 
антикалық дәуірден ХХ ғасырдың басына 
дейінгі аралықта мемлекеттік билік сала-
сын және әділ сот жүйесін жүзеге асыру 
мен  дамытуға  өлшеусіз  үлесін  қосқан  ірі 
тұлғалар  болып  табылады.  Сондықтан 
ұрпағының  қамын  ойлаған  ойшыл-
даналардың,  шешен-билердің  өнегелі 
тәлім-тәрбиесін  бала  бойына  дарытудың 
мәні зор.  

49
C
M
Y
K
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Демек,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
ұлтымыздың  бойындағы  үлкенді  сый-
лау,  кішіге  ізет  көрсету,  адамдар-
мен  қарым-қатынас  жасауда  байып-
ты  қылық,  биязы  мінез  таныту  сияқты 
ұлттық  қасиеттеріміздің  ұрпақ  бойын-
да  қалыптасуы  қоғам  игілігі  үшін  өте 
маңызды.  Өйткені,  ұлттық  дәстүрге  де-
ген  саналы  көзқарасы  қалыптасқан,  ар-
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 13-14б.
2. Әл-Фараби. Бақытқа жету жайында//Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: 
Ғылым, 1975. - 420 б. 
3.  Әл-Фараби.  Бақыт  жолын  сілтеу//Әл-Фараби.  Әлеуметтік-этикалық  трактаттар.  –  Алматы: 
Ғылым, 1975. - 17 б.
4. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. - 616 б.
5. Оразбекова К. Иман және инабат. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 152 б.
6. Арын М. Бес анық (тәрбие туралы толғамдар). – Алматы: «Арыс» баспасы, 1996. -120 б. 
Резюме 
В статье рассматривается роль семьи в развитии национального воспитания. 
Summary 
The article discusses the role of families in the development of national education.
намысы берік жас ұрпақ қана кейін өзінің 
Отан алдындағы, халық алдындағы пары-
зын  адал  орындап,  адамзат  бақыты  мен 
ел игілігі үшін қызмет ететіні сөзсіз. Ал, 
біздің  міндетіміз  –  отбасындағы  әрбір 
баланың  жадына  сәби  шағынан  бастап 
ұлттық тәрбие негізін егу болып табыла-
ды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет