Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі орфография, емле, орфоэпия мәселесіне қатысты пікірталастар
А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне ынғайлап, графиканы жетілдіреді. Ол қазақ зиялыларының арасында қызу қолдау тауып, ерекше ілтипатпен қабылданады.
А.Байтұрсынұлы реформалаған қазақ әліпбиінің ережелері мен принциптері алғаш рет 1924 жылғы 12-18 маусымында Орынборда өткен қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде қабылданады. Профессор Е.Д.Поливанов А.Байтұрсынұлы әліпбиін: «Эту последнюю форму, которую приняла казак-киргизская графика в 1924 году, я, во всяком случае, считаю уже не нуждающейся в исправлениях и представляющей последний шаг в историческом формировании национальной графики, которым с полным правом могут гордиться киргизские (казахские автор) деятели просвещения создатели реформы, как крупным культурным завоеванием» -деп, жоғары бағалайды. Бірақ осы кезде басқа түрік елдерінде - латын графикасына көшу мәселесі қозғалып жатқан болатын. Қ.Жұбанов: «Мұнан бас тартып, латын әліпбиін қабылдауымызға ұйытқы болған Қазақстан емес, Бүкілодақтық орталық жаңа Алфавит комитеті Ғылыми кеңесінің қысымы... Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмайды), қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл сондай-ақ әліпби біткенге бірдей үйлесімді», - дейді.
Бакуде өткен түркітанушылардың съезінен кейін қазақ жазуын латын графикасына көшіру шаралары белсенді түрде жүзеге аса бастайды. 1926 жылы Қазақстанда Жаңа әліпбишілер қоғамы құрылады. Оның құрамында Ж.Чомбалов, Ә.Сейдалин, Т.Рысқұлов, Т.Шонанов, А.Байсейітов, Ә.Байділдәұлы, Е.Мұқанов, Б.Майлин, А.Сегізбаев, Е.Алдоңғаров, Б.Байтоғаев, Шарибаев, Б.Малдыбаев, И.Бекенов, К.Арынғазиев т.б. болады.
Жаңа әліпбишілер қоғамының мақсаты:
1) қазақтардың арасында латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу идеясын насихаттау;
2) баспа өнімділігін арттыру, қазақ халқының әлемдік мәдениетке жетуі жолындағы жұмыстардың қарқындылығын арттыру, сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында латын графикалы жаңа әліпбиді енгізуге қажет алғышарттар дайындау;
3) латын графикасына негізделген әліпбидің қазақ халқының арасында тез таралып, насихатталуы үшін негіз жасау.
Осы кезде баспасөз беттерінде әліпби мен емлеге байланысты қызу айтыс-таластар болады. Газет бетіндегі мақалаларды саралау барысында араб әліпбиін жақтаушылардың қатарында: А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, А.Байтасұлы, І.Ахметұлы, М.Бұралқыұлы, П.Ғалымжанұлы болғанын, ал латын әліпбиін жақтаушылар: Ә.Байділдәұлы, Т.Шонанұлы, Н.Төреқұлов, О.Жан- досұлы, М.Жолдыбаев, І.Қайменұлы т.б. болғанын көреміз.
Баспасөз бетіндегі айтыстардың қорытындысы 1927 жылы әуелі Ташкентте, кейін Қызылордада өткен конференцияларда талқыланады. Латын әрпін жақтаушылардың бірі – Ә.Байділдаұлы жаңа әліпбиге көшу себебіміз – бұрынғы араб графикасының кемшілігі көп болғандықтан деп, бірнеше белгісін көрсетеді:
1) бір дыбысқа бірнеше таңба (сөз басы, ортасы, соңы) қолданылған;
2) араб әріптерінің көбі бір түсті, астына не үстіне қойылған нүктелерсіз айыру қиын;
3) сөздерді жазғанда оңнан солға қарай жазылады, ал цифраларды жазғанда, солдан оңға қарай қайта ораламыз;
4) алгебра, геометрия, физика сияқты ілім кітаптары барлық жұртта латын әрпімен жазылады, араб әрпі оған үйлеспейді;
5) әріптері біркелкі емес, бірі – үлкен, бірі — кішкентай;
6) араб әрпін музыкада (нота жазуда) қолдану қиын; 7) араб әрпімен жазуда көп қаражатты керек етеді, баспа ісіне қолайсыз, - дейді.
Ал Малдыбайұлы Біләл «Жаңа әліпби туралы» деген мақаласында Ақыметұлы Ілияс, Жаңақымет сияқты араб әрпін жақтаған азаматтарға жауап ретінде латын графикасының өзгешеліктерін көрсетеді. Атап айтқанда:
1) әліпби өзгерту мәселесін еңбекші таптың мәдениетін өз өміріне сабақтастырады;
2) әліпби өзгертумен ғана мәдениетке жете алмаймыз деген арабшылардың сөзіне қадым, жәдиттен бастап әліпби таңбалары өзгеріп келе жатқанын қарсы қояды.
Малдыбайұлы Біләл араб жазуында нүктелердің болуын кемшілік ретінде көрсете келіп, жаңа графикаға үйретуде мынадай жол ұсынады: «Латын әліпбиімен ірі жазуға дағдыландырып, артынан ұсақ жазуға көшсек, екі жазудың түрі бірдей болып кетеді». Яғни сауаттанушылар алдымен латын әріптерін өте ірі етіп жазып, біраз үйренген соң ұсақ етіп жазуға дағдылану керектігін айтады.
Ал А.Байтұрсынұлы бастаған араб графикасын қолдаушылар әліпби таңдауды ғылыми тұрғыдан негіздеуге тырысады. А.Байтұрсынұлы: «Әліпби деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақ», — дей келіп, әліпбидің қайсысы дұрыс болатынын тексеруде мынадай негіздерге (критерийге) сүйенеді:
1. Тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?
2. Қайсысымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?
3. Қайсысымен жазу, жазылғанды оқу жеңіл?
4. Қайсысы баспаға қолайлы?
5. Үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?
6. Көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық?
Аталған сұрақтарға нақты дәлелдермен мысал келтіре отырып, А.Байтұрсынұлы латын әрпінің керексіздігін көрсетіп, мынадай қорытындыға келеді:
1.Араб әрпі латын әрпінен жазуға, оқуға оңай, онысы сауатты адамдардың күндегі ісінің жүзінде көп пайдалы болып шығады.
2. Сауат ашу жүзінде араб әрпінің қолайлысы латын әрпінен артық.
3. Баспа ісіндегі араб әрпінің ескісі латын әрпінен төмен, жаңасы артық.
4. Мәшинелерге орнатуға араб әрпінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық, ескісін де орнатуға келетінін іс көрсетіп отыр.
5. Араб әліпбиінің әрпі қазақ тілінің дыбыстарына толық жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді. Қазақ емлесі – өте оңай, бұқараға қолайлы емле.
Сөйтіп, екі әріпті салыстырғанда, әріп алмастыру мәселесін дәріптеп көтерудің негізсіз екенін көрсетеді. Бұл сияқты мәселені көтеріп, уақытын шығын қылып жүргендер болса, оны еріккен адамдардың ермегі есебіндегі құр қиял деп көрсетеді.
А.Байтұрсынұлы сол кездегі «араб әріптерінің жалғыз кемшілігі әріптердің тартымсыздығы» дей келіп, оның көзге тартымды болмайтын себебі «араб қарпі түсіне енбеген орыстың шелек жасайтын шеберлеріне істетіп отырғанында» дейді. «Мекемелер қазақ мәшинесін керек қылып, қаржысынан қашпай істетпекші болса, онда шелек жамайтын шеберге істетпей, зауытқа істетуге болады. Онда қаріптердің көркемдігі жағынан міндері де жоғалады», – дейді.
Араб әрпін қуаттаушылардың бірі – М.Дулатұлы. Ол өз сөзінде А.Байтұрсынұлы жетілдірген араб графикасының артық жақтарын көрсетіп: «Араб әрпінің өзгеріп отырғаны ырас. Бірақ қалай өзгертілген, әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14-і ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат болуы керек еді ғой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату керек еді ғой. Он- дай нәрсе болды ма? Болған жоқ, ендеше «бұл өзгертушілердің шеберлігі деп біліңдер», - дейді де, латын әрпіне көшкен жағдайда көп қаржы керек болатынын ескертеді. Араб әрпін жақтаушылардың бірі — Елдес Омарұлы «Жаңа әліпбиге көшсек, мәдениетке жетеміз» деушілерді сынайды. «Әріп мәдениетке керек деген пікір дұрыс.
Бірақ латын әрпін алғанда басқа елдің тілін білеміз деу адасқандық. Әріп керек - болса, мәдениетке тіл тіпті керек. Қазақ әрпінің мәдениетке жетуімізге ешбір бөгеті жоқ. Жаңа мәдениетке ағылшын тілімен жетеміз, қазақ тілімен жетпейміз деу қате. Ескішілдікті, орынсыз еліктегенді қойып, өз әрпімізді, өз тілімізді өңдеуге кіріссек, қазақ тілімен, қазақ әрпімен мәдениетке жетуге, пән кітаптарын жазуға әбден болады. Әріптің суреті латынша болуы, солдан оңға қарай жазылуы мәдениетке жетудің шарты емес», – десе, енді бір мақаласында латын әрпіне көшу үшін ең аз дегенде 20-30 жыл керек болатынын айтады.
Араб әрпін жақтаушы Қ.Кемеңгерұлы мен Б.Бұралқыұлы мектепте араб әрпін де, латын әрпін де қатар оқытып, тәжірибе арқылы тексеру керектігін айта келіп, латын әліпбиіне көшетін болсақ, қазақ арасындағы азғана сауаттының өзі сауатсызға айналатынын ескертеді.
1929 жылдың жаңа оқу жылынан бастап, Қазақстанның барлық оқу орындарында окуды жаңа әліпбимен жүргізуге шешім қабылданады. 1929 жылдың 20 ақпанынан бастап «Уроки казахского языка для европейцев» деген атпен жаңа әліпби сабағы (80 сабак) жүйелі түрде басылып тұрған. Сонымен қатар наурыз айынан бастап газет бетіндегі кей мақалалар латын графикасында беріле бастаған. Мысалы: Т. Шонанұлының «Шет сөздер імләсі жайында», т.б. мақалалары латын графикасымен жарык көрген.
Жаңа әліпбиге көшуге байланысты емле мәселесінде бірқатар таластар, қайшы- лыктар пайда болды. Олар сол кездегі басылым беттерінде жарияланып, көпшіліктің талқысына ұсынылып, түрлі пікірталастар мен айтыстарға негіз болды: Аймауыт- ұлы Ж. «Емле, әріп жайында», «Емлені өзгертуге жоба», «Тағы да емле туралы», Байтұрсынұлы А. «Қазақстан мен Қазағыстан туралы», «Емле туралы», Дулатұлы М. «Емле өзгерту жайында», Залыұлы Н. «Қазақша жазу туралы жаңа ережелер», Кайменұлы І. «Емлені түзету туралы», Аманжолов С. «Жаңа емленің кейбір дыбы- старын өзгерту, емле мен терминдерді дұрыстау туралы», Мамытұлы А. «Емле, пән атаулары», Омаров Е. «Айнымалы дыбыстардың жазылу мәселелері», Токжігітов Ж. <<Бас әріптің керегі жоқ», Уәлитов Ш. «Емлені өзгерту жайында», Шаймерденов Е. «У» мен «И», Байтоғайұлы Б. «Қос сөздер туралы», Омаров Е. «Емле мәселесі», Шона- нов Т. «Шет сөздердің імләсі жайында» т.б.
1929 жылғы 18 ақпанда газет бетінде Қазақстан Орталық жаңа әліпби комитетінің емле мәселесі туралы тіл білімпаздарына, оқушыларға, барлық жазушыларға ашық хаты жарияланады. Онда 1929 жылдың 20 наурызында Қазақстан Оку комиссариаты шақыратын білімпаздар съезіне дейін емле мәселелері талқылануы керектігі ескертіліп, емлеге енген өзгерістерге қатысты оқушылардың пікірі сұралады.
Осыған байланысты «Еңбекші қазақ» газетінің бетінде көптеген мақала жарық көреді. Мысалы: А.Байтұрсынұлы «Емле туралы» (1929 ж. 27 наурыз); <<Емле жайындағы пікірлер» (Ақдәулетұлы Әбділда, Мұқанұлы Сәбит, Есенғали Манабайұлдарының пікірлері) (1929 ж. 28 наурыз); Қайменұлы І. «Емлені түзету туралы» (1929 ж. 10 наурыз); Мамытұлы А. «Емле, пән атаулары туралы» (1929 ж. 19 наурыз); Марғұланұлы Ә. «Жазу мәселесі» (1929 ж. 16-17 тамыз); Аймауытұлы Ж. «Әліпби емлесіне түсінік» (1929 ж. 18 ақпан); «uv, v, iv, yv» (1929 ж. 9 наурыз); «Әдеби тіл мен емле» (1929 ж. 12 мамыр).
А.Байтұрсынұлы «Емле туралы» деген мақаласында: «Осы күнге дейін тұтынып отырған емлеміздің кемшіліктерін түзеп, жоғарыда айтылған туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қамалмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып беретін төменгі ұсыныс болады деймін:
1) әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу;
2) азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу;
3) үйлестіктен дүдәмал естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу;
4) қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу;
5) қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз бәрі де қосарлық (-) белгімен жазылу;
6) жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше болады;
7) үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу. Қосынды сөзге айналған- дары басқа қосынды сөздерше қосарлықпен (-) жазылу. Сын есімнің шырай күшейткіштері де қосарлықпен (-) жазылу;
8) көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу», , — деп көрсетеді. Емле конференциясы қарсаңында термин қабылдау мәселесі де газет беттерінде көп сөз болған. Ондай мақалалар қатарына Т.Шонанұлының «Шет сөздердің емлесі жайында» (1927 ж. 26 наурыз), «Термин туралы» (1928 ж. 7 мамыр) т.б. жатқызуға болады.
Т.Шонанұлы «Шет сөздердің емлесі жайында» деген мақаласында мынадай ұсы- ныстар береді:
1. Жат сөздер қалықтың айтуына жеңіл, құлағына жағымды, түсінігіне үйлесімді, қат тануына оңтайлы болу үшін жат тіл імләсін тіліміздің заңына үйлестіруіміз керек. 2. Шет сөздер дұрыс жазылу үшін:
1) аяғы қалай жазылуына;
2) түбірінің қазақ тіліне үйлеспейтін дыбыстары қалай өзгертіб қысқартуына жол көрсетілсін;
3) шет сөздерді дыбыс негізіне сүйеніп (фонетический принцип), жана пішін меңзеу (морфологическая анология) заңымен қарастырып жазалық;
4) шет сөздерді дыбыс негізінде тіліміздің заңына сүйеніп жазу үшін тілімізге қалық арқылы кірген араб-парсы және ескіден кірген орыс сөздері дерек болсын;
5) шет сөздегі ф орнына қазақша п жазылсын: физика-пизика;
6) ауропа ия орыс тілінің басындағы g (г) қазақша ј (ж) жазылсын (бұған ауропа тілінде h орысқа g басып кірген дыбыстар кірмейді, мысалы, генерал-жанарал, георгий-жәгор;
7) ауропада ch, орысшада х, араб-парсыда і дыбысы қазақша қатты сөзде қ, жұмсақ сөзде к жазылсын.
ХХ ғасырдың басында қазақ орфографиясына негіз болатын жүйе (принцип) тандау мәселесі кызу талас тудырды. Осыған байланысты басылым беттерінде көптеген макала жарық көрді. Олардың қатарына А.Байтұрсынұлының «Емле ту- ралы», Т.Шонановтың «Шет сөздерінің імләсі жайында», А.Мамытұлының «Емле, пән атаулары туралы», Б.Шопанзаданың «Қазақ тілі емлесінің ірге кезендері», Е.Омаровтың «Емле мәселесі», Ж.Аймауытұлының «Емле, әріп жайында» т.с.с. мақалаларын жатқызуға болады.
А.Байтұрсынұлы «Емле туралы» деген мақаласында былай деп жазады: «Емле негізі 4 түрлі: 1) таңба жүйелі (негізі ынтымак); 2) тарих жүйелі (негізі дағды); 3) туыс жүйелі (негізі тегіне карай); 4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай).
1. Танба жүйелі емле арғынға «дөңгелек» таңба алайык, кыпшакка «жіп» танба алайык деген сияқты немесе «бірге» мынадай «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайык деген сиякты, не болмаса пәлен дыбысқа пәлен белгі алайык деп, дыбыс басына әріп арнаған сияқты тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сезді анадай етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі. Емленің бұл жүйесін алу-алмау жағын сөз кылмай өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз калай жасалса да, негізгі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік.
2. Тарих жүйелі емле баяғы бір жасалған түрінде қолданып дағдыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен әдеттенген бойынша қолданатын емле. Ондай емледе бір дыбыска арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, бірнеше дыбыстың ортасындағы ортақ таңба болуы мүмкін. Бір дыбысты жазуға бірнеше әріп жұмсалуы мүмкін немесе тіпті дыбысы жоғалып кеткен әріптерді әлі күнге жоғалмастан, сез ішінде жазылып жүруі мүмкін. Емлеміздің жүйелі болу-болмауын тағы сөз қылмай өтеміз, үйткені дағдыланған емлеше жазамыз десек, емле мәселесі қозғалмас еді.
3. Туыс жүйелі емле сөздің ауыздан шыққан дыбыстарына қарамай, тегіне карап отырып жазатын емле. Мәселен, ауыздан шыққанда «қорада бір қара ат тұр екен» дегенде «кара» деген, «ат» деген сөздерді ауыздан шығуынша «қарат» деп жазбай, «қара ат» деп жазады. Сол секілді ауыздан шыққанда, «солай болсигеді» болып естілсе де, жазғанда «солай болса игі еді» деп, «болса», «игі», «еді» деген сөздердін тегіне карап жазады. Бірақ осы күнгі емлемізше жазу бар болғандықтан, емленің бұл түрі сөз болуға тиіс.
4. Дыбыс жүйелі емле сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле. Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда ауыздан бір түрлі болып шығады, әр сөзді оңаша, жеке алып айтканда ауыздан екінші түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын түрде «ақ», «көк» деген сөздердің айтылуынан көруге болады. Осы сөздерді оңаша, жеке түрінде айтсак, ауыздан айнымай шығады. Сол араға «өгіз» деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі сөздеріміздің аяғы айнып, екінші түрлі естіледі (Ақ өгіз аг өгіз, көк өгіз көг өгіз).
Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша жазу түрін тілдік ілім-білім жүзінде колданбаса, өнер-білім жүзінде еш жұртта қолдану жоқ. Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді. Сондықтан емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік.
Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс жүйелі болу тиіс дейді: керек орындарда ғана туыс жүйелі (сөз жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы емлеміз дыбыс жүйелі емес бе еді? Туыс жүйесін керексіз орында кірістіруші едік пе? Бұрын- ты емлемізде дыбыс жүйелі екендігін, туыс жүйелі қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда айтып өттік. Олай болса, жаңа емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан басқалығы қай жерінде? Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз жалғаса айтылғандағы дыбыстарының естілуінше жазу тиіс дейді (бұрынғы емлемізде әр сөз жеке айтылғандағы естілуінше жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей, ауыздан шығуынша жазылсын дейді. Бұрынғы емлемізде ондай дыбыстар ауыздан шығуына карамай, тегіне қарап жазылатын. Мысал үшін, бұрынғы емлеше жазу мен жаңа жо- баша жазылу арасындағы айырымын бірнеше сөз алып көрсетіп өтейік. Алдыңғысы бұрынғыша, соңғысы жаңаша жазылған сөздер болады: Тұрғанбай Тұрғамбай, қонған қонған, көнген көңген, інге іңге, бара алмайды баралмайды, келе алмайды- келалмайды, келе алмай тұрмын келалмайтұрмын, бүрсі күні бүрсігүні, бұрнағы күні бұрнағыгүні, жазды күні жаздыгүні, тұзсыз тұссыз, басшы башшы, ізші - ішші, қазса қасса тағы сондайлар.
башшы, ізші — ішші, қазса – қасса тағы сондайлар.
Мұнымен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол жүруіне жеңіл бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып жақындар ма? — Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан мұның несі артық деп аламыз? Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуге мағана бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс жүйелі болсын дейтіндер де, кілең дыбыс жүйелі болсын дейтіндер де алдарында неге барып қамалатындарына көз салмайды-ау деймін.
Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенде, «балалы», «тұзлы», «атлы», «баланы», «тұзны», «атны» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы болып табылар ма? Кілең дыбыс жүйелі болсын дегенде, «сөзшең» дегенді «сөшшең» деп, «ізшілер», «ісшілер» деген сөздердің екеуін де бірдей «ішшілер» деп, «кигізсе» дегенді «кигіссе» деп, «кигізше» дегенді «кигішше» деп, «жазса» дегенді «жасса» деп, «қызса» дегенді «қысса» деп, «сезсе» дегенді «сессе» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы бола ала ма? Екі жүйені де аралас тұтыну керек деушілер: керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді. Солай дейді де, мынау сөзді мынадай, анау сөзді анадай етіп жазайық деп, сөз басына ереже жасайды. Сөз басына ереже жасайтын болсақ, ондай емле қолайлы, оңай емле болып табылар ма?
Онан басқа тағы бір байқалып тұрған нәрсе - сөздерді қосып жазуға құмарлық. Ол құмарлықтың ар жағы неге барып килігетініне тағы көз салынбайды-ау деймін.
Мәселен: «бара алмайды» дегенді «баралмайды» деп жазу керек дейтін бар. Бұл қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі - көсемше етістік, екіншісі көмекші етістік екен. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды. Онан көбірек болып бірлесетін орындары болады. Менің ойымша, қопа қардай етіп емле жүйесін өзгертеміз демей, бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын тексеріп, соларын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу үшін мүмкіндігінше жанастыру жағына қарап икемдеу».
ХХ ғасыр басында һ дыбысына байланысты да көптеген айтыстар, пікірталастар болды. Баспасөз бетінде, емле конференциясында осы мәселе төңірегінде айтысушылар екіге айырылды: бірі – бұл дыбыс қазақ тілінде бар, оған арнайы таңба алу керек деушілер: А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, Ә.Байділдәұлы т.б. болса, екіншісі бұл дыбыс қазақ тіліне тән емес деушілер: Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омаров, Т.Шонанов т.б. Ж.Аймауытұлы мен Е.Омаровтың баспасөз бетінде қазақ тілінің келелі мәселелеріне байланысты айтыстарының ішінде осы һ дыбысы да көп сөз болады. Осындай талас 1929 жылғы емле конференциясы барысында да туындайды. Ә.Байділдаұлының «h әрпі керек» деген пікіріне Қ.Кемеңгерұлы: «Если у нас во всех иностранных словах, которые вошли в казахский язык вообще отбрасывается буква h, то это дела- ется потому, что в казахском представлении этой фонемы нет, она имеется только в междометиях и то сомнительно. Это - - факт», деп, бұл дыбыстың қазақ тіліне тән еместігін дәлелдейді. Бұл шағын үзіндінің өзінен Қ.Кемеңгерұлының фонема, әріп терминдерінің мәнін, байыбын терең түсінген фонолог ғалым болғандығын байқауға болады.
Ғ.Әбуханов, І.Кеңесбаев, С.Мырзабеков сияқты ғалымдар һ дыбысын қатаң дауыссызға жатқызса, К.Аханов, К.Бейсенбаева, М.Қараев т.б. ғалымдар бұл дыбысты ұяң дауыссызға жатқызған.
Сонымен, һ дыбысының қазақ тіліне тән дыбыс еместігі туралы Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, т.б. зерттеушілердің пікірлері бүгінде Ә.Жүнісбеков, Н.Уәлиев еңбектерінде жалғасын тапқан.
Баспасөз бетінде дауыстылардың саны, құрамы туралы түрлі көзқарастар, пікірлер болды. Мысалы, Ж.Аймауытұлы, Б.Малдыбайұлы, С.Мұқанұлы и, у дыбыстарында дауыстыға жатқызып, қазақ тілінде он бір дауысты бар десе, Б.Малдыбайұлы э, ю, я әріптерін де дауыстылардың қатарына қосып, дауыстылардың санын он төртке жеткізеді.
Тіліміздің сингармонизм заңдылығын ескере отырып, дауысты дыбыстардың құрамын дұрыс анықтаған А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов сияқты ғалымдардың айтқандарымен бүгінгі таңда Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, Н.Уәлиев, Н.Машқанова сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі ой- тұжырымдар үндесіп жатыр. Қ.Кемеңгерұлы дауысты дыбыстарды тілдің қатысына қарай «жуан-жіңішке», еріннің қатысына қарай «еріндік-езулік», жақтың қатысына қарай «ашық, жартылай ашық, қысаң, жартылай қысаң» деп топтастырады. Дауыстыларды «жуан-жіңішке, еріндік-езулік» деп жіктеуде зерттеушілердің көбінде бірізділік бар. Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы т.б. ғалымдардың дауыстыларды «жуан-жіңішке, еріндік-езулік» деп топтасты-рулары ұқсас. Бүгінгі таңдағы қазақ тілі фонетикасында да мұндай дауыстыларды тануда әрқилылық жоқ.
Ғасыр басында баспасөз бетінде де, білімпаздар тобында да арнайы сөз болып, көп айтыс туғызған мәселелердің бірі — бітеу буындарда және л, р, у, и дыбыстарының алдында ы(i), ұ(y) дыбыстарын жазу-жазбау мәселесі.
Б.Малдыбайұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Шонанов, К.К.Юдахиндер «ы (i), ұ (ү) ды- быстары дүдәмал естілетіндіктен, кейде түсіп қалатындықтан (орын мойны т.б.) әрі сөз мағынасына әсері болмайтындықтан, р, л, у, и дыбыстарының орны, мойын алдында бітеу буындарда жазбай-ақ қойса да болады» деген пікірді ұстанады. Ал А.Байтұрсынұлы алғашқы кезде бітеу буындарда р, л, у, и дыбыстарының алдынан ы, ұ (соған сәйкес i, y) дыбыстарын жазбай-ақ қоюға болатынын айтса, кейінгі мақалаларында естілсе, ы, ұ дыбыстарын таңбалау керектігін айтады.
Е.Омаров «Қазақша жазу жайы», «Емле мәселесі», «Жазу мәселесі» т.б. мақа- лаларында және конференцияда сөйлеген сөздерінде ы, ұ дыбыстары естілген жерін- де қалдырылмай жазылу керектігін дәлелдейді. Осындай көзқарасты Қ.Кемеңгерұлы («Жауропалықтар үшін оқу құралы», конференциядағы сөздерінде т.б.); Есенғали («Емле жайындағы пікірлер») да қуаттайды.
А.Байтұрсынұлы мен Е.Омаров бітеу буында ы (i), ұ (у) дыбыстарының бар- жоқтығын айыру үшін «артықша сезгіштіктің керегі жоқ, қазақ құлағы болуы керектігін» айта келіп, кейбір сөздердің мағынасын ажыратуда бұл дыбыстардың әсері бар екенін: жарқ етті — ай жарық; тұрс (тарс-тұрс) тұрыс (отырыс- тұрыс); бүлк (бүлкету) – бүлік (бүлік шығару), жорт (аттың жортуы) — жорыт (түсті жорыту) сияқты мысалдарды келтіре отырып дәлелдейді.
Сонда, егер бітеу буында ы (i), ұ (у) дыбыстарын таңбаламайтын болсақ, мұндай мағыналары екі түрлі сөздерді ажырату қиынға түсетінін айтады. Сондықтан А.Байтұрсынұлы, Е.Омаровтар естілген жерінде ы (i), к (к) жазып, естілмеген жерінде жазбау керектігін ескертеді. Ал енді «әркімнің құлағы әртүрлі естіген немесе солай естіледі деп ұғып, әдеттеніп қалған жағдайда, өлең өлшемімен ашылуы керектігін» айтады.
Бірсыпыра ғалымдар и, у дыбыстарын қосар әріппен таңбалау керек десе, екіншілері и, у дыбыстарын бір таңбамен таңбалауды ұсынады. 1929-1938 жылдарында да у, и дыбыстары ұзақ естілетін жерінде косар таңбамен берілген. Мысалы, pojlarmoпьја (пыйлармоныйа), kəbijnet (кәбійнет), yjrenyv (үйренуү), ondiryv (өндіруү) т.с.с. Бұл мысалдар арқылы у, и дыбыстары жуан айтылғанда уұ, ый, жіңішке айтылғанда үу, ій болып қосар таңбамен таңбаланғанын көруге болады. Бұлай жазу түрі, әрине, жазуды киындатты деуге болады. Қосарлап таңбалау бір сөзді бірнеше түрлі жазуға жол берді. Осыған байланысты ғалымдар «ь», «і» әріптерін бітеу буында және тұйық буындарда жазбау керек және орыс тілінен енген сөздерде «ь», «і» әріптерін алып тастау керек» деген ұсыныс айтады.
У и дыбыстарын косар әріппен таңбалау жөнінде Ж.Аймауытұлы қосар таңбаларға катысты өзінің жобасын ұсынады. Бұл жобада қосар у және и дыбыстарын жарты дауысты емес, толык дауысты дыбыстар қатарына кіргізу керектігін айтады. Косар әріптер жөнінде С.Аманжолұлы: «Қосарлы жазылуына себеп болған бізде орыстын «и» дыбысы сияқты толық әріптің жоқтығы. Бізде і дыбысы тек жіңішкелік үшін, дәнекер үшін жүреді, біздегі «і» дыбысы тек қысқалықты, шолақтықты көрсетеді. Ол екеуі де жарымжан, екеуі де толық әріптік қабілеті жоктар. Енді біз екеуін қосып бір әріп қылмау үшін не жаңадан бір дыбыс алу керек десек, оған қолайлы танба жок, і дыбысына толық орыстың «и» дыбысымен бірдей бол дегенмен, ешбір болатын емес. Оның себебі жіңішке, жарты дауысты екендігі. Бұл екі қасиет оны толық «и» (орысша) қыла алмайды. Сөйткен күнде де оны сол қалпында қалдырмау керек» дей отырып, мынадай жоба ұсынады:
і әрпі бұрынғы күйінде қалсын, оның жіңішкелік, дәнекерлікке беретін мәні де жеткілікті:
j әрпіне толығырақ маңыз беру керек. Оны орыстың «и» дыбысымен бірдей дәрежеге жеткізу керек. Сондай екі дыбыс (i, j) катар жазылмайтын болады;
дыбысы дауысты дыбыстардан соң ғана, қысқа шолақ дауыссыз саналсын;
4) еш жерде )-дің алдынан і дыбысы жазылмасын, қосарланбасын, тек /-дің арты- нан келуіне болады. Мысалы, kjim, tjin т.б.);
5) и дыбысы орыстың 6-сына (сөз басында келсе), сөз ортасында, аяғында орыстың «у»-на тен деп есептелсін.
Ниязұлы Ғали қосар әріптер жазу экономиясына әсер ететіндігі және осы әріптерді ықшамдап қолдану керектігін айта кетіп, былай дейді: «Социалистік Қазақстан» газетінің бір нөміріндегі басы артық «ь» мен «і» дыбыстарын санап шықтық. Сонда «СК»-ның төрт бетінде (орта есеппен) не барлығы 4000 жол (120000 әріп) бар екен. Сонда бір жолда орта есеппен артық түскен 5 (ь мен і) әріптен қойғанда, 4 бетте басы бос 700 жол артык «ь» мен «і» дыбыстары барлығы көрінеді. Егер біз осы- ларды ыкшамдай білсек, кітап, жорнал, газеттерге бірталай сөз сыйғызып, онымен катар артык енбек етіп арамтер болмас едік».
Осы қосар әріптердің жазылуына байланысты ғалым, проф. Қ.Жұбанов қысаң дауыстыларды сөз еткенде қосар дыбыстар ерте кезде бір дауысты, бір дауыссыздардан құралған деп, қазіргі емледе у, й-ді қосарлап қолдану болмайтынын айтқан болатын. Қ.Жұбанов «Қосар ма, дара ма?» деген өзінің мақаласында былай дейді: «Бұрын екі дыбыс (бірі дауысты, бірі дауыссыз) болған жердің бәрі бірдей қосар әріппен таңбалана беретін болғанда, «сары» сөзі бұрын «сарығ» түрінде болған; сондықтан етістікке айналған кезде «сарғ-ай» болып ғ пайда болды. Онда мұны да «сарұу» немесе «сарый» түрінде жазбақшымыз ба? «Тірі» сөзі «тірік, «торы» сөзі «торық» түрінде болған, әлде бұларды да «тірій, торый» деп жазамыз ба? Әрине, жаза алмаймыз».
Осындай көп талқыға түсіп, ақырында «Қазақ тілінің орфографиясын өзгерту» туралы 1938 ж. 2 қаңтар айындағы Қазақстан Үкіметінің қаулысы бойынша қосар әріппен танбаланатын дыбыстарды бір әріппен таңбалау алынады. Қ.Кемеңгерұлы сонорлар мен қатаң дауыссыздардың тіркесуі туралы 1924 жылғы білімпаздар съезінде арнайы ережелер болғанмен, соңғы жылдары бұл ережелердің ескерілмей, бұрмаланып жатқанын қынжыла айтады. Жент, кент, құрт сияқты сөздердің кейде женіт, кеніт, құрыт түрінде жазылып жүргенін айта келіп, осындай сөздерге байланысты арнайы тармақ енгізу керектігін ескертеді. Ғалым сонорлар мен қатаңдардың бұлайша тіркесуін ғылыми түрде негіздеу үшін оларға экспериментті зерттеу жүргізу қажеттігін айта келіп, әзірше оларды «дауыссыз дифтонг» деп атау керектігін, сөйтіп, олардың (сонор мен қатаң дауыссыздың) арасына ы (i), ұ (у) ды- быстарын қоспай оқып-жазу керектігін ескертеді.
Қазақстанда латын әліпбиіне өту, сауаттану басқа түркі халықтарына қарағанда бәсең жүреді. Сондықтан жаңа әліпбидің Бүкілодақтық Орталық комитетінің IV пле- нумы Алматыда өтеді (1930 ж. 6 мамыр). Пленумға С.Асфендияров, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанов, Шәрібаев қатынасады. Пленум мүшелері Қазақстанның жаңа әліпбиге деген салғырт көзқарасы азаймай отырғанын айтады (8-11 жасқа дейінгі балалардың 20% ғана мектепке тартылған). Ресей білімпаздарынан қатынасқан Н.Ф.Яковлев терминдерді бағындырып жазуда сақтыққа, тіпті онымен күресуге шақырады. Пле- нумда бас әріп мәселесі (С.Асфендияров: «Қазақ жазуы бас әріпті алмайды, алса қызметін азайтып алады, жалпы бас әріп ағылшын, француз емлесінде де бірыңғай принципке сүйенбейді» — деді); графемалардың психотехникасы («Шор жазу психо- логиясы Германия, Америкада жақсы зерттелген, сонда қазіргі жазу жолынан шығып тұрған таңбалар - бас әріп, нүкте, үтірлер көзге бірден анық көрінетіні анықталған» дейді), фонетикалық унификация (Қ.Жұбанов: «Пленумның мақсаты бір жазуды негіз етіп анықтау болмау керек, ешбір жазу басқа тілдің жазуымен ыңғайласа ал- майды, әзербайжандар q, k әріптерінің мағынасын өзгертіп жіберді» — десе, профессор Самойлович: «Қазақ жазуы <ш>-ны с-мен берді, себебі, c — унификацияланған әліпбиде <ч>-ны береді», деді; Қ.Жұбанов: «Бір-біріне саяси, экономикалық, мәдени жақындығы бар тілдер бір унификация жасау керек, жаппай бірлестіру болмайтын іс», деді) мәселелері сөз болады. Пленум қаулысы Қазақстандағы сауаттылықты тағы 15%-ға көбейту, 1930 жылдың қазанында жаңа әліпбиге көшуді түбегейлі аяқтау, Қырғызстан, Қазақстан, Дағыстан жазуы бас әріпті қабылдау керектігін бекітеді.
1938 жылы <<Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы» қаулыдан соң әліпбиге f (ф), x (x), v (в) әріптері енеді. <ы> -b, -u, -y,
- u,
-y, <ф>-f-мен беріледі, ю-іи, я-іа тіркесімен таңбаланатын болады. Әліпбиде е, ц, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбалары болмайды.
Қысаң езуліктердің таңбалары (ь, j) мазмұнға ие болып тұрса, жазылуы керек делінді. Бірақ бұл емле ала-құлалығын тудырды: topbraq, prcad, tjrek, kjlem, bras, brai. Сондай-ақ түбірдің соңғы буынында <ы>, дыбыстары естілетін сөздерге тәуелдік жалғауы қосылғанда, қысаң езуліктер түсіп қалса, түбірде жазылмайды, ал түсірілмесе, түбірде жазылуы керек делінді. Мысалы, көрк, себебі көркім; көрік, себебі, көрігі (ұстаның).
Сөйтіп, ХХ ғасыр басында әліпби алмастыру мәселесі көптеген талас тудырып, қазақ қоғамын екіге айырды, емле мәселесінде көптеген қиындықтар тудырды. Осы кезенде тіл білімінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың репрессиялануына байланысты тілтанымдық мұрасы ұзақ жылдар бойы беймәлім болып келген, елеусіз қалған жайттар да болды. Бүгінгі таңдағы түрлі әдіс-тәсіл, ғылым жетістіктерінің нәтижесінде қол жеткен табыстың сол кездегі ғалымдардың тұжырымдарымен үндесуі, бір жағы, осы нәтиженің дұрыстығын көрсетсе, екінші жағынан, XX ғасырдың басында-ақ тіліміздің болмысын терең түсініп, дөп басып анықтай білген А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, Қ.Басымұлы сынды ғалымдардың білгірлігін танытады. Сол арқылы сол кездегі қазақ тіл білімінің даму деңгейінен де хабардар етеді. Ғалымдар тұжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес келуі, бір жағынан, өткен ғасырдың 20-жылдарында тіл білімінің қаншалықты құлаш жайғанын көрсетсе, екінші жағынан, репрессия зардабының нәтижесінде ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытады.