45
өмірімде қалпына келтіруге тырыстым. Сонда, барлығын бірден өзгертуге менде
жеткілікті күш бар екенін мен білмеген едім. Мен өзіме барынша қатты қарадым, оның
бәрі махаббаттың аздығы мен өзімнің толық бұзылғаныма және адамдар арасында
өмірде керексіз екеніме өзімді тұсап тастағаныма байланысты болды.
Менің өмірімде орын алған және осы күнге дейін жалғасқан оқиғалар өткеннен
келген барлық ойлар мен сенімдердің нәтижесі болды. Келіңіз, ұяттан өліп, өткенімізге
үңіле бергенді қояйық. Өткенге бай өмірлік тәжірибе ретінде қараңыз. Бұл тәжірибесіз
сіз бүгін осында болмас едіңіз. Өзін-өзі жерге ұра беруге қандай негіз бар?
Сіз бір
нәрсені аяғына жеткізбегеніңізден не болып қалды? Сіз қолыңыздан қалай келсе, солай
жасадыңыз. Өткенді махаббатпен өзіңізден қоя беріңіз, оған сізді осы санаға жеткізгені
үшін разы болыңыз.
Өткеніміз тек біздің санамызда ғана тұр. Біз оны белгілі бір призмадан
қабылдаймыз. Біздің нақ қазіргі күйіміз, нақ осы секундта не жасап және нені
сезінгеніміз маңызды. Біз бүгін не жасасақ, ол ертеңгі күнге негіз болады. Сонымен,
нақ қазір шешім қабылдаған дұрыс болып шығады. Тек бүгін. Біз нақ қазір қандай
ойлар, сенім мен сөздерді тыңдадық, сол маңызды.
Біз саналы түрде өзіміздің сезімдеріміз бен ойларымызды өзгерте бастасақ, онда
біз бұндай өзгеріс үшін керектінің бәріне ие боламыз. Бұл қарапайым ақ нәрсе болып
көрінуі мүмкін, бірақ күштің бастауы қазіргі сәтте екені есіңізде болсын.
Сана – сізге қожалық етпейді, сіз – санаңызға қожасыз, осыны біліп алу
маңызды. Сіздің Жоғарғы «меніңіз» - оның қожасы. Сіз ескіше ойлауды қоя аласыз.
Сіздің ескі ойларыңыз «Өзгеру деген – қиын іс» деп, өз орнына қайта келуге ұмтылса,
онда өзіңізге-өзіңіз мынадай нұсқау беріңіз: «Мен, қазір, өзгеруі қиын емес нәрсеге
сеніп тұрмын».
Егер қаласаңыз, өзіңізге-өзіңіз ие бола алғанша, осы ішкі монологты
көп рет қайталаңыз. Және, осыдан басқа, не айтқыңыз келген болса, нақ соны айтыңыз.
Ойлар су тамшылары деп қабылдап көріңізші. Бір ой – бір тамшы су секілді,
онша көп емес. Ал, сіздің ойларыңыз бірінің үстіне бірі қосылып, көбейе берсе, онда
тамшылар жинала келе алақандай ылғалды құрады, кейін кішкене шалшыққа, бара-бара
су қоймасына айналады. Артынан көл, өзен, теңіз, ақыр соңында мұхит. Демек сіз бір
тамшы ойыңызды мұхитқа айналдырғыңыз келе ме? Ол
мұхит ластанып, уланған ба,
жоқ, мөлдір, таза ма?
Маған: «Мен солай ойлауды қоя алмаймын» деп жиі шағымданады. Мен барлық
уақытта: «Жоқ, сіз қоя аласыз» деп жауап беремін. Ойлап қараңызшы, сіз жақсы
ойларды ойлаудан жиі бас тартасыз ба? Сізден талап етілетін болмашы ғана нәрсе:
«Мен осылай жасаймын» деп өзіңіздің санаңызға нұсқау беру ғана. Сіз шешім
қабылдауыңыз керек те, теріс ойларды ойлағанды қоюыңыз керек. Байқасаңыз, мен,
сізге, қандай да бір нәрсені өзгерткіңіз келгенде, өз ойларыңызбен күресіңіз деп кеңес
бермеймін. Егер сіздің басыңызға бір теріс ой келе қалса, онда сіз оған: «Келіп
қалғаныңызға рахмет» деңіз. Сонда сіз істің нақты жағдайын жоққа шығармайсыз және
өзіңіздегі жасампаз күшті теріс ойлармен бұзып алмайсыз. Өзіңізге түрлі теріске
шығаруларға беріле алатыныңызды, өмірге теріс көзқарастан бас тарта алатыныңызды
айтыңыз. Сіз тіптен басқаша ойлау образын қалыптастырғыңыз келеді. Сондай ойдың
бар екенін мойындаңыз және ол ойларды қалдырып ілгері жылжыңыз. Өз теріс
ойларыңыздың теңізіне сүңги бермеңіз, онда сіз өмір мұхитында да жүзе бастайсыз.
Сіздің мұратыңыз - әсемдік пен сүйіспеншіліктегі өмір бастауының айнасы болу.
Өмір сізге өзінің қазынасын ашуға әзір тұр, бірақ ол үшін сіз оған лайық болуға тиіссіз.
Ғарыштағы Ақыл мен Сана қашан да сіздің қызметіңізде. Өмір барлық уақытта сізбен
қатар
келе жатыр, сіздің тірегіңіз сонда. Сеніңіз, КҮШ ӨЗ ІШІҢІЗДЕ деген сөз сіз үшін.
Егер сіз қорқып қалған болсаңыз мына жаттығу сізге жәрдемдеседі. Тыныс алу
процесін ойша есіңізге алып көріңізші, сіздің өкпеңіз ауаға қалай толады. Ішке –
сыртқа, ішке – сыртқа… Тыныс алу - өмірдегі ең қымбатты субстанция – сізге тегін
берілген. Сіз өмір сүріп тұрған кезіңізде бұдан тапшылық көрмейсіз. Сіз осы бағасы
46
биік сыйды қабылдай тұрып, неге екенін қайдам, өмір сізге басқа жағдайларда
қарайласпады деп санайсыз. Неге, сіз, қажет нәрсенің бәрінде өмір сізге қарайласпайды
деп ойлайсыз? Енді сізге өз бойыңыздағы күштерді де танитын кез келді – сіз неге
қабілетті екенсіз, қане? Ішіңізге үңіліп қараңыз, сіз өзіңіздің кім екеніңізді білесіз.
Біздің бәріміздің жеке пікіріміз бар. Біздің оған құқығымыз бар, және ол менде
де бар. Әлемде не болып жатқаны маңызды емес. Бір нәрсе аян: Сіз өзіңізді
қызықтыратын нәрсемен ғана жұмыс істеуіңіз керек. Сізге өзіңіздің ішкі
жолбастаушыңызбен байланысты реттеу қажет. Ол сіз бергіңіз келетін барлық
сұрақтардың жауабын біледі. Ол – ақылдың кені.
Әрбір рет «білмеймін» деп айтқан сайын, сіздің ішкі ақылығыңызға алып барар
қақпа жабыла береді. Өзіңіздің Жоғарғы «Меніңізден»
алған хабарламаңыз өте
маңызды және сізге қайырымды әсер етеді. Егер хабарлама кері әсер берсе, онда сіздің
ішкі «эгоңыз» іске қосылғаны деп біліңіз.
Дұрыс таңдау жасасаңыз өзіңізді қолдай жүріңіз, егер таңдауыңызға
күдіктенсеңіз, онда өзіңізден: «МЕН БҰЛ ШЕШІМДІ ӨЗІМЕ ДЕГЕН МАХАББАТҚА
САЙ ҚАБЫЛДАДЫМ БА? ҚАЗІР ОСЫНЫҢ МАҒАН ҚАЖЕТІ БАР МА ЕДІ?» деп
сұраңыз. Кейінірек, бір күн өткен соң, бір айдан кейін, бір жылдан соң – сіз басқаша
шешім қабылдауыңыз мүмкін, бірақ сіз өзіңізге осы сауалды ұдайы қоя жүріңіз.
Сіз кімсіз? Сіз нені үйренгіңіз келеді, Сізді неге үйрету керек? Біздің әрбірімізде
өзіміздің, ештеңе тең келмейтін мақсатымыз бар. Біз, өзімізді, өзіміздің жеке
қабілетіміз, өз мұңымыз, өз қорқыныштарымыз бен кеселдерімізден басқа ерекшерек,
биігірек санаймыз. Біз өз тәнімізден де басымырақпыз. Біз,
планетада орын алған
нәрселердің бәрімен, оның барлық көріністерімен байланыстамыз. Біздің әрбірімізде
рухтық бастау бар. Біз – жарықпыз, қуатпыз, толқынбыз және махаббатпыз. Бізде
мақсатымызды айқындауға және не үшін өмір сүріп жүргенімізді тануға жетерлік күш
бар.
Достарыңызбен бөлісу: