Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Сезімдерге еркіндікке шығуға мүмкіндік беру



Pdf көрінісі
бет51/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Сезімдерге еркіндікке шығуға мүмкіндік беру 
Егер біз қайғының ішіндегі ішкі өсуді іздесек, ол да ұлы игілік болып кетуі 
мүмкін.
Ашу шақырудың да кейде пайдасы бар. Тысқа шығар жол таппай ол іште қалса 
кеселге айналады немесе организмнің жұмысын бұзады. Ашу өзіңізге наразы болу 
сезімі секілді себептен туады. Денемізде қалып қойған ашудың нәтижесі реніш, уайым 
және депрессия. 
Сізді ренжіткен кісінің бетіне не себепті ренжігеніңізді айтудан бастаңыз. Оған 
шынымен күйінгеніңізді ол сезінетіндей болсын. Былай деп айту керек: 
- мен саған ренжідім, өйткені … 
- Мен ренжідім, өйткені сен … 
- Мен сені … ма деп қорқамын. 
Осылай деп болып, ол адамды кешіруге тырысыңыз. Кешіру – ішкі еркіндікті 
алу. Одан сіз өзіңіз ұтасыз. Мүмкін сіз былай дерсіз: 


50 
ҚАЙТЕМІЗ, БҰЛ ЖАҒДАЙ ДА АРТТА ҚАЛДЫ, ЕНДІ ОЛ ӨТКЕН 
КҮНДЕРДІҢ ЕНШІСІНЕ КЕТТІ. МЕН СЕНІҢ ІСТЕРІҢДІ МАҚҰЛДАМАЙМЫН
БІРАҚ, СЕН ДЕ ӨЗ ТҮСІНІГІҢЕ ҚАРАЙ ОСЫЛАЙ ЖАСАҒАН БОЛАРСЫҢ, НАҚТЫ 
ЖАҒДАЙДЫ ТАНУЫҢ ОСЫЛАЙ ШЫҒАР. КЕЛ, ОСЫМЕН ТОҚТАТАЙЫҚ. МЕН 
СЕНІ БҰЛ ІСТЕН АЙЫРДЫМ ЖӘНЕ БОСАТТЫМ. СЕН ДЕ, МЕН ДЕ АЗАТПЫЗ. 
Осылай деп айта алмасаң, хат ретінде жазып, оны өртеп жіберуге болады. Ешкім 
жоқ жерде желге айғайлап айтса да болады. Осының бәрі керексіз сезімдерден 
ажыраудың жолы. 
Мүмкін сіз ылғи да наразы болып, я ашуланып жүруге әдеттеніп кеткен 
боларсыз? Олай да болуы мүмкін. Мен оны АШУЛАНУҒА ӘДЕТТЕНУ деп атаймын. 
Сәл болса кемерінен шығып, ашулана кетуге әзір тұратындар, өздерінен былай деп 
сұраса қайтеді: 
- Неге мен ылғи да ренжіп жүремін? 
- Өзімде ренжітетін нәрселерді болдырмау үшін мен не жасап жатырмын? 
- Ренжу мендегі өмірге қарсылық білдіретін жалғыз ғана тәсілім бе? 
- Мен неге осындай жағдайда жүргім келеді? 
- Менің көңілімді қалдырып жүрген қайсы сенімім? 
- Біреулер мені қолайсыздандыруды қалайтындай бір нәрсені мен өзім таратып 
тұрмаймын ба? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет