Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым


Дауыстап айтылған сөздің құдіреті



Pdf көрінісі
бет49/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

Дауыстап айтылған сөздің құдіреті 
Өмірден не қалайтыныңызды күнделікті ашық жариялап отырыңыз. Нақ сол 
жариялаған қалауыңызға ие болып қалғандай жариялаңыз. 


48 
Ішкі диалогтың мақамын өзгертуге тырыс. «Солай болса екен», «Керек» 
(жұмысқа баруым керек, осыны орындауым керек, т.с.с) дегенді мүлде айтпа. Оның 
орнына «Осылай етемін, ол менің таңдауым» де. «Таңдау» - қандай керемет сөз. 
«Ұмытпа» деген сөзді ұмытып, «Мархабат. Есіңде болсын» деген сөзді тұтын. Сіз ішкі 
дауысты, ой-қиялды реттеңіз. Нашар ойлар мен арзан қиялдар келгенде «Жоқ, менде 
олай болуы тиіс емес» деуді үйреніңіз. Өз өміріңізге өзгеріс енгізе алатын жалғаз адам 
– СІЗДІҢ ӨЗІҢІЗ. 
Сонымен: «ӨЗІН СҮЮ – СІЗ ЖАСАЙ АЛАТЫН ІСТЕРДІҢ ЕҢ 
МАҢЫЗДЫСЫ».
Ескі бағдарламаларды өзгерту 
Кішкене болса да, бірінші қадамды жасауды қалаңыз. Не білгіңіз келгеніне 
өзіңізді жұмылдырыңыз. Және де кереметтердің болатынына сеніңіз. 
Өзгеру үшін «жек көремін» деген сөзді айтуды тоқтатыңыз. «Мен машинамды 
жек көремін» десеңіз сіз жаңа машина алғанда да әлгі жек көру сезімі сақталып қалады.
Сіздің өміріңізде өте жек көруге мәжбүрлейтін нәрселер болуы мүмкін. Одан 
құтылудың жолы: «МЕН САҒАН МАХАББАТЫМДЫ ЖОЛДАЙМЫН, ЕРКІНДІК 
БЕРЕМІН ЖӘНЕ АЗАТ ЕТЕМІН» деу. 
«Мен - баймын», «Мен – лайықтымын», «Мен өзімді сүйемін», «Мен өзіме 
барлығына қолым жетуге және бәрін алуға мүмкіндік беремін» деген жөн. 
Егер сізде құтыла алмайтын бір әдеттер болса, өзіңізден оның сізге қалай қызмет 
етіп жатқанын сұраңыз. Сонда сіздің өміріңіз ол әдетсіз жарқынырақ болатынын 
сезінесіз. 
Бір проблемалардың қайта орала беретініне қарап, өзіңіз туралы ешуақытта «мен 
оншалықты жақсы емеспін» деп ойламаңыз. Үңіліп қарасаңыз, мәселе ЖАМАН адам 
болғанда еместігін түсінесіз. Мен өзіме «Луиза, сенде бәрі жақсы. Қарашы, сен 
қаншалықты ілгері кеттің. Саған көбірек жетілу қажет. Және де – мен сені сүйемін» 
деймін.
Өмірге өзінің байлықтарын көрсетуге мүмкіндік берудің бір жолы - өзіңіз 
сенетін ақиқаттар жайлы ашық мәлімдеу. Сізге өмірден ләззат алуға кедергі келтіретін 
идеялар мен ойлардан бас тартыңыз. Өзіңізге және бүкіл әлемге ойлаудың теріс 
модельдері сіздің қаперіңізден шыққанын жария етіңіз. Өзіңіздегі қорқыныштардан 
арылыңыз, жүрегіңіздегі тасты лақтырып тастаңыз. Мен мына төмендегі ойларға 
сенемін және олар маған қызмет етіп келеді: 
- Менің білуім тиістің бәрі мен үшін ашық; 
- Маған қажет нәрсенің бәрі өз орнымен, уақыт-сәтімен келеді; 
- Өмір маған шаттық пен махаббат әкеледі; 
- Мен махаббатқа иемін, махаббатқа лайықпын және сүйіктімін; 
- Менің денім сау және бақуатпын; 
- Мен айналысқан істерімнің бәрінде жетістікке жетудемін; 
- Мен өзгергім және жетілгім келеді; 
- Менің әлемімде барлығы тамаша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет