Луиза Хей Көгілдір кітап Сөз басы, немесе менің өмір тарихым



Pdf көрінісі
бет50/71
Дата23.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#110005
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71
Байланысты:
Л.Хей Көгілдір кітап.pdf

2-бөлім. Кедергілерді жою 
Біз өз ішімізде не болып жатқанын білгіміз келеді. Осылайша біз ішіміздегінің 
кейбірін шығарып жіберу керектігін білеміз. Біз бір жеріміз ауырғанын жасырмауды 
үйренеміз – оны босатып қоя береміз. 
Бізді шектеп тұрған қабырғаның табиғатын түсіну 
Өзін-өзі жек көруді ұдайы сезіну, айып сезімі мен өзіне сыни көзқарас стресстің 
бірінші себебі және ол иммундық жүйені әлсіретеді. 


49 
Біздің көбімізде толыққанды еместік комплексі бар. Біз өзіміздің онша жақсы 
емес екенімізге, өзімізді ешуақытта жөндей алмайтынымызға сенеміз. Өз кемшілігімізді 
тауып алғандай болған соң өзгелерде де бәрі бірдей дұрыс болып жатқан жоқ-ау деп 
ойлаймыз.
Кей адамдар өздерінің алдарына қиын мақсаттар қояды. Біздің өмірге 
келуіміздің негізгі мақсаты - өзгелердің сөздері мен істеріне ере бермей, өзімізді сүюді 
үйрену. Біз ата-аналарымыз, достарымыз т.с.с. өздерімізді қоршап тұрғандардың қойған 
шекарасынан қашан болсын аттап өте алуымыз керек. Кішкене кезіңде мақұлшыл бала 
болу ұдайы солай қалу емес. Үлкендердің сөзін жаттап өскендер өз өмірлерінде 
соларды қайталайды. Олай жалғаса беруі тиіс емес. Өз басыңызбен жұмыс істейтін 
уақыт жетті. 
Айып сезімі толыққанды болмау комплексін тудырады 
Сіз байқайсыз ба, адамдар сізге реніш туғызатын сөздерді жиі айтады. Оны 
олардың сізді жеңілірек басқарып-бағындырғысы келетіндігімен деп түсіндіруге 
болады.
Көп ата-аналар балаларын айып сезімі болатындай етіп тәрбиелеуге тырысады. 
Өйткені олардың өздері сондай тәрбие көрген. Көп адамдар ересек болған соң да 
туыстары мен жақындарының әсерінде қалып қояды. Осының бәрі адамның өзінің 
өзіне деген құрметінің аздығынан, әйтпегенде ондай жағдайға жібермес еді. Содан 
барып олар да өзге адамдармен айлалы әрекет жасауға әзір тұрады. 
Осы орайда «Жоқ» деп айта білудің маңызы зор. Адамдардың қойып отырған 
айыбының мағынасыз екенін бетке айтудан жасқанбау керек. Ол үшін ашу шақырудың, 
ренжудің керегі жоқ. Тек қана олар ойнап жатқан ойынмен ойнағысы келмейтінін айту 
жетерлік.
Егер сіз істеген ісіңіз үшін өкінсеңіз дереу тоқтатыңыз. Уақыты өтіп кеткен бір 
ісіңізге өкіне қалсаңыз өзіңізді-өзіңіз кешіріңіз. Егер одан біреуге шығын келген болса, 
шығынды жабуға тырысыңыз және ондай қателікті келешекте қайталамаңыз.
Діни ұйымдар адамдарға айып сезімін егуге әзір тұрады. Осылайша адамдарды 
бағыныста ұстау оңай, белгілі бір шеңбер не төртбұрыш ішінде тұрған жөн саналады.
Өз эмоциясын басып тастау арқылы және бәрін ішіне сақтау арқылы адамда ішкі 
аласапыран пайда болады. Оларды сыртқа шығарып тастап тұру керек. Ол үшін мына 
сөздерді қайталап тұру да жетерлік болуы мүмкін: 
- қазір мен өзімдегі барлық ескі түсініктерді бетімен қоя беремін; 
- маған өзгеріп тұру ұнайды
- менің алдағы жолдарым кедергілерден азат; 
- мен өткендерімнен азатпын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет