51
Қорқыныш біздің планетамыздың тұрғындарына өте тән нәрсе.
Оған соғыстар,
зорлық-зомбылық, кедейлік, барымта, т.с.с. себеп. Қорқыныш –
біздердің басқаларға
сеніміміздің жетіспеуінен. Сол себепті біз өмірге сеніммен қарай алмаймыз.
Сенім – біз өз қорқыныштарымызды жеңгіміз келгенде үйреніп алатын нәрсеміз.
Дегенмен сенуге өзіңді біртіндеп үйретуге болмайды. Сенім – бірден келетін нәрсе, ол -
ТҰҢҒИЫҚҚА СЕКІРУ. Ол өзіңді, әлемдік санаға байланысқан ІШКІ КҮШКЕ
сеніп
тапсыруға тәуекел ету. Өзіңді жай көзге көрінбейтін бір нәрсеге сеніп тапсыру, ол
заттық я тұлғалық нәрсе болмауы да мүмкін. Мен, мәселен,
маған барлық қажетті
білімге жол ашық екеніне сенемін. Мен жағдайды онша түсінбей тұрғанның өзінде, мен
үшін уайым жеп тұратын күштер бар екеніне сенемін.
Қорқыныш – махаббатқа тұтастай қарама-қайшы нәрсе. Біз қорқынышты
жеңбесек өзімізді-өзіміз сүйе алмаймыз.
Біз өзімізді сүйгенде ғана бізге кең жол ашылады. Ұсақ нәрседе де, ең маңызды
істе де жетістік болады. Сондықтан біз ӨЗ ІШІМІЗДЕГІ КҮШКЕ бет бұруымыз керек.
Жанымызды түсінетін
адамдарды тауып, солармен байланысты үзбеуіміз керек.
Әдеттер мен жарамсыз қылықтардан арылу
Адамдарда өзіне белгілі бір ойлау мен мінез стереотипін жасап алуға құмарлық
бар. Кейбіреу қиын сәтте дәрілерге жүгінеді, кейбіреу тамақты көп жей бастайды.
Біреулер кінәні басқа біреулерден іздеуге бейім. “Содан, соның кесірінен. Мені
тағы ренжітті” деп отырады.
Біреулер
ақша шашуға, я қарызға батуға бейім.
Біреулердің алдынан ылғи да “жоқ” деген сөз шыға келеді. Алдында сізді
түсінгендей,
жақындасқандай болғанымен, кейінірек қашқалақтай бастайды. Олардың
сізді қабылдамауы сіздің өзіңізді-өзіңіз қабылдай алмауыңыздан.
Біреулер бас салып ауру туралы айта береді. Қашан сөйлессең қалай ауырғаны,
қалай болып жатқаны сөз болады.
Олар ауру адамдар, я ауыра бастағандар. Олардың
әңгімелерінің бәрі - өз кеселдері төңірегінде.
Егер сіз бір нәрсемен шындап айналысқыңыз келсе, неге өзіңізді жақсы көрумен
айналыспасқа?
Достарыңызбен бөлісу: