Антропогендік әсер ету дәрежесі бойынша бөлуді көздейтін агроландшафттардың жіктелуі де бар:
Экстенсивті. Жоғары мамандандырумен мұндай жүйелер төмен өнімділікпен сипатталады.
Қарқынды. Антропогендік әсердің жоғары деңгейі және тиісті өнімділік болжанады.
Бейімделгіш. Сыртқы әсер тұрғысынан қалыпты жүйелер. Бұл жағдайда өнімділік жоғары.
Қорытынды
Еліміздің егіншілік бағытындагы заманауи деңгейi жана теориялық әдіс - тәсілдерді қолдануға, ландшафттық егiншiлiк жүйесін ауыл шаруашылығын және табиғи компоненттермен біртұтас түсiнiк етуге негізделген. Ландшафты егіншілік жүйесі - өндірістік аумақтық кешенді ауыл шарушылығы бағытында табиғи антропогенді ресурсты геосистема ретінде пайдаланады. Ландшафттық егiншiлiк жүйесi ол бұл ауыл шаруашылығы жердiң ерекшелігін ескере отырып оның табиғи жағдайларға бейімділігін арттыруда функциялық жүйелер кұру. Қазiргi таңға дейiн егіншілік құрудағы басты мақсат ауыл шаруашылығы өнімдерінің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оның өнімділігін арттыру. Қазіргі таңда өнімділігін арттыру мен қатар оның қоршаған ортаға зиянын тигізбеу мәселесi қарастырылады . Демек ландшафттық егіншілік жүйесі агроландшафтты ғана қарастырмай оның табиғи функциялық жүйелерiнiң заңдылықтарын да қарастырады .