М. А. Менчинская психологиядағы арифметиканы оқыту мәселелерін қарастырды. «арифметиканы оқытудың пси-хологиялық очерктері» (М., 1947, 1950) және «Арифметиканы оқыту психологиясы» (М., 1955) еңбектері осыған дәлел. М



Дата24.03.2023
өлшемі14,22 Kb.
#75875
түріМонография

КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕГІ ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ А. (БАЛАБАЕВА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ)
ХХ ғасырдың басында қалыптасқан монографиялық әдістер 50-жылдарға дейін еш өзгеріссіз жүзеге асырылды. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің психоло-гиялық-педагогикалық мәселелері ХХ ғасырдың 30-50 жылдарына дейін психология мен педагогиканың әдіснамалық ұстанымдары негізінде құрылды. Сан, санау әрекетінің қалыптасу заңдылықтары жан-жақты зерттелді.
Бұл процеске К.Ф.Лебединцев айтарлықтай өзгерістер енгізілді (1923ж. Киевте). «балалардың сан ұғымдарын дамыту» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Ол баладағы сан ұғымдары, ең алдымен, заттар жиындарын ажырату арқылы қалыптасатынын айтты.
Балалардың заттардың жиыны туралы ұғымдарын дамыту мәселелері, оның заңдылықтары жиынды қабылдаудан санды тануға ауысу кезеңіндегі басты көрсеткіштер жайында психолог И.А.Френкель, математик-әдіскер Л.А.Яблоков зерттеулерінде айтылды. Олар жиынды үйретуде, бала жиынның жекелеген эле-менттеріне мән беруі қажеттігін айтты.
М.А.Менчинская психологиядағы арифметиканы оқыту мәселелерін қарастырды. «арифметиканы оқытудың пси-хологиялық очерктері» (М., 1947, 1950) және «Арифметиканы оқыту психологиясы» (М., 1955) еңбектері осыған дәлел. М.А.Менчинская жас ерекшелігіне сай сан ұғымының күрделенуін қарастырды. Көлемді эксперименттік материал негізінде жиын және сан ұғымдарын меңгеру ерекшеліктері баяндалып, ариф-метикалық есептері шешу процесіне психологиялық талдау берілді.
ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы қарапайым математика-лық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің психологиялық негіздемелері балалардың балалардың математикалық ұғымдарын дамыту мазмұны мен әдістерін, одан әрі дамытуға негізделді.
Санауға үйретуді жан-жақты қарастырған Ф.А.Михайлов пен М.Г.Бакст зерттеулерінде алдыңғы қатарлы тәжірибелер топтас-тырылып, қарапайым амалдарды шешуді үйрету жолдары көрсе-тілген.
Әдістемелік құралдарда көрнекі құралдарға, ойын және оын жаттығуларына ерекше мән берілген. Оларға сипаттама мен нұсқаулар берілген.
Әдіскер-математик Я.Ф.Чекморев эксприменттер мен тәжі-рибелерді жалпылай отырып, мұғалімдерге арнап 1963 жылы «6 жастағыларға арифметиканы үйрету» және «Санауды үйрен» (М., 1963) атты оқу құралдарын жазды. ХХ ғасырдың 40-жылдарынан бастап А.М.Леушина балалардың жиын ұғымдарын жан-жақты зерттеп жиындарды қабылдауда кеңістік факторларының әсері мол екеніні дәлелдеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет