М атематика 5 сынып (аудандық кезең) Ауданы/қаласы



Дата03.12.2023
өлшемі73,5 Kb.
#133740
Байланысты:
Мат 5 сын ауд олим


М атематика 5 сынып (аудандық кезең)

Ауданы/қаласы:






Мектебі:




Аты-жөні:







  1. Суретте 2020 жылдың қараша айының күнтізбесі көрсетілген. Бір бағаннан көрші тұрған үш сан таңдалып алынды. Келесі сандардың қайсысы осындай үш санның қосындысы болуы мүмкін?

  1. 21

  2. 50

  3. 37

  4. 39

  5. 53




  1. Қыры 6 см-ге тең боялған куб қыры 1 см-ге тең кішкентай кубтарға бөлінді. Кем дегенде екі жағы боялған қанша кішкентай куб болады?

  1. 108

  2. 56

  3. 48

  4. 24

  5. 72




  1. Бүтін санның оң жағына 4 цифры жазылды. Жаңа шыққан сан мен бастапқы санның қосындысы 499. Бастапқы санды табыңыз.

  1. 34

  2. 48

  3. 45

  4. 42

  5. 39




  1. Б
    ерілген фигуралар белгілі бір заңдылықпен тізбектелген:

2019-шы орында қандай фигура болады?














  1. Арманда көк, қызыл, ақ және сары қарындаштар бар. Көк қарындаштардың саны қызыл қарындаштар санынан 2-ге артық, қызыл қарындаштардың саны ақ қарындаштар санынан 4-ке артық, ал ақ қарындаштардың саны сары қарындаштардың санынан 6-ға артық. Арманда ең кем дегенде қанша қарындаш болуы мүмкін?




  1. 22

  2. 26

  3. 28

  4. 44

  5. 32




  1. Барлық цифрлары әртүрлі ең үлкен және ең кіші бес таңбалы сандардың қосындысы неге тең? (Бірінші санның барлық цифрлары әртүрлі және екінші санның да барлық цифрлары әртүрлі.)




  1. 108999

  2. 111110

  3. 111105

  4. 108899

  5. 111100




  1. Кем дегенде алтауының туған күні бір айда болу үшін, мерекелік кешке қанша адам шақыру керек?

  1. 35

  2. 41

  3. 61

  4. 55

  5. 50



  1. Үш жерқазушы 4 күнде 1 шұңқыр қазады. 6 жерқазушы сондай шұңқырды қанша күнде қазады?

  1. 1

  2. 2

  3. 8

  4. 3

  5. 6




  1. Гүл шоғында саны 16-дан артық және 61-ден кем тақ сан гүл бар. Егер барлық гүлдердің -і ақ, ал -і сары гүл болса, гүл шоғында барлығы қанша гүл бар?

  1. 18

  2. 25

  3. 35

  4. 45

  5. 60




  1. Айырманың мәнін табыңыз:

  1. 1010

  2. 505

  3. 1011

  4. 595

  5. 605




  1. Сыныпта 25 оқушы бар, олардың жастарының орташасы - 13 жас. Егер сынып жетекшісінің жасын қоссаңыз, онда барлығының жастарының орташасы 14 жас болады. Сынып жетекшісі неше жаста?

  1. 27

  2. 35

  3. 41

  4. 44

  5. 37



  1. Цифрларының қосындысы 2020-ға тең болатын ең кіші натурал сан қанша цифрдан тұрады?

  1. 225

  2. 222

  3. 224

  4. 226

  5. 223




  1. Қырлары 3 см, 4 см және 5 см болатын, металлдан жасалған кубтар балқытылды да, бір жаңа куб құйылды. Жаңа кубтың қыры қаншаға тең?

  1. 7 см

  2. 8 см

  3. 6,5 см

  4. 6 см

  5. 7,5 см




  1. Велосипедші 0,3 км/мин жылдамдықпен жүріп келе жатыр. Егер ол жылдамдығын 100 м/мин-қа арттырса, онда оның жылдамдығы қаншаға тең болады?

  1. 25 км/сағ

  2. 15 км/сағ

  3. 18 км/сағ

  4. 22 км/сағ

  5. 24 км/сағ



  1. Қыры 1 см-ге тең кубтың барлық жақтарын бояу үшін 6 грамм бояу қажет болды. Қыры 2 см-ге тең алты кубты суретте көрсетілгендей бір-біріне желімдеді. Осы фигураны бояу үшін қанша бояу қажет болады?





  1. 104 грамм

  2. 124 грамм

  3. 128 грамм

  4. 132 грамм

  5. 144 грамм




  1. Телефонның паролі 3-ке бөлінетін цифрлардан құрастырылған және ол цифрлар қайталанбайды. Телефонды блоктан шығарардың алдында ең көп дегенде қанша әртүрлі әрекет жасалуы мүмкін?

  1. 20

  2. 4

  3. 6

  4. 24

  5. 23




  1. Арлан үйден Айарудан 10 минут кеш шықты, бірақ Арланның жылдамдығы Айарудың жылдамдығынан екі есе артық. Арлан Айаруды қанша минуттан кейін қуып жетеді?

  1. 20

  2. 10

  3. 5

  4. 15

  5. 18




  1. Бір сағатта станок 100 6-метрлік тақтайды ұзындығы 2 м бөліктерге бөледі. Осы станокпен 50 8-метрлік тақтайды 2 м бөліктерге бөлу үшін қанша уақыт керек?

  1. 20 минут

  2. 40 минут

  3. 45 минут

  4. 30 минут

  5. 1 сағ


  1. Жас жігіт келесі шартпен курьер болып жұмыс істеуге келісті, жылдың соңында ол «Peda Timax 150» мопедін және 1600$ алады. Бірақ 8 айдан кейін ол жұмыстан кетпекші болды, төлемін алатын кезде ол «Peda Timax 150» мопедін және 600$ алды. «Peda Timax 150» мопеді қанша тұрады?




  1. 1000$

  2. 1200$

  3. 1800$

  4. 1400$

  5. 800$




  1. Жетіге бөлгенде 3 қалдық беретін қанша үштаңбалы сан бар?

  1. 129

  2. 142

  3. 143

  4. 128

  5. 152


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет