М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата22.12.2016
өлшемі410,61 Kb.
#196
  1   2   3   4

 

 

 

 

М. Б. Әмірханов 

¤. Д. Сандықбаева 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА 

ҒАСЫРЛАРДАҒЫ  

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 

 

 

Оқу құралы 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  

2007 

ББК 63.5 

Ә 56 


 

 

Пікір жазғандар: 

 

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – Т. Қ. Мекебаев



тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – Ф. А. Қозыбақова. 

 

 



Редакциясын басқарған: профессор Т. Қ. Қаратаев. 

 

 



Ә 56    М. Б. Әмірханов, Ө. Д. Сандықбаева 

Ежелгі және орта ғасырлардағы қазақстан тарихы: Оқу құралы 

– Алматы: «Нұр-пресс», 2007.-59 бет 

 

ISBN 9965-30-141-7 



 

 

Бұл оқу құралда Қазақстан тарихының белгілі бір кезеңдерін жаңа 



қырынан  көрсетуге  талпыныс  жасалынған.  Онда  Қазақстандағы 

тарихи  процестердің  даму  барысындағы  негізгі  жаңа  мәліметтер 

келтірілген.  Оқу  құрал  шетел  азаматтарына  арналған  дайындық 

факультетінің тарих пәнінен оқитын шетелдік студенттер мен оралман 

тыңдаушыларға арналған. 

 

 



 

 

 



 

Ә 

06

)

05

(

460

227

0505000000



                                                                     ББК 63.5 

© Авторлық ұжым, 2007. 

ISBN 9965-30-141-7                                         © Нұр-пресс, 2007. 

 

 



 

2


АЛҒЫ СӨЗ 

 

Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы  халқымыздың  ұлттық  сана-

сезімінің, ой-өрісінің дамуына оң әсерін тигізді, сонымен қатар 

ол  еліміздің  тарихын  тереңірек  зерттеуге,  ғасырлар  қойнауын-

дағы  деректерді  байыпты  зерделеуге  мол  мүмкіндік  берді.  Қа-

зақстан тарихы Қазақстан Республикасы азаматы үшін Отан та-

рихы болып есептеледі. Ал өз отанының тарихын білу мемлеке-

тіміздің әрбір саналы азаматының қасиетті борышы. Тәуелсізд-

ігімізге  қол  жеткізген  аз  ғана  жылдардың  ішінде  біз  төл  тари-

хымыз  төңірегінде  анағұрлым  көбірек  біле  бастадық.  Халқы-

мыздың  жүріп  өткен  ұзақ  жолы  өзге жұрттан  кем  емес. Еліміз-

дің тарихы қазіргі жалпы дүние жүзілік тарихтың, соның ішінде 

Еуразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлі-

гі  болып  табылады.  Өткен  тарихқа  мән  беру  дегеніміз  әлемдік 

өркениеттің жетістіктері мен ежелгі тарихтың, әдебиеттің, өнер-

дің  ғажайып  ескерткіштері  туралы  біліп  қана  қоймай,  сонымен 

қатар ол қазіргі қоғамның ажырамас бір бөлігі екендігін ескеру 

керек. Өйткені тарихи тәжірибенің қазіргі заманға баға берудегі 

болашақты болжаудағы орны ерекше.  

 Осы  еңбекте  көне  заманнан  бергі  Қазақстан  тарихын  толы-

ғырақ  қамтуға  талпыныс  жасалды.  Бұл  басылым  Қазақстанның 

ерте  замандардан  бүгінгі  күнге  дейінгі  тарихының  аса  күрделі 

қайшылығы, мол процестерін оқырманның дүрыс қабылдап, ой 

елегінен  өткізуіне  жәрдемдесетін  көмекші  құрал  болып  табы-

лады.  Еңбекте  Қазақстан  жеріндегі  алғашқы  адамдар,  олардың 

тұрмыс-тіршілігі,  бір-бірін  алмастырған  мемлекеттер,  олардағы 

қарым-қатынастар халықтың отаршылдыққа қарсы күресі баян-

далып айтылады. 

Жалпы, “тарих”  деген  атау  өте  ертеден  бар.  Оны  алдымен 

қолдағандар гректер мен арабтар. Қазақша мағынасы “баяндау”, 

“өткен оқиғалар жайлы әңгіме” дегенді білдіреді. Тарих туралы 

алғашқы кітапты грек тарихшысы Геродот жазды. Онан бері екі 

жарым  мың  жылға  жуық  уақыт  өтті.  Сондықтан  да  дүние  жүзі 

Геродотты “тарихтың атасы” дейді. 

Тарихты  білу  кімге  де  болса  қажет.  Тарих  алдымен  өзіңнің 

өмір  тарихыңды,  өзің  туып-өскен  өлкеңнің,  туған  халқыңның, 

еліңнің  тарихын  оқып  үйренуден  басталады.  Қазақстан  тарихы 

 

3



бәрінен  бұрын  қазақ  халқының,  Қазақстанды  сондай-ақ  мекен-

деген  басқа  да  халықтардың  тарихын  оқытады.  Бүкіл  адам  ба-

ласы  басынан  кешірген  кезеңдерге,  оның  тарихында  болған  өз-

герістерге  тарих  төрт  бөлімге  бөлінеді:  Ежелгі  Қазақстан  тари-

хы,  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы,  жаңа  замандағы  Қа-

зақстан тарихы, қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. 

 

 

 



 

4


І ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН 

 

§ 1. Қазақстан тас дәуірінде 

 

Тас  дәуірі  адамзат  тарихындағы  маңызды  кезеңдердің  бірі. 

Бұл  кезеңде  адамның,  оның  мүсін-кейпі  мен  мінез-құлқы  күн 

көріс  тіршілігі  қалыптасты.  Тас  дәуірі  осыдан 2,5 млн.  жыл 

бұрын басталып, б.з.д. 3 мыңжылдықта аяқталды.  

Ғылыми  зерттеулерге  қарағанда  адам  баласы  осыдан 2 мил-

лион жыл бұрын пайда болған. Бұл деректі археология ғылымы 

дәлелдеген.  Археология-тарихи  ескерткіштер,  мұралар  арқылы 

адам  баласының  өткен  тарихын  зерттейтін  ғылым.  Ең  алғашқы 

адамның сүйегі Шығыс Африкада (Кения жерінің Олдувай шат-

қалы) табылды. 

Адам дамуының сатылары: 

1. “Епті  адам”  табылған  жері - Африка  (Кения  жеріндегі 

Олдувай шатқалы) - 1 млн. 750 мың жыл, бұрын өмір сүрген. 

2. “Тік жүретін адам” 1 млн жыл бұрын өмір сүрген: 

а)  питекантроп:  табылған  жері  -Ява  аралы (1891 жыл),  Ин-

донезия 


ә) синантроп: табылған жері- Қытайдағы Чжо-коу-дянь үңгірі 

(1927 жыл).  

3. “Неандертал  адамы”  табылған  жері - Германиядағы  Не-

андертал  өңірі.  Өзбекстанның  солтүстік  өңіріндегі  Тесіктас 

үңгірі (1938 жыл). 

4. “Кроманьон адамы” - Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен 

табылған. 

 Адам баласының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасал-

ған және бұл кезең ұзақ уақытқа созылған. Осыған байланысты 

алғашқы тарихи кезең тас дәуірі деп аталған. 



Тас дәуірінің кезеңдері  

1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) 

а) ерте палеолит 

ә) орта палеолит 

б) кейінгі палеолит 



2. Мезолит (орта тас дәуірі) 

3. Неолит (жаңа тас дәуірі) 

 

5



1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) 

а) ерте палеолит (б.з.д. 2 млн.- 40 мыңжылдықтар). 

Оңтүстіктегі  Үнді  мұхиты  жағынан  қазақ  жеріне  жылы  ауа 

келіп  тұрған.  Сондықтан  Қазақстанда  субтропиктік  ормандар 

өскен.  Сол  кезде  Қазақстан  жерін  мекендеген  жануарлар:  өзен, 

көлдердің  жағасында  пілдер,  шалғында  жылқылар,  таулы  жер-

лерде  аюлар,  мамонттар,  бұғылар,  бизондар,  арқарлар,  тауеш-

кілер т.с.с. 

Қазақстан  жеріндегі  ежелгі  адамның  іздері  ерте  палеолит 

дәуіріндегі  б.з.д. 800-140 мыңжылдықтарға  сәйкес  келеді.  Ал-

ғашқы адамдар Қаратау (Жамбыл-Шымкент облыстары) жотасы 

мен Қарасу (Шымкент обл. Алғабас ауд.) тұрағында мекендеген. 

Ең  көне  тас  құралдар  Оңтүстік  Қазақстаннан  табылды. 1958 

жылы  Оңтүстік  Қазақстанда  тас  ғасыры  адамының  тұрақтарын 

тапқан  ғалым  археолог  ғалым  Х.  Алпысбаев  болатын.  Ерте 

палеолитке  Шабақты,  Бөріқазған  тұрақтары  жатады.  Алғашқы 

адамдардың  айналысқан  істері:  аң  аулау,  терімшілік.  Алғашқы 

адамдардың  баспанасы:  тау  үңгірлері,  үңгіме  қуыстар,  тау 

шатқалдары  т.б.  Адамдар  табиғаттың  қаталдығына  қарсы  тұру 

үшін,  бірігіп  аң  аулап  тіршілік  етті  топтасып  өмір  сүрді.  Олар 

пайдаланған тас құралдар мыналар: кварцит, обсидан, тақтас, 



шақпақ тас. 

ә) Орта палеолит (б.з.д. 140- 40 мыңжылдықтар). 

Орта палеолит дәуірі мустьер дәуірі деп аталады. Бұл дәуір 

ертедегі  адамның  одан  әрі  өсіп-дамуымен,  мәдени  дамуының 

жаңа кезеңге көтерілуімен ерекшеленеді. Орта палеолит дәуірі-

нің  адамдары  неандерталдықтар  деп  аталады.  Антрополо-

гиялық келбеті: мойыны қысқа келеді, тістері ірі болады, сөйлеу 

қабілеті  толық  қалыптаспаған.  Негізгі  кәсібі:  аң  аулау,  терім-

шілік. Аңды қауым болып топтасты аулаған. 

Басты  ерекшеліктерінің  бірі-шақпақ  тастан  от  шығаруды 

үйренді.  Діни  наным-сенім  қалыптаса  бастады.  Мәселен  өлікті 

жерлегенде бір қырына жатқызып, аяғын бүгеді екен. Тас өңдеу 

әдісі жетілді. Еңбек құралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. 

Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан-

ның  Топалы  шатқалы  мен  Қызылрысбек  тұрағынан  табылған. 

Сондай-ақ, орта палеолитке Уалиханов атындағы тұрақ жатады. 

б) Кейінгі палеолит (б.з.д. 40-12 мыңжылдықтар). 

 

6



Бұл  дәуірде  адам  баласы  дамуындағы  тағы  бір  жаңа  кезең 

басталып,  қазіргі  адамға  ұқсас  адамдар  қалыптасты.  Бұл  адам-

дарды “саналы адамдар” немесе кроманьон адамдары деп атай-

ды. Адамдар пышақ тіліктерін жасай алатын дәрежег.е жеткен. 

Бұл  адамдардың  антропологиялық  белгілері:  бастары  сопақ-

ша, маңдайлары жазық, бойлары ұзын, денесін тік ұстап жүретін 

болған.  Негізгі  кәсібі:  аң  аулау,  терімшілік.  Аулайтын  аңдары: 

бұғы, марал, жылқы, мамонт. Теретін жеміс-жидектері: жабайы 

алма, алмұрт, саңырауқұлақ, сәбіз, жаңғақ т.б. 

Еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған. Адамдар тау үң-

гірлерін, қуыстарды баспана қылған. Бұл кезеңге тән баспаналар 

әзірге  Қазақстан  жерінен  табылған  жоқ.  Бұл  дәуірде  адамдар-

дың топтасып өмір сүру нәтижесінде рулық қауым қалыптасты. 

Сонымен  қатар  өнер  де  пайда  болды.  Бұл  дәуір  адамдарының 

бұрынғылардан  бір  ерекшелігі  сол  рухани  жағынан  әжептәуір 

жоғары болды. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер осылай 

дейді.  Кейінгі  палеолит  адамдары  Қазақстанның  барлық  аума-

ғынан  табылады.  Соның  ішінде  Оңтүстік  Қазақстандағы  Ащы-

сай  тұрағы,  Орталық  Қазақстандағы  Батпақ  тұрағы,  Қарабас 

көмбесі т.б. 



2. Мезолит дәуірі. Ежелгі тас ғасыры палеолит пен жаңа тас 

ғасыры  неолит  арасындағы  өтпелі  дәуірді  орта  тас  ғасыры  не-

месе  мезолит  деп  атаймыз.  Ол  б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар  кезе-

ңін  қамтиды.  Мезолит  дәуірі 7 мың  жылға  созылды.  Бұл  дәуір 

тарих  ғылымында  өте  аз  зерттелген  Қазақстанда  табылған  ес-

керткіштері көп емес. 

Табиғаты: ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсім-

дігі  мол  жерлер  сиреп  қалды.  Бірқатар  жануарлар  (мүйізтұм-

сықтар, мамонттар) құрып кетті. Аң аулау сол кездегі адамдар-

дың  негізгі  кәсібінің  бірі  болды.  Аңшылық  қарулар:  жебелі  са-

дақ, бумеранг  т.б. Садақты  алғашында  ағаштан  жасаған. Жебе-

лері де ағаш, ұштары сүйек. Жебе 80- 450 метрге дейін жететін 

болған. Бумеранг ағаш ораққа ұқсас қару. 100 метрге дейін ұша-

ды.  Мезолит  кезеңінде  жебенің  доғал  және  домалақ  оқтұмсық-

тарын  аңшылар  терісі  бағалы  аңдарды  аулау  үшін  қолданған. 

Балық аулау да жақсы дамыды. Оның себебі мұздар еріп, өзен, 

көлдер  көбейді.  Бұл  дәуірде  адамдар  Еуропа,  Азия,  Америка 

 

7



материгін  игерді.  Дәуірдің  ерекшеліктері:  жануарларды  қолға 

үйрету, дәнді дақылдар өсіру. 



2.  Неолит  дәуірі  (б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар).  Неолит  дәуірі 

тас  дәуірінің  соңғы  кезеңі  немесе  жаңа  тас  дәуірі  деп  аталады. 

Бұл кезең тастардың тиімді қасиеттерін тауып, кәдеге жаратқан 

табысты  кезең  болды.  Еңбек  құралдарын  жасаудың  тәсілдері 

жетілдірілді. Бұл дәуірде біраз ерекшеліктер болды. Ең алдымен 

қоршаған  орта  қазіргідей  кейіпке  жетті.  Адамдар  жануарларды 

қолға  үйретумен  айналысты.  Шаруашылықтың  дамуына,  оның 

жаңа түрлерінің көбеюіне байланысты адамдардың кәсіби қабі-

леті  де  дами  бастады.  Жаңа  тас  дәуіріндегі  адамдар  бұрынғы 

адамдардан  барлық  жағынан  жоғары  тұрды.  Олардың  құрал-

дары: қыш ыдыс, керамика, дән үккіш, балта, кетпен, келі, сән-

дік  бұйымдар  т.б.  Бұларды  саз  балшықтан,  тастан,  граниттен, 

мыс,  алтын,  қорғасын  сияқты  металдардан  т.б.  заттардан  жаса-

ған. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық зат-

тарға геометриялық өрнектер салатын болған. 

Неолит дәуірінің басты ерекшелігі еңбек өнімдеріне қол жет-

кізу.  Неолит  дәуірінде  солтүстік-шығыс  Балқашта  құралдарды 

яшма мен кварциттен жасаған. Бұл дәуірде әйел еңбегінің ма-

ңызы артты, олар қоғамда жетекші орын ала бастады. Осылайша 

неолит  дәуірінде  аналық  ру  қалыптасты.  Неолит  дәуіріндегі 

тұрақтар: Сексеуіл тұрағы, Қарақұдық тұрағы. Солтүстік Қазақ-

станның неолиттік мәдениеті атбасарлық және маханжар болып 

екіге бөлінеді. Атбасар мәдениетінің тұрғындары Есіл бойының 

далалық өңірлеріне қоныстанып, негізінен аң аулаумен айналыс-

қан.  Ал, Маханжар  мәдениетінің  ескерткіштері  Торғай  мен  То-

был алқаптарында шоғырланған. Мұндай ұқсастықтар Еуразия-

ның  далалық  алқаптарындағы  тайпалардың  мәдени  және  этни-

калық жағынан өзара жақын болғанын көрсетеді. 

 

§ 2. Қазақстан қола дәуірінде 

 

Қола  дәуірі  (б.з.д. 2—1 мыңжылдықтар).  Тас  дәуірі  аяқтал-



ғаннан кейін, қола дәуірі басталады. Қола дәуірі деп аталуының 

себебі,  осы  кезде  Еуразияда  қола  өндіру  тәсілі  дүниеге  келген. 

Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер 

құрылды.  Алғашқы  қоғамдық  еңбек  бөлінісі  қалыптасты,  оған 

 

8


мал  шаруашылығының  егіншіліктен  бөлінуі  себеп  болды.  Қола 

дәуірінде  бүкіл  Қазақстан  жерінде  мал  шаруашылығы  жетекші 

салаға айналды. 

Қола дәуірінің үш ерекшелігі: 

1.  Қола  металлургиясы.  Түсті  металдар,  оның  ішінде  алтын, 

өндірістік  жолмен  игеріле  бастады.  Қазақстанның  бірнеше  өңі-

рінде кен орындарын табылуы бұған дәлел. 

2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Мал өсіру негізгі кәсіпке 

айналды. Үй жануарларының түрі көбейді. 



3.  Егіншілік.  Егіншілік  біршама  дамыды.  Металлургияның, 

мал  шаруашылығы  мен  егіншіліктің  дамуы  ер  адамдардың  қо-

ғамдағы рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастар-

дың орнына аталық отбасылық рулық қатынас орнады. 



Андронов  мәдениеті.  Қазақстанда  қола  дәуіріндегі  тайпа-

лардан  көптеген  тұрақтар,  кен  орындары,  тағы  басқа  археоло-

гиялық  ескерткіштер  қалған.  Бұларды  Андронов  мәдениеті  деп 

атайды.  Бұл  мәдениет  Еуразиядағы  қола  дәуірінің  ең  ірі 

мәдениеті.  Андронов  мәдениетінің  алғашқы  ескерткіші 1914 

жылы  Сібір  жеріндегі  Андронов  қонысындағы  Ачинск  ауылы-

ның маңынан табылған. Қола дәуіріндегі ежелгі қалалардың ең 

ескі  тұрағы - Арқайым.  Ол  Қостанай  және  Шелябі  облыстары-

ның  шекарасында  орналасқан.  Андронов  мәдениетінің  ескерт-

кіштері Енисейден Оралға дейінгі өте үлкен аймаққа таралды. 

Бұл  мәдениеттің  Қазақстандағы  ескерткіштері  Солтүстік-Ба-

тыс және Орталық Қазақстанда орналасқан. Орталық Қазақстан-

да Андронов мәдениетінің 30-дан аса мекені, 150-ден аса мола-

сы табылды. Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті Беғазы-Дәндібай 

мәдениеті  деп  аталады.  Андронов  мәдениеті  кезеңіндегі  тайпа-

лар геометриялық өрнек салуды білген. 

Адамдар  мыс  пен  қалайыны  қосып  қорытуды  үйренген.  Ол 

б.з.д. 2 мыңжылдықта  басталған.  Андроновтықтарда  негізінен, 

отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл, әрине егіншіліктің 

болғанын көрсетеді. Жерді тесемен өңдеген, сондықтан сол кез-

дегі  егіншілік  “теселі  егіншілік”  деп  аталған.  Көбінесе  бидай, 

тары  өсірілген.  Алғаш  рет  соқаны  Андроновтықтарда  патша 

салған. Қола дәуірінің тайпалары үнді-ирандық тілде сөйлеген. 

Андронов  қолөнері:  Қола  дәуірінде  Қазақстанды  мекен-

деген  тайпалар  ыдысты  қыштан  жасаған.  Андронов  мәде-

 

9


ниетінің  археологиялық  рәмізі  сырға  мен  алқа.  Үй  кәсіпші-

лігінде тоқыма кәсібі дамыған.  



Андроновтықтардың кен өндіру әдістері: 

а) Жұмсақ кен өндіргенде опыру әдісін қолданды; 

ә) Қатты кен өндіргенде отпен уату әдісін пайдаланды; 

б) үңгіп қазу әдісі. 

Андроновтықтар өндірген кенді сумен шаятын болған. 

Андроновтықтардың  баспанасы - жертөле  немесе  жартылай 

жертөле. 

Діні  мен  өнері: Қола  дәуірінің  адамдары  табиғат  күштеріне 

көбірек табынды. 

 1. Мәйіттің басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратып 

жерлеген. 

 2. Өлікті қабірге аяқ-қолын бүгіп жатқызған.. 

 3.  Өлген  адамды  өртеп, қабірге  оның  күлін  ғана  қою  ғұрпы 

да болған. 

Андроновтықтар  үй  салғанда  құрбандық  шалған.  Ошақты 

қатты  құрметтеген. Тасқа  салынған  суреттер: жабайы  бұқа,  би-

шілер, қоспақ түйе, екі аяқ арба, әскер шайқасы. Әшекейлер: са-

қина тәріздіс сырға, алтын білезік т.б. 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

10



ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ 

ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР 

 

§ 3. Сақтар 

 

Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шы-

ғыс  Түркістан  жерін  мекендеген  ежелгі  тайпа.  Ежелгі  заманда 

Орта  Азия  өңірін  мекендеген  сақ  тайпалары  туралы  тарихи  де-

ректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба де-

ректерінде сақталған. Жалпы, сақ атауының мағынасы жайында 

әртүрлі пікір бар. Мысалы, “сақ” сөзінің мағынасын парсы жаз-

баларында “Құдіретті еркектер деп түсіндіреді, ал Иран жаз-

баларында  “Жүйрік  атты  турлар”  деп  атайды.  Ежелгі  грек 

авторлары сақтарды “Азиялық скифтер” деп атаған.  

Сақтар  батыр,  жауынгер, “дұшпанға - қатал,  досқа - адал” 

болған.  Сақтар  тайпалық  құрамы  мен  мекендері  жағынан  мы-

нандай топтарға бөлінеді: 

 

 



Сақ топтарының аты 

Мекендері 

Теңіздің ар 



жағындағы сақтар 

(Парадария) 

Қара теңіздің солтүстігі,  

Арал теңізінің маңы, 

Сырдария мен 

 Әмударияның төменгі ағысы. 

Шошақ бөрікті 



сақтар (Тиграхауда) 

Сырдарияның орта ағысы, 

 Тянь-Шянь, Жетісу өңірлері. 

Хаома сусынын 



дайындайтын сақтар 

(Хаумаварга) 

Мұрғаб аңғары 

 

Сақтар туралы алғашқы жазба деректер Геродоттың еңбегін-



де  кездеседі.  Сондай-ақ  сақтар  туралы  ежелгі  ирандықтардың 

Авеста  деген  қасиетті  кітабында  құнды  мәліметтер  бар.  Сақ 

қоғамы жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері болып үш топқа 

бөлінді. 

Сақтардың  Жетісудағы  тамаша  ескерткіштерінің  бірі - Есік 

қорғаннан  табылған  “Алтын  киімді  адам”.  Бұл  қорған 1969-

1970 жылдары қазылды. 

 

11



Сақ  ескерткіштері - Талас,  Шу,  Іле  өзендерінің  бойында, 

Қырғыз,  Іле  және  Жоңғар  Алатауының  баурайында,  Кеген  мен 

Нарынқолдың таулы аймақтарында кездеседі. Ал, Арал өңірінде 

Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда ескерткіштері табылған. Шірік-Рабат 

қаласы  апасиактардың  астанасы  болған.  Апасиактар  дегеніміз 

ғалымдардың  айтуынша,  су  жағасын  мекендеген  сақтар.  Міне 

осы Шірік-Рабат қаласының орны қазіргі Қызылорда қаласынан 

Оңтүстік-батысқа  қарай 300 шақырым  жерде  Қызылқұм 

шөлінде жатыр. Сақ тайпа одағының жоғарғы билеушісін патша 

деп  атаған.  Сақ  тайпалары  б.з.д. VІ  ғасырда  парсылармен  со-

ғысқан.  Ал,  б.з.д. 490 ж.  Марафон  шайқасында  сақтар  енді 

парсылармен  одақтасып,  гректерге  қарсы  күресті.  Б.з.д  ІV  ға-

сырда  Александр  Македонский  сақтармен  соғысты.  Парсы 

патшасы  І  Дарий  сақ  тайпаларын  өзіне  бағындыру  үшін  әл-

денеше  шапқыншылық  соғыс  жүргізген.  Дарий  б.з.д. 519—518 

жылдары  сақтарды  өзіне  бағындырған.  Сақ  массагеттердің 

Томирис деген әйел патшасы болған. Грек авторы Ктесий “Сақ 

әйелдері  ержүрек  келеді,  соғыс  қаупі  төнгенде  ерлеріне  көмек 

көрсетіп ұрысқа араласады” деп баяндайды. 

Шаруашылығы.  Тарихи  деректерге  қарағанда,  сақтар,  мал 

шаруашылығымен  айналысқан.  Олар  жылқы,  сиыр,  қой,  түйе 

ұстаған.  Сақтар  өмірінде  әсіресе  жылқы  өсіру  маңызды  орын 

алған.  Батыс  және  Оңтүстік  Қазақстанда  түйе  шаруашылығы 

дамыды.  Сақтардың  отырықшылығы  және  егіншілігі  Сырдария 

алқабында  кең  тарады.  Сақ  қоғамында  жайылымдарды  және 

көшіп-қонатын  қажетті  жерлерді  тайпа  көсемі  белгілеп  беретін 

болған. 


Діни наным-сенімдері. Сақтар діни наным-сенімдерді ерек-

ше дәріптеген. Аң бейнелі бой тұмарлар кең тараған. Ал, қару-

жараққа  аң  бейнесін  салса,  шайқаста  рух  береді  деп  сенген. 

Отырықшы  сақтар  Жерді  киелі  деп  білді.  Олардың  түсінуінше, 

Жер-ана  киелі  күш  иесі  болып  есептелді.  Ал  көшпелі  сақтар 

болса  күнге,  отқа,  соғыс  құдайына  табынды.  Өлген  адамның 

аруағына сиынды, ол қайта тіріледі деп есептеді. 

Сақтар  өлген  адамды  сәнді  киім  кигізіп  жерлеген,  өлікпен 

бірге  қару-жарақ,  тағы  басқа  заттарды  қоса  жерлеген.  Кейде 

оның  мінген  аты  да  бірге  көмілген.  Сондай-ақ  сақтар  жын-

періден ақтайтын киелі күш деп От пен Күнге табынған. 

 

12





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет