М. Базарбаев Филология ғылымының кандидатыл Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жайында



Дата11.03.2023
өлшемі26,86 Kb.
#73412
Байланысты:
Маратова Әсел


М.Базарбаев
Филология ғылымының кандидатыл


Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жайында
(Баяндама)

Әдебиетіміздің өсу жолын сөз еткенде, көптеген практикалық жайлармен бірге, оның творчестволық, теориялық мәселелерін де терең қамтып әңгімелеу жөн. Қазіргі әдебиеттану ғылымы мен сынның көбінесе фактология жағына ойысып, өскен әдебиетіміздің саналуан теориялық мәселелерін сырт қалдырып жүрген жайы бар. Ұлттық форма мен социалистік мазмұн, тіл стиль ерекшеліктері, шеберлік категориялары, өлең құрылысы, жаңа жанрлардың қалыптасуы, дәстүр мен жаңашылдық сияқты көп жайлар үстірт айтылады да, байыптап зерттелінбейді. Дәстүр мен жаңашылдық жайындағы біздің бұл әңгімеміздің мақсаты – сол аз айтылып, аз зерттеліп жүрген мәселелердің біріне әдебиет зерттеушілердің көңілін аудару; алдағы бір үлекен міндет ретінде қою.


Әдебиетіміздің өсу жолын сөз еткенде, көптеген практикалық жайлармен бірге, оның творчестволық, теориялық мәселелерін де терең қамтып әңгімелеу жөн. Қазіргі әдебиеттану ғылымы мен сынның көбінесе фактология жағына ойысып, өскен әдебиетіміздің саналуан теориялық мәселелерін сырт қалдырып жүрген жайы бар. Ұлттық форма мен социалистік мазмұн, тіл стиль ерекшеліктері, шеберлік категориялары, өлең құрылысы, жаңа жанрлардың қалыптасуы, дәстүр мен жаңашылдық сияқты көп жайлар үстірт айтылады да, байыптап зерттелінбейді. Дәстүр мен жаңашылдық жайындағы біздің бұл әңгімеміздің мақсаты – сол аз айтылып, аз зерттеліп жүрген мәселелердің біріне әдебиет зерттеушілердің көңілін аудару; алдағы бір үлекен міндет ретінде қою.
Дәстүр мен жаңашылдықты әдебиет пен искусствоға, жалпы көркем өнерге байланысты сөз етсек, бұл арада оның әрқилы мәселелерді қамтитыны анықталады. Мәселен, оның тек форманы, сыртқы өзгешеліктерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны аңғартатын кездері көп. Бұл кездерде дәстүр – форма мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық, көркемдік немесе ұлттық сипатын мүлде жаңа жарықта елестетеді. Дәстүр мен жаңашылдықтың өзін тек уақыт өлшеміне қарай ғана ажыратуға болғандай. Өйткені бір енген жаңалық, мейлі форма жағынан болсын, мейлі мағына жағынан болсын әдебиеттің қаны мен жанына дөп келсе, дәстүрге айналып кетуі де мүмкін. Ойымыз түсінікті болу үшін бірден Абайды мысалға алғымыз келеді. Қазақ поэзиясына Абай енгізген жаңалық деген шексіз де шетсіз. Сол жаңалықтар арқасында ол үлкен дәстүр қалдырды. Реалистік, халықтық дәстүр Абайдан кейінгі қазақ поэзиясынан мықтап орын алды. Бұл жайында Абайдың екі сөзін куәға алып, талдап көрсек:
Бірінші сөз – Абайдың қазақ поэзиясын аяғынан тік қойып, мүмкін қадарынша оны тілмарлықтан, шешендіктен, өсіре бояудан құтқаруы жайында.
Сөз айттым Әзірет Әлі айдаһарсыз,
Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз...
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Екінші сөз – Абайдың ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік рөлін алғаш танып, Пушкинмен қатар көркем сөзді жоғары сатыға көтеруі жайында.
Ақын белін буынып...
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан, зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сыя, ащы тіл,
Не жазып кетсе, жайы сол.
Жек көрсеңдер өзің біл.
Ғасырдан ғасырға ауыз әдебиетіндік дәстүрде келе жатқан поэзияны Абай мүлде жаңа арнаға салды. Біз бұл жерде Абайдың программасын, поэзияға көзқарасын ескертсек, енді аз сөзбен оның поэзияға енгізген жаңалығына тоқтала кетейік.
Жаңалық жайын айтқанда формадан, сыртқы түрден бұрын реалистік, шындық негізді, жалпы суреткерлікті айтқан жөн. Абайдың «Қан сонарда», «Аттың сыны», «Қыс» өлеңдері өмірдің реалдық сипатын беруге бұрын жеткен Батыс және орыс әдебиеті шығармаларынан ешбір кем емес. Бұл – табиғаттың, не өмір құбылысының сыртын емес сырын, бояуын емес сынын табушылық, соған үңілушілік. Мұндай реализм – Абай шығармаларының өзекті өзгешелігі.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Міне, бұл сурет - портреттің бұрынғы «Қар жауып, боран соқты, үскірік аяз қысты» деген жадағай хабарлаудан мүлде алыс жатқанын, сонымен бірге, қыстың барлық нәрлі сипатын түгел беретінін көреміз. Абайдың реалистігі мұнымен тынбайды, ол:
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай сырт айналды,-
деп, адам характеріне, оның ішінде сол «соқыр-мылқаудан» әсіресе көп таяқ жейтін бейшара жанды көзге елестетеді. Мұны Абайдың «Күз» өлеңінен де көруге болады.
Бұл идеялық пен суреткерліктің ұштасқан түрі. Біріншіден, шындық құбылыстың суретін Абай өзіне тән тәсілмен, арзан нақышқа бармай, сонда да көркем, әдемі етіп береді де оны адам өміріне әкеп, оның тіршілік-харекетіне байланыстырады. Мұнан Абай шығармаларының асқақтамай, тасымай, қарапайым, тегіс келіп, бірақ көңілге алуан түрлі ой салатыны көрінеді.
Қазақ өлеңінің алдына революциялық өмір, жаңа социалистік тұрмыс мүлде басқаша талаптар қойды. Бұған әр ақын әртүрлі жолмен келді де әртүрлі поэтикалық мінез білдірді.
Ең алдымен, жаңа социалистік революцияны «менің революциям» деп қарсы алған Сәкен творчествосын айтқымыз келеді.
Сәкеннің Октябрь революциясына, советтік құрылысқа арнап шығарған тамаша өлеңдерінің, поэмаларының сарыны, үні, формаса, ең бастысы – идеялық мазмұны мүлде жаңаша. Бұған «Май күні» (1929), «Қызыл әскер маршы» (1928), «Тоқу фабригінде», «Социалистан» (1930), «Советстан», «Альбаторс» және басқа толып жатқан өлеңдері, поэмалары дәлел.
Бұрынғы қазақ поэзиясына қарағанда мұндағы жаңалық, нақты айтқанда, неде деген сұрақ тууы мүмкін. Ол жаңалық – екпінді ырғақта, идеясында жаңа, социалистік тұрмысты оның күрес пен жалында туған кейпіне сай суреттеуінде.
Қазақ өлеңінің алдына революциялық өмір, жаңа социалистік тұрмыс мүлде басқаша талаптар қойды. Бұған әр ақын әртүрлі жолмен келді де әртүрлі поэтикалық мінез білдірді.
Ең алдымен, жаңа социалистік революцияны «менің революциям» деп қарсы алған Сәкен творчествосын айтқымыз келеді.
Сәкеннің Октябрь революциясына, советтік құрылысқа арнап шығарған тамаша өлеңдерінің, поэмаларының сарыны, үні, формаса, ең бастысы – идеялық мазмұны мүлде жаңаша. Бұған «Май күні» (1929), «Қызыл әскер маршы» (1928), «Тоқу фабригінде», «Социалистан» (1930), «Советстан», «Альбаторс» және басқа толып жатқан өлеңдері, поэмалары дәлел.
Бұрынғы қазақ поэзиясына қарағанда мұндағы жаңалық, нақты айтқанда, неде деген сұрақ тууы мүмкін. Ол жаңалық – екпінді ырғақта, идеясында жаңа, социалистік тұрмысты оның күрес пен жалында туған кейпіне сай суреттеуінде.
Қазақ өлеңінің алдына революциялық өмір, жаңа социалистік тұрмыс мүлде басқаша талаптар қойды. Бұған әр ақын әртүрлі жолмен келді де әртүрлі поэтикалық мінез білдірді.
Ең алдымен, жаңа социалистік революцияны «менің революциям» деп қарсы алған Сәкен творчествосын айтқымыз келеді.
Сәкеннің Октябрь революциясына, советтік құрылысқа арнап шығарған тамаша өлеңдерінің, поэмаларының сарыны, үні, формаса, ең бастысы – идеялық мазмұны мүлде жаңаша. Бұған «Май күні» (1929), «Қызыл әскер маршы» (1928), «Тоқу фабригінде», «Социалистан» (1930), «Советстан», «Альбаторс» және басқа толып жатқан өлеңдері, поэмалары дәлел.
Бұрынғы қазақ поэзиясына қарағанда мұндағы жаңалық, нақты айтқанда, неде деген сұрақ тууы мүмкін. Ол жаңалық – екпінді ырғақта, идеясында жаңа, социалистік тұрмысты оның күрес пен жалында туған кейпіне сай суреттеуінде.
Алдына мүлде жаңа мақсаттар мен міндеттер қойған жаңа қоғам жағдайында әдебиет алдына мүлде басқаша идеялық,әрі көркемдік талаптар тұрды. Қоғамдық тұрмыстың мәні, мазмұны, адамдардың бір-біріне қатынасы өзгерген соң, әдебиеттің де жаңа мазмұнға, жаңа идеяға көшуі керек болды. Міне, осы арада жаңа мазмұн мен ескі форма, дәстүр мен жаңалықтың ара қатынастары деген мәселелер бірінші планға көшеді.
бунтарлық талаптар қойып, ескі дегеннің бәріне үзілді-кесілді қарсы шыққан Маяковский өзінің жаңа новаторлық поэзиясын туғызды. Ол жаңа идеяны, жаңа мазмұнды ескіше жырлауға болмайтынын уағыздады, әрі оны өз поэзиясымен дәлелдеді.
Осындай революционер ақын Арменияда Егише Чаренц болды. Қазақстанда – Сәкен Сейфуллин. Қазақ поэзиясында бұл жаңалықтың орнауы айрықша жағдайда, орыс поэзиясынан басқаша жағдайда өтті: оған толып жатқан тарихи, әлеуметтік, ұлттық өзгешеліктер себеп болды. Ең бірінші өзгешелік – ол революцияға дейінгі Қазақстанның жалпы мешеулігі, мәдениеттің төмендігі, техниканың жоқтығы, ғылымның өркендемеуі – не керек капиталистік құрылыс әкелетін толып жатқан жақсылықтардан құр алақан болуы. Осындай жартылай феодалды, жартылай патриархальды елде социалистік революцияның орнауы мүлде түп-тамырымен жаңа, маңызы зор құбылыс еді. Капиталистік Россиядағы революцияға қарағанда оның маңызының екі есе артық болып, жаңалық әсерінің екі есе күшті болуы осыдан. Мұндай жағдайда нағыз Маяковский сияқты новатор ақындардың керек болғандығы өзінен-өзі түсінікті.
Қазақ ақындарының бәрі де осыны түсініп, аңғарса да, бәрінің бірдей соның шынайына жете, тілін таба сөйлеуі қиын болды. Осыдан келіп ескі мұраға, дәстүрге қалай қараймыз, қазақ қауымында тап ақыны бар ма, қандай творчестволық методты қолданамыз дегендей толып жатқан әдеби творчестволық мәселелер жайында айтыстар туды. Ол айтыстардың бәрі, сайып келгенде, әдебиеттің ұлттық ерекшеліктерінен туатын міндеттерге келіп тіреледі. Дәстүр мен жаңашылдықты түсінуде бұл айтыстарда саналуан көзқарастар ұшырайды. Олардың бірсыпырасында жаңа әдебиет жаңа социалистік құрылыстың тілегіне сай тәрбиелік роль атқаруы керек, оқушысын алға, социализм орнату күресіне бастау керектігі айтылса, кейбіреулерінде күйректікті, сарыуайымшылдықты, сыршылықты, кертартпа романтизмді ұсынушылық та болды.
Жаңа туып келе жатқан қазақ совет әдебнетінің табыстарын, адебиеттің социалистік идеяны таратушы ақындарын танығысы келмеген кейбір сыншылар оған көріне жала жабуға дейін барды. Мәселен бір макалада: «Сегіз жылдай айқайы таусылмаган, кемпірге үгіт-насихат айтып отырған, өлең жазудың техникасын білмейтін... Сәбитті қалай тапшыл ақын дейміз?. . Тоғыз қабат тас үйді, қаңғыр-күңгір заводты, үні шарықтаған аэропланды жырлағанша, қазақтың қара лашық үйін, жер ошағын, майсыз арбасын, бақырауық түйесін жырлаған жақсы» делінген.
Мінеки жаңа әдебиет қай бағытта дамуы керек деген мәселе туғанда ескінің ұнамсыз дәстүрін қолданған, соған беріктік жасаған кертартпа, ұлтшыл сыншылардың ұсынғаны осы.
Қазақ әдебнетінің осындай қызу күрес үстінде дамудың дұрыс жолынан айнымай жоғарғы айтылған пікірлерге үзілді-кесілді тойтарыс берілуі қуантарлық жәй.
«Көркем әдебиет туралы марксшілдер не дейді, Жүсіпбек не дейді?» деген мақаласында Ғ. Тоқжанов былай жазады:
«Қазактың надан екені де рас, қазақ еңбекшілерінің тап сезімі жаңадан оянып келе жатқаны да рас. Бірақ мұның бәрі надан қазаққа надан марксшіл болуды міндет қылмайды... Бай, кедей бір болмаса қазақта тап ақыны да жоқ деуге болмайды. Бай, кедей бар тұрмыста ақын да осы тұрмыстан құрық альп кетпейді».
Сол кездегі партиялық документтерге әдебиет міндеттері айқын қойылған. Жаңа дәуір идеясы мен мазмұны еске алынып, реализмге революциялық романтизм (төңкерісшіл сарындама) қосылу керектігі айтылады. Социалистік реализмнің өзі реализм мен революциялық романтизмнің ұштасқан түрі екендін М. Горький мен А. Жданов жазушалардың бірінші съезінде (1934) айтты ғой.
Ал екінші жақтың адамдары, яғни басқаша айтқанда, күйректікті, сыршылдықты қолданушылар халықтық, реалистік дәстүрді жоққа шығарушылар, оны бұзушылар болды. Сондықтан да одардың шығармаларында жаңа заманға үйлеспейтін жаратылысы тұманды, бұлдыр жайттар жырланды.
Негізінде жаңашыл совет әдебиетінің бастапқы өсу кезеңінде халықтық, реалистік дәстүр мен оған қарсы кертартпа, халық арманы мен тілегіне жат декаденттік ағымның жол айрылысуы осылай басталғандай.
Қазақ әдебиеті өзінің өсу жолында барлық бұралқы, өткінші «измдерге» бой алдырмай, біртұтас совет әдебиетіне, социалистік реализмге келіп ұласты. Бұл екі ортада, әрине, талай идеялық күрес бастан кешіріліп, көркемдік ізденулер, толғанулар, ойланулар болды. Негізінде, сол іздену қазақтың советтік поэзиясының қалыптасып өркендеуіне жол салды.
Коммунистік партияның әдебиетке, оның ішінде жаңадан ояна бастаған ұлттар әдебиетіне жасаған қамқорлығының арқасында қазақ совет әдебиеті бірден-бір дұрыс жолмен, реализм жолымен дамыды. Тап жазушылары қазақта жоқ, революция қазақ даласына сырттан келді деген ұлтшылдық сандырақтарға партия саясатына сүйенген ингеллигенция кезінде тиісті соққы берді. Октябрь революциясы әкелген теңдікті, бостандық өмірдің артықшылығын өз көзімен қазақ жазушылары бірен-саран ұлтшылдардың көпшілікті адастыруға бағытталған үгіт айқайына құлақ асқан жоқ, қайта олардың дәлелсіз, құрғақ демагогиясына маркстік-лениндік теорияны, әдебиет сынын қарсы қойды, 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің (қазіргі «Социалистік Қазақстан») 14 октябрьдегі номерінде қазақ жазушыларының басым көпшілігінің пікірін білдіріп, С. Мұқанов былай деп жазады: «Біздің үстіміздегі дәуір – күрес дәуірі. Мылтық алып төбелеспегенімізбен пікір жүзінде төбелесіміз әлі қойылмайды. Қазақтың өз ішінен шыққан «Алашорда» партиясы бар. Оның Мағжан сықылды өз табынын тілегін мықты ұстайтын ақыны бар. «Алашорданы» қуаттайтын ұлтшылдары баспасөздің маңайында отырып алып, өз дегендерін ептеп іске асырып келеді... Қазақта тап ақыны бар, оны жоқ дегендер көргісі келмегендер... Бізде ... еңбекші шаруалары өсіп келеді... Бастық етем деп жүрген еңбекші жазушыларының Қазақстандық ұйымы әлі ісін көркейте алған жоқ; еңбекші жазушының Қазақстандық ұйымының (ҚазАПП-М. Б.) ісі алға бастырылсын, елдегі жаңа жазып келе жатқандарға жол басшы болып, оларға тәрбие бере алатын болсын, әдебиет журналы ұйымдассын...»
1925 жылы РҚП/б/ Орталық Комитеті «Партияның көркем әдебиет жөніндегі саясаты туралы» деген қаулы алды. Бұл қаулыда шет аймақтағы ұлттар әдебиетінің социалистік бағытта дамуына, әдебиет кадрларын тәрбиелеп баулуға мықтап зер салу қажет екендігі айтылды.
Коммунистік партияның бұл данышпандық басшы нұсқауы Совет Одағының барлық халықтары мәдениетінің, оның ішінде қазақ халқы мәдениетінің де, өсу жолын белгіледі. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті және оның басты саласы болып табылатын қазақ совет әдебиеті жалпы пролетарлық мәдениет жөніндегі осы программалық нұсқаулар негізінде өсіп, дамыды.
Октябрь революциясынан кейінгі қазақ поэзиясында жаңа идеяны, жаңа мазмұнды игеру едәуір оңай болғанымен, соған лайық форма табу қиын болды. Сәбиттің, Қалмақанның, Сәбит Дөнентаевтың, Ғалидың, Жақанның, Әбділданың, Тайырдың өлеңдерінде бұрынғы жалшы мен қазіргі шаруа, қазақ ауылы, егіс, жалпы еңбек, Октябрь жеңісі, бостандық-мұның бәрі едәуір уақыт біркелкі сарында жырланып келді. Ал әңгіме жаңа өмір бейнелерін жасауға барса-ақ болғаны, поэзияның тілі прозаға айналып, сөз тізбегіне ұрынып, аяғын бейнебір жүрісінен жаңылған жанадй басты. Әсіресе бұрынғы қой баққан көшпелі елдің ақындарына шу дегенде қиын соққан тақырыптар: трактор аэроплан, от арба, паровоз, темір жол, телеграф, завод, фабрика, цех, орақ, балға, қайла – міне тағы осындайлар болды.
Ақынның жаңашыл болуы өмірмен тығыз байланысты нәрсе. Өмір қаншалықты жаңаға бай болса, ақын оны соншалықты меңгере алып отырса, жаңашыл поэзия осыдан келіп тумақ.
Қазақ ақындарын осы мазмұн мен формадағы алшақтық қинады. Тек Сәкен сияқты өршіл, тапқыр ақындар ғана жаңа мазмұнға дер кезінде ділгір форма тапқандай. Кейін Сәкен, Тайыр, Әбділда да поэзияға өз жаңалықтарын қосты.
Өмірдің жаңа құбылыстарына ескі өлшеммен, ескі теңеумен келу көбіне жаңа нәрсенің тұлғасын ашық, айқын көрсетуге сеп болмайды. Қайта, ол жаңаның бетін көмескілетіп, маңызын жойғандай саз береді. Мұндай мысалдар ол кезде көп болатын. Тек бірте-біртелеп оқу, үйрену, бейнелеу тәсілдерінің жаңа формаларын табумен барып, жаңа құбылыстардың поэзияда өз саласында көрінуіне мүмкіндік туды. Мәселен, Ғ. Ормановтың алғашқы кезде от арбаны:
Тіркеп тізген түйедей
Телеграмм – тіл, көмей, -
деуі бұрынғы қазақ өмірінің шеңберіндегі ғана түсінікпен келудің салдары.
Бірақ 20-30-жылдардағы қазақ поэзиясына тән нәрсе – поэзия осындай кемшіліктерді аз-аздан жоя отырып, жаңа тенденцияға, социалистік тенденцияға мықтап бой ұрды. Қалмақан болсын, Жақан болсын, Асқар, Тайыр, Әбділда, Ғали – бұлардың таңдаулы өлеңдерінде жаңа ынта, жаңа жігер, жаңа күш жырланды.
Бұл кезеңдегі қазақ совет поэзиясының новаторлық сипатын танытқан шығармалар Сәбит Мұқановтың өлеңдері болды. Оның «Жүйіткі, қара айғырым», «Конвейер», «Майға сәлем!» және басқа шығармалары жаңа ырғақты, жаңа лепті, ал формасы жағынан мүлде соны өлеңдер болды. Өмірдің саналуан құбылыстарын нағыз новатор ақын көзімен көріп, оның қазақ өміріндегі жаңалық сипатын айрықша көркем суреттеп берді. Жаңа адамның, партия тәрбиелеп өсірген совет адамының бейнесін «Конвейер» өлеңінде әдемі келтірді.
Сәбиттің, әсіресе, «Жүйткі, қара айғырым!», «Майға сәлем!» өлеңдері; Сәкеннің «Социалистан», «Май күні», «Жұмыскер табына» деген өлеңдері сияқты қазақ совет поэзиясын мүлде жаңа сатыға шығарған шығармалар болды. Бұл шығармалардың новаторлығы жаңа мазмұны мен жаңа формасынан бірдей көрінеді. Жұртқа мәлім, қазақ өлеңдері көбіне әуенге құрылады. Ал «Май күні», «Альбатрос» сияқты шығармаларда сол әуенділік бұзылып, өлең сөйлеу тіліне жақындатылған. Ұйқас пен буында да, жол өрнектерінде де мүлде жарасты келген жаңалықтар көп.
Қазақ поэзиясының 30-жылдардағы новаторлық қасиетін көрсететін ең үлкен белгі – қазақ өлеңдерінің қоғамдық, азаматтық тақырыпты көп қозғауы. Тіпті 20-жылдар поэзиясы да сондай. Еліміздің ұлы құрылыс дәуірінде поэзияның да құрылысшы болып араласқанын көреміз. Оның негізгі тақырыптары колхозды ауыл, өндіріс, еңбек болып келеді. Және лирикалық герой әрдайым іс үстінде, еңбек үстінде жүреді. Бесжылдықтарды орындау, егін егу, орақ, жол салумен жүреді. Жаңа социалистік құрылыс қандай шапшаң қарқынмен алға басса, қазақ поэзиясының қаһармандары да сол ұлы майданның алдыңғы шебінде көрінеді. Мұнда жеке бастың қамы, от басының жайы, сүйіспеншілік, махаббат дегендер мүлде атымен жоқ десе болғандай. Ал мұның өзі өмір шындығына дөп келеді. Егер революциядан кейінгі 20 жылды шолып өтсек, совет халқы ылғи ғана еңбек майданында болғанын көреміз. Мұнан қазіргі еңсерген ақындарымызды қадірмен ветерандар деуге болғандай; олар жастық шағында ең болмаса сәлем хат жазуға да қолы тимеген сияқты. Біздің қазіргі поэзиямыз, әрине, ондай емес қой. Бұған кейін тоқталмақпыз. Ол кезде поэзия нағыз «ащы тер» мен ауыр еңбектің «орақ» пен «балғаның» поэзиясы, күрестің поэзиясы болғаны анық. Осы жағдайдың өзі оның көптеген новаторлық қасиеттерінің себебі де болды. Поэзияның үгіт насихаттық болып келуі, ұран сарындылығы, патриотизмнің күштілігі, еңбектің жырлануы,- бұрынғы поэзияда жоқ жаңа сипаттар, сондықтан да новаторлық сипаттар еді.
Поэзиямызға 30-жылдары қосылған Қ. Аманжолов, Ж. Саин, Д. Әбілев, Ә. Сәрсенбаев, Қ. Бекхожин тағы басқа көптеген ақындарымыздың творчестволық жағдайы басқаша болды. Бұлар алдыңғы топ өткен қатаң күрес жылдарын бастарынан кешірген жоқ. Өмірдің сан-алуан саласы бірдей өркендеп, қанатын кең жайған кезде творчествоға араласқан бұлардың таңдау мүмкіншіліктері мол болды. Бұл топтағы ақындар да поэзияға өз үлестерін қосты. Қ. Аманжоловтың лирикалық «Абдолла» поэмасы, Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» циклі, «Мазасыз Украина түні», Д. Әбілевтің «Россияға қайтқанда» деген тағы басқа да өлеңдері идеялық-көркемдік сапасы жоғары шығармалар болды.
Жаңалық дегенде біз поэзияға бірден кесек-кесек соны фактілер келеді дейміз. Ол – үнемі ізденудің, жаңа өмір құбылыстарының ұзыны мен көлденеңін, тереңі мен биігін бірдей қамтып көре білудің нәтижесі болмақ. Қасым Аманжоловтың поэзиясы осындай ізденудің айғағы сияқты.
Қазақ ақындарының басты бейнелеу тәсілдерінің бірі – өткен мен қазіргіні салыстыра жырлау болды. Өткен өмірдің қараңғы, томаға тұйық, әділетсіз жақтарын айта отырып, оған жаңа социалистік өмірдің артықшылығын, халыққа берген жемісін қарсы қоя жырлады. Лирикалық шағын өлеңдерде болсын, көлемді поэмаларда болсын ең алдымен осы жаңа өмірдің артықшылығы өзекті тақырып болып келді.
Қазақтың көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіровтың қазақ совет поэзиясын өркендетудегі еңбегі аса зор. Оның поэзиясы өз алдына үлкен сөз етуді тілейд. Әсіресе, ескі мен жаңаны салыстыра жырлауды айтқанда Ілияс поэзиясынан көп мысалдар табуға болады. Және мұндай реттерде Ілияс әдейі ескі форманы алады. Сол ескі формада жаңа өзгерістерді айтады. «Беташар», «Бүгінгі дала» және басқа өлеңдерінен осы жай көрінеді.
Совет дәуірінде поэзия жаңа өмір, жаңа тұрмыс заңдарымен өзгеріп, жаңаланды. Абай шығармаларының реалистігі, халықтығы оған дәстүр болып, ілгері дамуына негіз болды. Абай суреткерлігі үлгі-өнеге болды.
Қазақ әдебиетінің, оның ішінде советтік дәуірдегі әдебиетіміздің зерттелмеген жайлары көп. Социалистік реализмнің қалыптасуы стиль, тіл әдіс мәселелері, форма мен түр, шеберлік дәстүр мен жаңалық дегендер – енді өсіп, квалификациясы артқан әдебиеттану ғылымымыздың бірден-бір зерттейтін жайттары болуға тиіс. Дәстүр мен жаңалық, әсіресе шеберлікке, көркемдікке байланысты көптеген мәселелерді қамтиды. Біз соның кебір моменттерін ғана аңғартып мұның өзі терең зерттеуді керек ететін алда тұрған үлкен міндет екенін ескерткіміз келді. Проблемаларды шешу үшін алдымен олардың сыртқы сипаттарын айқындау шарт қой. Сол сияқты дәстүр мен жаңалық деген проблеманың қазіргі сипаты осындай. Бұған фактілік материал көп. Тек соны маркстік-лениндік эстетика тұрғысынан қарап зерттеу қажет. Ол үшін, әрине, терең талдау, іздену жұмысын қолға алу шарт.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет