М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан



бет20/50
Дата05.09.2023
өлшемі0,88 Mb.
#106092
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Темірбетонды сатылар конструкциялары. Орнату тәсілдері бойынша сатылар құрама және тұтас құймалы болып бөлінеді. Құрамаларды ұсақ– және
іріөлшемді элементтерден орындайды (17–сурет).


17–сурет. Сатылар конструкциялары:


а – темірбетонды ұсақ өлшемді элементтерден құрама; б – болат қиғаш тіректер бойынша; в – тұтас құймалы темірбетонды; г – тіректерді бітеу және ағаш тұтқаны бекіту; д, е –пластмассалы тұтқаларды бекіту;1– баспалдақтар; 2 – алаңдық арқалық; 3 – қиғаш тірек шеті үшін ұя; 4 – құрама темірбетонды қиғаш тірек; 5 – сатылы алаң плитасы;6 – болат қиғаш тірек; 7 – болат тор бойынша сылақ; 8 – болат алаңдық арқалық; 9 – фризді баспалдақ; 10 – таяныш тірегі; 11 – болат жолақ; 12 – шуруптар; 13 – тұтқа


Ұсақ өлшемді элементтерден сатылар бөлек орнатылған темірбетонды құрама алаңдық арқалықтардан, құрама темірбетонды қиғаш тіректерден, баспалдақтардан алаңдардың темірбетонды плиталарынан және тұтқаларымен қоршаулардан тұрады. Қиғаш тіректердің алаңдық арқалықтармен түйісуі үшін, соңғыларында қиғаш тіректер шеттері кіргізілетін ұялар қарастырылады.
Сатылар элементтері арасындағы байланыс қосалқы бөлшектерді дәнекерлеумен жүзеге асырылады. Баспалдақтарды цементті ерітіндіде қиғаш тіректер бойынша төсейді. Алаңдық арқалықтарға құрама темірбетонды алаңдық плиталарды сүйейді.
Ірі өлшемді элементтерден сатылар зауытта дайындалатын алаңдар мен адымдардан (18–сурет) немесе жартылай алаңды адымдардан тұрады.

18–сурет. Ірілеп жиналатын элементтерден саты:


1 – сатылық алаңдар; 2 – сатылық адымдар; 3 – қоршау көрінісі
Құрама элементтерді орнына крандармен орнатады және қосалқы бөлшектерін дәнекерлеу арқылы бекітеді. Сатылық алаңдар өзінің шеттерімен көбіне сатылық тордың бүйірлік қабырғасына, ал іріпанельді ғимараттарда – сатылы тордың қабырғалық панельдерінің қосалқы бөлшектеріне дәнекерленетін, арнайы металл элементтерге (үстелдерге) сүйенеді.
Сатылар қоршауы көбіне биіктігі 0,9–0,95м ағаш немесе пластмассалы тұтқасымен дәнекерлеу немесе тойтарма арқылы орындалған болат тордан тұрады.
Торлар тіректерін баспалдақтар ұяларына бекітеді немесе баспалдақ бүйіріндегі қосалқы бөлшекке дәнекерлейді. Ұяда тіректі ұсақ қиыршық таспен айырып, жоғары берікті цементтік ерітіндімен құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет