М инистерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет26/29
Дата06.03.2017
өлшемі9,51 Mb.
#8135
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Щербакова И.К.
Орыс және ағылшын тілі етістіктері шақ категориясының 
мәтін аудармасы тұрғысынан алғандағы компаративті сипаттамасы.
Орыс  және  аіылшын тілі етістіктері шақ категориясының мэтін аудармасы тұрғысынан 
алғандағы  компаративті  сипаттамасы  берілген.  Мысал  ретінде  ағылшын  тіліне  аударылған 
орыс жазушылары шығармаларынан алынған сөз  орамдары пайдаланылады.  Шақ категориясы 
дэл  сөйлеп  тұреан  уақыт  деңгейінде  емес,  сөйлеушінің  оқиға  туралы  үғымы  жэне  оны 
қабылдау уақыты деңгейінде қарастырылады.
Кілт  сөздер:  таксис,  модальдылық,  сөйлеу  уақыты,  мәтіндік  уақыт,  эмотивтік  уақыт, 
көркемдік уақыт.
Shcherbakova I.K.
The comparative analysis  of Russian and English category of verb time in the position of text
translation.
In this  article  the  comparative  analysis  of the time  category  o f English  and Russian  verbs  is 
given.  There  are  many  examples  from  Russian  writers’  works  in  English  translation  here.  The 
category o f time is regarded as an imagination of the  speaker about the event but not as the time at the 
moment of speech.
Keywords.  Taxis, modality, the moment o f speech, text tense, emotive tense, fiction tense.
266

Т А Р И Х  
И С Т О Р И Я  
H IS T O R Y
ӘОЖ:  95  (574):636.145
Р ы сбеков  Т.З. -  тарих ғылымдарының докторы, 
профессор,  М.  Өтемісов атындагы БҚМУ 
С и секеш ева А.М . -  М.  Өтемісов атындагы БҚМУ магистранты
E-m ail: aikonai88@mail.ru
Т Ы Ң  Ж Е Р Л Е Р Д І И Г Е Р У  Ж Ы Л Д А Р Ы Н Д А Ғ Ы  К О Л Х О ЗД А Р Д Ы Ң  
А У Ы Л   Ш А Р У А Ш Ы Л Ы Қ  Н Ә Т И Ж Е Л Е Р І М Е Н  С А Л Д А РЫ
Аннотация.  Мақалада  тың  жэне  тыңайған  жерлерді  игеру  жылдарындағы  колхоздар 
мен  совхоздардағы  ауыл  шаруашылығының  жағдайы,  сонымен  қатар  оның  нэтижелері  мен 
салдары статистикалық мэліметтер негізінде жете талданған.
Кілт  сөздер:  Тың  игеру,  эпопея,  совхоз,  колхоз,  ауыл  шаруашылығы,  астық,  съезд, 
пленум, техника.
Қогамдық,  өмірдің  барлық  жақтарын  қайта  қүру  біздің  аргы  жэне  6epri 
тарихымызды  ой  елегінен  өткізіп,  орын  алган  проблемаларды  алдыңгы  қатарга 
шыгаруга  мүмкіндік  берді. 
Біздің  заманымыздың  ең  өткір  де  үлкен 
проблемаларының  6ipi  -   халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  еді.  КОКП-нің 
27  съезінде  осындай  үйгарым  жасалып,  артынан  ол  28  съезде  тагы  қайталанды. 
Алайда дүние жүзінің алтыдан 6ip бөлігінде осындай мүмкіндікті жүзеге асыруда 
Коммунистік  партия  барынша  дэрменсіздік  танытты.  Сөйтіп,  КПСС  Маркстің 
сөзімен айтқанда «халықтың ең 6iprnmi  қажетті сүранымын»  шеше алмай тарихи 
аренадан табан тайдыруга мэжбүр болды.
Дүние  жүзі  бойынша  көлемі  ең  үлкен  қүнарлы  жерлерге  ие  бола  түрып, 
елді  нансыз,  азық-түліксіз  калдыруга  КОКП-га  оншалықты  «даналық»  қажет 
емес  еді.  Әттең,  қогамымыз  аграрлық  саясатты  дүрыс  жүргізе  білмеудің 
нэтижесінде  бүгінгідей  тыгырыққа  тірелді.  Галымдар  осынау  дагдарыстың 
сырын  анықтау  үшін  ауыл  шаруашылыгын  дамытудың  тарихына,  соның  ішінде 
1954-1964  жылдарга  назар  аударуда.  Бүл  кезең  кеңес  елінің  тарихындагы  «Тың 
эпопеясы» жылдары деп аталды.
Тың  және  тыңайган  жерлерді  жаппай  игеру  тақырыбы  Советтік  тарихи 
эдебиетте  кең  орын  алды.  Ocipece,  осы  тақырып  аясында  ipi  монографиялық 
зерттеулер, 
үжымдық 
еңбектер, 
гылыми-практикалық 
конференциялар, 
мерекелік  салтанаттар  көбейді.  Осы  жөнінде  көптеген  кандидаттық  және 
докторлық  диссертациялар  коргалды,  сонымен  6ipre  көркем  эдебиет  пен 
кинематография да оган  көп көңіл  аударды.  Eip  сөзбен  айтқанда,  елдің  69pi  даң- 
газа, қүргақ сөзге эуес  бола бастады.
В.В.  Докучаевтың  айтқандарына  суйене  отырып,  Мэмбетэлі  Сердалин  өз 
еңбегінде  «Егер  Россияның  Европалық  далаларын  қалай  болса  солай  жыртып 
тастаудың зардаптары осындай болса,  онда Сібірдің үлан-байтақ шалқар даласын 
жырту  қандай  қатерлі  зардаптарга экеліп  согар  екен»  деп жазган  еді.  Мэмбетэлі 
Сердалин  қазақ  даласының  мал  шаруашылыгымен  айналысуга  қолайлы  екенін 
жэне оның өнімін eric аймақтарының өнімімен тыгыз байланыстыра отырып,  зор 
табысқажетуге болатынын гылымитүргыдан дэлелдеген [1, 75  б.].

Қазақ  зиялыларының  тагы  да  6ip  аса  көрнекті  өкілі  Әлихан  Бөкейханов 
(1887-1937  жж.)  та  осыны  ескерткен.  1910  жылы  Петербургтен  шыққан 
«Қырғыздар»  (Қазақтар)  атты  еңбегінде:  «Егер  қазақ  даласына  шаруаларды 
асығыс  түрде  қоныс  аударуды  жалғастыру  тоқтатылмаса,  онда  таяу  арада  тың 
жерлер  түгел  жыртылып  тынады.  Ал,  мүндай  тыңсыз  дала  айтақырға  айналып, 
одан  өнім  алынбайды»  деп  жазған  болатын.  Алайда,  қазақ  ғалымдарының 
алысты  болжай  білетін  көрегендік  пікірімен  де,  болжауымен  де  ол  кезде  жэне 
одан кейін Советтік дәуірде де келісіп, санасқан ешкім болмады.
Қазақстан жерінде соғыс эрекеттері  болған жоқ,  эйтсе де  оның зардаптары 
сезіліп  түрды.  Ocipece  бүл  жағдай  ауыл  шаруашылығында  айқын  білінді.  Бүл 
саладағы  соғысқа  дейінгі  деңгей  тек  50-ші  жылдары  ғана  өз  дәрежесіне  жетті. 
BipaK ол елдің азық-түлік пен шикізатты түтыну қажетін өтей алмады.  Сондықтан 
үкімет  «ауыл  шаруашылығындағы  жағдайды  түзеуге  ден  қойды.  Мэселен,  1950 
жылы 
партиялық-үкімет 
комиссиясы 
қүрылды. 
Оған 
колхоздарды 
қаржыландыруды жақсарту мэселесін қарау үсынылды.
1952 жылы басқа комиссия мал шаруашылығындағы жағдайды жақсартуға 
көңіл  бөлді.  Аталмыш  комиссиялардың  жүмыс  нэтижесі  КСРО  Жоғарғы 
Кеңесінің  ceccияcындa  талқыланды  (тамыз  1953  ж.).  Үкімет  экономиканы 
сауықтырудың  ойластырылған  шарасын  үсынды.  КСРО  Министрлер  кеңесінің 
төрағасы  Г.  Маленков  халық түтынатын тауарларды  өндіруді үлғайту үшін ауыл 
шаруашылығын  көтермей  болмайды  деген  түжырым  жасады.  «Біздің  басты 
міндетіміз,  -   деді  ол,  -   қысқаша  мерзім  ішінде  ауыл  шаруашылығындағы 
колхоздар  мен  совхоздардың  артта  қалушылығын  жойып,  оны  тез  аяғына  қоя 
отырып,  шаруашылықтарды  нығайту,  колхозшылардың  еңбек  күнін  көбейтіп, 
оларға ақша бөлуді үлғайту».  Баяндамада астық мэселесі  маңызды  деп танылып, 
оны  өндіруді  көбейту  мақсаты  қойылды.  Ауыл  шаруашылығын  дамыту 
мэселелері  КОКП  Орталық  Комитетінің  1953  жылғы  3-7  қыркүйек  айында 
болган Пленумында да қаралды [1, 80  б.].
Саланың  жағдайын  сараптай  келіп,  пленум  ауыл  шаруашылығын  дамыту 
жөнінде жаңа көзқарас қалыптастырды.  Алдымен ауыл шаруашылығына күрделі 
қаржы  бөлуді  үлғайту  көзделді.  Пленум  сонымен  қатар  алғаш  рет  социалистік 
шаруашылықты 
жүргізудің 
негізі 
ретінде 
қызметкерлерді 
материалдық 
қаржыландыру  принципін  шаруашылық  табысымен  байланыстырды  [1,  80  б.]. 
Қаулыға  сэйкес  ферма  мен  егістіктен  өндірілетін  өнімдерді  сатып  алу  бағасы 
бірнеше  есе  өсті.  Шартты  міндеттемеден  ты с  сатылатын  өнімдердің  бағасын 
колхоздар үшін күрт көтерілді.  Мүның 
ө з і
 
к о л х о з
 
экономикасын нығайтты.  Жеке 
шаруашылықтан 
алынатын 
өнімнің 
көлемі 
азайтылды, 
қаржы 
салығы 
төмендетілді,  тағы  басқа  T9yip  шаралар  белгіленді.  Қыркүйек  пленумы  ауыл 
шаруашылығын дамытуға әжептәуір  жол  ашты.  Әйтсе  де  көптеген  зерттеушілер 
Хрущевтің  бастамасы  оның  табансыздығының  арқасында  өз  мақсатына  жетпеді 
деп есептейді.  Мэселен мүндай көзқарас И.Росинов пен Н.Тюринде қалыптасқан.
Қойылған міндетті орындау көп күш жүмсауды қажет e n i.  Алға қойылған 
мақсаттарға  жету  үшін  эміршілдік-экімшілдік  жүйенің  барлық  күш-қуаты  icKe 
қосылды.  КОКП  Орталық  Комитетінің,  ақпан-наурыз  Пленумының  (1954  ж.) 
шешімдері  республикалардың  Орталық Комитеттерінің облыстық,  қалалық жэне 
аудандық  партия үйымдарының жиналыстарында талқыланды.  Насихат пен үгіт 
қүралдарының  барлық  Typi  кеңінен,  пэрменділікпен  пайдаланылды.  КОКП 
Орталық  Комитеті  Қазақстанның  «Тың  жэне  тыңайған  жерлерді  игеруге 
аттануға»  шақырған  барлық  совет  халқына  арналған  үндеу  қабылдады.  Тың 
игеру  дэуіріндегі  Қазақстанға  жаппай  қоныс  аудару  дүмпуі  60-шы  жылдардың 
ақырына  дейін  созылып,  тоқтамады.  Соның  дэлелі  ретінде  Қазақстанның 
облыстары бойынша көрсеткіштер кестесі төмендегідей:

Кесте  1.
Қазақстан Республикасының облыстар бойынша халық саны
(жыл басында, мың адам)
1954
1959
1965
Барлығ
і
>
і
Соның
ішінде
ауыл
т^рғында
ры
Барлығ
і
>
і
Соның
ішінде
ауыл
т^рғында
|)
і
>
і
Барлығ
і
>
і
Соның
ішінде
ауыл
т^рғында
ры
Қазақстан
Республика
сы
7355,4
4284,6
9809,8
5242,6
11771,6
6266,4
Ақтөбе
330,9
189,7
401,0
226,6
512,3
291,9
Алма-Ата
375,3
350,5
946,1
748,2
602,3
524,5
Шығыс
Қазақстан
641,9
317,7
734,9
340,5
796,3
346,7
Гурьев
231,5
99,5
287,8
126,0
277,0
123,6
Жамбыл
469,6
316,0
561,6
360,0
704,3
425,9
Қарағанды
542,8
114,3
1018,7
221,3
1007,8
185,0
Қызылорда
297,9
171,0
327,3
175,1
410,7
198,8
Көкшетау
349,7
256,9
493,3
370,6
588,7
421,4
Қостанай
408,7
313,2
710,7
522,9
848,1
554,4
Павлодар
328,2
249,1
455,0
323,5
614,2
383,5
Солтүстік
Қазақстан
385,5
257,1
457,0
300,6
544,6
361,2
Семей
407,6
224,6
520,2
292,0
649,9
372,4
Орал
309,8
217,9
381,2
267,8
476,3
349,8
Целиноград
391,3
210,7
637,1
379,4
744,7
391,1
Шымкент
804,5
532,6
921,4
588,1
1110,7
689,5
Көріп  отырғаныңыздай,  Республика  бойынша  халық  саны  жылдан  жылға 
артып,  11771,6  түргынды  көрсетсе,  жекелей  Орал  облысы  бойынша  да  барлыгы
166,5  мың  адамга,  ал  ауыл түргындары  131,9  мың адамга  өсімі  байқалады  [5,  62
б.].  Бүл  елімізге  қоныс  аударушылардың  санының  айтарлықтай  жылдан  жылга 
өсіп  отырганын  дэлелдейді.  Тың  жерлерді  игерудегі  жеткіліксіз  жүмысшы  күші 
Совет  Армиясы  қатарынан  босатылган  жауынгерлер  есебінен  де  толтырылды. 
Сонымен 
қатар, 
мемлекет 
батыс 
аймақтардан  тыңга 
қоныс 
аударган 
отбасыларына 
көмектесуге 
мол 
қаражат 
бөлді. 
Кейбір 
совхоздарга 
комсомолдарының шақыруына үн қосып,  1954 жылдың күзінде тың игеруге тагы 
да 60 мың жас эйелдер мен қыздар келді.  Алгашқы екі жылда гана Қазақстанның 
тың  жерлеріне  200  мыңнан  астам  отбасы  қоныс  аударды  [6,  267  б.].  Бүл 
көрсеткіштер тың жерлерді игеруге де айтарлықтай өзгерістер экелді.
Кесте 2.
Тың жерлерді игеру, шаруашылықтың барлық түрі бойынша (мың га)

1954
1955
1956
1957
1958
1959
1960
Қазақстан
Республикасы
8531
9436
1908
1064
1877
1020
1648

Ақтөбе
446
695
177
122
129
116
116

2
Алма-Ата
148
383
212
123
69
32
35
3
Шыгыс
Қазақстан
84
131
46
17
37
32
15
4
Гурьев
7
16
10
2
12
1
-
5
Жамбыл
118
283
120
64
41
14
22
6
Қараганды
242
560
181
81
78
55
92
7
Қызылорда
16
19
13
14
18
4
5
8
Көкшетау
1428
928
44
51
124
39
120
9
Қостанай
1710
2103
185
180
339
125
471
10
Павлодар
1021
1185
406
46
394
187
259
11
Солтүстік
Қазақстан
759
270
13
18
155
40
75
12
Семей
283
387
118
104
79
135
121
13
Орал
560
506
134
75
99
77
57
14
Целиноград
1644
1734
155
118
283
138
236
15
Шымкент
65
236
94
49
20
25
24
Кестеден  көріп  түрганымыздай,  тың  жэне  тыңайған жерлерді  игеру  Орал 
облысы  бойынша  1954  жылы  алтынша  орында  болса,  1956  жылы  жетінші,  ал 
1960  жылы  тоғызыншы  орынға  ығысып,  тың  игеру  бүл  аймақта  жылдан  жылға 
азайғандығын көрсетті.  [5, 64  б.].  Дегенмен бүл біз үшін тиімді ме, тиімсіз болды 
ма,  себебі  бүл  кезде  облыстар  арасында  жаппай  жарыстар  орын  алып  жатты, 
болжам түрінде қалмақ.
Тың  игерудің  шаруашылықты  жүргізудегі  тиімділігі  қаншама  мадақталып 
«дэлелденгенімен»,  оған  орасан  зор  күрделі  қаржы  жүмсалды.  Республиканың 
ауыл  шаруашылығына  алғашқы  екі  жылдың  ішінде  ғана  6,105  миллион  сом 
қаржы  жүмсалды.  Бүл  төртінші  бесжылдықта жүмсалган  барлық  қаржыдан төрт 
есеге  жуық  көп  [4,  75  б.].  1954-1958  жылдары  Қазақстанда  337  жаңа  совхоз 
үйымдастырылды.  Мемлекет  оның  қүрылысына  10,814  мың  сом  жүмсады. 
Өндірістік негізгі қор  1953  жылғы 276 миллион сомнан  1965  жылы 2,6  миллиард 
сомға дейін немесе  10 еседен астам өсті  [10,  17 б.].
Тың  игеруге  ауқымды  материалдық  қор  бөлінді.  Республиканың  басқа  ауыл 
шаруашылық  аудандарының  есебінен  тыңга  қүрылыс  материалдары,  техника  үсті- 
үстіне  жөнелтілді.  1953  жылмен  салыстырғанда  1956  жылы  тынға  экелінген 
тракторлардың  саны  213  пайызга,  комбайндар  232  пайызға  артгы.  Осыған  орай 
техниканың жалпы саны да молайды. Егер  1958 жылы республикада 40 мың трактор 
болса 1960-шы жылдың басында 156,2 мынға, немесе торт есе, ал комбайндар 4,3  есе 
көбейді.  Осыншама  есе  техниканы  кем  алған  басқа  аймақтардың  элеумепік 
экономикалық дамуының мешеулеп қалуы хақ.
Осыншама  «қуатты  күштің»  бос  жатқан  тың  алқаптарына  түтқиылдан 
шабуылға  шығуын  Л.И.  Брежнев  өз  еңбегінде  былайша  түсіндіреді:  «Тың 
жерлердің  астығы  шүғыл  қажет  болды»,  дей  келе  пікірін  одан  эрі  жалғастырып, 
«социализмді  ныгайта  отырып,  уақыттың  алдын  орау  үшін  совет  адамдары  көп 
нэрсені 
бүрын 
түк 
жоқ 
жерден 
бастады. 
Партия 
тыңды 
игеруге 
шақырылғандарға:  онда  қиын,  тіпті  өте  қиын  болатынын,  алда  ауыр  шайқастар 
түрганын,  ал  қандай шайқастың  да  ерлікті  керек ететінін  ашықтан  ашық  айтты» 
[4,  76  б.].  Расында  да  тың  игерушілердің  өмірінде  қиындыққа  төтеп  беретін  іс 
қимылдар  бастан  асатын.  Тыңга  шабуыл  ешқандай  дайындықсыз  шүгыл 
басталды.  Қара топырақты  қүнарлы  аймақтармен  бірге  көк қауданы желкілдеген 
шүрайлы  жайылымдықтар  да  қыраттар  да,  тіпті  сортаң  жерлер  де  өткір  түрен 
жүзіне  ілікті.  Интернационалдық комсомол-жастар  екпінді  бригадалары жазушы

Шерхан  Муртазаның  co3iMeH  айтқанда  «қазақ  даласының  бүкіл  ішек  қарнын 
ақтарды».  Майдандағы  соғыс  дабылдарының  мэліметтері  сияқты  жүздеген, 
мыңдаған  миллиондаған  гектар  жер  жыртылғаны  туралы  даурықпа  рапорттар 
қарша  борады.  1954  жылы  тапсырмадагы  6,3  миллион  гектардың  орнына
8,5  миллион гектар жер жыртылды.
Осыдан  кейін-ақ,  сабырлық  жасап,  алды-артын  пайымдап,  аялдауы  қажет 
еді, 6ipaK, халықтың күткен үміті ақталмады.
Тың  игерудегі  өрескелдіктерді  тың  игерушілердің  өздері  де  мойындайды.
1954  жылы  «Ленинград»  совхозына  жолдамамен  келген  Еңбек  Қызыл  Ту 
орденінің  иегері  В.  Кириченко  былай  деп  жазады:  «Тыңды  игеруге  айтылган 
сынды  дүрыс  қабылдау  керек.  Сол  кездегі  әміршілік-әкімшілдік  жүйенің 
басшылырына  орай  асыгыстық,  істі  ойластырмай  шешу  орын  алды»  [1,  86  б.]. 
Өздерінің  өмірлеріне,  тагдырларына  ciHicin,  шешуші  рөл  аткарган  тыңды 
багындырушылардың қазіргі кезеңдегі эділ сын көзбен жасалган тарихи талдауга 
қарсылық  білдіретіні  эбден  туйш кп. 
Әрине,  тың  игеру  тарихындагы 
қажырлықты,  жанқиярлық  күресті,  табандылықты  ешкім  жоққа  шыгармайды. 
Егістікке  жарамды  қүнарлы  жерлерді  игерудің  тиімділігі  де  күмэнсіз.  Мэселе, 
қысқа  мерзімнің  ішінде  үлан-гайыр  25  миллион  гектар  жердің  іріктеліп 
сүрыпталмастан  қатарынан  тасталқаны  шыгарылып  жыртылуында,  оның 
элеуметтік-экономикалық, 
демографиялық  жэне  экологиялық  зардаптарга 
қиындыққа  үрындыруында.  Тың  жерлерді  игеруді  қауырт  жүргізу  саясатының 
қыр-сырын  баяндаудан  бүрын  халық  белсенділігінен  туган  игі  бастамаларга  да 
тоқтала кеткен жөн.
Тыңга  келген  мыңдаған  саналы  еңбеккерлердің  жігерлі  еңбегінің 
нэтижесінде  пайдалы  игі  істер  туындады.  Оның  6ipi  -   студенттердің  күрылыс 
отрядгары.  Салыстырмалы  түрде  қарастыра  кетсек,  мүндай  отрядгардың  бірі 
Костанай  облысы  Таран  ауданында  қүрылды.  Аудан  жастары  1954  жылдың 
күзінде  игі  бастама  көтерді.  Олар  республиканың  барлық  еңбекшілерін  мэдени- 
агарту  мекемелерінің  жаңа  қүрылыстарын  салуга,  жөндеуден  өткізу,  қызметін 
жақсартуга  көмектесуге  үндеу  тастады.  Тарандықтардың  бастамасы  кең  қолдау 
тапты.  1955-1956  жылдары  селолық  жерлерде  17  мэдениет  үйі,  450  клуб,  300 
кітапхана,  50  оқу  үйі,  500-ден  астам  қызыл  мүйіс,  10  стадион  мен  спорттық 
алаңдар  салынып,  230  елді-мекенге  радио жэне  130  елдімекенге  электр жүйелері 
тартылды  [7, 94 б.].
Тың  игеру  жылдарында  совхоз  жүмысшылары  мен  колхозшылар  селолық 
мектептерді  өз  қамқорлыгына  алды.  Олардың  саны  Республиканың  кейбір 
облыстары  бойынша  өсімді  көрсеткенімен,  1953-54  жылдары  Республика 
бойынша  9407  болса,  Орал  облысы  бойынша  558  мектеп  болды,  1960-61 
жылдары  526  мектеп,  ал  1965-66  жылдары  518  мектепті  қүрады.  Бүл  басқа 
облыстармен  салыстырганда  Алматы  қаласынан  кейінгі  төменгі  көрсеткіштер. 
1957  жылга  дейін  олардың  көмегімен  2828  оқу  шеберханасы,  1700  пэндік 
кабинет 
жабдықталды. 
Совхоздар 
мен 
колхоздарда 

мыңнан 
астам 
окушылардың  өндірістік  бригадалары  мен  участоктары  үйымдастырылды. 
Түргын  үй  қүрылысы  да  кеңейді.  1954-1955  жылдары  республиканың  тың 
аймағында  853  мың шаршы метр түрғын үй салынып,  пайдалануга берілді.  Жаңа 
поселкелер  орныгып,  автомобиль  жолдары  төселіп,  астық  қоймалары  бой 
көтерді.
Тың туралы жазылган еңбектерде ауыл шаруашылық өнімдерінің, алдымен 
астық  өндірудің  артқандыгы  тілге  тиек етілді.  Расында  да  ociM  бар.  Егер  жалпы 
Қазақстан  бойынша  бүрын  (1949-1953  жылдары)  мемлекетке  орта  есеппен

жылына  111  миллион  пүт  астық  тапсырса,  тың  игеру  жылдарында  (1954-58 
жылдары)  521,4  миллион  пүттан,  Орал  облысы  бойынша  1954  жылы  57,3  мьщ,
1955  жылы  52,5  мың,  1956  жылы  611,2  мьщ,  1957  жылы  301,9  мьщ,  1958  жылы 
821,9  мьщ тонна астық өткізді  [3,  49  б.].  Ocipece,  1956 жылы  барлығы  1.483  мил­
лион  пүт  астық  жинап,  мемлекетке  1  миллиард  пүт  астық  тапсырган  Қазақстан 
диқандары  ең  жоғары  көрсеткішке  жетті.  BipaK  келесі  жылдары  астық  өндіру 
кеми  бастады.  1963-64  жылдары  астық  өндіру  1953  жылғы  мөлшерден  сэл  ғана 
асты.  Осы кезден бастап еліміз шетелдерден, АҚШ,  Канада, Аргентина,  Франция 
сияқты мемлекеттерден астық сатып алуға кірісті  [1,  87 б.].
Тың  игеруді  қарқынды  жүргізуге  асыққан  мемлекет  басшылары  алда 
шешуші қиын күрделі  мэселелердің туындайтынын түсінбеді.  Жүмысты гылыми 
түрде  терец  зерттеу  негізінде  жүргізудің  орнына  өктемдікке  жол  берілді. 
Табигатгы  қоргау  тарихи  ескерткіштерді  сақтау  жөнінде  ешқандай  шара 
қолданылмады. 
Н. 
Хрущев 
тыңды 
багындыру 
күресінде 
наполеондық 
арандатушылық  багытты:  «ең  бастысы  майдан  ашу,  кейінгісін  коре  жатармыз» 
принципін  үстанды.  Сондай-ақ  тың  жер  дүшпан  шебі  ретінде  қаралып,  жаппай 
шабуылга  шығуга  шақырылды.  Тың  игеру  дэуіріндегі  жиі  қайталанатын 
түжырымдар:  «Тыңга шабуыл»,  «Тыңды багындыру»,  «Тыңды бас идіру» сияқты 
үрандардан қүралатыны да тегін емес.
Тыңга  шабуыл  жасауга  шақырушыларды  жолдың,  астық  қоймаларының 
жоқтыгы  да  имендірмеді.  Маңдай  Tepi  төгіліп,  өсірілген  диқан  астыгының 
жүздеген  мың  тоннасы  қырмандарда,  дестелерде,  жаңбыр  мен  қар  астында 
жатып,  іріп-шіріп,  шыгынга үшырады.  Шаруашылықты жүргізудегі  бойга сіңген 
қырсыздықтың,  салғырттықтың  салдарынан  күн  сайын  15  мың  трактордың 
сынып  босқа  түруы  сияқты  бей-берекетсіздікті  есепке  қоссақ,  тың  игерудің 
бағасы да айқындала түспек.
KeHec  тарихнамасында  тыңдағы  өндіргіш  күштерді  пайдаланудың 
үтымдылығы  ауыл  шаруашылыгының  материалдық-техникалық  базасының 
дамып  өсуін  зерттеумен  алмастырып  жүр.  Зерттеуші  В.И.  Куликовтың,  С. 
Ковальскийдің  жэне  X. 
Мадановтың  монографияларында,  сондай-ақ  Б. 
Қайымовтың  «Тың  игеру  аймақтарындағы  астық  шаруашылығы»  еңбегінде  тың 
өндірісіндегі  қаржы  қорының  қайтарымы  мэселелері  көтерілмейді.  Ал,  шын 
мэнінде  жүмсалган  қолдағы  бар  қорға  шаққандағы  өндіріс  өлшемі  бүрын  да 
бірте-бірте кеміген,  әлі  де  кеми түсуде.  1961-65  жылдармен салыстырғанда  1976­
78  жылдары қор  қайтарымының коэффициенті тың совхоздарында 0,70-тен 0,43- 
ке  дейін  азайды.  Көптеген  зерттеушілер  тың  өндірісінің  элеуметтік  тиімділігін 
талдаганда  адам  OMipimH  орташа  үзақтыгы,  балалар  өлімі,  кадрлардың 
түрақтамауы,  қылмысты  істердің  көбеюі,  жасырын  жүмыссыздық,  жергілікті 
түргындардың  көңіл-күйі,  маскүнемдіктің  таралуы,  табигат  экологиясы  сияқты 
аса маңызды мәселелер үмыт қалдырылады  [1, 90 б.].
Жерді 
талан-таражга 
салу 
орны 
толмас 
шыгынга 
үрындырды. 
Ғалымдардың  ece6i  бойынша  тыңды  игеру  жылдарында  топырақтың  сапалы 
қыртысының  15—20  пайызы,  ал  кей  жерлерде  23  пайызға  дейін  бүлініп, 
қүнарсызданған. 
Ka3ip 
бүрыңгы 
тың 
игерілген 
аймақтардагы 
жердің 
қүнарсыздануы  35  пайызга  дейін  жетті,  оны  қалпына  келтірудің  сэті  элі  күнге 
дейін  түскен  жоқ  [1,  90  б.].  Егерде  «игерудің»  осы  қарқынынан  айрылмасақ 
алдагы  ондаган  жылдардан  кейін  тыңның  басты  байлыгы  жеріміз  де  түгелдей 
қүнарынан  айрылып  тынбақ  еді.  Сонда  біз  кейінгі  үрпагымызга  қандай  қазына 
қалдырмақпыз.

Елуінші,  алпысыншы  жылдардағы  жел  эрозиясыпың  етек  алуы  егін 
шығымдылығын да күрт кемітті:  1954-58  жылдары эр  гектардан  11,4  центнерден 
(Орал  облысы  бойынша  5,1  центнер),  1959-63  жылдары  6,1  центнерден  (Орал 
облысы  бойынша  5,7  центнер)  астық  бастырылды  [2,  88  б.].  Осыган  орай 
арамшөптерді 
химикаттармен 
отеу 
жэне 
егістікке 
тыцайтқыштар 
себу 
жүмыстары 
қолға 
алынды. 
Егер 
1960 
жылдары 
Батые 
Қазақстанныц 
шаруашылықтарында  5,8  мыц  тонна  минералдық  тыцайтқыштар  пайдаланылса, 
1969  жылы  247,7  мыц тонна  немесе  44  есе  көп  минералдық  тыцайтқыш  бөлінді 
[9, 43  б.].
Эрине,  минералдық  тыцайтқыштарды  пайдаланбайтын  бір  де  бір  ел  жоқ. 
Мэселен,  гылыми  зерттеулердіц  негізінде  қоршаган  ортага  табигатқа  зиянын 
тигізбей  тиімділікпен  пайдалана  білуде.  Амал  не,  алпысыншы,  жетпісінші 
жылдарда  тыц  аймақтарында  тыцайтқыштарды  бей-берекетсіз  пайдаланудыц 
салдарынан  табигаттыц  өсімдігі  мен  жэндіктеріне  орасан  зор  зиянын  тигізіп, 
апатқа үшыратты.
Н. 
Хрущев  парды  мойындамауымен  қатар  көпжылдық  шөп  егуге  егінді 
тікелей  орып  жинауга  да  тыйым  салды.  Ал  оныц  есесіне  жүгері  өсірудегі 
қүлшынысы  жүртшылыққа  мэлім.  Тіпті,  ол  солтүстік  шецберге  дейін  жүгері 
өсірумен  шүгылдануды  жақтады.  Әрине,  жүгері  жергілікті  табиги  ерекшеліктер 
ескеріліп,  агротехника  сақталып,  өсірсе  аса  пайдалы  дақыл.  Не  пайда,  мүнда  да 
«дала  аруын»  өсіруге  аттаныс  науқаны  басталып  бей-берекетсіздік  белец  алды.
Н.  Хрущевтіц  1957  жылгы  22  мамырдағы  сөйлеген  тагы  бір  сөзіндегі  «Таяу 
жылдарда еліміздіц эр түргынына шаққанда ет, сүт,  май өндіру жөнінде АҚШ-ты 
қуып жетеміз»  [10,  14 б.]  деген үраны да іске аспады.
Осыныц  бэріне  қоса  «Тыц  дэуірінде»  үйымдастыру  жүмысында  да 
түрақсыздық  қалыптасты.  Мысалы,  ауыл  шаруашылыгы  министрлігініц  үстіне 
совхоздар  министрлігі,  жергілікті  жерлерде  совхоздар  тресі,  өлкелік  басқару 
салалары  қүрылды.  Облыстық  партия  жэне  совет  органдары  салалық  негізгі 
байланысты  өнеркэсіптік  жэне  селолық  болып  екіге  бөлінді.  Селолық  аудандар 
ірілендіріліп  территориялық  басқармалар  үйымдастырылды.  Айналасы  бес-алты 
жылдыц  ішінде  колхоздар  екі  мэрте  біріктіріліп,  ірілендірілді  де,  ақыры  олар 
совхоздарга айналдырылды.  Машина-трактор станциялары ажыратылды.  Мүндай 
үйымдастыру  жацалықтары 
еліміздегі 
экономикалық 
немесе 
элеуметгік 
қажетіліктен туындамады, қайта экімшілдік-эміршілдік эдіспен жүзеге асырылды 
да,  дамуга  кері  эсерін  тигізді.  Халық  «қымбатты  Никита  Сергеевичтіц»  толып 
жатқан реформаторлық жүлқынысынан эбден жалыгып қажыды.
Енді  мэселеніц  ең  бастысы  -   адамдар  туралы.  Демек  осы  кезде  «бэрі  де 
адам  үшін»  деген  үран  көтерілді  емес  пе!  Алайда  тыцга  шабуылды  бастаган 
еліміздіц  жэне  республиканыц  басшылары  халықтыц  мүддесін  назардан  тыс 
қалдырды.  Алды-арты  ойластырылмаган  тыц  майданы  бүқараныц,  эсіресе 
жергілікті  түргындардыц  өміріне,  түрмысына  қиындықтар  тугызды,  республика 
бойынша  25,4  миллион  гектар  жердіц  жыртылуы  жайылымдықтыц  шүгыл 
азаюына,  жеке  меншіктегі  малдарды  өсіруді тежеуге  экеліп соқты.  Мысалы үсақ 
мал  өсіру  қарқыны  шаруашылықтыц  барлық  категориясында  үш  есе  азайды, 
жылқы саны  1916 жылгы 4340 мыцнан  1961  жылы  1158 мыцга азайды, ал түйеніц 
саны  1928  жылға  қараганда  сегіз  есе  кеміп,  небары  140  мыц  қалды.  Жергілікті 
түрғындарды  дэстүрлі  тагамынан  (қымыз,  айран,  түз,  сары  май  жэне  басқа) 
айырып шектеу Қазақстандагы ядролық каруды сынаумен түстас  келді  [1, 93  б.]. 
Мүныц  өзі  халықтыц  денсаулыгына  эсер  етті,  алпысыншы  жылдардыц  басында 
республикада  өкпе  ауруына,  бруцеллезге,  лейкемияга  жэне  онкологиялық 
ауруларга шалдыгушылардыц қауырт көбеюінің де себебі міне осыдан.

1965  жылдан бастап Қазақстан өзінің бидайының эр тоннасын 65  сомнан,  ал 
қара бидайын  60  сомнан сататын  болды.  Дэл  осы дақылдар  Өзбекстанда,  Грузияда, 
Әзірбайжанда,  Тэжікстанда,  Арменияда,  Түркіменстанда  едэуір  қымбат  -   90  жэне 
85,  ал  РСФСР-дың жэне  Украинаның  қаратопырақсыз  аудадарында,  Белоруссияда, 
Прибалтика  республикаларында  -   130  да  130  еді  [4,107  б.].  Яғни,  сощылар 
мемлекетке  өздерінің  бидайын  бізге  қарағанда,  екі  есе  қымбатқа  сатып,  қыруар 
пайда тапты.  Ал  Қазақстан  бидайының сапасын мақтағанда,  елдің  бэрі  алдына жан 
салмады.  «Олай  болса,  Қазақстан  астығы  мемлекетке  неге  арзан  багамен сатылды? 
Егер  оган  деген  одақтық  сүраныс  өте  жогары  болса,  оны  басқа  республикалар 
«ауыстыра алмайтын болса», оны неге қымбатқа сатпады?  Сапалы астықтың өзіндік 
қүнының төмен  болганы  үшін эрине,  Қазақстан  диқандары  неге  тек қана  мадақтау 
мен  барынша  қүрметгеуге  гана  лайықты  болды?»  -  деп,  орынды  сүрақ  қояды 
зерттеуші Т.Омарбеков [8,  122 б.].
Қорытындылай  келсек,  төмендегідей  ой  түюге  болады.  Тың  жерлерді 
игеру  тақырыбы  ол  туралы  эдебиеттің  көптігіне  қарамастан,  элі  де  одан  9pi 
зерттеуді, 
эділ  талдауды  талап  етеді. 
Тың  игеру  тарихын  баяндауда 
эсірелеушіліктен,  үрандатушылықтан,  тек  табысын  гана  мадақтап  көрсетуге 
еліктеушіліктен, үстіртіктен арылу қажет.
Тың  жерлерді  игерудің  негізгі  мақсаты  -   қысқа  мерзімде  шыгынды 
негүрлым  аз  жүмсап,  кеңес  халқын  мол  астықпен  қамтамасыз  ету  болды.  Ал  ол 
үшін  жоспар  бойынша  эр  гектардан  орта  есеппен  14-15  центнерден  астық 
бастыру  қажет  еді.  Бүл  белгіленген  жоспар  1992  жылга  дейін  6ip  де  6ip  рет 
орындалмаган  еді.  Мысалы,  1961-1965  жылдары  эр  гектардан  6,1  центнерден 
(КСРО  бойынша  -   10,2  ц.)  астық  жиналды.  И.В.  Русиновтың  түжырымы 
бойынша 
кеңес 
елінде 
өсірілген 
дэнді 
дақылдардың 
эр 
гектарының 
шыгымдылыгын  1 
центнерге  арттырганда  бүкіл  тың  игерудің  нэтиже 
көрсеткішінің  өтеуге  толық  болар  еді  деген  есебімен  келісуге  эбден  болады. 
«Тың  игеруге  жүмсалган  күрделі  қаржы,  -   дейді  ол,  -   үқыптылықпен 
ойластырып жүмсалса,  аз  күш жүмсап алга қойылган мақсатты орындауга  болар 
еді»  [1, 95  б.].
Бүл  арада  біз  тыңның  тиімді  нэтижелерін  жоққа  шыгаруды  көздеп 
отырганымыз жоқ.  Тың игерудің арқасында Қазақстанның экономикасы  біршама 
ныгайды,  жаңа совхоздар,  элеваторлар  пайда болды,  егін  алқкабы  молайды.  Тың 
жерлер  игерілмесе,  90-шы  жылдардагыдай  32  миллион  тонна  мол  астық  жинап 
алу  қолдан  келер  ме  еді  жоқ  па  белгісіз.  Мэселе  сол  жетістіктердің  қүны  мен 
қүтында, зардабы мен залалында.
Тың  игеру  науқанынан  кейінгі  қазақ  жерінің  хал-ахуалына  тоқтай  келіп, 
президентіміз  Н.Назарбаевтың:  «жер  қүнары  азып,  атамекен тозып кетті.  Кербез 
сулы  Көкшетаудагы  сексен  көлдің  сэні  азайып,  айдынды  Аралымыз  тартылды. 
Абай  туган  Шыщыстауды  қырық  жыл  бойы  Семей  атом  полигонындагы 
сынақтар  сілкінтіп түрды,  Сарыарқаның  шалгыны  азып,  жер  жанаты  Жетісудың 
жайлауы жүдеді» деп атап көрсетуі өте орынды.  Әрине еліміздің «тың эпопеясы» 
түсында  басынан  кешкен  қиыншылыгы,  жеріміздің  кешкен  Kacipeii  мен 
мехнатына  Қазақстанга  келген  тың  игерушілер  кінэлі  емес.  Оган  сол  кездегі 
саясатты тугызган мемлекеттік жүйе кінэлі.
Қазақстандагы  тың  жерлерді  игеру  идеясы  экономикалық  қажеттіліктен 
гана  туган  жоқ.  Ол  патша  үкіметінің  коллониалдық  саясатын  одан  эрі 
жалгастыру шарасы  болып табылады.  Әрине, ресми түрде тың игеру патриоттық 
жэне интернационалдық міндет деп асқақтата насихатгалды.

Никита  Сергеевич  тагы  6ip  жарқын  сөзінде  (шарықтаган шақ  болар)  «тың 
эпопеясының»  түпкі  мақсат-мүддесін  төмендегіше  пайымдайды.  «Егер  патша 
өзінің эдістерін қолданып,  бүл аймақты үзақ мерзім  ішінде  адамдарға толықтыра 
алмаса,  біз  советтік  эдіспен  толықтырдық».  Иэ,  бүл  одан  api  түсіндіруді  қажет 
етпейтін түжырым.
Соңғы  айтарымыз,  бүгінгі  күні  кейбіреулер  қазіргі  элеуметтік  үлттық 
қайшылықтар ушығып түрган шақта өткендегі кемшіліктерді көтерудің қажеті не 
деген сауал  қоюы  да мүмкін.  Бүл жерде  айтарымыз,  тарихымыздың  бүрмаланып 
көрсетілуі  қогамымыздагы  бүгінгі  дагдарысқа  тікелей  қатысы  бар.  Ka3ipri 
нарықтық  экономикага  кошу,  осыган  байланысты  меншіктендіру  процесі  қазақ 
халқы  үшін  20-3 0-шы  жылдардагы  қогамдандыру,  жаппай  үжымдастыру 
Kacipeni  cYprimHeH  оңай  түспейтінін  ескерту  қажет.  Караңызшы,  қазақ  жерінің 
ең шүрайлысы, суының ең мөлдірі патша үкіметінің отаршыл саясатының екпінді 
жалғасы  болған  «тыңды  багындыру»  сергелдеңінің  нәтижесінде  кімнің  қолында 
қалды?  Керісінше,  жергілікті халықтың басым көпшілігі шөл далада орналасқан, 
оның  ішінде  артта  қалған  70  селолық  аудан  бар.  Міне,  осы  жағдайларды 
ескермесек 
бүгінгі 
таңда 
қазақ 
халқының 
басынан 
кешкен 
Kacipeii 
қайталанбауына  кім кепілдік  бола  алады.  Сондықтан да  өткендегі  кемшіліктерді 
қайталамау  үшін  Қазақстанның  табиғи  байлыгын  неғүрлым  тиімділікпен 
пайдалану,  көзделген  Ka3ipri  кезеңде  тарихымызға эділ  баға  беру  аса  қажет.  Бүл 
бүкіл  республиканың  ауыл  шаруашылығын  тыгырыққа  тіреген  экімшілдік- 
әміршілдік жүйенің түзагынан қүтылудың бірден 6ip айқын жолы.
Әдебиеттер:
1. 
Әбуов  Қ.  Қазақстанда  тың  жэне  тыңайган  жерлерді  игеру:  тэжірибе 
мен  сабақтар  //  Қазақстан  тарихының  «ақтаңдақ  беттерінен».  -   Алматы,  1994.  -  
235  б.
2. 
БҚО ММ 37 қор.  22 тізім, 46-іс.
3. 
БҚО ММ 761  қор.  13  тізім,  123-іс.
4. 
Винокурова Р.Ф.  Освоение целинных и залежных земель в  Казахстане 
(1954-58 гг.) / Автореферат на соиск.  канд.  ист.  наук. -  М.,  1963. -  35 c.
5. 
Жумасултанов Ж.  Целине -  50.  Брошюра / Алматы, 2003 -  72 с.
6. 
Каражанов  К С .  Освоение  целинных  и  залежных  земель  Казахстана: 
достижения  и  просчеты  //  Сб.  ст.  «Некоторые  вопросы  истории  Казахстанаэ.  -  
Алматы,  1994.
7. 
Ковальский  С.Л.,  Маданов  Х.М.  Освоение  целинных  земель  в 
Казахстане. -  Алма-Ата,  1986.  -  276 c.
8. 
Омарбеков  Т.  Тың түмшалаган шындық // Жүлдыз,1991.  -  №6.  -   118­
131  б.
9. 
Толеубаева К.  «Тың эпопеясы»  бізге не берді? // Ақиқат,  1995.  -  №4.  -  
40-46  б.
10.  Хрущев  Н.С.  Таяудагы  жылдарда  ет,  май  жэне  сүт  өндіруді  жеке 
адамның басына шаққанда АҚШ-ты қуып жету. -  М.,  1957. -  28 c.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет