М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


Шежіреші Төлепберген Алдабергенұлының



Pdf көрінісі
бет17/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

Шежіреші Төлепберген Алдабергенұлының 
аузынан жазып алынып, хатқа түсірген 
т.ғ.д., профессор Қырықбай Аллаберген 


17
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Әдебиеттанудың басқа да салалары тәрізді 
жанрлық сипатын сөз еткенде, оның бар кезеңде, 
бар ақында үнемі біркелкі болып келе бермейтінін, 
қайта дәуір, стиль т.с.с. әсерімен түрлі өзгеріске 
түсіп отыру мүмкіндігін алдымен діттегіміз 
келеді. Осы орайда белгілі орыс зерттеушісі 
В.Г.Белинскийдің: «Жанрлардың шекарасы нағыз 
дәлдіктен гөрі шамамен айырылады. Қайткенмен де 
оны картада мемлекеттің шекарасын көрсеткендей 
саусағыңмен нұқып көрсете алмайсың. Көркемөнер 
қай жақтағы болсын, бір шекарасына таяна беріп, 
өзінің әуелгі мағынасын біртіндеп жоғалтады да, 
шекаралас екінші жанрмен мағыналас болады. 
Сөйтіп, шекаралас екі сипаттар ортақтасып екеуін 
жинастырады»-деп, жазғанын қазақ ғалымы 
С.Қирабаевтың С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ 
кешу» туындысының жанрлық сипатын анықтау 
үшін қолданғанын [1] осы орайда еске салғымыз 
келеді.
Лириканың жанрлық сипаты сөз болғанда да, 
оның тап-таза бір түрін бөліп көрсету мүмкін бола 
бермейтінін де жоғарыда аталған (В.Г.Белинский 
пікіріне) сүйеніп айта аламыз. Әйтсе де тап-тазасы 
қалған жоқ екен деп, оның шартты түрде бөлінген 
түрлері бар екенін де жоққа шығаруға болмайтыны 
анық.
Кез келген ғылым саласы тәрізді бұл мәселеге 
де соңғы нүкте қойылмайтынын, қойылуы мүмкін 
де еместігін ескерсек, мұнда да бұрыннан 
қалыптасқан басы ашық жанр түрлері бар да, 
әлі толық анықталып бітпегені, әйтсе де сол 
толықтыққа жету үшін де алдын-ала сараптауды 
тосып тұрған, әзірше шартты түрде ғана бөлініп 
жүрген жанр түрлері бар екендігін де ескерген 
жөн. Мәселен, мысал (басня), мұң өлеңі (элегия), 
мадақ өлең (ода), төрттаған (рубаи), нәзира т.с.с. 
бұрыннан шаңырақ көтерген даусыз лирика 
түрлері саналады. Ал, жоқтау, арнау, айтысты 
т.с.с. А.Байтұрсыновтың 1926 жылғы «Әдебиет 
танытқыш» кітабынан бастап ұлттық өлең түрі, 
ұлттық үлгі деп қарастырып келгеніміз белгілі. 
Сонымен бірге ойлану (медитативті), жұмбақ, хат 
өлең түрлерін жанр түрі, немесе тақырып т.с.с. 
бойынша жіктелім үлгісі деп, қабағат саралауда еш 
ағаттық жоқ. Осы орайда шығыс поэзиясында кең 
орын алған рауаят, хикаят ұғымдарын да ескермей 
кете алмаймыз. Соңғысының жоғарыда аталған 
А.Байтұрсынов кітабына енуі де тегін емес. 
С о н д а й - а қ ш ы ғ а р м а л а р д ы : ү г і т 
(дидактикалық), шолу, деректі, аңыз, тұспал 
өлеңдері немесе махаббат, табиғат тақырыбындағы 
туындылар деп бөлуде, жанрлық межелеумен бірге, 
тақырыптық ерекшелік қоса ескерілетінін де діттей 
отырып, қазақ өлеңдерінің жанрлық табиғатын кең 
саралау үшін бұлай бөлудің де ұтымды тұстары 
мол екендігін ескермей болмайды. 
Қысқасы, лирикалық қаһарманның ашылу 
деңгейі, белгілі бір тақырыптың қамтылу көкжиегі 
тұрғысынан болсын, бұл аталған өлең түрлерінің 
т.с.с.поэмаға мүлде келмейтінін, қалай түрленсе 
де, лириканың жанрлық шеңбері ішінде қалатынын 
басшылыққа аламыз.
Патшылық Ресейдің отарлау саясатының 
ХІХ ғасырда күшейе түсуі, алдымен хандық 
билік (1822ж.) кейін аға сұлтандықтан да айрылу 
(1868 ж.) және қазақтың неғұрлым шұрайлы 
жерлерінің Ресейден келушілерге зорлықпен 
тартып әперілуі, сөйтіп жер-судан айрылған 
халықтың жүдеп-жадауы, тозуы және ұлттық 
баспа, медресе, мешіт, мектеп ісіне қойылған ашық, 
жасырын шектеу, кемсітулер- бәрі адамдардың 
материалдық мұқтаждықпен бірге рухани азып-
тозуына ықпал еткені белгілі. Бұл қысым ақындар 
шығармашылығына да елеулі әсер етті, ел 
билеушілердің отарлау саясатын сынау т.с.с. өсті. 
Сол дәуірдегі: Абай Құнанбаев (1845-
1904), Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), 
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) т.с.с. 
тәрізді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) 
өлеңдерінің идеялық-тақырыптық негізіне 
ӘОЖ 821.512.122.+821.512.161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет