М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет175/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен
ХХ ғасырдың басы аса күрделі дәуірді басынан 
өткерді. Қайшылығы мол, алда не болары 
белгісіз бұлдыр қоғамдық формация әлі пісіп-
жетілмеген Қазақстан жағдайындағы толқын 
Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп т.б. зиялыларды 
тудырды. Дулат, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп 
қазақ руханиятының біртұтас галлереясын жасап 
тұрған адамдар. Бұлардың қоршаған ортаны тану, 
дүниені ұғыну, сезіну, әлеуметтік- экономикалық 
жағдайды түсінуі оны жырлауы тақырыпты 
тану жағы, көзқарасы бір, бір позициядағы 
адамдар десе болады. Бұлардың қоршаған 
ортасы, шығармашылығы сол кездегі қоғамдағы 
болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси 
жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл төртеуін 
қоғамдық формацияда болып жатқан өзгерістерден 
тыс тағы да қарастыра алмаймыз. Олар өмір сүрген 
кезде қоғамдық жағдай қандай болып еді? Соған 
біраз шолу жасалық. М-Ж. Көпеев өмір сүрген орта 
ХIX ғасырдың бірінші жартысы мен ХХ ғасырдың 
екінші жартысы екендігі айтылып өтті. Бұл кезең 
қазақ өміріндегі басқа ғасырларға қарағанда 
қайшылықтарға толы күрделі дәуір болды. Көп 
жүріп, көп көргені бар, оқыған-тоқығаны бар 
М-Ж. Көпеев өз елінің ауыр тұрмысын басқа 
жұрттың тұрмысымен салыстырып, қорытынды 
жасап отырған, шығармаларына арқау еткен. 
Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде 
қазақ қоғамының экономикасы мен әлеуметтік 
қатынастарында ХIХ ғасырдың алғашқы 
жартысында болған елеулі өзгерістер (егіншіліктің, 
қолөнердің, сауданың дамуы, хандық тәртіптердің 
жойылуы), ал сонымен қатар отаршылдық 
езгінің күшейюі қазақ халқының бүкіл қоғамдық 
тұрмысына, қазақ мәдениетіне елеулі әсерін тигізді. 
Бұл - төменде аталған ақындар шығармаларының 
мән-мазмұнынан да көрінді. 
Абай: Орыс сияз қылдырса, Болыс елін 
қармайды (112); Ояз келсе қайтер ең, Айдаһардай 
ысқырып (124); Мәз болады болысың, Арқаға ұлық 
қаққанға, Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен 
жапқанға (133); Болды да партия, Ел іші жарылды, 
Әуремін мен тыя Дауың мен шарыңды (272); 
Шәкәрім: Бұл елдің көргені - өтірік ант, 
Қазаққа алдау деген болды ғой салт (82); Патшалар 
сансыз шығын қылады, Дайындап соғыс үшін 
ғаскерін (111); Жебір ұлық халқына қас қылады, 
Көңілін шерлі, көздерін жас қылады (156); 
Чиновник ісін қылмаңыз, Әділет жолын тыңдаңыз 
(161); Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп, 
Адалымсып жүретін ұлықтар көп (166); 
Мәшһүр-Жүсіп: «Ұшбу өткен қысқа Шақшан 
елінің қазағы Біртоқым деген Павлодардың 
хабасханасында өліп, үш күн көмусіз жатты. 
Далба елінің он екі кісісін қатын - қалашымен 
қабат улатып, шулатып орысқа қарсы келдің деп, 
қойдай тізіп, қозыдай көгендеп, Павлодардың 
хабасханасына апарып салды. Петропавловскі 
шаһарына шаһар тілі болып атағы шыққан Танты 
мырза екі жыл жарым бір жаз войскіге айдалып 
барып, сол жолдан рахметланып ауырып келіп 
үйінде өлді. Қызылту ескі елінің алты жігіті 
нақақтан сегіз жылға жер аударылып, өлгені 
өліп, қалғаны қалып, жалғыз - жарым тірісі 
қайтып келді. Мың сөзбен бір сөз, біздің қазақтың 
үштен бірінің жоққа тандық болғаны била күші 
хакімларда ғаділетшіліктің жоқтығынан, жұртты 
жеген залымдар ақшаны беріп-беріп ақталып 
жатып та, ақша бермегендер, «ісім ақ, құдайым 
жақ», - деп, «жалаң құдайға сенсең, жаяу қаласың» 
дегеннің кері келіп, дүниенің о шеті мен бұ шетіне 
кетіп жатыр» - дейді [1, -Б. 3].
Шәкәрім мен М-Ж. Көпеев қазақ ояныңдар, 
бостандық, орыс отаршылдығы, бодандық, 
жерді алып жатыр, теңдік сияқты саяси мәні мен 
мазмұны бар сөздерді жиі қолданған. М. Әуезов 
айтады: «Абай өлеңдері мен қара сөздерінде 
біз патшалықтың дәл өзін сынап, қарсылық 
сөз сөйлегенін кездестіре алмаймыз. Бірақ, сол 
патшалықтың қазақ елі сияқты бұратана жұртты 
билеп отырған системасын және губернатор, ояз, 
ӘОЖ 821.512.122.091:821.5:821.16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет