М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет25/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Кіші жүз Бөкей елінің ұланы Қамаралдин 
хазірет Мәшһүр Жүсіптің:
Мерғараб сабақ оқып Көкалдаштан, 
Ғылыммен біте қайнап бала жастан. 
Бұхарай шәріфте мәшһүр болып, 
Замандас, бастасына болған дастан,
– деп жазысына қарағанда, әу бастан-ақ аты 
аңызға айналып, сөзінің мол білімі, биік парасаты 
арқасында қайда барса да сол ортада ойып орын 
алғаны байқалады. Оны Мәшһүр Жүсіптің:
Әуелі келіп тоқтаған Қоңырқұлжа,
Әр жұртқа ғылым шашып, салған жолға (олжа)...
Онан соң тұрған жері- Қыпшақ: Ыбырай, 
Ғылымнан артық нәсіп берген құдай.
Советник Тұрлыбектің тірісінде
Неше жыл тұрған мұнда бірнеше ай. 
Жиылып сабақ алған Керей біткен,
Атығай, Қарауыл боп құрмет еткен. 
Қанжығалы, Қыпшақ пен Қуандыққа,
Он екі пән ғылымнан дін үйреткен,
- деген өлең жолдарынан айқын аңғаруға болады. 
«Ишан бар:өзі қажы Бесмұхаммед, демесең 
қара қазақ ел-Алтайда» десе сөз болып отырған 
жоқтауда:
Исі қазақ, үш жүздің баласында
Заманында молда жоқ мұнан асқан, - деп.
«Қара қазақ исі қазақ» –дегенде ақын әдетте 
ислам дінін қазақ қырында насихаттаушылардың 
бастау кезінде қожалардың тұрғанын меңзейді де 
сөйте тұра қазақ топырағында кіндік кесіп, кір 
жуып, терең білім алып, ислам дінінің насихатшысы 
айналған ел таныған, төл білімі даралымы, мақтан 
тұтатыны айқын аңғарылатындай. Сол сынды 
ғұламаның Баян жеріне келіп орналасуына, ислам 
дінінің ұрығын шашуы сабақ болған Мұса мырзаға 
қанша дұға қылсақ аз сондай ерге - деуінің өзіндік 
себебі де жоқ емес. Оны Мәшһүрдің:
Ғалым жоқ мұнан асқан Қараөткелде, 
Атбасар, Көкшетау мен қалың елде...
Бір дуан оңтүстікте Қарқаралы,
Бар ма, айтшы, мұндай ғалым онда, кәні?!
Павлодар, күн шығыста Кереку бар, 
Бес қадам әр жерінде молдалар бар.
Семей бар, илиада Ертіс басы,
Өскемен таяу тұрған оның қасы.
Болмаған оларда да мұндай ғалым, 
Дария еді түпсіз терең жоқ шамасы,
- деген сынды өлең жолдары айғақтай түседі. 
Ал сонымен қатар діннің таралу тарихын 
зерттеушілерге тапсырмас мағлұмат беретін 
осы өлең жолдарын да Қамаралдин хазіреттің 
білімдарлығы діни тұлға ретіндегі өлеңдерінде 
азаматтың кескін-келбетін даралайды.
Омбыда екі бастан молда жоқ- ты,
Айтпайды ғалым бар деп онда тіпті.
Ахон бар, Ғабдал,-бәрі Қызылжарда
О дағы бұл кісіні: «Артық!» -депті. 
Міне осындай жанның сегіз болыс Сүйіндік 
баласын дін кәусарынан сусындатуы Мәшһүр 
Жүсіпті ерекше шаттыққа бөлегені байқалады. 
Қызылжарда жатқан Ғабдал бәрі Ахонның хазіретті 
«Артық» -деуі, мойындауы біріне бірі ит айтақтап, 
құс салып жүрген біздің замандастарымыз үшін 
асқан ерлік, үлгі болар жан ғой. 
Мәшһүр Жүсіптің бұл шығармаларынан 
жалғыз діндарлар емес, жалпы жұрт қолына қалам 
ұстау, ой толғаушы қаламгерлер үлгі алса, құба-
құп, олай дейтінім шамамызды білмей шалқып, аз 
ғана дін деп сауатын көпке балап өздерін шариғат 
шегесі, тұтқасы санап жүрген молдалар да, менен 
асқан ақын жоқ деп керемсоқтыққа салынған 
жазушылар да арамызда баршылық қой. Солар 
Мәшһүрдің:
Құдайдың бар жаратқан қазынасында,
Ғылымнан ешбір нәрсе емес артық .
Немесе өзі туралы:
Сықылды шикі тері жетпей иім, 
Көңілім бар секілденген жыртық киім- 
деген өлең жолдарына көз салып, ой жүгіртсе, 
ғылымның, білімдарлықтың, қарапайымдылықтың 
шынайы бағасын ұғынар ма еді.
ӘОЖ 882.151.212.2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет