Қайраумен шықыр-шықыр отыз тісін. Айт, тауып жастанайын босағасын, Молданы бала оқытқан құдай үшін. [2.19].
«Отыз тісін қайрау» тіркесінің түпнұсқасы –
тісін қайрау. Мәшһүр Жүсіп өлеңнің идеясына
байланысты дүниеқұмарлардың бейнесін аша
түсу үшін «отыз» сөзін қосқан және «шықыр-
шықыр» еліктеуіші арқылы семантикалық реңкті
арттыра түскен. Тіпті молданың өзі баланы ақша
үшін оқытатын болып кетті деген ойды қынжыла
отырып айтады.
Отырмын бұ жалғаннан үзіп күдер, Жеткен соң жер таянған мезгіліме. [2.36]. Немесе Тілі жоқ көп мылқаулар тыйыш жатыр ғой, Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға [2.90]. Фразеологизмдердің құрылымдық жүйесі
біршама өңделгенімен, оның дәстүрлі мән-
мағынасында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұл
жерде фразеологизмдер трансформацияға түсіп
тұрмаса да, өлеңнің ұйқасына байланысты орын
тәртібі алмастырылған. Сөздердің бұлайша
орын алмастырып келуі стильдік те, мағыналық
та өзгерістер бермейді. Ақын өлеңнің ырғағын,
әуезділігін бұзбау мақсатында қолданғанын
байқаймыз. Десек те, инверсия тәсілі шығарманың
идеялық-көркемдігіне қызмет ететініне көз
жеткіздік.
Қ о р ы т а а й т қ а н д а , М ә ш һ ү р Ж ү с і п
шығармаларындағы фразеологизмдердің
окказионалды қолданыстары жасалу тәсілі
жағынан сан алуан екеніне көз жеткіздік. Мәшһүр
Жүсіп әр өлеңнің идеясына сай осы түрлі тәсілдерді
үйлестіріп қолдана білген.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. Т.1.// «ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2005. -540 б.
2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. Т.2.// «ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2005. -456 б.
3 Кунин А.В. О стилитическом контексте во фразеологическом ракурсе. Сборник научных трудов.
– Москва, 1976.-С.36.
4 Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – А.: Ана тілі, 1996. – 304 б.
5 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғылым, 1977. – 712 б.
6 Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. – А.: Республикалық баспа кабинеті, 1998. – 128б.