М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Мінбейтін, түспейтұғын молдадағы,
Өлікке байлап орын тапқан екен,- кекесінді әжуа 
да осында. «Молдадағы өлікке байладық» дегенді 
желеу етіп, қаралы үйдің дәулетін талан- таражға 
салып,  арсыздыққа  салынған  дүниеқоңыздар  да 
осында.Олардың аты-жөндері, істеген қиянаттарын 
салу арқылы ұтқырлық танытқан. Расходына 15 
қара шығарылған солардың кімге қалай бөлінгенін 
шабдар ат былай баяндайды: 
... Өлік өлсе белгілі Біләл – басы,
Талап атты ағайын кәрі-жасы .
«Басым көп, менен артық кәріп (ғарып) жоқ деп,
Бір атын алған Байбек, өз ағасы.
Ал расходқа шығарылған малды үлестіруші 
Қожахмет пен Асқар олардың кім екенін:
Аттан тайлық, тайыншадан қойлық алып,
Жоқ орнынан болмашы нәсіп терген жандар 
– деген сөз айқындап тұр.
Оған жырдың келесі тармақтары әбден куәлік 
ететіндей :
Қожахмет Кейкіге айтқан оңаша алып,
Саған бір тай байлаттым бедел салып,
Өзіме арзан сатып кетіңіз деп қиылады,
Алаяқты алаяқ, сұмды сұм 
Сүлікше сорған заман келбеті бұл ішкі есеп, 
арамзалықтан біріне -бірі көш ілгері екенін:
Тай қолына тиген соң мойын бұрмай ,
Түк бермей кеткен Кейкі жер соқтырып.
Тіпті «уәде құдай аты» - делінетін қанатты 
қағида . Оны да қойшы, өлген кісінің мал- мүлкін 
талап алып, мұны жұртқа құдай жолы, шариғат 
талабы ретінде түсіндіру нағыз имансыздық емес пе? 
Ұлы Абай өзінің «Отыз алтыншы сөзінде»: 
«Пайғамбарымыз  салалаһу  ғалайһи  уәсәләмнің 
хадис шарифінде айтыпты. «Мен лә хаяһун уәлә 
иманһун  ләһу  »  -  деп,  яғни  кімнің  ұяты  жоқ 
болса,оның иманы да жоқ»,- деген.
Мұнан әрі Абай сол ұяттың екі түрлі болатынын 
айтады. «Біреуі – ондай қылық өзінен шықпай-ақ 
бір бөтен адамнан шыққанын көргенде сен ұялып 
кетесің. Мәшһүр де шабдар аттың зары мен мұңына 
қаныққаннан кейін, Абайша айтқанда, шариғатқа 
теріс, ақылға теріс, бойға теріс өзгелердің ісінен 
ұялып,  Шабдар  аттың  жалына  қағазға  жазған 
өлеңін мықтап байлап жөніне жібереді.
Досым  Омаров  өзінің  «Абайтану»  атты 
кітабында: озық ойлы, турашыл Абай енді елдің 
тыныс-тіршілігіне  сын  көзбен  қарай  бастайды. 
Тұрмысы  жүдеу  қалың  елдің  көрген  тауқыметі, 
қара ниетті адамдардың оларға көрсетіп отырған 
тауқыметі, қара ниетті адамдардың оларға көрсетіп 
отырған  зорлық-зомбылығы  Абайды  терең  ойға 
қалдырады...  Кедей-кепшік  ,  әлсіздерге  қамқор 
болу қамын ойлайды.
Осы  пікір  ұлы  Абайдың  ізін  ала  шыққан 
қазақтың  ірі  ойшылы,  ақын  Мәшһүр  Жүсіп 
Көпеевке  де  қатысты  айтылғандай  көрінеді. 
Өйткені  Абайдың  да,  Мәшһүрдің  де  қазақтың 
жалпақ тілімен айтқанда, «илегендері бір терінің 
пұшпағы»  -  демекші  көксеген  арман-мұраттары 
қазақты  надандықтың  темір  құрсауынан  алып 
шығып, қараңғылықтың қою бұлтын сейілту, атар 
таның жақындату ғой. 
Ақсақалы  айтысатын  қызбенен  немесе 
Мәшһүр Жүсіп жинаған айтыс үлгілері
Ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жинап,  онын 
келер ұрпақ үшін баға жетпес қазынаға айналуына 
ақын ғалым, тарихшы, ауыз әдебиетінің үлгілерін 
жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің қыруар еңбек 
сіңіргені белгілі. Соның ең бастыларының бірі – 
айтыс  үлгілері.  Сол  үлгілерінін  біразы  Мәшһүр 
Жүсіп шығармасының VI томында топтастырылған 
екен. Ұзын саны 25 айтыс, қысқа қақтығыс үлгілері, 
қағытпа,  сөз  қағысу  тәжікелесу,  сайыс,  қызбен 
айтыс, келінмен қағысу, қалыпты айтыс үлгілері 
деген  бөлімдерге  жіктеліп  берілген.  Қағытпа, 
тәжекелесу, сайыс көлемі шағын, көбіне әзіл- әжуаға 
құралады. Мәселен, Көтеш пен Күнекей қағытпасы. 
Қуандықта: Алтай –Қарпық байдын қызы Күнекей 
ақын мен Көтеш алып айтысқанда, Күнекей: 
Ұранымды сұрасаң Алтай –Қарпық, 
Келген аттың бәйгеден бауыр еті артық.
Шашым менен шашбауым жамбы көтім,
Екі емшегім жігіттен әлі де артық.
Көтеш: Киімде жаға менен жең бар деймін , 
Айтысып менімен нең бар деймін.
Шашың мен шашбауыңа сақал мұртым, 
Ол тесікке бір тығын тең бар деймін.
Емшегіңе екі иінім тура келсе,
Осыменен үйіңе жол бар деймін, – деп аяқталады.
Мұндағы, «көт, ол тесікке бір тығын» сөздері 
біздерге анайы көрінгенмен, Көтеш пен Күнекейдің 
ұлы  сөзде  ұяттық  жоқ  деп  білген  замандастары 
бұған анау айтқандай мән бермеген. Акын Қадыр 
Мырза -Әли :
Ақсақалы айтысатын қызбенен 
Ақын халық екенбіз біз деген, –дегенде міне 
осыны айтса керек.

29
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қарауыл Орынбай ақын жаңа түскен жас келінге:
Ақ емес, қара емес торы келін,
Адамнын өзі тендес зоры келін.
Адамға ұят, абырой мұнан болмақ, 
Арасын екі аяқтың қоры келін.
Сонда өзінен жасы да, жолы да кіші баласындай 
келін:
Ақ емес қара емес мен бір торы, 
Адамңын өзім теңді болдым зоры.
Мен сақтап осы жерге аман келдім, 
Ендігісін қайнаға өзің қоры, – деген екен.
«Ақ  бала  мен  боздақ»  Шортанбай  мен 
Орынбай,  Жанай  мен  Түбек,  т.б.айтыстары 
қалыпты  айтыс  үлгілеріне  жатады.  Осылардын 
арасында біз Шөже мен Кемпірбай, Ұлбике мен 
Жантас айтыстарына аздап аялдап сөз қылмақпыз. 
Сөзді Мәшһүр Жүсіптің «Өлең болса, айтыс болса, 
осы екеуіндей болсын» деген бағасынан бастайық. 
Сақау мен Тоқжан айтысы расында да «жібектін 
қиығы, алтынын сынығы» дерлік құнды дүние екен. 
Білетініміз біреу, білмейтініміз қаншама десеңізші 
небір көздің жауын алып, сары алтындай ой ұялататын 
осындай дүниелерді жиып-теріп, ұрпағына олжа 
салған Мәшһүр Жүсіп бабамызға рахмет айтасың дей 
отырып, енді бетті айтыстын өзіне бұрайық. Оқырманға 
түсінікті болу үшін аз ғана мағлұмат бере кетейік. Сақау 
Мәшекеңнің жазысына қарағанда, Баянауылда жатақ 
жатып, саржан сатып күн көреді. Анда-санда аңсары 
ауғанда ұрлық та қылады екен. Ал Тоқжан – қаракесек 
қызы, әкесі Самай үштің біріне қосылған бай адам. 
Сақау:
Қыз Тоқжан жақсы болсаң қарындасым, 
Жаман болса азабын арылмасын. 
Қос атпен Қызылтаудан Сақау келді, 
Ақмарту айтысайық қатар басып. 
Осы арада Сақаудың қос атпен Қызылтаудан 
Сақау келді деп отырғаны – бұдан бұрын да Сақау 
Тоқжанмен айтысып, жеңіліп қалған екен. Жеңілгенде 
Торайғыр бидің Тоқжан женді деген билігінен аса 
алмаса керек. Сөйтіп жүргенде Тоқжанды жаз шыға 
ұзатады деп естиді. Содан бір елге қатын болып 
түскен соң: «Жеңген, жеңілгенімнің не сәні бар, өз 
елімде оң жақта қыз күнімде айтысып қалайын», – 
деп бір атты мініп, бір атты жетегіне алып, қос атпен 
Қызылтаудан жеткен беті екен бұл. «Тоқжанның 
әдейі іздеп келген, мен болсам кедей құлым, берейін 
сыбағанды», –деді. Тұтқиылдан ұзатылу тойының 
үстіне  тап  болған  Сақау  өліспей  беріспейтінін 
айғақтайтындай, солай болады да. 
Тоқжан: 
Ай, Сақау, жақсы болып, жай білмейсің,
Бойына ине-жіптей бір ілмейсің.
Жағаңда екі қолым қияметте, 
Қойныма бойдақ болып бір келмейсің, – деп 
Сақауға кінә арта әзілдейді. 
Сақау:
Биыл қыс біздің жақта жаман болды,
Жылқы –отарда қолдағы ат шабан болды.
Жақсы болсаң қойныңа келмес пе едім
Мұрның кейкі, сипатың жаман болды.
Сонда  Тоқжан:  «Жарық  әкеліңдер,  мұның 
өзі  қандай  екен?»  –  десе  керек.  Қай  айтыста 
болмасын ақындардың түр сипатына (портретіне) 
тоқталатыны әуелден бар. Тек соларға нақтылықтан 
гөрі өсіре сөйлеу басым. 
Ақиық мұз балақпын жерге түспес, 
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес. 
Мойыным сұңғағындай жүзген қудың, 
Лебізім  шырындай  шәрбәт  судың.  (Біржан 
мен Сара айтысы ) 
Сақау: 
Шықшытты, алқымым тоқ, орайлымын, 
Болғанда қарыным жуан,шойдалымын, – деп 
нақтылы өз бейнесін жырға қосады.
Тоқжанның: 
Мен  Тоқжан,сен  Сақаудың  заманында  – 
деуінен  түр-сипаты  аса  келісті  болмаса  да,  өз 
бағасын білетінін анық аңғартады. Осы айтыста 
бірталай  игі  жақсылардың,  тарихи  тұлғалардың 
аттары  аталады.  Соларға  байланысты  кейбір 
тарихи жайлар сөз болады. Айтыстын түйінді тұсы 
тақалған шақта: 
Айтады Сақау өлең екіталай,
Жүреді сері бойдақ көшті жанай.
Қиқулап Хиуадан өте шықты,
Алшеке-ау,  мына  сөздін  мәнісі  қалай?  –
деп  тойға,  арнайы  балаға  батасын  берсін  деп 
шақырылған Алшынбай биге жүгінеді.
Сонда Сақау:
Адамның бермесіне түңілмеймін, 
Ешкімге көзім сүзіп үңілмеймін.
Жүгінсең бұл тазына өзін жүгін,
Мен емес даулы кісі жүгінбеймін, – деген екен. 
«Мен емес даулы кісі» деуі арқылы өзінің жеңісіне 
күмәні  жоқ  екендігін,  бидің  алдына  бұл  үшін 
жүгінбейтіңдігн және бидің бекерден-бекер билік 
айтпайтынын елдің есіне салады. 

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
30
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Бейнелі  тілдік  бірліктер  ретіндегі 
фразеологизмдердің  мағына  тұтастығы, 
құрылымының  тұрақтылығы  және  қолданылу 
тиянақтылығы болатыны белгілі. Алайда сөйлеу 
тілінде тұрақты тіркестердің мағынасы мен сыртқы 
түріне  жаңарулар  енгізіліп  жатады.  Бұл  өзгеріс 
фразеологизмдердің функционалды-семантикалық 
қасиеттеріне  ерекше  экспрессивті  сипат  береді. 
Фразеологизмдердің  эспрессивтілігін  күшейту 
мақсатында қолданылатын стилистикалық тәсілдер 
олардың  ұғымдық  мазмұнын  өзгерте  отырып, 
тұрақты тіркестердің семантикалық құрылымының 
окказионалды тұрғыда қайта жаңаруына әкеледі [3. 
36]. Авторлық өзгеріске түскен фразеологизмдер 
кейде  қалыптасқан  тұрақты  мағынасынан 
басқа  ауыспалы  мағынада  да  келіп  тұрады. 
Фразеологизмдердің осындай өзгерістерге түсіп, 
мағына жағынан дамуы, лексика-грамматикалық 
жағынан өзгерістерге түсуі жазушының стиліне, 
сөз құбылту шеберлігіне де байланысты. С.Исаев: 
«Көркем  шығармада  белгілі  дәрежеде  жазушы 
интеллектісіне қарай кейбір еркіндік, формальды 
түрде жалпы нормадан ауытқу, аграмматикалық 
(жүйе,  заңдылықтың  бұзылуы),  аномалиялық 
(әдеттегіден  тыс,  қалыптасқаннан  өзгеше), 
метабазистік  (сөз  таптарының  басқа  қызметте 
жұмсалуы)  құбылыстар  болып  отырады»,  -  деп 
көрсетеді  [4.  304.].  Әрине,  фразеологизмдердің 
ақын-жазушылар  тарапынан  құрылымдық-
мағыналық өзгерістерге ұшырап, өңделіп берілуі 
белгілі бір мақсатқа негізделеді.
«Қазақ  тілінен  асыл,  қазақ  тілінен  бай  тіл 
жоқ....  Сол  ата-бабаның  тілі  болған  қазақ  тілін 
осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ 
тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында, 
әулиелік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы 
өткен ата-бабамыз бәрі жақсы болып, әулие болып 
өтті» - деп, қазақ тіліне өте жоғары баға берген 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да қазақ әдеби тіліне 
мол мұра қалдырды.
Өркениетті  қоғамда  тіл  -  адамзаттың  ең 
жоғарғы құндылығы болса, көркем әдебиет - тілдің 
байлығын танытатын құрал. 
Көркем шығарманың тілі, ақын-жазушының 
өзіндік жеке сөз қолдану стилі, шеберлігі қазақ 
әдеби  тілінің  дамуына  тигізер  ықпалы  зор. 
Суреткер стилінің даралығы оның тілдік-стилдік 
құралдарды  сұрыптап,  түрлендіріп  қолдану 
шеберлігіне байланысты. 
Мәшһүр  Жүсіп  шығармаларындағы 
ф р а з е о л о г и з м д е р   ө з і н і ң   с е м а н т и к а с ы , 
стилистикалық, тарихилық сипаты жағынан сан 
алуан.  Автордың  фразеологиялық  бірліктерді 
сұрыптауы  шығарманың  тақырыптық-идеялық 
бағытына байланысты. Кейбір тұрақты тіркестерді 
ақын бірнеше рет қайталайды. Бірақ бұл қайталау 
әр жерде әр түрлі стильдік мақсатты көздейді және 
басқаша сипат алатыны байқалады. Себебі автор 
фразеологизмдерге үлкен шеберлікпен жаңартулар 
жасап, өңдеп, құбылтып көрсетеді. 
1. Жалпы халықтық формадағы тұрақты 
сөз  тіркесін  өзгертіп  қолдану  арқылы  жаңа 
мағына  беріледі.  Мысалы,  «Бірінші  байлық  – 
денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші 
байлық  –  он  саулық»  деген  мақалдың  желісі 
былайша пайдаланылған:
Беріп қойды аямай денсаулықты,
Отырғызып қасына ақ жаулықты.
Саусаң бие, артуға түйе беріп, 
Қотаныңнан өргізіп жүз саулықты [1. 10]. 
Сол сияқты «Тесік моншақ жерде қалмас» мәтелін 
төмендегідей қолданады:
Деймісің тесілген тас жерде қалар,
Шамшырақ Хақ жандырған саулап жанар.
Асыл, жасық екенін білмесе де, 
Шелекке тағуға біреу алар [2. 20]. Ал «Жетім 
көрсең  жебей  жүр»  мақалын  келесідей  өңдеп 
қолданады:
Жетім көрсең, жексұрын көрме!-дейді.
Тіленшіні телміртіп жүрме!-дейді.
ӘОЖ 882.151.212.2
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
ОККАЗИОНАЛ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Р.А. ВАФЕЕВ
Югор мемлекеттік университетінің профессоры, Ресей Федерациясы 

31
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Шайтан тұрар: «Берме!» - деп жағаласып
Оның  айтқан  тіліне  ерме!  –  дейді  [1.  11]. 
Осы жолдардан ақынның халық қазынасындағы 
мақал-мәтелдердің құрылымына, мазмұнына ешбір 
нұқсан келтірмей өзгертіп, шеберлікпен түрлендіре 
ажарландырғанын, мағыналылығын арттырғанын 
байқаймыз.  Тұрақты  тіркестердің  құрылысы 
өзгертіліп қолданылады: 
«Бұл күнде алтын азып, жез болыпты,
Дүниеде  жақсы-жаман  сөз  болыпты» 
[1.  45].  Осы  жерде  «Бұл  күнде  алтын  азып  жез 
болыпты» деген тіркес «сөздің қадірі кетті» дегенді 
білдіреді.  Өйткені  жұртқа  белгілі  нұсқасында 
«Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір» деп айтылады. 
Мәшһүр  Жүсіп  оны  қайталап  жатпай,  бірден 
метонимиялық тәсілді қолданған.
«Түлкінің  қызылдығы  өзіне  сор»  (Түлкінің 
қызылы  өзіне  сор);  «Алтынды  пұлын  білмей 
жерге шашқан» (Қолда барда алтынның қадірі 
жоқ); «Жақсыны өзі болған көре алмаған, Біреуді 
күндемесе  жүре  алмаған»  (Өз  жұртың  жақсы 
болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді); «Түзу 
ағаш болады үйге тіреу» (Түзу ағаш үйге тіреу, 
түзу жігіт елге тіреу); «Адамға пәле – тілден, 
бейнет – көзден» (Басқа пәле - тілден) және т.б. 
Мұнда тұрақты тіркестердің эмоционалдығы артып, 
олардың  бұрынғы  мағыналары  толықтырылып 
дамытылады және ақынның өзіндік қолтаңбасы 
байқалады.  Осы  мысалдардағы  «Адамға  пәле 
– тілден, бейнет –көзден» тіркесіндегі «бейнет – 
көзден»  қазір  қолданылмайды.  Мәшһүр  Жүсіп 
өлеңінде:  «Жаяу  қыл,  нәпсіңді  атқа  мінгізбей 
бақ,  Көз  соңынан  көңілді  тізгіндеп  бақ»,-деп, 
«бейнет-көзден» деген тіркестің мағынасын аша 
түседі.  Демек,  адамның  көзінен  көп  күнәнің 
шығатынын, адамның байқамай шариғатқа қайшы 
іс  істеп  қоюы  мүмкіндігін  ескертеді.  Мәшһүр 
Жүсіп  өлеңдерінде  Құран  мен  хадистерді  көп 
қолданатынын ескерсек, «Көз зинасы» ұғымына 
байланысты хадистың мазмұнын алғанын аңғаруға 
болады. Ал лингвистикалық тұрғыдан алғанда, екі 
бөлек айтуға болатын сөз тіркесін ақын біріктіріп, 
контаминация тәсілін қолданған.
2. «Көңіл кірі» фразеологизмінің (қайғы-мұң 
мағынасында) қолданысына назар аударайық:
Көңілде жатқан кіріңді 
Оттай ыстық сөз жояр (Мақал).
Аспанда ай болмаса, адасады
Көңілді көтермесе, кір басады (Халық әні).
Дүние кірін жуынып
Көрініп ойға көз салар (Абай).
-Кәпір-антқа, мұсылман тілге нансын,
Көңіл кірі айтумен кетсін, барсын! [2. 22]. 
Жүргенмен не бітірдім тірі болып,
Көңілдің тазармаған кірі болып [2. 149].
-Жүйріктің алу үшін ащы терін,
Тер шыққан соң тарқатар іштің шерін.
Гүл жүзді, шырын сөзді наз ниннан,
Сөз  қозғап,  кетірейік  көңіл  кірді.  [2.23]. 
«Көңіл  кірі»  тұрақты  тіркесі  Абайдың  өлеңінде 
«Дүние кірі» болып, жаңа өмірді аңсау мағынасында 
қолданылса, Мәшһүр Жүсіпте халықтық қолдану 
үлгісімен  үндес  келеді.  Осы  жерде  де  Мәшһүр 
Жүсіптің халықтан алшақ кетпейтінін, сөйтсе де 
өзіндік ерекшелігі бар екенін байқаймыз. «Көңіл 
кірі»  тіркесі  арқылы  ақын  бірде  іштегі  мұңды, 
назды қалай шығару керектігін айтса, бірде өз ісіне 
көңілі  толмайтынын  білдіріп,  бір  тіркесті  түрлі 
стильдік мақсатта пайдаланады. Мұнда ақын өзін 
көңілдің кіріне балап, метафоралық тіркес жасаған, 
яғни перифраздар жасаған.
3. Фразеологизм сыңарларының арасынан 
сыналап сөз ендіру. Фразеологизмдер құрылымы 
тұрақты болғандықтан да сырттан сыналап сөз қосуға 
көне бермейді. Ал поэзиялық шығармаларда мұндай 
құбылыс өте жиі ұшырасады және өлең тілінің әр 
түрлі қажеттілігін өтеу үшін осылайша ұшырасуы 
заңды да. І.Кеңесбаев: «Көркем әдебиетте, оның 
ауызша, жазбаша түрлерінде, халық тіліндегі белгілі 
бір фразеологизмді сәл ұлғайтып, немесе ықшамдап, 
өлең өлшеміне не көркем текске ұштастыра өріп 
қолдану сәттері болып тұрады... бұл секілді саналы 
әрекет жолымен болған өзгерістер арасына бөгде 
сөздер енсе, дистант құбылыс деп аталады»,-дейді 
[5.593]. «Сыналап енгізілген сөздер тұрақты сөз 
орамының мағына тұтастығына нұқсан келтірмей 
жымдасып, үндестік тапса, нормадан жөнсіз ауытқу 
емес» [6 . 54].
Фразеологизмдерді  қолдану  барысында 
кездесетін  дистант  құбылысын  барлық  сөз 
табы  жасай  алады  және  олар  фразеологиялық 
варианттарды жасайтын тәсіл болып табылады. 
Осындай дистант құбылысы Мәшһүр Жүсіп 
шығармаларындағы  фразеологизмдерде  де 
кездеседі.
Тісіңді алыс жауға көп қадайсың,
Артыңнан найза, қылыш бек таяйсың [1. 55]. 
Немесе

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
32
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қас пен көздің, кірпіктің арасында
Талайсызға тікен боп тіл қадалар[2. 80]. Сол 
сияқты
Ол молда бұрынғыдай бола алмады,
Көңіліне күндегі сөз қона алмады[2.123]. 
Әр жерде жұрт аузында әңгіме боп,
Құлақтың,  естігенде,  құрышы  қансын 
[2.33].  Мысалдардан  байқағанымыздай,  автор 
өлеңнің  үйлесімді  ұйқасын  бұзбау  мақсатында 
фразеологизмдердің  арасына  сыналап  сөз 
ендіреді. Дистант құбылысы тұрақты тіркестердің 
мағынасына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше 
өзара жымдасып, үндестік табады. 
Болмаса жақсылықтан еш нәрсеміз, Сорымыз 
сонда біздің қайнайды екен; Шаһар жаққа түзейді 
енді бетті; Қай жеріңнен келмей тұр, айтшы, 
күйің;  Тұзағына  бір  жұрттың  түсіп  торлы; 
Делебем  айқай  шықса,  кетер  қозып;  Ілінсем 
жақсылықпен ел аузына; Ақынның шек келтірме 
тіл жағына, Ілінсең сау қалмайсың тырнағына. 
Мәшһүр Жүсіп – сөз шебері, фразеологизмдерді 
тиісті  орында  тиімді  қолдана  біледі.  Берілген 
мәнмәтіндерде  ақын  компоненттері  дистант 
орналасқан  фразеологизмдерді  инверсияға 
ұшыратып  та  пайдаланады.  Олар  мазмұн 
тұтастығын бұзбайды. Фразеологизм құрамында 
кездескен  сөздер  ешбір  стильдік  мақсатты 
көздемесе  де,  экспрессивтілік  үстеп,  мағынаны 
кеңейтуге қатысады. Сондай-ақ, дистант құбылысы 
фразеологиялық варианттарды жасайтынын айта 
кетуге болады.
4. Фразеологизмдердің орнын алмастырып 
қолдану.
Мәшһүр Жүсіп тілінде ең бір өнімді жұмсалған 
құбылыс – фразеологизм сыңарларының дағдылы 
орнын  алмастырып,  инверсия  жасау  тәсілі 
екені көзге түседі. Көбіне еркін тіркестерге тән 
болып  келетін  мұндай  тәсілді  фразеологиялық 
оралымдарда  қолданудың  өзіндік  мәні  бары 
байқалады.  Синтаксистік  инверсия  тәсілі  М-Ж.
Көпеев қолданысында экспрессивтілікті күшейту 
және компоненттерді мағыналық жағынан ерекшелеп 
көрсету құралы ретінде жұмсалғаны анықталды.
Дүниеден қалған жан жоқ аяп күшін,
Қайраумен шықыр-шықыр отыз тісін.
Айт, тауып жастанайын босағасын,
Молданы  бала  оқытқан  құдай  үшін.  [2.19]. 
«Отыз  тісін  қайрау»  тіркесінің  түпнұсқасы  – 
тісін  қайрау.  Мәшһүр  Жүсіп  өлеңнің  идеясына 
байланысты  дүниеқұмарлардың  бейнесін  аша 
түсу  үшін  «отыз»  сөзін  қосқан  және  «шықыр-
шықыр» еліктеуіші арқылы семантикалық реңкті 
арттыра түскен. Тіпті молданың өзі баланы ақша 
үшін оқытатын болып кетті деген ойды қынжыла 
отырып айтады. 
Отырмын бұ жалғаннан үзіп күдер,
Жеткен соң жер таянған мезгіліме. [2.36]. 
Немесе
Тілі жоқ көп мылқаулар тыйыш жатыр ғой,
Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға [2.90].
Фразеологизмдердің  құрылымдық  жүйесі 
біршама  өңделгенімен,  оның  дәстүрлі  мән-
мағынасында  айтарлықтай  өзгеріс  жоқ.  Бұл 
жерде  фразеологизмдер  трансформацияға  түсіп 
тұрмаса да, өлеңнің ұйқасына байланысты орын 
тәртібі  алмастырылған.  Сөздердің  бұлайша 
орын алмастырып келуі стильдік те, мағыналық 
та  өзгерістер  бермейді.  Ақын  өлеңнің  ырғағын, 
әуезділігін  бұзбау  мақсатында  қолданғанын 
байқаймыз. Десек те, инверсия тәсілі шығарманың 
идеялық-көркемдігіне  қызмет  ететініне  көз 
жеткіздік.
Қ о р ы т а   а й т қ а н д а ,   М ә ш һ ү р   Ж ү с і п 
шығармаларындағы  фразеологизмдердің 
окказионалды  қолданыстары  жасалу  тәсілі 
жағынан сан алуан екеніне көз жеткіздік. Мәшһүр 
Жүсіп әр өлеңнің идеясына сай осы түрлі тәсілдерді 
үйлестіріп қолдана білген. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. Т.1.// «ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2005. -540 б.
2 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. Т.2.// «ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2005. -456 б.
3 Кунин А.В. О стилитическом контексте во фразеологическом ракурсе. Сборник научных трудов. 
– Москва, 1976.-С.36.
4 Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – А.: Ана тілі, 1996. – 304 б. 
5 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғылым, 1977. – 712 б.
6 Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. – А.: Республикалық баспа кабинеті, 1998. – 128б.

33
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Қазақтың  белгілі  ақыны,  фольклорист, 
тарихшысы, этнограф, педагог ғалымы Мәшһүр-
Жүсіп Көпейұлы шығармаларының 20 томдығын 
шығару 2001-2016 жылдарға жоспарланған болатын. 
Бұл үлкен істің бастаушысы С.Торайғыров атындағы 
Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, 
э,ғ.д.,  профессор  Е.М.Арын  екені  мәлім.  Осы 
орайда сол 20 томдықтың редакторлар алқасымен 
таныстыру орынды деп білеміз. Олар: Е.М.Арын, 
С.Қирабаев,  А.Қ.Құсайынов,  Қ.П.Мәшһүр-
Жүсіп  (жауапты  редактор),  С.А.Қасқабасов, 
Р.Нұрғалиев,  С.Негимов,  М.Қ.  Әбусейітова, 
С.Дәуітов,  Д.Қамзабекұлы,  Н.Қ.Жүсіпов,  Е.Қ. 
Жүсіпов. Бұл ғалымдар тегін топтастырылған жоқ. 
Олардың әрқайсысы- бұрын да, қазір де Мәшһүр-
Жүсіп  шығармаларын  жариялауға  ат  салысып, 
ақын томдарын әзірлеу жиындарына қатысып, пікір 
білдіріп келген білікті мамандар.
 Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын бастырудың 
неге кешеңдеп қолға алынғаны да белгілі. Алдымен 
ақынның 1907 жылы Қазан қаласында басылған 
үш кітабы: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген 
бір  тамашамыз»,  «Хал-ахуал»,  «Сарыарқаның 
кімдікі екендігі»- кітаптары 1912-1913 жылдары 
Ресей  патшасы  цензурасы  назарына  іліккені, 
сол  кезде  ақын  шығармаларын  жариялауға 
тыйым салынып, өзі қуғынға ұшырағаны мәлім. 
Патша  заманында  теперіш  көрген  ақын  кейінгі 
Кеңес  билігі  кезінде  де  қысымнан  босаған 
жоқ.  Рас,  1940-1950  жылдар  аралығында  ақын 
шығармалары мектепте оқытыла бастады. Әйтсе 
де елуінші жылдар басындағы «Ұлтшылдықпен 
күрес»  науқаны  Мәшһүр-Жүсіпке  де  салқынын 
тигізді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының мектеп 
оқулығынан  шығуымен  бірге,  оның  өзі  көзі 
тірісінде салдыртқан кесенесінің үкімет нұсқауы 
бойынша адамдар қолымен талқандалуын адамзат 
тарихында болып көрмеген зұлымдықтың ең биік 
шыңы деп бағалаған жөн. Әйтсе де И.В.Сталиннің 
жеке  басына  табынудың  КПСС  ХХ  съезінде 
1956  жылы  сыналуы,  1957  жылы  С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров,  Б.Майлиннің  т.с.с.  ақталуы-  бәрі 
ақын  шығармаларының  алдымен  жоғарғы  оқу 
орны  хрестоматиясында  (1959  ж.),  кейін  газет-
журнал беттерінде жариялана бастауына жол ашты. 
Осы орайда ақын таңдамалысының 1,2 томдары 
1990,  1992  жылдары  Алматыдағы  «Ғылым» 
баспасынан  шыққанын  еске  алу  үстінде,  оның 
шығармаларын толық шығару ісінің ұзаққа созылу 
себебін  де  түсіндіру  керек  болар.  Біріншіден, 
ақын шығармаларының ескі араб (хадим) әрпімен 
жазылуы,  көп  үлгілердің  араб  және  көне  парсы 
тілінде жазылуы, ол саладағы мамандар жетіспеуі- 
бәрі  бұл  істі  шешуге  басты  бөгет  тудырды. 
Екіншіден, ҚР ҒА Орталық ғылыми кітапханасы 
қолжазба қорына тапсырылған үлгілердің біразы 
кітапхана  қызметкерлері  жетіспеуінен  күтімсіз, 
бақылаусыз  күй  кешуі  салдарынан  дұрыс 
сақталмауды, қолды болуды, т.с.с. бастан кешірді. 
Үшіншіден, ақын шығармаларының ел арасынан 
жиналып  бітпеуі,  әр  жерде  әр  адамның  жеке 
кітапханасында жасырын сақталып келуі де ақын 
туындыларын шығаруды бөгеп келді. Міне, осының 
бәрін  ескере  отырып,  көп  жылдық  жұмысқа 
кіріскен  біздер  қазір  ақынның  төл  поэзиялық 
туындыларының алғашқы үш томдығын шығарып, 
төртіншісін баспаға ұсындық. Келесі бесінші томға 
ақын жинаған фольклор үлгілерін, ал алтыншы, 
жетіншіге-  қазақ  ауыз  әдебиеті  туындыларын, 
сегізінші- он бірінші аралығына тарихқа қатысты 
еңбектерін т.с.с енгізу жоспарланып, бұл бағытта 
қажет істер жүріп жатыр.
Қазіргі  әдебиеттану  ғылымының  жеткен 
биіктерін  саралау  үшін,  кітап,  баспасөз  бетінде 
шығып жатқан зерттеулер мен мақалалар тасқынына 
алдымен көңіл бөлу керектігі айқын. Осы орайда 
тың,  сүбелі  ізденістер  арасында  өзінен  бұрын 
жазылған әріптесі пікірін не «байқамай», не әдейі 
қайталау,  тікелей  сөзбе-сөз  көшіре  қоймаса  да, 
бұрын айтылған пікірлерді «өзі тапқан жаңалық» 
ӘОЖ 821.512.122.+821.512.161

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет