М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасына сюжеттік-композициялық талдау жасаңыз
1.Шығарманың басталуы: Көкшенің сұлулығы
2.Шығарманың байланысы: Баянның қалмақ қызын тұтқынға алуы
3.Шығарманың дамуы: Інісі Ноянның қалмақ қызға ғашық болуы
4.Шығарманың шиеленісуі: Екі ғашықтың қащуы
5.Шығарманың шарықтау шегі: Ғашықтардың қаза болуы
6.Шығарманың шешімі:Ерлікпен қаза болған Баян
Қысқаша мазмұны Бұл поэмада Баян есімді батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызын тұтқынға алды. Басты кейіпкер қалмақ қызына ғашық болды, алайда қыздың жағынан мұндай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болып табылады. Құралай Баянның інісі Батыр Ноянды сүйгендіктен, ол екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған елді сату деп есептегендіктен, олардың артынан қуды. Оларды қуып жеткеннен соң Баян туған інісін оқпен атып, сүйген қызын да аттан құлатты. Ал кейін, оларды өлтіргеннен соң Баян мұны олардың ісін сатқындық ретінде санағандықтан емес, махаббаттың кесірінен істегендігін түсінеді. Ол өз кінәсін түсінгеннен соң жылап, Құралай мен Ноян екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды және сол шайқас нәтижесінде Батыр Баян қайтыс болды.
Кейіпкерлер
Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысшыл. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.
Ноян - Батыр Баянның 15 жасар інісі,бар ақылы білегінде,махаббаты үшін барлығына даяр және бірнеше уақыт бойы Баянның ойынша сатқын ретінде қарастырылған кейіпкер. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.
Құралай - сұлу, қу, 14 жасар қалмақ жауынгерінің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, Құралайды тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады. Алайда Құралай Баянға ештеңе сезінген жоқ. Поэманың соңында Баян Батырдың қолынан қаза табады.
Абылай Хан -Қалмақтармен соғысқан қазақ халқының Ұлы ханы. Ол Баянға қалмақтармен шайқасуға тиым салған болатын. Алайда басты кейіпкер оның сөздеріне құлақ аспады.