М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы бойынша сахналық қойылым Мақсаты



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі24,96 Kb.
#12049
1   2
Басқарма: Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал. Өздерің білесіңдер, мен ауданға жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің ауданның тоғыз колхозына 54 бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым. (Жұрт дабырласып кетеді.) болмайды ғой ол
Басқарма: Сабыр, сабыр, ағайын. Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріне жетпейді. Және қазір бауырыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше! Тамақтарын ішіп болса, балаларды алып шық.
Бәйбіше: - Қазір, ақсақал.
Басқарма: - Ал, былайырақ тұрыңдар, балаларға орын беріңдер. Жүріңдер, айналайындар, бері жүріңдер.
Басқарма: - Ал, Дәуренбек, дүкіметіңді оқы, балалардың мән-жайын айт
Дәуренбек: - Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау. Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар. Мен таныстырып шығайын. Стройдың басында тұрған екеу – қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы- Нартай, анау – Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соң татар баласы, аты – Рәшит, жетіде. Көзі сығырайған, жалпақ бет, тақыр бас қара – қыз бала, қалмақ, я дүнген, жасы алтыда. Қасындағысының аты Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған; қайдан кеп, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісізәрі мылқау. Ең соңындағы – жаңа алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын несі бар, тегі жаман неміс. (бұл жау емес пе?) Бұл баланың орны детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз қалған соң алынған екен. Үкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар. Мен болдым, басеке, сөз өзіңіздікі.
Басқарма: - Сөз дейтін не сөз бар... Осы ауылдан соғысқа сайдың тасындай қырық үш азамат кетіп еді. Әзірге оралғаны екеу-ақ. Дәуренбек қолдан, Берден аяқтан айырылып қайтты. Жиырма төртінен қара қағаз алдық. Хабарсызы қаншама. Тегіс жетімбіз. Жетім болмасақ, жетпіске келген Ахмет күндіз мал қарап, түнде күшкөлік баға ма? Әйтеуір артының қайырын берсін... Сөз дейтінне сөз бар, біз баладан айырылсақ, мына алдарыңда тұрған – атадан айырылған жетімдер. Екі жарты – бір бүтін...
Бригадир Берден: - Тоқта! Тоқта, осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы келеді. Мен де, ана Ақаң да, мына Тілеубай да, өзіңіз де құр қалмассыз. Тегіс сәби жасындағы кішкентай балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең-ақ етбауырымыз боп кетеді. Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз.
Басқарма: - Мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш, өкпе болмасын. Ақа, жол сіздікі. Таңдаған балаңызды алыңыз. (Ахмет шал балалардың бір-біріне жабысып тұрған екі қазақ баласын тізерлеп бауырына қысып, маңдайларынан сүйді. Содан соң орнынан тұрып, балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.)
Ахмет шал: - Мен осы мықтының өзін алам. Баланың аты кім?
Басқарма: - Еркіңіз білсін.
Дәуренбек: - «Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едіңіз?
Ахмет шал: - Әй, сен не шатып тұрсың, мен сенен ақыл сұрадым ба!
Дәуренбек: - Сақалыңыздың ағында жаңсақ іске аяқ бастыңыз.
Ахмет шал: - Неміске сен үш саусағыңды берсең, мен үш ұлымды бергем. Мына жұртты бөгемей, баламның атын айт.
Дәуренбек: - Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз.
Ахмет шал: - Зекпри Болыпкен... Қалай, қалай?
Дәуренбек: - Зигфрид Вольфганг Вагнер.
Ахмет: - Е, жөн-ақ. Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жүр үйге кеттік. Апаң күтіп отыр. Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма, жүр үйге. Жұрт балаларды бөліп алып кетеді.
ІІ көрініс. Ахмет шалдың үйі. Дастарқанды жағалай адамдар отырады.
Ахмет шал: - Еміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә. Баламды қазақ салтымен сүндетке отырғызып, азан шақырып атын қойдым.
Қариялар: - Е, дұрыс болған. Әйткенмен де, дәл осы баланы алуыңызға не себеп?
Ахмет шал: - Рас, ойым қазақ балаларында еді. Айыруға қимадым. Әрі үлкені тым есті көрінді. Ұмыттырмас, түбі өзінің тегін табар дедім.
Қариялар: - Ал одан басқалары ше?
Ахмет шал: - Ең тәуірі осы Зекен боп көрінді көзіме. Маған бәрі бірдей еді. Әйтсе де көп жетімнің ішіндегі шын жетім осы екен. Обалынан қорықтым...
Қариялар: - Е, бұның жөн болған екен.
Ахмет шал: - Өзі ұғымтал. Аса зерек. Бірақ биыл мектептен қалды. Тілі жатықсын. Жылқыға жаны құмар. Алғашқы күндері үркек еді. Қазір үйренді. Менімен кезектесіп атқа мініп, сиыр бағуды да үйреніп алды.
Қариялар: - Ой, бәрекелді, жараған. (Бәрі Ахмет шалды қоштап қояды.)
ІІІ көрініс.

Дәуренбек: - Аттан, аттан! Жау шапты! Неміс шапты! (Қолында қамшы Зекенді қуып келе жатыр.)


Ахмет шал: - Қаршадай баламды қамшының астына алмақ болдың. Неге басынасың?
Дәуренбек: - Зигфрид Вагнер егінге малды қастандықпен түсірді. Сиырларды егінге айдап әкелгенін өзім көрдім.
Ахмет шал: - Астапыралла! Не деп тұрсың?
Дәуренбек: - Немістің аты неміс. Осыны ұмытпауымыз керек. Соғысты шығарған кім? Сені үш ұлыңнан бірдей айырған кім? Сен оларды білмейсің. Мен білем. Мына көзіммен көрдім. Екі жыл от кешіп, соғысқа кіргенде, қатерге бас тігіп, қан төккенде ауылда алдымнан неміс шықсын деп жүрді деймісің? Жоқ көнбеймін бұған. Көнбеймін. Апарып қайта өткіз. Көзін құрт. Әйтпесе сен де жаусың. Халық жауысың!
Ахмет шал: - Нағыз халық жауы сенсің. Мен тірі тұрғанда Зекенді қанаттыға қақтырмаспын. Жөнімен кет. Жүре ғой, құлыным
Зигфрид: - Шын, мен немістен тудым, бірақ мен қазақпын. Ата-бабаларымыздың балаларымыз ғой. Ескінің артын тырнап қайтеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет