«М. Мәметова атындағы орта мектебі» кмм «Келісемін» «Бекітемін»



бет5/7
Дата21.09.2023
өлшемі43,57 Kb.
#109372
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
10 А сынып Тәрбие жоспар

Жастар тәрбиесі (15-18 жас)
Ұсынылады:

  • жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс;

  • ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту;

  • ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи

төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру;

  • отбасы құндылықтарын дәріптеуге,отбасын құруға жауапкершіліктітүсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту;

  • адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.



Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті:

  • балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.

Сынып жетекші және міндеттері:
- салауатты өмір салтына ынталандыру;
- сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;
- білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;
- ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар);
- білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;
- аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізу.

Орындалған іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау,


#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ ХЕШТЕГІН ТЕГТЕУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет