272
кӛп. Фольклор материалдарын аңыз-әңгімелер негізінде жазған
дидактикалық әдебиет ӛте мол. Әсіресе дидактикалық кӛркем
сӛзде мақал-мәтелдердің, ақыл-нақыл сӛздердің, ертегілер мен
эпостардың әсері күшті. Дидактикалық әдебиет кӛне шығыс
әдебиетінде ерекше орын алады.
ЕРТЕГІ – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі –
халық
прозасының дамыған, кӛркемделген түрі, яғни
фольклорлық кӛркем шығарма. Ол әрі тәрбиелік, әрі кӛркемдік-
эстетикалық рӛл атқарады. Ертегілік прозаның басты міндеті –
сюжетті барынша тартымды етіп, әрлеп баяндау. Ертегі
жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы ӛте ұзақ. Ертегінің
негізін қалған жанрларда, яғни миф, хикая, әпсана, т.б. алғашқы
қауымдық қоғамның түсініктері мен салты, әдет-ғұрпы, яғни сол
заман шындығы ӛзінше бейнеленген.
ЖАНР (франц. genre, лат. generis – түр, тек) – ӛнердің
барлық түрлерінде тарихи
қалыптасқан іштей жіктелім
жүйесі. Әдебиеттегі жанр – әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы
бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ
типологиялық, т.б. белгілері бар кӛркем шығармалар түрлерінің
жүйесі. «Жанр» сӛзі француз тілінде «тек» ұғымын береді,
сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп
атады, кейде жанр термині әдеби түр
терминімен
теңестіріледі. Жанрларды тегі мен түріне қарап лирикалық,
эпостық және драмалық деп бӛлеміз.
Достарыңызбен бөлісу: