М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет75/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
open-file

ҦЛТТЫҚ МІНЕЗ – әдеби шығармадағы кейіпкердің 
ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір 
халықтың ӛкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, 
сӛйлеу ӛзгешелігі. Ұлттық мінез-тарихи  категория. Ол 
қоғамдық, рухани, экономиялық және саяси жағдайларға сәйкес 
қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай 
адамға болсын тән қасиет. Ӛнерде, әдебиетте адам бейнесінен
бұл қасиет толық кӛрініп тұрады. Әр халықтың ӛз эпикалық 
туындыларын олардың талай замандар ұлт болып 
қалыптасуынан бӛліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада 
ұлттық мінез жасау үшін оның дүниетанымын, психологиясын, 
әдет-ғұрыптарын, т.б. қасиеттерін білу керек. Бұл 
жӛнінде Н.В.Гоголь: "Ақын ӛмірге ӛз халқының кӛзқарасымен 
қарап, әр нәрсені ұлттық психологияға сәйкес құбылыстай 
сезініп, толғанғанда ғана ұлттық сипатты бейнелеп беруі 
мүмкін",  деген ой айтады. 
ФОРМА МЕН МАЗМҦН – әдебиеттегі әдеби 
шығарманың ішкі және сыртқы сырын жинақтап кӛрсететін 
әдебиеттанудағы негізгі түсініктер. Форма мен мазмұн 
философиядағы форма мен мазмұн категориясына негізделген. 
Олар ӛмірдегі кез-келген затқа, құбылысқа тән. Форма мен
мазмұн бір-бірімен ӛзара тығыз байланыста, бірлікте 
қарастырылады. Қандай жағдай болсын әуелі мазмұн туады
кейін айқындау, жеткізу үшін форма алынады. Әдеби 
шығарманың мазмұны – суреткер ӛз эстет., идеалының 
тұрғысынан таныған ақиқат ӛмір де, форма – осы шындық 
тұтастырыла жинақталған кӛркем образдар жүйесі, яки әдеби 
қаһармандар ӛмірі. Шығарманың ұтымдылығы да, оқырманға 
жетімділігі де формаға тығыз байланысты. Форма әр дәуірдің
ӛмір шындығына сай ӛзгеріп отырады. Әрбір жаңа дәуірде кӛне 
мазмұн тың форма тауып жаңғырып, жасарып қана қоймайды
әр дәуірдің ӛз шындығын, ӛз мазмұнын ала келеді.
ХАРАКТЕР (әдеби характер) – кӛркем шығармадағы 
кейіпкердің 
мінез-бітімі, 
ой-сезім 
дүниесіне 
тән
психологиялық, моральдық сипат ерекшеліктері. Әдеби 


287 
характер адамның ӛмірдегі мінез, қимыл-әркет ӛзгеліктерін 
жинақтап, екшеп, типтік дәрежеге кӛтеріп, сомдап бейнелу 
арқылы жасалады. Сондықтан оны жекелген қасиет-
сипаттардың қосындысы деп санамай, солардың бірлік 
тұтастығы синтезі деп қаарған жӛн. Реалистік қаһарманға тән 
характерді алдымен, ӛалыптасу, ӛзгеріп отыру, бағалау орынды. 
Және осыған қоса ішкі диалектикасы болатынын да ескеру 
қажет. Характер белгілі қоғамдық жағдайда қалыптасқан, сол 
ортаға ӛз уақытына сай болады. Адамның мінезі оның әрқилы 
кезде, әсіресе адамшылық қасиеттері сынға түсер тұста 
кӛрінеді.Осыған әдеби шығармада характер күрес-тартыс 
үстінде кейіпкердің әрекеті, ой-ниеті, мақсаты, арқылы кӛрініс 
тауып, анықталады. Кейіпкерлердің бір-бірімен қатынасы 
олардың характерлерін аша түседі. Әдеби кейіпкердің характері 
шығармада 
оның 
іс-әрекеттерін 
суреттеу 
арқылы
психологиясы, жан-дүниесі арқылы бейнеленуі, мінез-бітімі, 
сондай-ақ беп-әлпет, бой-тұлғасын, сӛйлеу ерекшелігін, яғни 
жанама мінездеу арқылы жан-жақты ашыла түседі. 
ХИКАЯ (араб. әңгімелеу) – шығыс-түркі әдебиеттерінде 
әңгіме, новелла мағынасында 
қолданылатын 
әдеби термин. 
Хикая – повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Xикая 
желісі шытырман сюжетке құрылады. Авторы белгісіз, ауызша 
тарап, фольклорлық сипаттағы хикаялар да бар. Хикаяның 
ӛлеңмен жазылған түрі «хикаят» делінеді, мысалы «Хикаят 
дастан Хатымтай» т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет