Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтерді сақтау, қосу, жою, редакциялау үшін қолданылатын программалық жүйе.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері: Access, Clipper, Oracle, Paradox, FoxPro, FoxBase.
Access программасы - мәліметтер қорын басқару жүйесінің танымал программаларының бірі. MS Access файлының кеңейпесі: .mdb. Басқа жүйелерге қарағанда, Microsoft Access пайдалануға жеңіл және ыңғайлы. Ол пайдаланушыға келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
Мәліметтер қорын құру және оған мәліметтер енгізу;
Кестенің құрамын қарап шығу және оны редактрлеу;
Кестелер арасында байланыс орнату;
Мәліметтердің тұтастығын және құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету;
Мәліметтерге әртүрлі сұраныстар жасау;
Ақпаратты қалып және есеп түрінде көрсету;
Қалыпқа және есепке суреттер және графиктер қою;
Мәліметтерді импорттау және экспорттау;
Интернеттің Web беттерінде мәліметтер қорын қолдану.
Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесін іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Access командалар тізбегі орындалады.
Мәліметтер қорының негізгі объектісі: кесте. Кесте дегеніміз өрістер мен жазбалардан тұратын ақпараттарды сақтау қоймасы. Файл жазбасының дербес мағынасы бар қызметтік бөлігі, яғни кесте түріндегі мәліметтер базасының бір бағанасы өріс деп аталады. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесіне тікелей қатынасатын мәліметтердің ең кіші атаулы бірлігі. Логикалық байланысқан өрістердің жиыны жазба деп аталады. Жазба – кестенің қатарына (жолына) жазылған мәліметтер жиыны.
Әр кестедегі мәліметтердің біріктіруін, сақтауын, іздестіруін тиімді түрде ұйымдастыру үшін кілттік өріс қолданылады. Мысалы: телефон анықтамалығы берілсін. Онда фамилия, адрес, телефон нөмірі жазылған. Мұнда телефон нөмірі өрісі кілттік өріс болады. Файлдағы жазбаны бір жақты ұқсастыратын кілтті негізгі немесе бастапқы кілт деп атайды. Негізгі кілттен басқа жазбаларда мәні қайталанатын екінші реттік кілттер де қарастырылуы мүмкін.
Индекс дегеніміз индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы. Өрістерді индекстеу мәліметтерді іздеу және сұрыптауды тездетеді. Access-те кесте жазбаларын белгілеу аймағы дегеніміз – жолдың барлығын белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ. Кесте өрістерін белгілеу аймағы – кестедегі бағана тақырыбы аймағы.
Достарыңызбен бөлісу: |