Технологиялықөтпе – тұрақты технологиялық режимдер мен қондыру кезінде технологиялық жабдықтаудың бірдей құралдармен орындалатын технологиялық операциясының аяқталған бөлігі.
Мысалы, алдымен біліктің бір сатысын, сонан соң екіншісін кескішпен тізбектеп кесу екі технологиялық өтпеден тұрады; егер бұл сатыларды бірмезгілде екі кескішпен кесуді орындайтын болсақ (1.1- сурет), онда бұл бір өтпемен кесу болып табылады. Дайындаманың бір бетін алдымен қаралтым, сонан соң таза режимде өңдеу екі технологиялық өтпеден тұрады, себебі бұл жағдайда кесу режимі өзгереді.
1.1-сурет.Екікескішпенбіліксатыларынөңдеусұлбасы:d1,d2–біліксатыларыныңдиаметрлері;l1–біріншікескіштіңжұмыстықжүрісі,l2–екіншікескіштіңжұмыстықжүрісі Технологиялықөтпеніорындаукезіндегіжұмысшыныңбарлықіс-әрекетіжеке-жекетәсілдергебөлінеді.Өтпекезіндеорындалатынжәне бір мақсатқа біріктірілген адамның іс-қимылының аяқталғанжиынтығытәсілдеп аталады. Бекітпе – өңделетін дайындаманың немесе жинақ бірлігінің мықтап бекітілген кезінде орындалатын технологиялық операцияның бір бөлігі.
дайындама – материалдың формасын, өлшемдерін, бет сапасы мен қасиеттерін өзгерте отырып, деталь немесе ажырамайтын жинақ бірлігін дайындайтын өндіріс заты. Беттердің формасы, өлшемдері және кедір-бұдырлығы өзгермейтін, бірақ технологиялық өтпені орындауға қажетті жұмысшы іс-қимылынан тұратын технологиялық операцияның аяқталған бөлігі қосымша өтпе деп аталады. Қосымша өтпенің мысалы ретінде өңдеу алдында дайындаманы бекітуді, кескіш бастиегін бұруды және т.с.с. айтуға болады. Өтпе жұмыстық және қосымша жүрістерден тұрады.