М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау



бет79/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   142

Автоматты желілерде таспалы конвейерлердің аунақшаларын жинау


Таспалы конвейерлердің тірек аунақшалары көліктегі машина жа- сауда ең көп тараған бұйым болып есептеледі. Ресейдің Узлов машина жасау заводында сағатына 78 аунақша (жылына 220-240 мың аунақша) шығара алатын автоматтық желі жұмыс істеуде [13].


Желінің жұмыс агрегаттары аунақшаларды жинаудың технология- лық күштеріне сәйкес орналасқан және ол келесі операциялардан тұрады: өңделген сыртқы құбырға 1 буксаларды 4 баспалау (6.5-сурет), сыртқы құбырды 5 жаншып біліктеу, ішкі құбырды 6 жаншып біліктеу, осьтерді 2 орналастыру, лабиринтті втулка 3 мен мойынтіректерді ба- спалау, серіппелі сақиналарды 8 және 9 орнату, жиналған аунақшаны тексеру және оларды майлау материалдарымен қамтамасыз ету.


6.5-сурет. Таспалы конвейердің аунақшасы:
1 құбыр; 2 ось; 3 втулка; 4 буксалар; 5, 6 сыртқы және ішкі құбырлар; 7-9 – серіппелі сақиналар

Аунақшалар детальдары станоктар мен автоматты желі агрегат- тарының сәйкес шанақтарына салынады. Аунақшалар агрегат-


тан агрегатқа бағыттағыш еңіс науалар бойынша тасымалданады. Аунақшалар науаларға арнайы гидравликалық құрылғылар көмегімен лақтырылып салынады.
Бірінші станокта буксаларды құбырға баспалайды (6.6-сурет І операция). Буксаларды ұстағыштарға 1 кигізеді де, гидроцилиндр плунжерінің жұмыс қозғалысы кезінде бірмезгілде құбырға баспалап отырғызады. Сонан соң екінші станокта буксаларды жаншып біліктеу (6.6-сурет ІІ операция) жүргізіледі. Ішкі құбырды орнату және оны жаншып біліктеу үшінші станокта жүзеге асырылады. Ішкі құбырды гидроцилиндр плунжерінің жылжуы кезінде конустық құралбіліктің 2 көмегімен жаншып біліктейді (6.6-сурет ІІІ операция). Төртінші станок- та итергіштің көмегімен аунақша осі ішкі құбырға кіргізіледі. Шарикті мойынтіректерді буксалар мен аунақша осіне автоматты желінің бесінші станогында баспалайды. Осы мақсатта осьті қажетті жағдайда алдын ала ұстап тұрады.


6.6-сурет. Аунақшаларды автоматты желіде жинау операцияларының нобайлары:
1 – ұстағыштар; 2 – құралбіліктер

Сыртқы және ішкі нығыздағыш втулкаларды жинаулы түрде буксаға алтыншы станокта баспалайды, ал сыртқы және ішкі серіппелі сақиналарды буксаға жетінші станокта орналастырады. Жинаудың дұрыстығын бақылау үшін аунақшалар сегізінші станокта науа бойын- ша бағыттағыш бұрыштарға келіп түседі. Автоматты датчиктер жүйесі бақылау столына аунақшаларды біртіндеп беруге мүмкіндік жасайды. Жарамды (қозғалмайтын осьте айналатын) аунақшалар соңғы жұмыс орнына автоматты түрде бағытталады, ал жарамсыздары – қайта түзету үшін шанаққа беріледі. Бақылау барысында аунақшалар саны автомат- ты түрде саналады.


Автоматты желінің соңғы, тоғызыншы жұмыс орнында жарамды аунақшалар тығыз балқытылған консистентті маймен толтырылады. Аунақшаларды бояу мен орау жеке қосымша желіде жүргізіледі.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет