М. С. Шалов Т. Рысқұлов ауданы, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі



бет1/8
Дата23.09.2023
өлшемі0,56 Mb.
#109946
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Шалов М.С.


«Оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді мақсатты түрде қолдану, тапсырмалар әзірлеу»
М. С. Шалов
Т. Рысқұлов ауданы, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Бүгінгі өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамзаттын әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылықты дамыту Блум таксономиясының критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Мұндай жүйелік білім әлемінде тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгізіледі. Бағалау ұлттық және халықаралық жүйелері арқылы жүргізіледі.

  1. Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау (ОЖСБ) мен Ұлттық бірыңғай тестілеу.

  2. Халықаралық бағалау жүйелері – PISA, TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер.

PISA Халықаралық зерттеу мақсаты 15 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығын, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын бағалау болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаты жеке тұлғаның дамуындағы білімін, танымын шыңдау, алған білімдерін өмірлік жағдайларда тез шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау. Зерттеу нәтижесі білім алушылардың білім жетістігімен қатар, бағдарламаға қатысатын елдердің өзіңдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады.
Оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда, функционалдық дағдыларын жетілдіруде, сабақ процесінде PISA, TIMS тапсырмаларын кіріктіру өте маңызды орынға ие. Химия пәнінен жаңа тақырыптарды және үй тапсырмаларын бекіту кезінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту үшін, теория жүзінде алған білімді практикада қолдана білу үшін PISA, TIMS тапсырмаларын қолданудың маңызы зор. Себебі, PISA, TIMS тапсырмалары сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырады, өмірде қолдана білуге бағыт-бағдар береді.
Химия пәнін оқытуда оқушылардың ғылыми – жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда төмендегідей PISA тапсырмаларын мысалға алуға болады:

  1. PISA тапсырмасы: Лимон шырыны (7-сыныптың ІІІ-тоқсаныңда “7.3.4.1 Табиғи қышқылдар мен негіздер”)

Лимон – ірі, салмағы 120-200 г., сопақша, сары түсті қалың қабықпен қапталған жеміс. Шырынының дәмі қышқыл. Көптеген адамдар лимон шырынын тұрмыста кездесетін жағымсыз иістерді немесе лас болып көрінетін заттарды тазалауға қолданады. Лимонның құрамында адам денсаулығына пайдалы С дәрумені бар, темірге бай, эфир майы, кальций, калий т.б. болады.
1-сұрақ. Тұрмыста лимон қышқылын қолдану жолдарын ұсыныңыздар.
2-сұрақ. Аталған қасиеттерін ескере отырып, лимонды адамның денсаулығын жақсарту мақсатында қалай пайдалануға болады?
3-сұрақ. Өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар.
Бұл тапсырмада оқушылар лимонның тұрмыста қолданылуы мен тұрмыстық жағдайда тигізетін пайдалы әсерін тауып, өз ұсыныстарын жазады.

  1. PISA тапсырмасы: Лимон шырыны мен алма (9-сыныптың ІІ-тоқсаныңда «9.1.4.2 Металдардың жалпы сипаттамасы»)

Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады. Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?
Бұл тапсырмада оқушылар лимон шырынының алмамен әрекеттесуін таба отырып, алманы сақтау жолын біледі, таза бөлігінің қараюында алма құрамында темірдің болуымен түсіндіреді.
3. PISA тапсырмасы: Кремний қышқылы (9-сыныптың ІІІ-тоқсаныңда «9.2.1.25 Кремний және оның қосылыстары»)
Кремний хлориді (ІV) SiCI4 – түссіз, ұшқыш сұйықтық. Ақ түтін пайда болуы үшін, бұл сұйықтық бар ыдысты ашу жеткілікті. Булану барысында кремний хлориді (ІV) ауадағы ылғалмен әрекеттеседі:
SiCI4 + 4H2O = H4SiO4 + 4HCI
Бұл реакцияның нәтижесінде кремний қышқылының (H4SiO4) қатты бөлшектерінен тұратын түтін пайда болады. Сұрақ: Бұл түтінді қайда пайдалануға болады?
Орындалған тапсырмада оқушылар кремний түтінің өзге улы түтіннен қорғаныш перде жасау үшін қолданылатының және әртүрлі адсорбенттерді, су және газ қоспаларын сорғыштар ретінде қолданыла алатының біледі.
Мысалы мен 9 сыныптың 9.3 A 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (ІV)-топ элементтері және олардың қосылыстары тарауындағы, «Күкірттің қосылыстары» тақырыбында өткізілген сабағымда мен оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру мақсатында PISA тапсырмаларын тиімді пайдаландым. Сабақ басында сабақ ағылшын тілінде ұйымдастырылып, оқушыларға жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын анықтау мақсатында «Сен білесін бе?» PISA тапсырмасын пайдаландым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет