Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді.
Гигиеналық себезгіНі (душты) жүргізу
Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын ала ескерту.
Қолдану көрсетілімдері:дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, қан кету, қызба, жарақат, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы.
Дайындаңыз:клеенка алжапқышты, резеңке қолғапты, щетканы, шомылғыны тазалайтын заттарды, зарарсыздандыратын ерітіндіні, су термометрін, сабынды және жөкені, сүлгіні, таза іш киімдерді, резеңке кілемшені.
Науқасқа шешінуге көмектесіңіз және оны шынтақ астынан ұстап себезгі бөлмесінде қойылған табуретке отырғызыңыз.
Егер науқас өз бетінше жуына алмаса, онда сабынды және жөкені қолдана отырып, оны келесі ретпен жуыңыз: – басын – денесін – қолдарын – шат аймағын – бұт аралығын – аяқтарын.