Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз:дәрі-дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндінің тамшысын алыңыз.
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.