«М. Шоқай атындағы №26 жалпы орта мекетбі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет5/8
Дата17.10.2022
өлшемі54,35 Kb.
#43703
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба М. Шоқай

Мұқа Әділханұлы (1857-1927)
Мұқа — Абайдың сегіз қырлы өнерпаз, талантты шәкірттерінің бірі. Ол – асқан домбырашы, шебер скрипкашы әрі әнші, әрі ақын. Мұқаның өнерін Абай калай бағалап, оған қалай қамқорлық еткенін Мұхтар Әуезов былайша сипаттайды: ”Абай жалғыз өсиетін қанағат қылмай, жастардың сезім тәрбиесін толықтырмақ болып, көбіне музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны қолында ұстайды.
Мұқа Абай еліне кеңшілік жай емес, қысылшаң хал үстінде пана тілеп барған еді. Өз ағайынының біреуінен қалған жесір әйелге ғашық болып, соны әмеңгеріне тигізбей алып қашады да, Абай ауылына барады. Бұл кеткен соң, жуан ағайыны артындағы үйін шауып алып пәле басталады. Абай сондайлық ауыртпалығына қарамай, Мұқа мен келіншекке ара түсіп, бастарына азаттық әперіп, артын өзі жайғастырып, өнер иесі Мұқаны өзіне дос етіп, туыс етіп алады”, — дейді. Ғарифолладан бастап, сол замандағы Семей қаласының музыканттарымен танысып, әсіресе, скрипка ойнау өнерін меңгеріп алады. Осы кезде Мұқа Абайдың өлеңдерін қолжазбалар арқылы оқып танысып, Абай әндерін домбыра, скрипкаға қосып айтып жүреді. Енді сол Абайдың өзін көріп, жүздесіп, лебізін естісем-ау деп ынтығып, арман етеді.
Абай мектебінен тәлім, өнеге алып өскен талапты жастардың бірі – Тайыр Жомартбаев.
Тайыр Жомартбаев – жазушы, драматург 1884 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген.
Әкесі Жомартбай: ескіше сауатты, көңіл көзі ашық, абыройлы адам еді. Жомартбайдың бәйбішесінен жеті ұлы болған. Балаларын жас ретімен атасақ, тұңғыш баласы Сәрсенбай, одан кейінгілері: Ибраһим, Хасен, Ғабдолла, Шамали, Тайыр және Төлеубай. Сөйтіп, Тайыр – Жомартбайдың алтыншы баласы.
Болашақ педагог-ақын Тайыр Жомартбаевтың алғашқы тәлім алған ұстазы – Абайдың ақын шәкірті, адал досы Көкбай Жанатаев болды. Алғашқы білімді Көкбай медресесінен алған Тайыр араб, түркі және орыс тілдерін үйрене бастайды. Тайырдың ағасы Хасен, жақсы көретін інісін Семей қаласына әкеліп, қалада тұратын жақын туыстарының үйіне орналастырып, медресеге оқуға түсіреді.
Тайыр Семей медресесіндегі оқуын тәмамдағаннан кейін, одан әрі оқуды ойлайды. Сол кездегі әйгілі оқу орны – «Медресе-Ғалияға» түсіп оқуды армандайды.
«Медресе Ғалия» – Еділ бойында, Орта Азия, Қазақстанда жоғары білімді оқытушы мамандар даярлаған прогрестік бағыттағы оқу орны. Өйткені, «Медресе-Ғалияда» – шығыстану пәндері, логика, философия, тарих, география, математикамен қатар орыс тілі, орыс әдебиеті оқытылған.
Талапты жас Тайыр өнер-білім қуып, Уфа қаласына барып, «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында «Медресе-Ғалияда» көптеген талапкер қазақ жастары оқыды.
Тайыр Жомартбаев 1911 жылы Медресе Ғалияны бітіріп, сол медреседе өзімен бірге оқып шыққан Адығия Фахирисламқызына үйленіп, Семей қаласына келеді.
Семейде бұрын Заречная слободка деп аталған, қазіргі Жаңасемей бөлігінде 1910 жылы ашылған мұсылман мектебі болатын. Тайыр сол мектепте ер балаларға, әйелі қыз балаларға сабақ береді.
Тайыр жаңашыл мұғалім ғана емес, мәдени-ағарту ісіне белсене ат салысқан, сол кездегі белгілі мәдениет, әдебиет қайраткерлерінің қатарында болған адам.
Тайыр Жомартбаевтың өлеңмен жазылған «Балаларға жеміс» атты кітабы Семей қаласында 1912 жылы «Жәрдем» («Ярдам») деп аталатын баспаханадан басылып шықты.
Ұстаз ақын жас ұрпақты оқуға шақырып, өнер-білімнің пайдасын, қадір-қасиетін баланың құлағына жағымды, көңіліне қонымды етіп әсерлі көркем суреттеп берді. Ақын өлеңдері: жас буынның сана-сезімін оятып, көңіл көзін ашып, адамгершілікке, ізгілікке, мейірімді, бауырмал болуға, адалдыққа, еңбекке баулып, тәлім-тәрбие жемісін беруге арналған.
 Тұрағұл – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы. Ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. Кейіннен өзі ізденіп орысша, арабша білімін жетілдірген. Ауылында болыс болған. 1917-20 жылдары Семей өңіріндегі алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. Тұрағұл жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Абай өлеңі қай кезде жазылып, кімге арналғанын жақсы білген. Ол Кәкітай Ысқақұлымен бірге 1909 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургте басып шығарған. Тұрағұл Абай мұрасын жинастыруда, аса құнды мағлұматтар жазып, қалпына келтіруде көп еңбек сіңірді. Ол М.Әуезовке «Әкем туралы» деген көлемді еңбек жазып берген.
Тұрағұлдың осы еңбегін жазушы М.Әуезов жоғары бағалап: «ғұлама ақынның өмірбаянына қатысты мол мағлұматтарды осы кісіден артық ешкім берген жоқ, оларды керекті жеріне кірістіріп, түгел пайдаландық» деп, жазып кеткен еді.
Тұрағұл ақын болумен қатар, домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған. Ол А.М.Горькийдің «Челкаш» әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып бастырды. А.Неверовтың «Мен өмірге жерікпін» (1927), Д.Лондонның «Балалық туралы ертегі» (1927) және «Балалы әйел нені білу керек» (1927) деген ғылыми-медициналық кітапшаны аударып, бастырып шығарған.
Тұрағұлдың өз ағасы Әбдірахманға арнаған тағы басқа өлеңдері Абайдың қорық-музейі қорында сақтаулы. Белгілі ғалым Қ.Мұхамедханұлы «Абайдың ақын шәкірттері» атты үш томдық кітабында 1917 жылы Тұрағұл Абайұлы Алаш партиясының Семей облыстық комитетіне мүше болғанын, алайда оның Алашорда үкіметіне қызметіне байланысты мәселенің түбегейлі зерттелмегенін ескертеді.
Тұрағұл Абайұлының Алаш тілегінде болып, оны ашықтан-ашық қолдап шығуы 1916-1917 жылдардағы Ресейдегі саяси оқиғалар кезінде айқын байқалады. Ұлт тағдыры үшін Тұрағұл да шет қалмаған. Ол Алаш партиясының басшылары Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасовтармен бірге Семей облысының уездері мен аудандарында Алаш партиясының ұйымдарын құруға белсене араласқан. Тұрағұл Абайұлы Алашорда үкіметіндегі саяси маңызы зор істерге үнемі араласып отырғанына оның Алаш атты әскерін құрудағы қызметіне қатысы дәлел болады. 1918-1919 жылдары ел іші ақ пен қызылға бөлініп, азамат соғысы жүріп жатқан кезде Алашорда үкіметінің атты әскері мен милициясы қара халықты көптеген қантөгістерден қорғап қалуға көмек болғанын қазіргі алаштанушы ғалымдар ашық айтады.
Сонымен бірге, Семейде Алашорда үні болған «Сарыарқа» газетінде Алаш атты әскерінің алғашқы жеңістері туралы: 1918 жылы Алтай губерниясы бағытында бльшевиктерді өкшелей қуған Алаш әскерінің жеңіспен оралғаны, бұл әскерге Тұрағұл Абайұлы, Биахмет Сәрсенұлы, Қаражан Үкібаев тағы басқалары қатысқанын айтады.
Алаш қайраткерлерінің бірі Тұрағұл Абайұлы 1934 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында қайтыс болған.
Кешегі Кеңес өкіметінің солақай саясаты салдарынан талай ақындарымыз ел-жұртқа, кейінгі жас ұрпаққа жария етілмей келгені көпке мәлім. Солардың бірі – аса талантты, сегіз қырлы, бір сырлы ақын Уәйіс Шондыбайұлы.
Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріптермен бірге жүріп, ақындық өнерін шыңдаған ол 1873 жылы бұрынғы Семей облысының Шұбартау ауданы, Баршатас ауылына қарасты Доғанды болысы, 12-ші ауылының Жылтыр деген жерінде дүниеге келіпті. Руы – Керей.
Шондыбайдың Уәйістен басқа төрт баласы болған екен. Олар: Мұхамарияр, Жүніс деген ағалары болса, Исатай, Естай атты інілері. Кейінгі екі інісі де әнші болыпты. Ал аса талантты Уәйіс өнер жолына ерте түсіп, серілік құрып, өлең айтып, ән салып, сол елдің өнерпаз ақын-жыршы және әншілерімен етене таныс, сырлас болған көрінеді. Бұған қоса ол ақындық пен шешендікті, тіпті, композиторлықты меңгеріп, саясат пен күрес жолында талай ел қамын жеген күрескер ардагерлермен сырлас, ниеттес те болған екен. Бұл жөнінде Уәйіс туралы жырлаған бір ақынның мынадай өлеңінен байқауға болады.
- О сол кісі мықтыға ұрынбайды,
Ақындар арбасып та, қырындайды.
Уәйіс сүйкеп өтсе, несі сөкет,
Әлихан мен Міржақып, Құрымбайды?
Міржақып себеп болған қақтығысқа,
Ат жалы, түйе қомы – қапылыста.
Ақынды сөйлетудің жөні бөлек,
Уәкеңмен айтысқанның қолы қысқа.
Уәйістің ақындық өсу жолын зерделей қарасақ, оның ұлы Абайдан үлгі-өнеге алып, өсиетін көп тыңдап, ақындық жолын терең түсінгені, ұлы суреткердің сүйікті шәкірті болғаны анық байқалады. Жас таланттың ақындығын ерте аңғарған Абай оны 1894 жылдары шақыртып алып, қамқорлық жасайды, өнер жолына баулиды.
Уәйіс:
- Шырқасам, жан шыдамас айғайыма,
Ән мен күй ұялаған таңдайыма.
Найза да бойламаған көмейіме,
Бақ, дәулет, өнер біткен маңдайыма, - деп өзі айтқандай, сол өнерді болашақ өмір үшін қару етеді. Сөйтіп, Уәйіс Абайдың ақын, білімдар, дарынды шәкірттері – Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Әсеттің тобында жүріп, ақындық өнерін шыңдай түседі.
Абайдан тәрбие алып өскен, Абай мектебінің тағы төрт шәкіртіне: Тайыр Жомартбайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Иманбазар Қазанғапұлы және Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтарға арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет