33.
Ойсыздың бәрi өркөкiрек.
a.
«Ойсыз» адам дегенді қалай түсінесіз? Ойсыздың орнына тағы
қандай сөзді қолдануға болады?
b.
Адамға жараспайтын мінездің бірі - өркөкіректік. Ондай адамда
кісілік, адамгершілік аз болады. Азға мәз болып, бір күн таққа
отырса, түспейтіндей күй кешіп, есі шығады. Алдына келгеннің
еңкейіп келгенін қалайды. Сондай адамды көргенде халықтың
«Ойсыздың бәрі – өркөкірек» деген қанатты сөзін есіңе аласың.
c.
Өзіңіздің мінезіңізді бір тексеріп қойыңыз.
34.
Онның ойы бiр жерден шықса, оң ойлағаны.
a.
Халқымызда тағы бір мынадай сөз бар: «Қырық кісі бір жақ,
қыңыр кісі бір жақ» деген. Қыңыр адам елдің сөзіне де, ісіне де
қарсы болып, көптің ашу-ызасын тудырады. Ондай адамдарға
қыңырсың десең, қатты ашуландырып алуың мүмкін. Сондықтан
ондай адамға: «Онның ойы бір жерден шықса, оң ойлағыны»
десеңіз, ол ойланады.
Достарыңызбен бөлісу: |