49
әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған
ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын білгеніміз дұрыс»,-деген. Сенің
сөзіңнен де мен осыны байқадым.
Бауыржан Момышұлының сөздері:
*
...Егер адамды жауынгерлік қасиетке тәрбиелемесе – онда бұл халық
жауынгер халық болмағаны.
*
Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті.
*
Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады.
*
Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.
*
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық белгісі.
Рухани күштің негізгі қайнары мен қозғаушысы: ақыл, сезім, ерік-жігер.
*
Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.
*
Ұлттық рух пен ұлтшылдықтың ара жігін ажырата білген жөн.
*
Көнтерлілікке, көнбістікке, бас июшілікке тәрбиелеу – бұл шын мәнінде,
адамды моральдық жағынан толық езіп-жаншу деген сөз.
*
Көнтерілілік, көнбістік – асқақ адамның сергек ойына тұсау.
*
Адам бойындағы адамгершілік сезімді аяққа баспай, қорламай құрметтей
білген жөн.