ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ:
«Асық терапиясын» қолданудың маңызы мен тиімділігі
Мамандық: «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу»
Топ: ДО-903у
Білімалушы: Нұрсәлімова А.Д,
Ғылыми жетекші: Тұрғанбаева Б.Ш.
(педагогика ғылымдарының
кандидаты, қауымдастырылған
профессор м.а.)
2022 жыл
«Асық терапиясын» қолданудың маңызы мен тиімділігі
Қазақ балаларының байырғы ойындары арғы тегінен алғанда ол, қазақ балалар фольклоры болып халық фольклорының арналы салаларының бірі болмақ. Арыдан тектер болсақ, бұл ойын түрі ықылым заманнан тартып халықтың дəстүрлі бала тəрбиесінің негізінде туып қалыптасқан.
Ал енді ойын дегеніміз — баланың ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нəрсе. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай: «Ойын ойнап, əн салмай, өсер бала бола ма?» — дегеніндей, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Асық – ойыны сол бай салтымыздың бір дәстүрі. Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында асық – әр үйдің, әр ауыл балаларының, жастарының да бас қосуының негізі.
Асық неліктен терапияға жатады? Сөздіктерде терапия – медицина ғылымында аурулардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін сала. Педагогика ғылымындағы теориялар мен тәжірибелерді негізге ала отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде асық терапиясының баланың денсаулығына тигізетін пайдасын көрсету мақсаты көзделді.
Асық терапиясының мақсаты: асық терапиясында балалардың терапиясында балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі – бейнелік және сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді. Сондықтан да біз, ересектер, асық ойындарының жаңа мазмұнды ойындарын, жаттығуларын құрастырып, оларды оқыту және дамыту, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдана аламыз.
Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз.
Асық терапиясы Ф.Фребель, М.Монтессори технологияларын негізге ала отырылып жасалынды, ол балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, көп функционалдылығымен, көп нұсқалылығымен ерекшеленеді.
Асық терапиясының мектепке дейінгі балалардың дене, психологиялық және әлеуметтік дамуында орны ерекше, сонымен қатар оның көп функционалдық рөл атқаратынына көзіміз жетіп отыр. Бұл тек асық терапиясының бастапқы нұсқасы ғана. Келешекте мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандартына, үлгілік бағдарламаға сай барлық білім салаларында асық терапиясын қолдану мүмкіндігіне жол ашып, оны түрлендірудің теориясы мен әдістемесін дайындау және тұжырымдамалық негіздеу мақсатын қойып отырмыз.
Асық терапиясының мақсаты: асық терапиясында балалардың терапиясында балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі – бейнелік және сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастырып, шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелейді. Сондықтан да біз, ересектер, асық ойындарының жаңа мазмұнды ойындарын, жаттығуларын құрастырып, оларды оқыту және дамыту, ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдана аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |