Уақыт – орны толмас қор Уақыт – адамдардың барлығына бірдей дәрежеде берілген қор. Әрбір адамға күнделікті 24 сағат тиесілі. Айырмашылық адамдардың сол уақытын қалай пайдаланатындығында ғана. Табысты адам – уақытын дұрыс пайдалана алатын жан. Табысты адам – барлығына уақытында үлгере алатын жан. Адамның өмірлік жоспары жобамен осылай көрініс табады:
Бұл жүйе пирамиданың құрылысына ұқсайды. Ал оны қалайтын негізгі кірпіш – уақыт (жыл, күн, сағат). Уақыттың орны толмас қор екендігін естен шығармау қажет. Ұрланған ақшаны қайтаруға болғанымен, ұрланған уақытты ешкім қайтарып бере алмақ емес. Адамда міндетті түрде күнделікті жоспар болуы қажет. Уақытты жоспарлауға қарсы пікір айтушылар қазіргі кезде барлығы тез өзгеріп сала беретіндігін алға тартады. Алайда жоспар құру дәл сол өзгеріс болуы мүмкін деген жағдайлар үшін қажет. Сіз таңертең тұрғанда тісіңізді тазалайтындығыңызды жоспарламайсыз ғой, ол сіз үшін онсыз да үйреншікті жайт. Жоспар сізді тығырыққа тіреп, айналаңызда болып жатқан өзгерістерге көз жұма қарауға мәжбүрлемейді. Жоспар – құбылмалы өмір жағдайларына бейімделудің жолы. Жоспар құруға сіздің күнделікті 5-7 минут уақытыңыз кетуі мүмкін. Ал сол арқылы сіз айтарлықтай көп уақытыңызды үнемдей аласыз.
Ал философиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, адамның өмірінде тепе-теңдік сақталуы үшін негізгі төрт түрлі қажеттілігі қамтамасыз етілген болуы керек екен. Олар:
Бұл қажеттіліктер өте терең әрі шынайы мағынада бір-бірімен тығыз байланысты. Аталғандардың әрқайсысы кезек күттірместей өте маңызды. Олардың барлығының тепе-теңдігі сақталғанда адам жан рақатын сезіне алады. Ал егер осы төртеуінің барлығын бір арнаға тоғыстыра білсе, онда адам баласы нағыз бақыттың шыңына қол жеткізген болады.
ҚОРЫТЫНДЫ Уақыт – шартты түсінік, оның нақты пішіні жоқ. Уақытқа қадір-қасиет, жан мен рух беретін нәрсе – сол уақыт ішінде атқарылған істер. Мысалы, біз «аср сағадат»277 (бақыт ғасыры) деп белгілі бір кезеңді қошеметтеген кезде негізінде қандай да бір уақытты емес, сол уақыт ішінде өмір сүрген жандар мен ол кісілердің атқарған істерін назарға ала отырып «бақыт ғасыры» деп атаудамыз. Уақыт тек қана сол кезеңде атқарылған істер арқылы белгілі бір бояуға еніп, құлпырып сала береді. Солайша толыққанды өткізілген уақыттың әрбір сәті басқаларының жүздеген жылына татитындай бола алады. Сонымен, уақытқа шынайы пішін беріп, оны қадір-қасиетке ие қылу адамдардың ол уақыт ішінде атқаратын істеріне тура пропорционал. Біздің 24 сағаттық қазынамыз бар. Сол 24 сағатты соңғы күніміз болуы мүмкін деген түсінікпен қолға алып, оны намазға байланысты реттеп, әрбір бөлігін толы өткізуге тырыссақ, сонда шынайы құндылыққа ие болған болады. Сол кезде бүкіл өміріміз нұрға бөленіп, нағыз мәңгілікке лайықты түрде өтетін болады. Егер адам уақытын осылай тиімді өткізе білсе, бір жағынан уақыт құндылығын түсініп, оның қадірін білгенін шынайы дәлелдейді. Солайша бір күн қалай ізгілікке толы өтетін болса, апта бойы да сондай жақсылықтарға кенелетін болады. Артынан нұрланған ай және сондай айлардан құралған нұрлы жыл келеді. Сонда адамның бар ғұмыры бір күнді қалай өткізгеніне байланысты болмақ. Алла Тағаланың әділдігімен олар уақытты дұрыс пайдалана отырып, бағындыруға тырысқан шыңдарына жетіп, жетістік пен жеңістің дәмін татып отыр. Ал мұсылман баласы уақытын тиімді пайдаланса, екі дүниеде де орасан зор жетістікке жете алмақ. Осы жолда әрекетін жасап тырысып бағу мен ісінің жеңілдігін тілеп Алладан дұға етуді қатар алып жүретін болса, әрбір мұсылман жан мұрат еткен шыңдарын бағындыра алады. Жетістікке жету үшін өз уақытыңыз бен қабілетіңізді басқаша қолдануыңызға тура келеді. Уақытыңызды сондай дәрежеде тиімді пайдаланыңыз. Тіпті «Ертең өлесің!» деген хабар жетсе де, күнделікті іс-амалдарыңызға ештеңе алып-қосудың қажеттілігі сезілмейтіндей болсын! Уақытты барынша тиімді өткізу үшін, ең алдымен, «ерік-жігер» қуатын ең жақсы түрде қолдана білу керек. Өйткені адамның бойындағы ерік-жігер өзге рухани қуаттардан жоғары болады. Ерік-жігер қуатының әрекетке көшуі үшін өз білгендерін амалға асыратындай «тірі» иман керек. Сонымен қатар уақыттың ең лайықты түрде пайдаға асуы көңілдерде орныққан Алланы тану мен жауапкершілік сезіміне байланысты.