Blockchain (ағыл., blockchain немесе block chain) - ақпараттық мазмұны бар белгілі ереже- мен тіркесе түзілген ретті блоктар тізбесі. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің өмі- ріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы. Туған сәтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды. Тіпті, бір кезде жол ережесін бұзғаныңыз, досыңызға шотыңыздан ақша аударғаныңыз, интернет дүкеннен жасаған саудаңыз, үйленгеніңіз, барлығы-барлығы блоктарда тізбектеліп сақталады. Қысқаша айтқанда, қағазға жазылатын деректердің барлығын blockchain-ге де жазуға болады. Айырмасы - blockchain-де жазбаны қолдан жасауға, өшіруге, жасыруға болмайды. Өт- кен күнмен жазба жасай салатын нотариустер, айыппұлыңызды базадан өшіретін пы- сықайлар, несие тарихын жаңартатын алаяқтар дәурені өтеді. Blockchain деректерін, яғни блоктарды және олардың мазмұнын иесі рұқсат етсе кез келген адам көре алады. Демек, blockchain желісінің пайдаланушысына оның деректерін растайтын нотариус, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенті, бақылаушылар сияқты делдалдар қажет болмайды. Бұл - жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қатысты. Blockchain технологиясы арқылы келісімшарттар, сатып алу-сату операцияларын жасауға болады. Ешқандай қитұрқы схемасыз, айқын түрде мемлекеттік сатып алу операцияларын, тендерлерді өткізе алады. Бұл жүйе - жемқорлықты, бюрократиялық кедергілерді жоюға тиімді. Банк жүйелеріне енсе, тіпті бірнеше бөлімдерді толығымен қысқартуға, банк операцияларының көп сатылы кезеңдерін азайтуға мүмкіндік береді. Делдал-алаяқтық мүлдем жойылады. Мамандардың айтуынша, «бұл кезінде интернетте революциялық идея болған. Біреу сенсе, біреу сенбеген. Blockchain технологиясы да өмірімізге енеді. Бұл жүйе арқылы біз қоғамдағы қаржылық айқындылыққа, қаражат пен уақытты үнемдеуге, қоғамның сенімін қалпына келтіруге қол жеткізе аламыз». Қазақстанда да Blockchain технологиясын ендіруге талпыныстар жасалуда.
Гендік дәйектілік (ағыл., segnencing) - реттілік, дәйектілік, биополимерлердің (белоктар мен нуклейн қышқылдары - ДНК мен РНК) дәйектілігін анықтау - олардың амин- қышқылы немесе нуклеотидтік реттілігін анықтау деген сөз. ДНК-ның жабық бөлшегін гендік дәйектеу нәтижесінде гендік бөлшектердің, тұтас гендердің, тіпті ағзаның толық геномдарының реттілігін анықтайды.
Дефляция (лат., deflatio - үрлеу) - геологияда - топырақ пен тау жыныстарының желдің өтінен мүжіліп үгітілуі. Дефляция мен басқа үгілу процестерінің бірлескен әсерінен тау жыныстарында ғажайып пішіндегі табиғи мүсіндер пайда болады. Экономикаа белгілі бір уақыттан кейін бағаның жалпы деңгейінің экономикалық белсенділіктің , инвестициялардың қысқаруымен бірге төмендеуі.
Дизрупция (лат., disruptus жыртылу, айырылу) - мәселен, биологияда табиғи сұрыптауда ажырау немесе бөліну арқылы пайда болатын түр, ондайда екі немесе одан да көп өзгерістерге жағдай туады, бірақ аралықта болатын белгілерге жол берілмейді. Соңғы кезде бұл термин іскерлік және басқарушылық ортада «дизруптивтік инновация» (дүмпу, жарылыс туғызатын инновация) деген ауыспалы, кең мағынасында қолданыла бастады. Бұл еңбекте де осы соңғы мағынада алынған. Біз оны сол күйінде қолда нуды жөн көрдік.
Домен (биологиялық) (ағыл., domain) - биология саласында бір немесе бірнеше «патша- лыққа» топтасқан организмдер жүйесінің ең жоғары деңгейін (ранг) білдіреді. Бы- 13-257 өтінен мүжіліп үгілуі. Дефляция мен басқа үгілу процестерінің бірлескен әсерінен тау жыныстарында ғажайып пішіндегі табиғи мүсіндер пайда болады. Экономикада - белгілі бір уақыттан кейін бағаның жалпы деңгейінің экономикалық белсенділіктің, инвестициялардың т.б. қысқаруымен бірге төмендеуі. Былайша айтқанда, бірнеше хандықтың үстінен қарайтын «қағандық» дегенге саяды. Кейіннен бұл сөз әртүрлі ауыспалы мағынаға ие болған. Мәселен, Домен (домендік атау) - интернет жүйесіндегі символдар мен сандардан құралған сайттың атауы.