Macromedia Flash бағдарлама



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата05.06.2023
өлшемі0,84 Mb.
#98759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
1.3 Дыбыс
Flash дыбыстың фильмде қолдану үшін бірнеше жол ұсынады. 
Тоқтамай, сюжеттің мазмұнына қарамай, қолданушының әрекетіне 
жауап бермей ойнап тұра беретін дыбыспен жабдықтай аласыз. Ал 
жобаңыз одан әрі қызықты болу үшін әр батырманы басқанда дыбыс 
шығатындай етуге болады. Және тағы бір жолы, ActionScript 
сценарийлерін пайдалану. Flash та дыбыспен қамтамасыз етудің екі 
түрі бар оқиғалы басқару (event sound) және ағымды (stream sound). 
Оқиғалы басқару дыбыс кезінде берілгендер аяғына дейін жүктеліп 
болғаннан кейін ғана дыбыс оны тоқтатқанға дейін ойнатыла береді. 



Ал ағымдағы дыбыс үшін алғашқы кадрлар жүктелгеннен кейін-ақ 
ойнату басталып кетеді. 
Дыбыспен жұмыс істеу оңай болу үшін, Flash авторларға келесі 
мүмкіншіліктерді ұсынады: 
- Дыбысты кітапханаларға бөліп қоюға болады, яғни енді бір 
кітапханадағы дыбысты бірнеше фильмдерде қолдануға болады. 
- Дыбысты, фильмнің сапасы мен көлеміне қарап, параметрлерін 
өзгертуге болады. Яғни автор, дыбыс сығу жолын өзі таңдай алады.
1.4 Flash филімдерін қолдану түрлері 
Жоғарыда айтылғандай Flash – тің мақсаты, графика мен 
анимацияға толы интерактивті тор беттерін құру болып саналады. 
Жоғарыда айтып өткендей Flash-ті тамашалау үшін екі түрлі жол бар, 
біріншісі WEB браузер арқылы, екіншісі Flash фильмді басқа 
форматқа ауыстыру арқылы. 
Flash арқылы фильмді құру және өзгерту кезінде FLA 
форматындағы файлдармен жұмыс істейді. Бұл бағдарламау 
ортасының тек өзіне қатысты форматы, және бұл форматты басқа 
бағдарламалар түсінбейді. Тор браузерлерінде фильмді көру үшін, 
SWF форматында сақтау керек. Бұл форматты Netscape және Opera 
браузерлерінің соңғы нұсқалары қолдайды, немесе арнайы Flash-плеер 
арқылы ойнатуға болады. Бұл плеер, Flash редакторының құрамына 
кіреді. Flash фильмін көрудің тағы бір жолы, фильмді GIF форматына 
көшіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет