Macromedia flash mx программалау технологиясында электронды оқулықты құру



бет5/7
Дата07.01.2022
өлшемі3,14 Mb.
#19790
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Insert Layer (Қабат құру) командасы арқылы фильмге жаңа қабат құрыңыз.

4. Екі қабаттың да екінші кадрларын ерекшелеңіз. Ол үшін курсорды жоғарғы қабаттың екінші кадрына орналастырып, төмен қарай жылжытыңыз.



Insert (қосу, вставить).Keyframe (Кілттік кадрды қосу) командаларын орындаңыз.

5. Курсордың көмегімен “Layer1” қабатының екінші кадрын ерекшелеңіз.

6. Келесі Rectangle Tool (Тікбұрыш) сайманының көмегімен батырманың көлемәнен үлкен тіктөртбұрыш салыңыз.

Arrow Tool (көрсеткіш) сайманын таңдап салған тікбұрышты ерекшелеп және оны батырманың астынаапарып орналастыру керек. Сол жақ шеті кадрдың шетімен сәйкес келуі тиіс.

7. Ерекшелеуді алмай Insert (Қосу) Convert to Symbol (Символға ауыстыру)Графика( Graphic )командалары орындалады.



Text Tool (Мәтін , Текст)сайманын таңдап, қасиеттер терезесінде шрифттің қара түсін және орташа өлшемін таңдаңыз.

8. Салынған меню орналасатын қоршаудың ішіне меню апарып енгізейік. Мысалы Батырма1және Батырма2.

Мәтіндік блоктарды біркелкі қоршаудың ішіне орналастырамыз. Енді мәтіндік блоктарды батырмаларға түрлендіру керек. Батырма1 мәтінін ерекшелеп, келесі командаларды орындаңыз:

Insert (қосу, вставить) Convert to Symbol (Символға ауыстыру, Конвертировать в символ)Батырма (Кнопка, Button). Осы істелінген әрекеттерді екінші мәтіндік блокпен де жасаймыз.

2.3 Flash ортасында дыбысты пайдалану

Flash ортасында дыбыспен жұмыс істеу барасында пайда болатын екі негізгі мәселе: жіберілу жолағы мен дыбыстың синхрондалуы болып табылады. Flash ортасында дыбыспен жұмыс істеуде және оны басқару тәсілдерін меңгеруде дыбыстың кейбір теориялық негіздерін меңгеру қажет. Пайдаланушы дыбыстық ақпараттың өңделу принципін жақсы меңгерген жағдайда құрылған Flash фильмінің нәтижелері де тиімді болады. Компьютерде пайдаланылатын дыбысты немесе видеоны жазғанда ақпарат дискреттік бірліктер немесе биттер түрінде жазылады. Цифрлық ақпарат өзінің табиғатында үздіксіз болған емес. Сондықтан бірқатар кешенді проблемалар пайда болып келеді. Дыбыс шын мәнінде дыбыстық толқын түрінде ауада таралатын тербеліс болып табылады. Дыбыстық толқын тербеліс жиілігімен және амплитудасымен сипатталады. Жиілік – бұл 1 секунд ішінде берілген нүкте арқылы өтетін дыбыс толқындарының мөлшері. Жиілік герцпен өлшенеді. Дыбыс жиілігі жоғары болған сайын дыбыс тоны жоғары болып қабылданады. Бір толқынның максимум нүктесіне дейінгі қашықтық толқын ұзындығы деп аталады. Дыбыс амплитудасы деп дыбыс толқынының биіктігін айтады. Амплитуда дыбыс қаттылығын анықтайды. Дыбыс қаттылығы децебеллмен өлшенеді.

Дыбыспен жұмыс істеу барысында дискреттеу жиілігі мен кодтау разрядтылығы. Дыбыстыңсапасы екі параметрмен анықталады: дискреттеу орындалатын жиілік пен дыбыс туралы ақпаратты сақтауға пайдаланылатын бит мөлшері. Герцпен өлшенетін дискреттеу жиілігі секунд ішінде жазу үшін пайдаланатын санақ мөлшері. Flash ортасында дискреттеу жиілігі 5 КГц-тен 44,1 КГц аралығында згереді. Кодтау разрядтылығы – бұл мәліметтерді сақтау үшін пайдаланатын ақпараттағы биттердің мөлшері. Кодтау разрядтылығының мәні жоғары болған сайын жазылған дыбыс айқын болады. Flash ортасында кодтау разрядтылығы 4 бит пен 16 бит аралығында өзгереді. Адам тек 20-дан 20000 Гц жиілік аралығындағы дыбысты ести алады. Бұдан Flash ортасында жоғары дискреттеу жиілігі не үшін қажет деген сұрақ пайда болады. Найквисттің сигналдары өңдеу теориясына сәйкес, дыбыстарды дискреттеу жиілігі кем дегенде дыбыстың ең жоғарғы және төменгі шектері болғандықтан бұл мәндерді жазу үшін әрбір дыбыстық толқын үшін екі санақ нүктесі қажет. Адам ести алатын дыбыстардың барлығын жазу үшін 40000 Гц-ке дейінгі жиілікте дискреттеу қажет.Бірінші кестеде көптеген дыбыстық карталарда танылатын дискреттеу жиіліктерінің мәндері келтірілген. Дискреттеу жиілігі жоғары болған сайын дыбыстың сапасы да жоғары болады.

Сонымен кодтау рарядтылығы мен дискреттеу жиілігі жөнінде қысқаша мағлұмат алдық. Енді Flash файлдарының өлшемін азайту үшін дыбыс жазуда осы параметрлермен оны қалай басқаруға болатынын қарастырайық.

Файл өлшемін қалай кішірейтуге болады? Әдетте адам жиілік аралығының жоғарғы шегі 4000-5000 Гц аралығында қабылданады. Бұдан Найквист теориясына сәйкес, дискреттеу жиілігі 8-10 КГц болса, жазылған дыбысты шығаруға жеткілікті. Сөйтіп, дыбыстың жақсы сапасын дискреттеу жиілігі 11 КГц болатын стандартты мән деп алуға болады. Біз әңгімелесу барысында сөздердің арасына кідіріс жасап, сөйлем арасында тоқтаймыз. Осындай кідірістер мен тоқтаулар барысында кейін жазылған аудиофайлдан естуге болатын шуларды азайту үшін дыбысты жазғанда салыстырмалы түрде кодтаудың жоғарғы разрядын пайдалану керек.[6]

Екінші жағынан алғанда музыка тонының згерісі айтылатын сзбен салыстырғанда айтарлықтай көп. Музыканы жазу үшін өте жоғары дискреттеу жиілігі талап етіледі. Музыканың сөзден айырмашылығы дыбыстар арасында кідіріс болмайды. Ол салыстырмалы түрде баяу шығарылады. Сондықтан жазылатын музыкада шу болмайды деуге болады. Шудың бөлігі табиғи турде қабаттасып кетеді, сол себепті музыканы салыстырмалы түрде кодтаудың орташа разрядын пайдаланып жазуға болады. Адам сөзін шығару үшін кодтаудың жоғарғы разрядымен салыстырғанда дискреттеу жиілігінің орташа мәнін алу қажет. Бұл салыстырмалы сипаттамалар өлшемі шағын файлдарды сақтау үшін аса маңызды болып табылады. Музыка мен адам дыбысты жазылған файлдың өлшемін дискреттеу жиілігі мен кодтау разрядтылығын екі есе кішірейтк есебінен азайтуға болады. Басқа тәсілмен, дыбыстық файлдың өлшемін екі есе кішірейту стереофондық дыбыстың орнына монофонды дыбысты пайдалану болып табылады. Дыбыстық файлдың өлшемін жоғарыда айтылған параметрлерді ескеретін қарапайым формуланың көмегімен есептеуге болады:

Файл өлшемі = Секунд мөлшері * Арналар мөлшері * Дискреттеу жиілігі – Кодтау разрядтылығы / 8

Бұл формуладан егер стереофондық дыбыстың ұзақтығы 30 секунд, дискреттеу жиілігі 44 КГц, ал кодтау разрядтылығы 16 бит болса, онда бұл фрагмент файлының өлшемі:

30 сек * 2 арна * 44 КГц * 16 бит / 8 = 5280 КБайт.

Бұдан сапалы жазылған дыбыстық файлдардың өлшемі үлкен болатыны айқын байқалады. Егер дыбысты екі арналықтан бір арналыққа (стереофондық дыбыстан монофондық дыбысқа) түрлендіретін болса, онда файлдың өлшемі бірден 2640 КБайтқа дейін кішірейеді. Енді, егер бұл фрагмент жазылған дыбыс болатын болса, онда тағы да дискреттеу жиілігін 11 КГц – ке дейін азайтуға болады. Қорытынды файлдың өлшемі тағы да екі есе кішірейіп, 660 КБайтты құрайды. Сөйтіп , біз дыбыстың сапасын аздап төмендете отырып, қорытынды файлдың өлшемін айтарлықтай кішірейттік.

Дыбыстық фрагменттерді ағын және оқиға түрінде шығару. Flash технологиясында дыбыстың екі типі қолданылады: оқиғалы (Event) және (Stream) ағынды. Оқиғалы дыбыс басынан аяғына дейін толық ойнайтындай етіп шақырылуы тиіс. Ал ағынды дыбыс алғашқы бірнеше кадр шығару үшін мәліметтердің қажетті мөлшері шақырылғанда ғана ойнайды; дыбысты Web- сайттарда шығару үшін ағынды дыбыс уақыт шкаласымен синхролдалып , кез келген анимацияны дыбыстық қатардан қалмауға мәжбүр етеді. Егер анимация дыбыспен үлгермесе, онда анимация кадрлары қалдырылып кетеді. Ағынды дыбысты пайдаланудың келеңсіздігі анимация тұрақты болмай шығады. Сонымен қатар, оның оң тұстары да бар – ағындық дыбысты анимацияны синхрондау және дыбысты шығару үшін пайдалануға болады. Фильм шығару барысында мынаны есте ұстаған жөн: Егер сіз дыбысты режимде шығарғыңыз келсе , анимацияны бараншы қарапайым жасаңыз. Жоғарыда айтылғандай ағынды дыбыс өзінде дыбысы бар қажетті кадрлар мөлшері шақырылған мезеттен бастап ойнайды. Егер ағынды дыбыс фрагменті уақыт шкаласындағы дыбыспен салыстырғанда ұзақтау болса, артық дыбыс алынып тасталынады. Уақыт шкаласындағы ағында дыбыс уақыт шкаласына бағындырылған графикалық символға ұқсас. Оқиғалы дыбыстық фрагменттер көп жағдайда анимациялық клиптерге ұқсас. Олар уақыт шкаласына тәуелді емес. Уақыт шкаласының қзындығына тәуелсіз, үздіксіз ойнай береді. Оқиғалы дыбыс фрагментін шығару сол фрагмент көлемі толық шақырылмайынша ойнамайды. Сондықтан оқиғалы дыбысты экрандық батырмаларды дыбыстау үшін қолданған тиімді. Оқиғалы дыбыстық фрагменттерді цикл түрінде ұйымдастыруға болады.

2.4 FLASH технологиясында программалау

Macromedia Flash технологиясында сурет салу және жетілдірілген анимация құралдарымен қатар, орнатылған ActionScript программалау тілі бар. Мұнда тек қана программаланатын анимация, Flash ойындары және интерактивті Web – беттерін ғана құрып қоймай, обьектілі-бағдарларған программалар құруға мүмкіндік бар. Flash технологиясын құрушылар тіпті дайындығы жоқ пайдаланушы үшін ActionScript тілінде программалауды өте қарапайым жасауға тырысқан, бірақ бұл құралдарды меңгеру айтарлықтай көп уақытты қажет етеді. ActionScript тілі обьектілі бағдарланған программалау принципі негізінде құрылған.

Обьектілі бағдарланған тәсілдің мәні программаның барлық элементтерін обьект ретінде интерпретацияланатындығында болып табылады. Сахна, кадр, мәтіндік блок, сурет, символ – мұның бәрі ActionScript тілінің обьектілері. Ал, Обьектілердің атрибуттары немесе қасиеттері бар, олардың рістерінің мәндері сценариймен өзгертіледі. Әрбір обьектінің бірегей идентификаторы бар, оның көмегімен ActionScript сценариінің мәтінінде осы обьектіге сілтеме жасалынады.[8]

Обьектілер иерархиялық құрылым жасауы – кез келген обьект басқа бірнеше обьектілерден тұруы мүмкін. Обьектілер иерархиялық құрылым жасауы – кез келген обьект басқа бірнеше обьектілерден тұруы мүмкін. Мысалы, клип өзіне графикалық символдар, суреттер, батырмалар және басқа да қабаттарда орналасқан клиптерді қамту мүмкін. Оны төмендегідей құрылыммен көрсетуге болады:




  • zoo – негізгі кинолента, құрылымның түбірі;

  • lion – негізгі кинолентадағы клип;

  • teeth – lion клипінің бөлігі болып табылатын клип;

  • color – teeth клипінің қасиеті (егер ақ түс болатын болса, оның мәні оналтылық санау жүйесінде – FFFFFF санымен беріледі.

Обьектілі бағдарланған ортада оны ActionScript құралдарымен жүзеге асарылатын Flash фильмдерін тиімді де, сапалы шығару үшін өте ұтымды жоспарлай білу керек. Сонымен, ActionScript тілі әрі қарапайым, әрі барынша тиімді обьектілі бағдарланған программалау тілі болып табылады.

Енді ActionScript тілінде қарапайым программалар құруды қарастырайық. Орналылған ActionScript прграммалау тілін пайдалану мүмкіндігі Macromedia Flash қосымшаларына интерактивті Flash роликтерін құруға мүмкіндік береді. ActionScript тілі дербес программалау тілі болмағанымен мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары: скриптер жиынтығы – программа кодының фрагменттерінен тұрады, ол тек Flash роликтерінің ішінде ғана жұмыс істейді. Мұндай ролик сәйкес программалық сүйемелдеуімен толық орындалатын программа болып табылады.

Кез келген программалау тіліндегі негізгі ұғымның бірі таныс айнымалылар болып табылады. Бұл ұғым пайдаланушыларға таныс болғандықтан оның Flash ортасында қалай жүзеге асырылатынына тоқталсақ. Мысалы, бізге екі санның көбейтіндісін табу қажет болсын. Ол үшін:

1. Тік төртбұрыш салып, оның үстіне «Есептеу» деп жазып алынған бейнені символға түрлендіреміз.

2. А – пиктограммасын таңдап статикалық «Нәтиже» мәтінін жазамыз. Қасиеттер терезесіндегі Static text мәнінің тұрғанына көз жеткіземіз.

3. Дәл осылайша нәтиже шығаратын бос динамикалық мәтін өрісін құрамыз. Қасиеттер терезесінде Static text мәнін Dynamic text мәніне өзгертеміз. Айнымалылар рісіне «proizv» атын енгіземіз.

4. «Есептеу» батырмасын тышқанның оң жақ батырмасымен белгілеп ашылған контекстік менюден «Действия» командасын таңдаймыз. Ашылған «Действия» терезесінен Action – Movie Control – on – release командаларын орындаймыз да, (сурет 2.13) программа кодың енгіземіз.



Сурет 2.13 – «Действия» терезесі


  1. Жұмыстың іске асыру нәтижелерін бағалау



    1. Бағдарламаларды сипаттау

Лекция бөлімінде «Macromedia Flash ортасында «Информатиканың теориялық негіздері» пәнінен электрондық оқулық версиясын дайындау» тақырыбында алынған дипломдық жұмыс болғандықтан онда Flash MX технологиясының ерекшеліктері жазылады. Әр тақырыпқа байланысты толық тоқталынды. Осы лекция бөліміндегі мәліметтерге байланысты зертханалық жұмыстар жасалынды.

Электрондық оқулықтың көрнекілігі үшін көзге жайлы фондар, аиимацияланған суреттер енгізілді. Барлығы оңай болу үішн әр сілтеме ортасында ашылады.

Көптеген кестелер және суреттер енгізілді. Олардың көмегімен оқылып жатқан материалдың түсінігі жеңіл болды.

Электрондық оқулықтың артықшылықтары:


  • Оқулықтың көрнекілігі.

  • Уақыт үнемділігінің көбейту.

  • Мұғалімдер мен оқушыларға ыңғайлылығы.

  • Жылдам іздестіру.



    1. Жұмыстың экономикалық тиімділігін есептеу

Ақпаратты алу, тарату, өндеу және сақтау — соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан және болашағы зор ғылым салалары. Әлем бойынша айналым қорлары жүздеген миллиард доллар құрайтын мыңдаған ірі, орта және кіші фирмалар түрлі ақпаратты тарату жүйелері мен құрылғыларын зерттеу, жобалау, өндіру, сату және қолданумен айналысады. Деректерді тарату жүйелерінің тиімділігіне байланысты олар жоғары қарқынмен дамып, қазіргі таңда ұдайы өсіп келе жатқан сұранысқа ие.

Автоматты басқарылатын өндірістерде ақпаратты тарату/қабылдау жүйелерінің экономикалық маңызы келесідей: қызмет етуші мамандар санын азайтады және жұмыс өнімділігін арттырады, соның әсерінен өнімнің өзіндік құны төмендейді.

Бұл дипломдық жұмыста ақпаратты басқару жүйесі білім алушы оқушылардың оқу үрдісіне “Информатиканың теориялық негіздері” пәні оқулығының электрондық нұсқасын енгізу арқылы зерттелген. Жоғарыда айтып кетілген ақпаратты басқару жүйелерінің экономикалық маңыздылығына байланысты оқушылардың осы электрондық оқулық арқылы сауаттарын ашу оларға болашақта үлкен пайда тигізеді.

Бұған дейін әріп үйретуде мұғалім тек кітапқа ғана жүгініп сабақ жүргізетін. Алайда бұл әдіс сауат ашуға толық мүмкіндік бермейді.

Оқу процесіне электрондық оқулықты енгізудің алдында оны жан-жақты зерттеу қажет. Енгізудің не қажеттілігі бар деген сұрақтарды мамандар шешеді. Ол мамандар оқытушы мұғалімдер болуы мүмкін. Зертханалық кешенді енгізуге қажетті құрал-жабдықтарды, локальды желі құру мәселелерін желі администраторы анықтайды.

Еңбек ақыдан алынатын төлем - әлеуметтік салықты есептейік. Ол үшін біз «2006 жылға Республикалық бюджет туралы» заңға сүйеніп мына кестелерді қолданайық.

Айлық есеп көрсеткіші (АЕК) 2006 жылға 1 030 теңгеге тең болады Жылдық есеп көрсеткіші (ЖЕК) 12 360 теңгеге тең болады (1 030 × 12 = 12 360 теңге).

Инженер үшін әлеуметтік салық төлемдері келесідей:

СЄ1= (15450-1030-1545)* 0,2 + (32 000 - 15450 – 1655)*0,15*1*1 = 2 575 + 2234,25 = 4 810 теңге

Желі администраторы үшін:

СЄ2 = (15450-1030-1545)* 0,2 + (26 000 - 15450 – 1055)*0,15*1*1 = 2 575 + 1424,25 = 4 000 теңге

Дербес компьютерлер қазіргі заман талаптарына сай Pentium IV процессорлары негізінде жинақталуы қажет.

Барлық жабдықтарды арнайы маман орнату керек. Ол маман барлық монтаждау жұмыстарын 1 ай ішінде орындайды. Дербес компьютерлерді желіге біріктіру үшін желі администраторы қажет. Ол локальды желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның жұмысы да 1 ай көлемінде орындалады. Әрі қарай желіні сүйемелдеуді студенттердің арасынан жауапты студент іске асыра алады. Сүйемелдеуші жыл бойында оқытушылар мен студенттердің жұмыс істеуі кезінде кешеннің дұрыс жұмыс атқаруын қамтамасыз етеді.

Жетекші маман үшін әлеуметтік салық төлемдері келесідей:

СЄ3= (15450-1030-1545)* 0,2 + (40 000 - 15450 – 2 455)*0,15*1*1 = 2 575 + 3315= 5 890 теңге

Енді электрондық оқулықты енгізуге кететін барлық шығындарды есептейміз. Олар жүйені зерттеу, енгізу, сүйемелдеу шығындарымен қоса әлеуметтік салықтан тұрады :

Шж = 58 000 + 908 000 + 72 000 = 1 038 000 теңге

СЄ= СЄ1+ СЄ2+ СЄ3+ СЄ4 = 4 810 + 4 000 + 5 890 + 4 540 = 19 240 теңге

Ш=1 038 000 + 19 240 = 1 058 278 теңге

Бұл электрондық оқулықты енгізгенде біз өндірісте сияқты тура кірістер немесе таза пайданы есептей алмаймыз. Алайда жүйені енгізген кезде оның тиімді болуын алдыңғы мақсаттарға қойдық, яғни кешен көп уақыт қызмет етуі, заманауи білім беруде үшін барлық жұмыстарды жүргізуге ыңғайлы болу керек.

Әрине, оқу үрдісіне электрондық оқулықты немесе оқу құралдарын енгізгенде, олардың экономикалық тиімділгінен қарағанда оқушылардың біліміне тигізетін пайдасы көбірек ескеріледі. Себебі оқушыларды оқыту да өндірістің бір түрі, ал бүгінгі өскелең ұрпақ Қазақстанның ертеңі, сондықтан олардың сауатты болмауға құқығы жоқ.

Дипломдық жұмыста электрондық оқулықты ұсынып отырғандықтан негізгі экономикалық көрсеткіштер қарастырылып, есепке алынды. Менің алдыма қойған мақсатым таза пайда мөлшерін көбейту емес, жаңа оқу құралын енгізгенде біз шығынға ұшырамайтынымызды дәлелдеу.

4 АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ

4.1 ЭЕМ желілеріндегі қауіпсіздік және жұмыс режіміне қойылатын талаптар

Бұл дипломдық жұмыста есептеу техникасының қазіргі таңдағы құралдарын пайдалана отырып белгілі бір мәселені шешуге жасалған зерттеу жұмысы. Бұл жұмыс 2004 жылы 28 ақпаныңда №528-11 бекітілген ”Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” заңына, 1999 жылы 10 желтоқсанда бекітілген ”Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына, 2002 жылының 3 сәуірде бекітілген ”Қауіпті өндірістік объектілерінде өндірістік қауіпсіздік туралы” заңыны және 1993 жылы 15 қараша айында бекітілген ”Төтенше жағдайының құқықтық режимі туралы” Қазақстан Республикасының заңына, 2004 жылы 18 тамызда бекітілген СанПиН №631 сәйкес болуы қажет.

Еңбек қорғау дегеніміз, тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек ету процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу - алдын алу шараларын білдіреді.

Еңбекті қорғау құқығы – кәсіпорындармен, мекемелермен, кооперативтермен, фермерлік (шаруа) шаруашылықтармен, жеке меншігі мен шаруашылық жүргізуші әртүрлі тұрпаттағы ұйымдармен (бұдан әрі «кәсіпорындар» деп аталады), оның ішінде жекелеген жалдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер, кооператив мүшелері, өндірістік практикадан және өндірістік оқудан өтуші жоғарғы оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған әскери қызметшілер үкімінің орындалуын бақылайтын органдар белгілейтін кәсіпорындардағы жұмыс кезінде сот үкімімен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еңбек қызметінің кез келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға қақылы.

«Қорғаныс» немесе «қауіпсіздік» сөздері бүгінгі күні ақпараттық технология облысында өте жиі кездеседі. Таңқалудың қажеттілігі жоқ. Маңызды құжаттарымен иеленген әр адам оны қалай сақтау керектігін және қалай қорғау керектігін жақсылап ойластырады.

Ақпараттың қауіпсіздігі – ақпараттың сақталу өлшемі, автоматтандырылған жүйедегі сақталынатын және өңделетін, оның логикалық бүтінділігі мен физикалық бұзылу негативті әсер ету көз қарасынан.

Автоматтандырылған жүйе – ұйымдастырылған заттардың қатынастылығы, мерекелер мен методтар, ақпараттардың үнемі белгілі бір есептеулер ортасынада өңделуі үшін қажет.

Ақпараттың қорғалуы - автоматтандырылған жүйеде орналасқан және онда орналастырылған статус бойынша сақталуын қамтамасыз ететін, өңделуін және қолдануын берілген ақпараттық параметрлер бойынша.

Ақпаратты қорғау – бұл құру және автоматтандырылған жүйелерде қолданылатын механизмдер үрдісі, оның қорғау статусын қолдайтын.

Ақпараттың комплексті сақталуы- көзделген мақсатқа жетуге арналған әрдайым автоматтандырылған жүйелерге қолданылатын, сонымен қатар, ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру көзқарасы, шарты бойынша қорғау сатысынан іске асыру комплексті мереке көзділігі үшін.

Конфеденциалдық - құпия мәліметін тек, қолдану мүмкіншілігі рұқсат етілген қолданушылардың әрқашан мәліметтерде қолдану мүмкіншілігіне кепілдеме.

Қолдану мүмкіншілігі – авториалды қолданушылардың әрқашан мәліметтерде қолдану мүмкіндігіне кепілдеме.

Бүтінділік – дұрыс мәліметтерге авториалды емес қолданушылардың, қолдану мүмкіндігіне шек қою, яғни ол мәліметтерді өзгертуге, модифициалдауға, құртуға немесе жаңа мәліметтер ашуға.

Қауіпсіздік қажеттіліктері жүйелерге қарап өзгеруі мүмкін, яғни, қолданылған мәліметтер мінездемелеріне және қауіп- қатер типіне де байланысты. Конфиденциалдық құрамы, бүтінділік пен қолдану мүмкіндігінің құрамына қарағанда маңыздылығы төмен.

Ақпаратты қолдану мүмкіндігі- субъектінің ақпараттармен және оны өңдеумен танысу мүмкіндігін туғызу оның ішінде көшірмелеу, модификациялау немесе ақпаратты өшіру.

ЭЕМ бар бөлмелерді жобалаған кезде келесі талаптарды орындау қажет:

Жермен қосудың беріктігі;

Электрлік қауіпсіздік;

Экологиялық талаптар;

Электромагниттік қауіпсіздік және рентген сәулелерінің рұқсат етілген мөлшері болуы керек.

Бұл бөлмелердің құрылымында мемелекеттік қадағалау комиссиясының рұқсат етілген материалдары қолданылуы керек.

Сонымен қатар төмендегідей талаптар орындалуы қажет:

ЭЕМ пайдаланатын барлық бөлмелер жекелеген жермен қосу контурымен жабдықталуы керек.

ЭЕМ бар жұмыс орындарын үй асты жерлерде орнатуға болмайды.

ЭЕМ орнатылған бір жұмыс орынның периметрі бойынша орнатқан кезде 4 кв метрден аз болмауы керек, ал қатар-қатар орнатқанда 6 кв метрден аз болмауы керек. Қазіргі кездегі мониторлардың жоғары жиіліктік электромагниттік сәулелену жоғары және артқа қарай бағытталғандықтан компьютерлерді периметр бойынша орналастырған жөн.

Бөлмелер міндетті түрде жасанды және табиғи түрде жарықталуы керек.

ЭЕМ бар бөлмелер міндетті түрде жылу жүйелерімен, ауаны желдету жүйелерімен және т.б. жабдықталуы керек.

Еңбек тиімділігінің негізгі критерийі еңбек қабілеттілігі болып табылады. Яғни, адам организмінің ұзақ уақыт бойы жұмыс кезінде қажетті еңбек қарқындылығына ие болу қабілеті. Жұмыс кезіндегі үзілістің уақыты мен ұзақтығы орындалатын жұмыстың сипатына байланысты болады. ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде еңбек ету мен дем алу режімдері орындалатын жұмыстың түрі мен категориясына байланысты болады.

Бір ауысымда жұмыс уақытының 50% алатын жұмыс ДЭЕМ-нің негізгі жұмысы деп аталынады.

ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде түскі үзілістер кәсіпорындардың ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне байланысты тағайындалынады. Бір жұмыстың ауысым кезіндегі үзілісінің ұзақтығы мен саны орындалатын жұмыстың түрі мен категориясына байланысты және ауысымының ұзақтылығына байланысты болады.

ЭЕМ-мен жұмыс кезінде 8 сағаттық ауысымға тағайындалатын үзілістер:

Бірінші категориялы жұмыс үшін: ауысым басталғаннан кейін 2 сағаттан кейін және түскі үзілістен кейін 2 сағаттан кейін ұзақтығы 15 минут болу керек.

Екінші категориялы жұмыс үшін: ауысым басталғаннан кейін 2 сағаттан кейін және түскі үзілістен кейін 1,5-2 сағаттан кейін 15 минуттық үзіліс немесе әр сағат сайын 10 минуттық үзіліс болу керек.

Үшінші категориялы жұмыс үшін: ауысым басталғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін және түскі үзілістен кейін 1,5-2 сағаттан кейін 20 минуттық үзіліс немесе әр сағат сайын 15 минуттық үзіліс болу керек.

12 сағаттық жұмыс ауысымы кезінде жұмыс түріне байланыссыз әр сағат сайын 15 минуттық үзіліс болу керек.

4.2 Операциялық жүйедегі қауіпсіздік концепциясының негізі. Түйін қауіпсіздігі

Компьютердегі берілген құжаттарды өте маңызды және маңыздылығы төмен деп екіге бөлуге болады. Бұрын айтылғандай құжаттың маңыздылығын пайдаланушы оны жоғалтқанда ғана түсінеді. Windows 2000/XP/2003 жүйесі қорғалатын жүйе тобына жатады. Яғни, компьютердегі құжаттарды пайдаланушы – иесі ғана қолжетімділік алатындай етіп қана алады.

Операциялық жүйе (ОЖ) қауіпсіздігінің қамтамасыз ету құрылғысы бола алады және бүтін түрінде ақпараттық жүйені қорғау үшін қолданылуы керек. Нақты кескін үйлесімінің талап етуіне сәйкес міндетті түрде оларды толықтыру қажет. ОЖ қауіпсіздігін анализдеу оның құрылымын есепке алу арқылы, деңгейдің келесі терімімен сипатталынады:

1. Сыртқы деңгей, ұйымның ақпарат жүйесінің глобалды ресурстары және басқа ұйым жүйесінің өзара байланыстарын анықтайды. Осы көрсеткіш функционалды түрде жүйе мінезделеді, бір жағынан желі сервисімен, ал басқа жағынан- аналогтық сервистермен, глобалды желіден сұрайды.

2. Желілік деңгей ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігіне байланысты ұйымның ішкі локалды желісінде. Ақпараттың қауіпсіздігі осы деңгейде қолданушы шынайылығын тексеру құрылғысы қамтамасыз етіледі және локалды желі (аутентификация және авторизация) ресурстарына қол жеткізуіне шек қою.

3. Жүйелік деңгей ОЖ ресурстарына алдымен қолдану мүмкіндігін басқаруға байланысты. Нақ осы деңгейде қолданушылармен ортасыз әрекеттестік болады және ақпараттық жүйе мен қолданушы арасында «ойын ережесі» анықталып сұраулар қойылады немесе конфигурация жүйесі өзгертіледі. Осыған байланысты берілген деңгейде ақпаратты қорғауды табиғи түсіну нақты бөлу ретінде, ОЖ қай ресурсқа қандай қолданушы және қашан жіберілуі мүмкін. Жүйе ресурстарының қорғалуына ерекше көңіл аудару керек, бірақ бекітілмеген қолдану мүмкіндігі, басқа да қауіпсіздік әрекетін мағынасыз ете алады.

4. Қосымшалардың деңгейі ақпараттық жүйенің қолданбалы ресурстарын қолданумен байланысты. Сондықтан қосымша маңызды деңгейде қолданушы мәліметтерімен жұмыс істейді, осылар үшін ақпарат қауіпсіздігін өзіне меншікті механизмдермен қамтамасыз етеді.

Қорғау құрылғысы, ОЖ- де қоса салынғандар ерекше орын алады. Олардың негізгі мақсаты болып ақпараттық қорғау болып табылады және жүйе конфигурациясын, соден кейін қолданушы мәліметтерін анықтайды. Мұндай жақындау табиғи, сондықтан конфигурацияны өзгерту мүмкіндігі қорғау механизмін мәнсіз деп санайды.

Қарапайым ОЖ мәліметтерді және ОЖ басқа ресурстарын бекітілмеген қолдану мүмкіндігінен қорғау қажет. ОЖ қауіпсіздік қасиетіне ие болады және ол минимум дегенде өз құрамында аутентификация, авторизация және аудит құрылғылары болуы тиіс.

4.3 Желі қауіпсіздігін қамтамасыздандыру

Желі ортасында жұмыс істегенде жасырын мәліметтер сондай болып қалатындығына сенімді болу керек,сондықтан тек қолданушылар ғана оларға рұқсат алу мүмкіндігі бар.Бірақ тек жасырын ақпаратты қорғауды қамтамасыздандырмай, толық желі жұмысын қамтамасыздандыру керек.Әр желі қасақана немесе абайсыз бұзылудан қорғауға мұқтаж болады.Осы уақытта жақсы желі администраторы қауіпсіздікті қамтамасыздандыру көлемін, адамдар өзінің жұмысын орындауда еш қиындыққа жолықпайтындай етіп қорғауды тұрғызуды естен шығармайды.

Желі қауіпсіздігіне көптеген қауіп мыналардан төнеді: бекітілмеген рұқсат, электронды тыңдау,ұрлау,қасақана немесе абайсыз бұзу. Администратор есебі – желі сенімді және қауіпсіз құрал жабдық екеніне кепілдік беру.

Желіні қорғау мөлшері оның тағайындалуынан тәуелді болады. Мысалы, үлкен банктің мәліметтерін сақтайтын желі, кішкене қоғамдық ұйымның компьютерлерін қосатын жергілікті желісіне қарағанда үлкен қорғауды талап етеді.

Желіні қорғау үшін анықталған политика жүргізу керек,яғни жазылған және заңдылық жиынтығына еру керек. Қауіпсіздік политикасын өңдеу (security policy) – ол өзінің мәліметтерін қорғауды қамтамасыздандыруға бірінші қадамы, оны кез келген ұйым істеуі қажет. Политика “генералды сызық ” қояды,оған администратор сүйенеді және қолданушылар өзгертулер енгізеді, жүйеде штатты емес жағдайларда жол табады.

Администратор барлық желі қолданушыларын қауіпсіздік әдістеріне және барлық жұмыс қиындылықтарына үйретуі тиіс. Ол ушін оған басшылық құруына болады, ал керек жағдайда – жаңа қолданушыларға үйрету сабағын ұйымдастыра алады.

Мәліметтер қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін жабдықтарды физикалық қорғаудан бастау керек. Бір рангті жүйелерде ұйымдастырылған жабдықтарды қорғау политикасы көбінесе жоқ, өйткені қолданушылар өздерінің мәліметтері мен компьютерлеріне өздері жауап береді. Үлкен ортақтастырылған жүйелерде, онда жеке қолданушылардың саны айтарлықтай көп, ал компания мәліметтері үлкен мәнге ие, сондықтан серверлер қасақана немесе кездейсоқ қол сұғудан физикалық қорғалған болуы керек, оңай нәтиже табу – серверді шектелген рұқсатпен бөлек бөлмеге қою керек.

Желінің физикалық компоненттерін қорғағаннан кейін, администратор желілік ресурстардың бекітілмеген рұқсаттан және абайсыз немесе қасақана жоюдан қауіпсіз екендігіне кепілдік беруі қажет. Желі ресурстарына рұқсат беру құқығы және жеңілдік тағайындау политикасы – желіні табысты кәсіпкерлік басқаруының құралына айналдыру негізі.

Администратор міндеті - әр қолданушыға сәйкес әр ресурстарға рұқсат алу құқығын жоғарлату. Бұл есепті шешудің ең қолайлы жағдайы – топтар арқылы,әсіресе көп қолданушылары мен ресурстары бар үлкен ұжымдарда. Алдымен администратор әр қолданушыға қандай құқық керек екенін бағалауды, ал одан кейін қолданушыларды керек топқа кіргізеді. Бұл құқық беру әдісі әр қолданушыға жеке құқық бергенге қарағанда өте қолайлы.

Желіде болып жатқан оқиғаларда аудит аз емес мәнге ие, сондықтан бұл шарттарда қаскүнем тек көрінбей қалмай және өзінің есептерін орындау үшін жеткілікті ресурстар мен уақытқа ие. Бұл процесс желідегі қолданушылар іс - әрекетін аңдиды. Ол желіні қорғау бөлігі болып шығады, өйткені қауіпсіздік журналында нақты ресурстармен жұмыс істеген немесе оларға рұқсат алғысы келген барлық қолданушылардың аты көрсетілген.

Желідегі ақпаратты қорғаудың негізгі аспекттерінің бірі желіге кіретін, жеке компьютерлерде орналасқан мәліметтер қоры мен файлдарды қорғау болып табылады.



    1. Мәліметтердің қол жеткізу мүмкіндігі

Ақпарат қауіпсіздігінің компоненті- қол жеткізу мүмкіндігі қолданушыға қажетті мәліметтерді алу мүмкіндігін білдіреді немесе тиімді уақытта сервисті алу. Сонымен қатар ақау шындығы ол қолданушы әрекеті дұрыс болмағанда, ақпараттық қателер немесе басқа да әрекеттерден пайда болады. Бұл қосымша құрылғыларға жүйе сенімділігін арттыру үшін және мәліметтерге қол жеткізуге мәжбүр етеді.

Дисктік жүйені жасап шығарушы және сенімділігін арттыру құрылғысы болып RAID (Redudant Arrays of Independent Discs)- бұл тәуелсіз дисктердің артық массиві, RAID технологиясының орындалуы үшін псевдодрайверлер құрылады, ол қолданушы қосымшасы және ішкі жүйе дисктерінің драйверлерінің арасында орналастырылады. Псевдодрайвер қолданушының енгізу/шығару сұраныстарын қабылдайды және мөлдір қосымшалар үшін оның нақты құрылғыларына қайта адрестеу әдісімен. Қолданушы көз қарасынан жылдамдық жоғарылайды және дисктердің жұмысының сенімділігі қандай болмасын аппараттық модификация болады.

Сенімділікті жоғарлату- бірден бір негізгі ақпараттық ресурстардың қол жетерлігін қамтамасыз етуден тұрады. Басқа құрамында программаларды және мәліметтерді жүйелік резервті көшірмелеу мүмкін болатын ақаулардағы зиян келтіру минимизациясы мақсатында. Бұл тапсырма таратылған ресурстар желісінде жұмыс талабында жеткілікті қиын болады.

ОЖ түйін қауіпсіздігі (ТҚ)- программа терімі, операциялық жүйе бөліктерін басқарып, қауіпсіздікке жауапты. ТҚ операциялық жүйенің қауіпсіздік саясатын қамтамасыз етуін орындайды. Берілген саясат көптеген тәртіптерден бақылау және қорғау арақатынасын субъекттер (процесстер) және объекттер арасында (файлдар, құрылғылар, процессор арасындағы ресурстар арқатынасы) тұрады.

ТҚ құзыреттің екі типін белгілейді: түйіннің құзыреті және ішкі жүйе құзыреті.

Құзырет- субъект тәртібі (терминалдың, программаның, жүйенің) қорғалынған объекттерде сол немесе басқа процедуралардың пайда болуы (файлдармен, құрылғылармен, ресурстармен).

Түйіннің құзыреті процесстермен қауымдасады. Олар процесске анықталған әрекетті орындауға мүмкіндік береді, егер процесс қажетті жеңілдігі болса.

Ішкі жүйе құзыреті қолданушылармен қауымдасады. Ішкі жүйе – файлдар, құрылғылар және командалар терімі, анықталған мақсатқа қызмет көрсетеді. Түйіннің құзыреті «құзыреттің көптілігіне» енгізіледі, әрбір процесспен қауымдасады. Құзырет үнсіз орнатылады; қолданушы оларды қайта орнатуына болады.

Кейбір қорғау жүйесінде программа көмегімен орындалады.

Мәліметтерді басқару жүйесі үлкен ақпараттар массивтерінің сақтауында доминирленген құралы болды. Қаншада бір жетілген ақпараттық қосымшалар операциялық жүйенің файлдық құрылымына емес, клиент/сервер технологиясының орындалуына, көп қолданбалы бағдарламаға сүйенеді. Бұл байланыста бағдарламаның мәліметтер қауіпсіздігін қамтамасыздандыру және бірінші кезекте олардың ұйымның толық қауіпсіздігі үшін серверлік компоненттер шешуші мәнге ие болады. Бағдарлама үшін ақпараттық қауіпсіздіктің үш аспектісі де маңызды – жасырын, бүтінділік және рұқсаттылық.

Web сайтта ақпаратты қолдану мен сақтау ұйымы ерекше спецификаларға ие. Егер Web сайт тұрған ақпаратқа көп қолданушылар бұрылса, онда мәліметтер элементтері және олардың арасындағы байланыс бұзылмауы ерекше маңызды. Әр түрлі кездейсоқ бұзылудан және қателер пайда болуын естен шығармау керек. Мәліметтердің сақталуы, жаңалануы, қосылуы, жүйе бұзылуы жағдайында мәліметтерді жоғалтусыз қайта құру мүмкіндігі болуы қажет.

Бағдарламаны қорғау өз мәліметтерін қорғау және желіде жұмыс орнында қолдануды қадағалауды және осы мәліметтерден шығарылатын немесе генерецияланатын кез келген ақпаратты қорғауды білдіреді.

Бағдарлама мәліметтерді басқару құралдары қолданушыға оның мәліметтеріне басқа қолданушыларға рұқсат беруді қадағалауға және соңғылардың қол сұқпаушылықты бақылауға рұқсат береді. Қорғау құралдары топтық операциялардың орындалудың қамтамасыздандырады және бағдарлама қайта тұрғызуды жүзеге асырады.

Жасалынған программа барлық аудитория компьютерлерінде болады. Кафедраның барлық компьютерлері желі арқылы жалғанған. Электрондық оқулық кафедраның меңгерушісінің кабинетіндегі компьютерде орнатылады. Барлық компьютерлерге электрондық оқулыққа жалпы қолжетімділік беру арқылы орнатуға болады. Сонда кез келген компьютерден білімгер болсын, оқытушы болсын программаға қолжетімділігі болады. Сонда электрондық оқулықты әр компьютерге көшірмей – ақ серверден желі арқылы тартып алуға болады. Бұл жұмыстың уақытын үнемдеуге және жеңілдетуге көмектеседі. Лекция немесе зертхана кезінде «Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша электрондық оқулықты оқытушы мен білімгер компьютерден ашып, сабақты жүргізе береді. Кредиттік технологияға байланысты білімгер бұл электрондық оқулықты үйіндегі компьютерге көшіріп алып, келесі лекцияға дайындықпен келуіне мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, үйге берілген тапсырмаларды да орындай алады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Технологиялық және басқаратын процестердің автоматтандырусыз мемлекет құрылымын, оқу мекемесін, банк, сауда және өнеркәсіп кәсіпорнын басқару есебін тиімді шешу мүмкін емес.

Электронды оқулықтың тиімділігі –қажетті ақпаратты тез арада таба аласын. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсатына жеттік. Заманауи заманғы ақпараттық жүйелер басқарудың кез-келген сатысында ақпаратты тапсыру және өңдеуге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыста Оқытып -үйретуші электронды оқу құралдарын жасауда Flash MX программалау технологиясының негізінде жасалған «Информатиканың териялық негіздері» оқулығының электрондық нұсқасы қарастырылды. Жобаның мақсаты мұғалімдер жұмысының тиімділігін жоғарылату, ақпаратты өндеу процесінің жұмысын жеңілдету.

Бірінші бөлімде жұмыста қарастырылып отырған барлық объектілер сипатталуы көрсетілген. Сонымен қатар жасалынып жатқан «Информатиканың теориялық негіздері» оқулығының мұғалімдер жұмысында жасайтын жеңілдіктері толығымен ашылып көрсетілді.

Екінші бөлімде оқытып –үйретуші электронды оқу құралдарын жасауда Flash технологияның ерекшеліктеріне, яғни Macromedia Flash MX программалау технологиясының негізі мен жалпы түсініктеме берілген. Яғни Flash векторлық графикалы анимациялық технологиясының артықшылықтары, сондай-ақ қалай жұмыс жасау жолдары, интерфейстері қамтылды.

Үшінші бөлімде дайын қарастырылып отырған жүйенің экономикалық тиімділіктері қарастырылды.

Төртінші бөлімде ақпаратты қорғау құралдары мен әдістері қарастырылды.

Бұл программа пайдаланушы үшін өте ыңғайлы, түсінікті және тиімді болып келеді. Дипломдық жұмыста қарастырылып отырған барлық мәселелер өзінің шешімін тапты. Осыған байланысты Дипломдық жұмыстың мақсатына жеттік.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет