Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарамақарсы келуі арқылы анықталады.
Моррис таңбалардың мағынасын зерттей отырып таңбаның белгілену қарай бес типін бөледі: 1) таңба – идентификаторы («қайда?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
4) прескиптивті («қалай?» деген сұраққа жауап береді);
2) таңба – десигнатор («не?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
5) формальды немесе таңба систематизациясы.
3) бағалаушы таңбалар немесе аппрайзер - таңбалар («не себепті?» деген сұраққа жауап беретін таңбалар)
Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарамақарсы келуі арқылы анықталады.
Шаблоны презентаций с сайта presentation-creation.ru Таңба түрлері: 1.Белгі таңба - заттардың өз бойындағы, одан бөліп алуға болмайтын белгісі (дене қызуының көтерілуі - адам ауруының белгісі); 2.Жазуға дейінгі белгілер - жазу пайда болғанға дейінгі ауызша жеткізілетін хабардың орнына немесе соған қосымша қолданылған түрлі заттардың символикалық мағыналары; 3.Тыныс белгілері - сөздердің сөйлемдегі қызметіне қарай сөз соңынан немесе сөйлемдерден соң қойылатын белгілер; 4.Тілдік таңба; 5.Диакритикалық белгілер - жеке әріп (графема) мағынасының мәнін өзгерту немесе нақтылау үшін қолданылатын белгілер. Олар жол үстінде, астында, кейде жолдың ішінде қолданылады. Мысалы, көне славян тілінде жол үсті. Диакритикалық белгілер «титло» сөзінің қысқартылып жазылуын және кейбір дыбыстардың түсіп қалуын көрсету үшін кең пайдаланылған. Диакритикалық белгілер әріпке жаңа мағына беру үшін қолдануы мүмкін. Жазу=Таңба. Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы Ж. пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Ежелгі заманда адамзат өмірінде жазу болмады . Адамдар сол заманда таңбаларды қолданды.Оларға мысал идеограмма,пиктограмма.