5. Диалогты орыс тіліне аударыңыз. Жаңа сөздер мен сөз орамдарын жаттап алыңыз. -Қайырлы кеш, қарындас!
-Қайырлы кеш!
-Кешіріңіз, есіміңіз кім?
-Есімім- Алтынбике.
-Есіміңіз әдемі екен.Менің атым - Әлисұлтан.Жұмыс
істейсіз бе, оқисыз ба?
- Жұмыс істеймін.
- Қайда жұмыс істейсіз?
- Емханада жұмыс істеймін- дәрігермін.
- Тамаша.Сізді қашан жолықтыруға болады?
- Кешіріңіз, мен асығып тұр едім.
- Өкінішті.Ендеше,көріскенше сау болыңыз, Алтынбике!
- Ренжімеңіз, Әлисұлтан! Келесі кездескенше!
6. Орыс тіліне аударыңыз және Сіз қалай қоштасып, қарсы алар едіңіз, өз нұсқаңыздан мысал келтіріңіз. а) - Мен Алматыға жол жүргелі тұрмын. Қош-сау болыңыз!
- Сау болыңыз! Жолыңыз болсын! Таныстарға сәлем айтыңыз!
ә) - Қош келдіңіз! Қалай жеттіңіз? Шаршаған жоқсыз ба?
- Жақсы жеттім! Рахмет сіздерге!
б )- Сәлеметсіздер ме? Мен Серіктің досымын. Есімім - Айдар.Досымның
атынан сіздерді қарсы алуға шыққан едім.
- Жақсы айналайын, бізді досыңның үйіне жеткізіп салшы!
в) - Амансың ба, Нұрша, қош келдің!Шаршамай жеттіңдер ме? Мал-жан
аман ба, бала-шағаң қалай?
Кіріспе
16
Қазақ тілі практикумы -Амансың ба, Гүлсім. Бәрі жақсы, үй- іші тегіс аман.Барлығы сендерге сәлем
айтты. Өздеріңнің жағдайларың қалай?