Байланысты: Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)
Басымызда қанша шаш бар? Көп оқитын, ақылы көп адамдардың шаштары әр түрлі болады екен.
Мысалы: қоңырқай адамдардың шашы 150 мың тал болса, сары адамдардың
шашы жіңішке, әрі 80-100 мың талдан аспайды дейді. Әрбір тал шаш, 2 жылдан
4 жылға дейін өмір сүретінге ұқсайды. Олар әртүрлі шапшаңдықта өседі.
Шаш көбінесе 16 мен 24 жастың аралығында тез өседі екен. Адам шашы
мықты, олар темірден жасалған бұйымдардан әлсіздеу болғанымен,
мықтылығы бар. Әйелдердің 200 мың тал шашымен өрілген бұрыммен 2
тонна жүк көтерсе, бір тал шашы 120 грамм жүк тарта алады екен. («Мөлдір
бұлақ» журналынан)