Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы



Pdf көрінісі
бет23/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   305
Лексикалық  тақырып: 
  Отбасым  (туыстық  қатынастар,
жас мөлшері)
1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
Тәуке Ахметұлының отбасы
Тәуке Ахметұлының отбасында бес адам тұрады. Олар: өзі, жұбайы, ұлы,
қызы және анасы. Тәуке Ахметұлының жұбайының есімі - Нағима. Ол кісі
дәрігер болып жұмыс істейді. Жасы елу үште. Ұлының есімі – Нұрлан. Ол –
студент, болашақ экономист. Нұрлан спортпен айналысады, әсіресе суда
жүзгенді ұнатады. Қызының аты - Әлия. Әлия мектеп оқушысы, ол тоғызыншы
сыныпта  оқиды.  Әлия  кітап  оқығанды  ұнатады.  Тәуке  Ахметұлының
анасының есімі – Зере. Зере әженің жасы сексен екіде. Ол кісі зейнеткер.
Зере әже бұрын мұғалім болған. Тәуке Ахметұлының жасы елу алтыда. Ол
кісі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол кісі бос уақытында
тауға  барғанды ұнатады.  Тәуке Ахметұлының отбасы демалыс күндерін
саяжайда, табиғатта өткізеді. Тәуке Ахметұлының отбасы тату тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет