Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


 Мәтінді оқып мазмұнын айтыңыз



Pdf көрінісі
бет261/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   305
14. Мәтінді оқып мазмұнын айтыңыз.
Қаз дауысты Қазыбекті үш қырынан қарастырған жөн. Ең алдымен ол –
асқан шешен, ақын болған кісі.
Екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды шешкен, әділ қазы. Үшіншіден,
ол – елші – дипломат, қоғам қайраткері, орта жүздің биі. Қазыбек қара
халықтан шыққанымен, Тәуке, Абылай сияқты қазақтың хандары оның
ақылдылығына, даналығына бас иіп, онымен санасып өткен. Қазыбектің
дауысы қоңыр қаздың дауысындай болыпты, содан ол Қаз дауысты атанып
кеткен екен.


193
Қазақ пен қалмақ арасындағы келіссөздердің бірінде Қазыбек би көзге
түскені мәлім. Сондағы Қазыбектің айтқаны мынау екен: - Біз қазақ деген
мал баққан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау
баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, татулықты
сақтай білген елміз. Сен қалмақ болсаң біз қазақ қарпысқалы келгенбіз,
танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы
келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан алысқалы келгенбіз, берсең
жөндеп бітіміңді айт, бермесең тұрысатын жеріңді айт
 Басымыздан намысты
 Асырмаған елміз.
 Адалдықты әрқашан
 Жасырмаған елміз.
 Адал ниетті ақтай білген елміз.
 Атаның өсиетін балаға,
 Баланың өнері атаға,
 Айтып тарата білген елміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет