Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


Лексикалық  тақырып:  Ырымдар,  салт  -  дәстүрлер



Pdf көрінісі
бет290/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

Лексикалық  тақырып:  Ырымдар,  салт  -  дәстүрлер
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Айды қолмен сілтеп көрсетпе.Себебі ай, күн, жұлдыз, халыққа тылсым
дүние болып көрінген. Ерте заманнан ай киелі саналған. Жаңа туған айға
сәлем беру әлі де бар. Сондықтан киелі нәрсені саусақпен көрсетуге болмайды.
Бас киіммен ойнама. Бас киімді біреуге берме. Бас адамның ең қадірлі
мүшесі. Сол себепті басқа киетін киімді басу, ойнау жаман ырым болып
есептелінеді.  Егер  бас  киіміңді  басқа  адамға  берсең  бағың  кетеді  деп
ырымдайды. Екіншіден, бұл тазалықтың белгісі.
Үй айналма. Қазақтың киелі панасы өзінің үйі. Үйде ысқыруға, үйге
қарай жүгіруге, үйге қарап дәрет сындыруға болмайды.Үйді жау шапқанда,
адам не істерін білмегенде айналады. Ал бейбіт, бақытты өмір кезінде бұлай
істеу сол жаманшылықтарды шақырады деп есептейді.
Босағаға  сүйенбе,  керме.  Шаңырақ,  босаға  қазақ  ұғымында  киелі
дүниелер. Халқымыз жақсы тілек тілегенде: «Шаңырағың биік, керегең кең,


209
босағаң берік болсын!» - дейді. Келін түскенде «босағаны аттады» - дейді.
Біріншіден, бұл босағаны қадірлеу болса, екіншіден босағаға сүйену, керу,
жаман ырым саналады. Босаға қашанда ашық, еркін тұруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет