9
Олардың ойынша, бұл жасанды тіл жаппай қолданысқа енетін болса, әлем-
де тіл үшін болып жатқан текетірестер азайып, түбінде барша халықтар бір-
бірімен аудармашысыз-ақ тілдесе алатын болады. Әдетте, шетелдіктер ара-
лас некеден туылған балаларын эсперанто тіліне бейімдейді. Әр жылы эс-
перанто тілінде жүздеген кітаптар жарық көріп, фильмдер түсіріледі. Қазір
бұл тілдің болашағымен Бүкіләлемдік эсперанто қауымдастығы (UEA) ай-
налысып жүр. Эсперанто алфавиті латын тіліне негізделіп жасалған, 28
әріптен тұрады. Ал сөздік қоры әлемде кең тараған бірнеше тілдерден жи-
нақталған. Эсперантоның басты ерекшелігі – қай жағынан да (грамматика-
лық, фонетикалық) үйренуге оңай. (интернет материалынан)
*
Қазақ тілі – әлемдегі сөйлеушісі ең көп 70 тілдің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: