Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


Лексикалық  тақырып:  Ұлттық  тағамдар



Pdf көрінісі
бет121/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі практикумы (Орыс аудиториясына арналған жаттығулар жинағы). Құраст.- Мадиева Т.Ә. (1)

Лексикалық  тақырып:  Ұлттық  тағамдар
1. Суреттердегі  тағамдарды білесіз бе?
2.Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
Қазақ халқы дастарханға ерекше мән береді. Келген қонаққа  ет асу
ежелден келе жатқан дәстүр. Еттен түрлі тағамдар дайындалады. Олар:


105
қуырдақ, шұжық, қазы т.б. Еттен бөлек қазақтың дастарханында құрт, май,
ірімшік, айран, бауырсақ, қымыз, шұбат сияқты дәмді тағамдар да бар.
Сыйлы қонаққа жылқының, сиырдың, қойдың еттерін асады. Келген
қонағын төрге шығарады.
2. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын айтыңыз.
..........................................................................
2. Сүттен жасалатын ұлттық тағамдарды атаңыз.
.............................................................................
3. Еттен жасалатын ұлттық тағамдарды атаңыз.
...............................................................................
4. Қазақ қонақты қалай сыйлайды?
.................................................................................
Бас тарту
Бас салынған табақты бас табақ деп атап, ондай табақтарды ел алдына
тек ер адамдар ғана көтеріп әкеледі. Бастың тұмсығын бас ұсынған адамға
адамға қаратып тартылады. Бұл – ұлтымыздың құрметтің бір белгісі. Бастың
маңдай құйқасы қосу  белгісіндей пышақпен тілінеді –  мұны  айшықтау
немесе маңдайлау дейді, онысы айналаң жарық болсын дегені.
Бас ұстаған адам сол басты мүшелеп елге таратып, бастан ауыз тигізеді.
Ең әуелі төбе құйқасын және езу құйқасынан ауыз тиіп, сол құлағын кесіп
алып, бір жас адамға беріп, екінші құлақты сол үйдің бір баласына беруі
керек. Бір көзін өзіне қалдырып, екінші көзді көзіңдей көріп жүр деп досына
немесе жолдас-жораларының біріне береді. Төбелі бол деп төбе құйқадан
ұнатқан адамға ұсынады. Желке құйқадан өгіздей мықты, шымыр бол деп
біреуге береді. Иісшіл бол деп тұмсық құйқадан біреуге, тілді – шешен бол
деп, таңдайын әйел адамға алақанына ұрып береді. Ет желініп, сорпа ішіліп
болған соң, бас ұстаған адам ас қайырады. Ас қайыруды қонақ өз бетімен
жасамайды. Үй иесі егер отырса орнынан тұрып, екі қолын жайып, «аумин»
дейді. Сонда ғана бата беріледі. («Мөлдір бұлақ» журналынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет