149
2. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз.
Оқушылар мәтінннің мазмұнын айт... берді. Бұл оқиғаны айт... жүретін
болды. Сол әңгімені есті... пікірі өзгеріп кетті. Сіздер бар... бәрі естіп алатын
болды. Сол көйлекті сатып ал...... көңілім тынышталар емес.
3. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз: айта салды, жазып берді,
көргелі келді, көзімен көрейінше.
4. Диалогты толықтырыңыз.
- ......................................................................... ?
- Самат жазып отыр.
-Көре сала не істеді?
- .........................................................................
- ......................................................................... ?
-Барғанша, бармаған дұрыс.
5. Мәтіннен көсемшені тауып, астын сызыңыз.
-Қазір үшеуің іздеп шығып, құсты да, құлынды да тауып келіңдер. Таба
алмасаңдар, менің маңымды көрмеңдер!-дейді хан. Кендебай өзеннен өтіп
алып, құйрықтың қылын тұтатқан кезде Керқұла ат жетіп келеді. Құла атты
мініп алып, қару-жарақты іліп алып, сауыт-саймандарды киіп алып, Кендебай
жөнеп береді. Бір жерлерге келгенде ат тағы тоқтайды да, Кендебайға:
-Анау жалыны аспанға шығып жатқан-от дариясы. Сенің баратын жерің
сол дарияның ар жағында. Қазір көзіңді жұм. Мен «аш» дегенше, ашпа.
Көзіңді ашсаң, екеуміз де өлеміз,-дейді.(«Керқұла атты Кендебай»)
Есімше – особая форма глагола, совмещающая в себе грамматические
признаки глагола и имени.
Достарыңызбен бөлісу: