Мадиева Т. ҚАзақ тілі практикумы


 Шаш күтіміне қажет затты көрсетіңіз



Pdf көрінісі
бет200/305
Дата07.01.2022
өлшемі6,73 Mb.
#18291
түріПрактикум
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   305
2. Шаш күтіміне қажет затты көрсетіңіз.
а) кір сабын
ә) су сабын
б) иісті су
в) сұйық сабын
3. Етістіктің болымсыз түрін көрсетіңіз
а) мен Астанаға барамын.
ә) жауабын таппадыңыз.
б) олар мүмкін келеді.
в) түсте қонақтар қарсы алады.


155
4. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын табыңыз
а) –са/-се
ә) –та/-те
б) –ма/-ме
в) –ар/-ер
5. Аяқ киімді кім тігеді?
а) ұста
ә) шебер
б) білгір
в) шешен
6. «Желім» сөзін аударыңыз.
а) подошва
ә) замок
б) клей
в) каблук
7. Ұлтарақ аяқ киімнің қай жерінде тұрады?
а) басында
ә) өкшесінде
б) сыдырманың астында
в) табанында
8. Көмекші етістікті қойыңыз. «Жатыр ...»
а) келді
ә) еді
б) жібер
в) баста
9. Күрделі етістікті көрсетіңіз.
а) барып келді
ә) барып келе жатыр
б) барып келе жатыр еді
в) барлығы дұрыс
10. Ақша ...
а) аударымы
ә) банкі
б) карточкасы
в) пункті
11. «Заполните бланк» тіркесін аударыңыз.
а) бланкті толтырыңыз
ә) бланкті қараңыз
б) бланкті жазыңыз
в) бланкті толтырмаңыз


156
Қазақ  тілі  практикумы
12. Табыс сетігінің жалғауын көрсетіңіз.
а) –н
ә) –мен
б) –пен
в) –нан
13. Алма...
а) –ны
ә) –ні
б) –ды
в) –ді
14.Кімді күтіп тұр?
а) музыканы
ә) күзді
б) итін
в) қызды
15. Алматы қаласында Пошта бөлімшесі қай жылы ашылды?
а) 1860
ә) 1870
б) 1855
в) 1910
16. «Қазақтелеком» ҰАҚ компаниясының құрылған күні
а) 1994ж. 17 маусым
ә) 1990ж. 10 қараша
б) 1996ж. 5 тамыз
в) 1997ж. 19 қараша
17. Ұлттық байланыс операторын көрсетіңіз.
а) Вестерн Юнион
ә) Қазақтелеком
б) Орталық пошта
в) Қазақстан Ұлттық Банкі
18. Ара сөзінің неше мағынасы бар?
а) 3
ә) 2
б) 5
в) 4
19. Амал-айланы білдіретін сөзді көрсетіңіз.
а) далаға қу
ә) қу түлкі
б) қуанды
в) қу аспанға ұшты
20. Аяқпен .................
а) ойлайды
ә) тебеді


157
б) күледі
в) естиді
21. «Плечо» дегеніміз -....................
а) йық
ә) бел
б) сан
в) табан
22. Башпай - ....................
а) баста
ә) қолда
б) денеде
в) аяқта
23. Жатыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.
а) –нда
ә) –нан
б) –нен
в) –ға
24. Күз...
а) -де
ә) –да
б) –та
в) –те
25. Құжаттар кімде?
а) маған
ә) сенімен
б) содан
в) сізде
26. Асқазан ......................
а) қағады
ә) соғады
б) сырқырайды
в) қыжылдайды
27. УЗИ сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.
а) ультра дыбыстық анықтау
ә) ультра сәулелі зерттеу
б) ультра дыбыстық зерттеу
в) ультра дыбыстық саралау
28. Ортақ етісті көрсетіңіз.
а) жазыл
ә) жазыс
б) жаздыр
в)жасырын


158
Қазақ  тілі  практикумы
29. Етістерді көрсетіңіз.
а) гүлден, алғыз, жинал
ә) гүлден, ұял, бар
б) жүзіп, алғыз, жинал
в) болатын, келді, гүлден
30. Сіздерде мына дәрілер .................................
а) айтыла ма?
ә) жазыла ма?
б) бар ма?
в) бара ма?
31. –ып, -іп, -п .............................. жұрнағы.
а) есімшенің
ә) көсемшенің
б) жатыс септігінің
в) келер шақтың
32. Ол хат жаз... отыр.
а) –ған
ә) –ғанша
б) –айын
в) –ып
33. –ған, -ген ...................... жұрнағы.
а) есімшенің
ә) көсемшенің
б) жатыс септігінің
в) келер шақтың
34. Ол кеше кел...
а) –кен
ә) –ған
б) –ген
в) –қан
35. «Болельщик» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
а) жанқияр
ә) жанкүйер
б) жаныкүйер
в) жанып күйер
36. «Судья» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
а) қорғаушы
ә) төреші
б) шабуылшы
в) қақпашы


159
37. Бұйрық райдың жұрнағын көрсетіңіз. «Бар...»
а) –сын
ә) –ғалы
б) –са
в) –ар
38. Бұйрық райлы сөзді көрсетіңіз.
а) жазған
ә) күлер
б) айтайын
в) барса
10.  Менің  отаным  –  Қазақстан
Лексикалық  тақырып:  Қазақстан  -  тәуелсіз  мемлекет.
1. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
Жер көлемі жағынан дүние жүзінде Қазақстан 9 орында тұр. Республика
шығысында  Алтай  тауларынан  басталып,  батысында  Каспий  ойпатына,  ал
солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып
жатыр. Қазақстанның ұлан - байтақ  жерімен көптеген елдер шектеседі. Шекараның
ұзындығын нақты айтқанда, Ресеймен – 6467 шақырым, Өзбекстанмен – 2300,
Түрікменстанмен – 380, Қырғызстанмен – 980, Қытаймен – 1460, Каспий теңізі
жағалауы – 600 шақырым. Демек, шекарамыздың жалпы ұзындығы – 12187
шақырымға созылып жатыр. Еліміздің 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады.
Отанымыздың астанасы - Астана қаласы. Қазақстан Республикасы- тәуелсіз
мемлекет. Осынша ұлан-байтақ жерді, небір нәубет заманда қазақтың хандары
мен батырлары қаны мен жандарын салып қорғап қалды. Қазақстан жері пайдалы
қазбаларға бай, орман - тоғайлары, өзен  көлдері, асқар таулары да бар. Жері өте
үлкен болғандықтан ауа-райы әр жерінде, әр түрлі болады. Солтүстіктің қысы
суық, жазы салқын, батыс пен шығыста, орталықта қыс суық, жазы ыстық болады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан
бүгінде гүлденген, дүние жүзі таныған ел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет